Функционалдық сауаттылық


сындарлы оқыту теориясына



Pdf көрінісі
бет12/132
Дата13.12.2022
өлшемі3,39 Mb.
#162546
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   132
сындарлы оқыту теориясына 
негізделгендігі.
Сындарлы оқытудың мақсаты

оқушының пәнді терең түсіну 
қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез
-
келген жағдайда 
тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Сондай
-
ақ, оқушының жеке тұлға және 
әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі басты назарға алынады. Оқушы мен 
мұғалім арасындағы қарым
-
қатынас түбегейлі өзгерісті керек етеді, яғни 
дәстүрлі оқулардағы оқытушы мен шәкірт арасындағы көп жағдайлар оқушы 
көңілін қанаттандыра бермейтін қалыптасқан заңдылықтар ұстаз бен шәкірт 
арасындағы серіктестік қарым
-
қатынасқа ауысады. Сонымен қатар оқушыға 
қалай оқу керектігін
үйрету, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел
-
уәждерін 
нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни ойлай алатын, пікір
-
көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын 
оқушы қалыптастыру.
Қазіргі
әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына 
сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің 


27 
алған білімінің түпкі нәтижесі құзыреттіліктер болып белгіленуі білім беру 
жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мақсаты негізге 
алынып
отыр.
Жай сауаттылық

адамның оқу, түсіну, қысқа мәтіндерді құру және 
қарапайым
арифметикалық 
әрекеттерді 
орындауы.
Функционалдық 
сауаттылық

адамның сыртқы ортамен қарым
-
қатынасқа түсе алу қабілеті 
және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым
-
қатынас жасай алу 
деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның 
белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның 
әлеуметтік қарым
-
қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, 
дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен 
білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол –
ұлттың, елдің немесе жеке 
адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық 
сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды 
дамытудың тетігі ретінде қолданылады.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз

оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс 
жерде , кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.Егер осы 
шарттар бастауыш сыныпта орындалғанда оқушының функционалдық 
сауаттылығы қалыптасады.
Бастауыш сынып оқушылардың фукционалдық сауаттылық мазмұны 
келесі мағынада сипатталады

оқу, жазу сауаттылығынан;
жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығынан;
математикалық сауаттылығынан;
компьютерлік сауаттылықтан;
денсаулық мәселесіндегі сауаттылықтан;
құқықтық
сауаттылығынан.
Оқушыларының 
функционалдық 
сауаттылығын 
дамытуда 
оқу 
бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор. Соның ішінде бастауыш сынып 
оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда білім берудің алатын 
орны ерекше.
«Сабақ беру –
үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол –
жаңадан жаңаны 
табатын өнер» 

деген екен Жүсіпбек Аймауытов. Сондықтан қазіргі таңда 
оқушыларға саналы тәрбие мен сапалы білім беру ісін жаңа талап тұрғысынан 
өзгертіп, оқыту тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруға міндеттіміз.
Олай болса шығармашыл тұлғаны қалыптастыру үшін әр сабағымызда біз 
тек оқулық шеңберіндегі білімді үйретумен шектеліп қана қоймай, кең түрде әр 
баланың талабына, деңгейіне сай жұмыстарды саралап, ыңғайластыруымыз 
керек. Тұлға құзіреттілігін дамыту үшін, яғни бастауыш сынып оқушыларының 
функционалдық сауаттылығын арттыруда оқытудың 7 модулін қолдану, сабақ 
жоспарлауда Блумның ойлау дағдыларын –білу , түсіну, қолану, талдау, 
жинақтау, бағалау және сөйлеу әркеттерінің түрлері

оқылым, жазылым, 
айтылым, тыңдалымды қолданып, бағалау критерилерін айқындаудың маңызы 


28 
зор. Оқу процесінде қолданылған интербелсенді әдістерді қолдану кезіндегі 
оқушының іс
-
әрекеті критериалды бағаланып, рефлексия жүргізілсе онда біздің 
де алдымызда отырған оқушының да жұмысы, даму деңгейі бірден көрінеді 
және 
олардың
функционалды 
сауатты 
болып 
дамитындығы 
сөзсіз. 
Интербелсенді әдісте оқушылар төмендегідей білім, білік, дағды, машықтарға 
үйренеді:

терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту;

өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру;

ақпаратты өздігімен түсініп, жан
-
жақты талдап, таңдап алу;

өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру;

пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу;

шешім
қабылдау және қиын мәселелерді шешу;
Сол себепті интербелсенді оқытуда
оқушылар
келесі әрекеттерді атқаруға 
дайын болу керек:

бірлескен жұмыс;

танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік тұрғыдан белсенділік таныту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   132




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет