Физикалық география


Метаморфтық тау жыныстарының жіктелуі



бет19/74
Дата01.12.2022
өлшемі8,5 Mb.
#160749
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   74
Байланысты:
8 жаңа формат ворд
Силлабус - Русский язык Семестр 1, 8 геометрия
Метаморфтық тау жыныстарының жіктелуі. Метаморфизмнің
жаңа жағдайларында бұрынғы шөгінді немесе магмалық немесе ме-таморфтық жыныстар жоғары температурада (1500С-тан жоғары),
қысым жағдайында және химиялық белсенді компоненттердің қатысуымен Жер қойнауында кез келген жыныстардың өзгеруі барысында метаморфтық тау жыныстарыпайда болады.
Метаморфтық жыныстар ең алдымен метаморфизмнің және метасоматоздың типі (аймақтық, жапсарлық, дислокациялық) бойынша бөлінеді.
Аймақтық метаморфизм геосинклин белдеулердің орасан зор алаңдарында көрінеді. Аймақтық метаморфизм жоғары температураның, қысымның, магмалық балқытпаның, химиялық белсенді заттар мен газдардың тау жыныстарына біріккен әсерінен болады.
Дислокациялық метаморфизм жер қыртысының тектоникалық қозғалыстарымен байланысты және жоғары қысым әсерінен пайда болады.

Жапсарлық метаморфизм жер қыртысына магманың енуімен тікелей байланысты.
Метасоматоз.Химиялық газдар мен булардың жарықтар, қуыстар, ұсақ тесіктер арқылы тау жыныстары мен минералдарға еніп, химиялық құрамының өзгеруі жапсарлы метасоматоз деп аталады.
Аймақтық метаморфизм:жоғары температураның, қысымның (тығыздау), басқа да заттардың бір уақытта тікелей әсер етуінен заттың күшті өзгеріске ұшырауы және бастапқы материалға ұқсамауы .
Дислокациялық метаморфизм:жоғары қысымның ықпал етуімен заттардың құрамын өзгертпестен ұсақталуы, тығыздалуы .
Жапсарлық метаморфизм:заттардың жоғары температура көзімен тікелей әрекеттеспестен, оның ықпалынан құрамын өзгертпестен,бірақ өзінің қасиеттерін түбегейлі өзгертетіндігі .
Метасоматоз:сұйықтықтар мен газдардың түсуінің нәтижесінде заттардың қасиеттерін өзгертетіндігі.
Минералдың жіктелуі.
Қазіргі кездегі жалпы қабылданған жіктеуге сәйкес барлық минералдарды тоғыз класқа бөлуге болады. Минералдың ішінде кең таралғандары :
1. Силикаттаркремний қышқылы тұздары, олар: дала шпаттары, слюдалар, тальк және саз минералдар. Бұл – магмалық және метаморфтық жыныстардың басым бөлігі және 800-ге жуық минералдардан тұратын сансыз көп класс.
2. Карбонаттар – құрамына 80-ге жуық минералдарды қамтитын көмір қышқылы тұздары, минералдардың ішінде кең тарағандары кальцит, магнезит және доломит.
3. Тотыққан заттар және гидрототықтар– 200-ге жуық минералдарды біріктіреді, олардың арасында неғұрлым кең таралғандары кварц, опал, лимонит.
4. Сульфаттар– 260-қа жуық минералдарды қамтитын күкірт қышқылының тұздары, минералдардың ішінен неғұрлым кең тарағандары гипс және ангидрит.
5. Галоидтер – 100-ге жуық минералдары бар, галоидті қышқылдардың тұздары. Галоидтердің дәстүрлі өкілдері – галит (ас тұзы) және флюорит.
Түрлі химиялық элементтердің қосылыстарын сендер химия сабақтарында оқисыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет