Физикалық география



бет17/74
Дата01.12.2022
өлшемі8,5 Mb.
#160749
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   74
Байланысты:
8 жаңа формат ворд
Силлабус - Русский язык Семестр 1, 8 геометрия
Терең суасты науалары– бұлар құрлықтардың және аралдық доғалардың белсенді таулы-қатпарлардың етектерінде орналасқан. Терең суасты науалары –мұхиттар түбінің терең майысқан созылыңқы (бірнеше жүздеген км-ден 3–4 мың км-ге дейін) салыстырмалы түрде енсіз (100–200 км) жерлері.
Мұхиттық-орталық жоталар мұхиттық таулы белдеулерге жатады Себебі олар маңайындағы жазық платформалардан 3–4 км дейін биік болады. Жоталар мұхитішілік жағдайға ие және өзара жалғаса отырып, жалпы ұзындығы 60 мың км-ден асатын дүниежүзілік жүйені құрайды. Жоталардың ені 1–2 мың км, кейде одан да үлкен болады. Бұл жоталардың осі бойында 3-5 км тереңдікте, ені 12–45 км болатын жарықтар зонасы байқалады. Жоталар үшін: жоға-ры сейсмикалылық, Жер қойнауынан өте жоғары ыстық ағындылық, жоғары мантияның төмен тығыздылығы (аз тығызданған мантия) және қарқынды жанартаулылық тән болып келеді.


11. Тау жыныстары мен минералдардың жіктелуі
Жер қыртысында дербес геологиялық денелер жасайтын, азды-көпті айқын құрамы және құрылымы бар табиғи түзілімдерді тау жыныстары деп атайды.
Тау жыныстары минералдардан тұрады. Тау жыныстары минералдық құрамы бойынша бір минералдан (мрамор, әктас, кварцит) тұратын –мономинералды және бірнеше минералдан(гранит, базальт, гнейс және басқалар) құралатын полиминералды болып бөлінеді. Көптеген тау жыныстары полиминералдыларға жатады.

Магмалық тау жыныстарын магманың қату жағдайлары бойынша жіктеу. Магмалық тау жыныстары түрлі газдармен және су буымен қаныққан, магманың сууы нәтижесінде пайда болады. Жердің беткі қабаттарына жетпей, жер қойнауында қатып қалған магманы (интрузивті) магмалық жыныстар деп атайды. Магма жердің беткі қабатына жетіп,төгілгенде (эффузивті) магмалық жыныстар қалыптасады. Гранит, габброны және басқалары интрузивті магмалық тау жыныстары деп атаймыз.
Интрузивті тау жыныстары көтеріңкі қысым және жоғары температура жағдайында, магманың біртіндеп баяу суынуы барысында пайда болады.
Эффузивті магмалық тау жыныстарына обсидиандар, кеуектастар, базальттар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет