Геометриялық нивелирлеу


Нивелирлік реперлер және маркалар



бет18/19
Дата15.12.2021
өлшемі255 Kb.
#101090
түріРеферат
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
введение в реферате образец
Таблицы по истории Казахстана, Майра тест агылшын
Нивелирлік реперлер және маркалар
Нысаналау осі арқылы жер бетінің горизонталь сызығын түсіру қызметін атқаратын дүрбілі аспап нивелир деп аталады.
Нивелирлеу үшін тұтас немесе бүктемелі ағаш рейкалар (24 сурет) қолданылады, олар ұзындығы 3–4 метр, ені 10 см және қалыңдыры 2–3 см бітеу тұтас тақтай ағаш болып табылады. Тақтайлар ақмайлы бояумен боялады және оларға сантиметрлік торкөз бөліктер түсіріледі. Онда әрбір дециметр жазылады, ал сантиметрлік бөліктер есептеулерді жеңілдету үшін 5 см сайын топтарға біріктіріледі. Рейканың ең кішкене бөлігінің сандық шамасы рейка бөлігінің бағасы деп аталады. Тұтас рейканың ең үлкен ұзындығы 3 м-ге тең. Рейканың тө-менгі жағына рейканы тез тозудан қорғайтын болат пластинкадан тақа қағылып қойылады.
Рейкалар бір жақты немесе екі жақты болуы мүмкін, екіншісінде оның бір жағында қара бөліктер, екінші жағында қызыл бөліктер болады. Осыған орай рейканың жақтары қызыл және қара болып бөлінеді. Рейканың қара жағындағы нөлге тең есептеу, оның тақасымен дәл келеді, ал қызыл жағындағы тақаға сәйкес келетін есептеу нөлге тең болмайды.
Жұмыс басталмай тұрып рейкаларды тексеріп алған жөн. Ол үшін рейканы горизонталь күйінде жатқызып, оған тексеру метрін қойып, оның әрбір метрі мен дециметрін өлшейді. Оның дециметрлік бөліктерінің кездейсоқ қателіктері 1 мм-ден, ал рейканың барлық ұзындығындағы қателік 2 мм-ден аспауы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет