Функционалдық сауаттылық



Pdf көрінісі
бет11/132
Дата13.12.2022
өлшемі3,39 Mb.
#162546
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   132
Қолданылған
 
әдебиеттер тізімі:
 
 
1.Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту 
жөніндегі 2012 

2016 жылдарға арналған ұлттық іс
-
қимыл жоспары.
2. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012
-
2016 жылдарға арналған ұлттық іс
-
қимыл жоспары. ҚР Үкііметінің № 832 
қаулысы. 2012 жылғы 25маусым, Астана, Үкімет Үйі.
3. ҚР Білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы.
 
 
 
 
 


25 
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ
-
МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ 
САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ
 
 
Әлібай Әтіргүл Серікқызы, 
Павлодар қаласы, Мұзафар Әлімбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі
Аннотация.
Мақалада 
бастауыш 
сыныптарда 
функционалдық 
сауаттылықты қалыптастырудың негізгі бағыттары қарастырылады.
Кілт сөздер:
Функционалдық сауаттылық,сындарлы оқыту теориясы,
жұптағы ой қозғау,кластерлер, «Джигсо» әдісі
 
Білім –
бір құрал.
Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды,
Не істесе де келістіріп істейді.
Ахмет Байтұрсынұлы
Қазақстан
Республикасының 
тұңғыш 
елбасы 
Н.Ә.Назарбаевтың 
бастамасымен өмірге келген функционалдық сауаттылықтың мақсаты –
оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету. Сонымен қатар, ол 
орта білім жүйесінің парадигмасын түбегейлі өзгертудің негізі болып 
табылады.
«Функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60 
жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейіннен зерттеушілердің 
қолдануына енді.
Функционалдық сауаттылық

адамның сыртқы ортамен қарым
-
қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен 
қарым
-
қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық 
сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп 
саналатын және оның әлеуметтік қарым
-
қатынас жасауын қамтамасыз ететін 
білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек 
білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол –
ұлттың, елдің немесе 
жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай 
сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке 
адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады. 
Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, білім берудің (бірінші 
кезекте жалпы білім беруді) көп жоспарлы адамзат қызметімен байланысын 
біріктіретін тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі ретінде түсіндіріледі. Қазіргі 
тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, 
мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай
-
ақ 
өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда.
Сауаттылық тұлғаның тұрақты қасиеті болып табылатындықтан
функционалдық сауаттылық сол тұлға меңгерген белгілі бір білім
-
біліктерден 
көрініс табады. Өйткені функционалдық сауаттылыққа адам нақты білім алу 


26 
кезеңдерінен өткеннен кейін қол жеткізеді. Сондықтан білім белгілі бір 
сауаттылық деңгейін қамтамасыз ететін құрал және нақты іс
-
әрекеттердің 
нәтижесі ретінде қарастырылады. Ендеше, еліміздің болашағы –
жас ұрпақты 
оқытуда білімнің түпкі
нәтижесі деп саналатын құзіреттіліктердің біртұтас 
бірлігі ретіндегі функционалдық сауаттылықтың мәнін, рөлін айқындау, оны 
мектеп тәжірибесіне ендіру уақыт талабына сай келеді.
Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы 
ғана
емес, ол –
ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және 
әлеуметтік дамуының өлшемі. Бүгінгі таңда жер жүзінде білім саласындағы 
саясаткерлер мен мұғалімдер үшін ең маңызды болып отырғаны
-
«ХХI ғасырда 
нені оқыту керек және ХХI ғасырға оқушыларды қалай дайындайды?» деген 
мәселе. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі 

оқушылардың алған білімдерін 
жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар 
аудару болып табылады, ал ХХI ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні 
осында. Сондықтан да қазір жаңа технологияларды меңгеру үшін ең басты 
қажетті құрал –
білім.
Функционалдық сауаттылық дегеніміз –
адамдардың әлеуметтік, мәдени, 
саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі 
жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның 
мамандығын әрдайым жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім 
беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани 
тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік 
бейімделуі болып табылады, яғни оқушылардың мектепте алған білімдерін 
өмірде тиімді қолдануына үйрету.
Қазір
еліміздің түкпір
-
түкпірінде оқыту мен оқудағы жаңа әдіс
-
тәсілдермен қаруланған біршама ұстаздар қауымы өз мамандығына деген 
сүйіспеншілігі арта түсіп, жаңа нәтижелерге жетуде, шәкірттерінің жаңа 
белестерді меңгеруіне жол ашуда. Соның бірі функционалдық сауаттылықты 
дамытудағы білім мазмұнының жаңғыруы –


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   132




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет