Физикадан факультатив сабақтардың маңызы және мақсаты,оларды ұйымдастырып өткізудің әдістемесі


Осы факультативтік сабақтарды жоспарлау



бет2/6
Дата16.06.2022
өлшемі1,81 Mb.
#146712
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
14-15-16
Айдана док, Айдана док, Рл 20, 9 семинарр, СТУДЕНТТІК ПАРЛАМЕНТ ЖОСПАР, хирургия экзамен билет, httpsasylarna.kzkknews279, синоним, құрмалас сөйлем, лекси, талдау, 2 5291944091481803861, Индуктивті катушка құрылғы бөлшектерінің жұмыс сызбаларын құрастыру және құрама бірліктерінің сызбасын орындау
Осы факультативтік сабақтарды жоспарлау негізгі курстық сабақтарды жоспарлаумен параллель жүзеге асады. Мысалы жоғарғы деңгейдегі факультатив курстарының мазмұны (8-сынып) «Жылулық, электрлік, жарық құбылыстары», (9-сынып) «Механика», (10-сыныптың физикадан факультативтік курсы) «Молекулалық физика», «Электродинамика», (11-сыныптың физикадан факультативтік курсы) «Электродинамика» (жалғасы), «Тербелістер», «Толқындар», «Кванттар». 8-сыныптың факультатив сабақтарында оқушылардың жылулық, электрлік, жарық құбылыстары туралы білімдері толықтырылып тереңдетіледі. Молекулалардың өлшемдерін, массаларын, жылдамдықтарын, концентрациясын анықтайтын тәжірибелер қарастырылады. МКТ негізінде капиллярлық құбылыстар түсіндіріледі. Жылулық ұлғаю және оны техникада ескеру қарастырылады. «Атмосфера физикасы» тақырыбын қарастырудың білімділік құндылығы оқушылардың физика мен географиядан алған білімдері интеграцияланады. «Электр тогы», «Электромагниттік құбылыстар» тақырыптарын қарастырғанда негізінен қолданбалы мәселелер: электролиз, оның қолданылуы; электр өлшеуіш құралдар, электрмагниттік реле, айнымалы токты алу, трансформатор т.б. қарастырылады. «Оптика» тарауы бойынша фотометрия элементтері, жарықтың сыну заңдары, линзалардың формулалары, ақ жарықтың спектрлерге жіктелуі сияқты мәселелер қарастырылады. 9-сыныптың факультативтік курстарының мақсаты – оқушының механика тарауы бойынша алған білімдерін тереңдетіп, қашықтықты және уақытты өлшеудің әртүрлі практикалық әдістерімен таныстыру. Кинематикада зейін қозғалысты графиктік бейнелеуге, классикалық жылдамдықтарды қосу заңдылықтарының қолдану шегі мен жарықтың жылдамдықтарының шектігі мен инварианттылығын талдауға бөлінеді. «Динамика» тарауын қарастырғанда негізгі материалдармен қатар инерциалдық емес санақ жүйесіндегі денелердің қозғалысы, центрден тепкіш механизмдер қарастырылады.
Факультатив сабақтарында оқытудың әртүрлі әдістері қолданылады: лекция, семинарлар, конференциялар, практикалық, есеп шығару, фронтальды зертханалық жұмыстар, физикалық практикум, экскурсиялар. Факультативтік сабақтардағы оқыту формалары: Дәрістер әдетте, теориялық сұрақтар бойынша оқылады. Дәрістерде негізгі, түйінді материал оқылып, ол кейін семинар және практикалық сабақтарда талқыланады. Дәрістер безендірулермен, тақтаға жазулармен, көрсету эксперименттермен сүйемелденеді. Семинар сабақтары теориялық сұрақтарды талқылауға, оларды едәуір терең пысықтауға арналады. Оқушыларға алдынала семинар сабағының жоспары беріледі, оған оқушылар міндетті түрде дайындалуы тиіс сұрақтар енеді. Семинарда талқыланатын әрбір сұрақ бойынша міндетті түрдегі және қосымша әдебиеттер көрсетіледі. Семинар сабақтарында тақырып бойынша оқушылар шағын хабарлама жасап, соның маңайында пікір-талас болады. Семинарға әзірлік барысында оқушылар әдебиеттермен жұмыстанып, жасайтын хабарламаларының жоспарын құрып, өз ойларын тиянақты, жүйелі түрде баяндауға 133 әзірленеді. Семинарларға қатынасу барысында оқушылар өз ойларын дұрыс физикалық тілмен жеткізуге, пікір таласқа қатысуға, өзінің және жолдастарының жұмыстарына сыни тұрғыдан қарап бағалау дағдыларын меңгереді. Баяндау барысында әр түрлі көрнекіліктерді қолданып, тәжірибелер көрсеткен оқушылардың қызығушылығын туғызады. Факультативтік сабақтардың ерекше түрлерінің бірі - физикалық есептерді шығару практикумы. Ол 9 сыныптан бастап ірі тақырыптар бойынша есептерді шығару сабақтары түрінде өткізіледі. Есептерді шығару практикумы ірі тақырып бойынша алған білімдерін біріктіріп қолданылуымен физиканың негізгі курсында есептерді шығару сабақтарынан ерекшеленеді. Осы практикумның сабақтарында зерттеушілік мақсаттағы күрделі есептерді, берілгені толық емес немесе артық мәнді берілген есептерді шығарту арқылы оқушылардың өз бетімен жұмыстануына, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасалынады. Факультативтік курстар бағдарламасы сабақтардың фронтальдық зертханалық жұмыстар және зертханалық практикум сияқты формаларын қарастырады. Фронтальдық зертханалық жұмыстар теориялық материалды тереңдетеді, оқушыларда бастапқы эксперименттік іскерліктерді қалыптастырады. Фронтальдық зертханалық жұмыстарға әртүрлі өлшеулерді орындаумен, аспаптарды құрастырумен, зерттеу жұмыстарымен байланысты жұмыстар енгізіледі. Зертханалық жұмыстың басқа формасы физикалық практикум болып табылады. Оны жүргізу оқытуды жекелендіруге, оқушылардың бейімдері мен қызығушылықтарын есепке алуға үлкен мүмкіндіктер береді. Практикумға оқушылардың іс әрекеттерінің сипаты бойынша, олардың іс әрекеттерін басқаруға байланысты деңгейі күрделі әртүрлі жұмыстарды енгізуге болады. Егер оқушы физиканың қандай да бір болмасын тарауына қызығушылық танытып отырса, онда оған өз қызығушылығы саласы бойынша эксперименттік жұмыспен айналысуға мүмкіндік беруге болады.



  1. «Айнымалы ток тізбегіндегі индуктивтік пен сыйымдылық» тақырыбын қарастырудың әдістемесі.


  1. Оқушылардың экспериментальдық іскерліктері мен дағдыларын тексерің үлгісін жаса және бағалау әдісін көрсет.










Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет