Сабақтың тақырыбы: Мектеп асханасы. Сабақтың мақсаты



Дата27.12.2016
өлшемі37,41 Kb.
#6013
түріСабақ
Күні: 30 .09.12 ж

Сыныбы: 8а.б.в.г.

Сабақтың тақырыбы:Мектеп асханасы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білімдерін

Пысықтау,оқушылардың дүниетанымын кеңейту, өз ойларын тиянақты жеткізе білуге дағдыландыру



Дамытушылық:оқушылардың логикалық ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту, түрлі ойындар барысында ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік: тез ойланып, жауапты жүйелі түрде шапшаң қайтара білуіне, өздерін еркін ұстап, қысылмай сөйлеуге баулу.

Әдіс-тәсілдер: қайталау, бекіту, сұрақ-жауап, әңгімелесу, баяндау, пікір қорғау, ойын.

Көрнекілік; Аханаға байланысты көрнекіліктер.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлеметсіңдер ме балалар!

  • Отырыңдар.

  • Бүгін сыныпта кім кезекші?

  • Сыныпта кім жоқ?

  • Бүгін нешесі?

  • Аптаның қай күні?

  • Бүгін ауа райы қандай?

  • Жақсы отыра ғой.


1-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгендеріңді мазмұндап беріңдер.

Мектеп асханасы – мектеп өміріндегі ең қажет факторлардың бірі. Мектеп асханасына ең жақсы мамандар алынады. Өйткені, өсіп келе жатқан өскелең ұрпақтың жетіліп, білім алуға дайын болуы, ең басты дәрумендендірілген тамақ ішуіне байланысты болып келеді.

Асхананың тазалығы кіргеннен шыққанға дейін толығымен сақталуы қажет. Асханада – өсіп келе жатқан жас ұрпаққа қажеттінің бәрі сатылады. Ұсынылатын әр тағамның түрі балалардың өсіп жетілуіне көмегін тигізуі керек. Мектеп асханасы жарық, әрі таза, әрі дәмді тамақтармен қамтамасыз етіледі.
Сөздік

Асхана – столовая тамақ – пища

өскелең – вырастающий дәмді – вкусно

таза - чисто ұрпақ – поколение

дәрумен – витамин сүйсіне – с любовью
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.


  1. Асхана мектеп өміріне қажет пе?

  2. Білім алуға дайын болу үшін, оқушыға ең басты не керек?

  3. Асхананың тазалығы неден басталады?

  4. Асханада не сатылады және жалпы асхана қандай болу керек?

3-тапсырма.Түбірлес сөздерді теріп жазыңдар.

Таза, түрлері, ұрпақ, аспазшы, тазалау, ұрпақтары, тазалық, ұрпағы, тазартқыш.
4-тапсырма.Мәтіннің мазмұны бойынша сөйлемдерді толықтырыңдар.

Асхананың ...............кіргеннен шыққанға дейін толығымен сақталуы қажет. Асханада – ...........................................қажеттінің бәрі сатылады. Ұсынылатын әр тағамның түрі .................................. көмегін тигізуі керек. Мектеп асханасы ..........., әрі ......., әрі ................................. қамтамасыз етіледі.


ІІІ деңгей



1.Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар. Сөйлемнің қандай мүшесі екенін анықтаңдар.

Марат сабақтан кеш келді. Ердің атын еңбек шығарады. Халық үлкен дарын иесін қадірлейді. Жер қабатынан табылған әрбір зат мұқият тазаланады.

Ол – скрипка өнерінің шебері.
2.Мына сөйлемдерді аударыңдар.

Біздің оқушылар, мектеп аспазшысының қолынан тағамды сүйсіне жейді. Асхананың тазалығы кіргеннен шыққанға дейін толығымен сақталуы қажет. Асханада – өсіп келе жатқан жас ұрпаққа қажеттінің бәрі сатылады.


ІІ деңгей

1.Жай сөйлемнің түрлерін анықтаңдар.

Асханада – өсіп келе жатқан жас ұрпаққа қажеттінің бәрі сатылады. Бұл барып тұрған тәртіпсіздік! Аспанда қарлығаш ұшып жүр. Ғарышқа тұңғыш ұшқан кім? Жеріміз неткен бай!



2.Синтаксистік талдау жасаңдар.

Асханада тағам дәмді болуы, аспазшының қолында. Қаланың көрікті жерінде зәулім үй тұр. Балалар мұнда сурет салады, би үйренеді, шахмат ойнайды.

І деңгей
1. «Біздің мектептің асханасы» тақырыбына әңгіме құрастырыңдар

2. « Менің сүйікті тағамым»тақырыбы бойынша өзара сөйлесіңдер.

-Сенің сүйікті тағамың не?

-Сен ол тамақты немен жейсің?

-Сен ол тамақты қашан ішесің?

- Сен ол тамақты жиі ішесің бе?

-Сен ол тамақты күніне неше рет ішесің?

- Сен ол тамақты тойып ішесің бе?

-Сен ол тамақты қалай ішесің?
5-тпсырма. Жай сөйлемнің түрін ажыратыңдар.

Құрт ашыған айраннан дайындалады. Құрт қоюланған кезде қазанды оттан алып суытады.Қымыздың қырық шақты түрі бар. Қазақтың ұлттық тағамдары етпен, сүттен дайындалады.

6тапсырма.Төмендегі сөйлемдеден атаулы сөйлем құрап жазыңдар.

Бүгін күн суық болып тұр. Аспанды қара бұлт торлап тұр. Кенеттен ауа – райы бұзыла бастады. Айнала қара боранға оранды. Мені қорқыныш билей бастады.



7-тапсырма. «Мектеп асханасы» тақырыбы бойынша әңгіме құрастырыңдар.

Үйге жұмысын беру.

3.Деңгей.Диалог жаттау..

2. Деңгей. Өлең жаттау.

1.Деңгей.Шағын әңгіме жазу.


Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет