Геометрия курсындағы салу есептері


Геометрия курсындағы салу есептері



бет2/13
Дата19.04.2023
өлшемі315,68 Kb.
#174938
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
салу есептері (копия)

1. Геометрия курсындағы салу есептері
1.1 Геометриялық салулар тарихынан
Қазіргі кезде қабілетті балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық мәліметтер және ғылыми зерттеулер жылдан жылға көбеюде. Бұл мәселенің түп тамыры ғасырлар тереңінде жатқаны да белгілі. Алайда, қабілет мәселесі әлі де ғалымдардың күнделікті тақырыптарынан түспейтін, зерттеулерді, ізденісті қажет ететін өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Дені сау, психикасы дұрыс оқушының оқып білім алуға қабілеті бар, әр оқушы орта білім алуға қабілетті, ал мұғалім оларды мектеп бағдарламасы көлемінде білім алуларына жәрдем беруге тиісті деп есептейді белгілі ғалым психологтар. Бұл мақсатқа жету жеңіл емес. Оқу үрдісін жақсы ұйымдастырғанның өзінде, оқушы барлық сабақты бірдей меңгере алмайды. Бұл оқушының жеке мүмкіндіктеріне және қабілеттеріне байланысты.
Қабілеттіліктің дамуы үшін аса қажетті қасиеттердің бірі болып еңбек сүйгіштік есептеледі. Қабілеттілік ең алдымен ғылымның, техниканың, өнер, әдебиет, спорттың белгілі салаларына байланысты әрекетке деген бейімділіктен көрініп тұрады.
Адамның математиканы саналы және терең меңгеруіне қажет ақыл ойының жеке психологиялық ерекшеліктері математикалық қабілеттілік деп аталады. Математиканы оқыту барысында ерекше орын алатын оқушылардың конструктивтік қабілеттілігі. Конструктивтік қабілеттілікті дамытуға көмектесетін конструктивтік есептер.
Бастауыш сыныптағы конструктивтік қабілеттілікті жалпы түсінікті ұғым деп айтуға болмайды. Бұл жастағы оқушыларға бұл элементар конструктивтік процесс. Балалар жаңадан ешнәрсе құрастыра алмайды, ескі нәрсені жаңартпайды, өздерінің техникалық ойламдарының сызба проектісін құрастырмайды. Бірак олардың әрекеті жеке бөлшектерден тұтас объект құрастыруға, арнайы конструктивтік салуға бағытталған. Конструктивтік процесте төменгі сынып оқушылары құралдардың кеңістіктің құрылымымен толығырақ және тереңірек танысады,оларда іс-әрекет барысында нақтыланған таныс бейнелер негізінде жаңа болашақта пайда болатын объектінің құрастыра алу дағдысы қалыптасады.
Қабілет ұғымы мен оның даму ерекшеліктері Л.С.Выготскийдің , Н.Ф.Талызинаның , математикалық қабілет психологиясы В.А.Крутецкийдің , И.С.Якиманскаяның еңбектерінде зерттелген. Математикалық қабілеттің әртүрлі құрылымдық модельдері А.Н.Колмогоровтың , Н.В. Метельскийдің еңбектерінде зерттеліп қарастырылған.
Геометрияны оқыту әдістемесіндегі фундаментальді жұмыстар, оқушының кеңістіктік елестетуін, олардың логикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін, өзіндік орындауын Б.И.Аргунов, М.Б.Балк , Г.П.Сенников , Н.Ф.Четверухин зерттеген.
Ал қазақ топырағында жеке тұлғаның қабілетін дамыту мәселелерін 19 ғасырда өмір сүрген қазақ ағартушылары А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, Ш. Уалиханов шығармалаларынан көруге болады. Абай атамыз адамды қоршаған орта-табиғаттың бір бөлігі дей келе, табиғаттың адам баласына берген керемет сыйы-туылғаннан бастап білуге, түсінуге деген ұмтылысы деп есептейді. Адамның ойы мен санасы еңбек іс әрекеті нәтижесінде қалыптасып, дамиды деп тұжырымдайды.
20 ғ. алғашқы ширегіндегі қазақ ғұламалары мен қоғам қайраткерлері А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатовтардың педагогикалық мұраларында білім беру үрдісінде балалардың қызығушылығы мен қабілеттілігін қалыптастыру мәселесін ескеру керектігі баса айтылған.
Ш. Уалиханов жеке тұлға тәрбиесінде білім мен тәрбие шешуші рөл атқаратынына, адам қабілетінің дамуына бейімділігінің, ынтасының маңыздылығы зор екеніне назар аударады. Мағжан Жұмабаев өзінің «Педагогика» еңбегінде адамның жалпы рухани дамуы туралы айта келіп, жеке тұлға мәселесін ақыл-ой қабілеттілігімен тығыз байланыста қарастырады.
Орта мектепте математикалық білім берудің негізгі мақсаты-оқушылардың математикалық мәдениетін тәрбиелеу. Бұл тек қана оқушыларға белгілі көлемдегі математикалық білімдерді беру және нақты біліктері мен дағдыларын қалыптастыру емес, ең алдымен оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, оларды математикалық іс-әрекеттердің әдістері мен тәсілдеріне үйрету, тұлғаның математикаға тұрақты қызығушылығын, адамгершілік және эстетикалық қасиеттерін тәрбиелеу. Оқушылардың математикалық дайындығының жоғарғы дәрежесіне жетуге мүмкіндік жасайтын құралдардың бірі-олардың математикалық есептерді шығарудағы іс-әрекеттері болып табылады. Негізгі рольді геометрия саласындағы ойлау іс-әрекетінің конструктивті компонентінің мазмұнын жете түсінуді қамтамасыз ететін есептер атқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет