Грптпйтикйсы а л ғ ы с ө З


бет72/212
Дата20.12.2023
өлшемі
#197951
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   212
Байланысты:
Kazak tilinin tarihy grammatikasy Tomanov

қырық — қырга, шаіи — сану
(етістік) тәрізді параллельдердің бірінде 
екі буынды, бірінде бір буынды болуын қалай деп қарауга болар еді? 
В. Котвичтің айтуынша, түбірдің мүндай сипаты алтай тілдеріне жат 
еді, сондықтан қалайда бүдан қүтылуга тырысты (мүмкін түңгыс 
тілдерінің өзгешелігі осының салдары болар). Сол себептен және екі 
дауыссыздың қосарлануынан қүтылу үшін түркі-монгол тілдері қатар 
айтылған екі дауыссыздың арасына дауысты қойып айтуга немесе ең 
соңына дауысты дыбыс қосып айтуга мәжбүр болды. Монгол тілдері 
соңгы тәсілді пайдаланған да, түркі тілдері алдыңғы тәсілі қолданған.

Батманов И. А.
Язык памятников дрсвнетюрской письменности. Фрунзе, 
1959, стр. 44 — 60.
110


Сондықтан монгол тілдерінде 
көк
емес 
көке, аб, ау
емес 
аба, ер
емес 
ере, тун
емес 
туне, қыр
емес 
қыра,
т.б. Ал қазіргі түркі тілдерінде 
кездесетін 
булыт, тарақ
о баста екі дауыссыз дыбысқа аяқталған 
бітеу буынды түбір болу керек, ягни, 
булт, тарқ.
Осы ізбен коне 
түркі тіліндегі 
балыг
(қала), 
кергек
(керек) создерді де 
балг, керг
болып 
айтылған дегі қаралады. Өйткені монгол тілінде бүл создер 
балга сун,
кергег
түрінде айтылады екен.
Түркі тілдерінде дауыссызга біткен түбірлерге монгол тілдерінде 
кобінесе 
а, е, у,
у дауысты дыбыстары қосылып айтылады. В. Котвичтің 
байқауынша, түркі тілдерінде аф ф рикатқа бітетін сөздерге монгол 
тілінде қы саң дауыстылар қосылып айтылады да, басқа дауыссыз- 
дарга біткен создерге аш ы қ дауыстылар қосылып айтылу жүйесі 
бар. Осымен қатар, В.Котвич монгол тілінің мына ерекшелігін атап 
корсетеді: монгол тілінде, соз аягы кобінесе үнді болып отырады. 
Ал түркі тілдері болса, соз аягында кобінесе қатаң дауыссыздарды 
(қ, к)
қолданады да, сол позицияда үяндардың 
(г, г)
айтылуы сирек 
кездеседі. Сойтіп монголдар қатаң дауыссыздар мен үяң дауыссыз- 
дардың ара жігін ашып айтуга бейім болады да, осы мақсатпен соз 
аягын дауысты ды бы сқа бітіруге үмтылады. Ө йткені тек соңгы 
жагдайда гана үяндар мен қатандардың ара жігі айқы н корінеді.
Сонымен, В. Котвичтің дәлелдеуінш е, м онголды қ формалар, 
ягни, дауысты ды бы сқа (аш ы қ буынга) біткен формалар кейінгі 
дамудың жемісі де, ал түркілік қы сқа формалар тарихи түргыдан 
әлдеқайда ескі болуы керек.
Түркі тілдерінде екі дауыссыз ды бы сқа бітетін создердің 
(ант
тәрізділер) аздыгын (егер, әрине, еліктеуіш создерді ескермесек)
В. Котвич осы қүбы лы стан (екі дауыссызга біту) түркі тілдері 
босануга тырысуынан деп қарайды. О ны ң айтуынша, соз соңында 
бір кезде қатар айтылган екі дауыссыздың ортасына дауысты дыбыс 
қойы п бөліп айтуга багытталган тенденция етек алтан, соның 
салдарынан екі дауыссызга аяқталган түбірлердің саны, әрине, 
едәуір азаюга тиіс. Алайда түркі создері о баста үш дыбысты (дауыс- 
сыз-дауысты-дауыссыз) болган деп есептейтін галымдар В. Котвич 
келтірген фактілердің біразын түбір мен қосы м ш адан қүралган 
негіз деп есептейді. Н. А. Баскаков 
булт, кергек
создерін 
бул-ут,
керг-ек
деп қарайды да, соңгы буындарды есім ж асайты н аффикс 
деп есептейді.
Сонымен бірге, түркі-монгол тілдеріндегі сөздің буын қүрамы 
туралы айтылган, ескерілуге тиіс пікірдің бірі — белгілі монголист
111


Владимирцовтың пікірі.1 Ол түркі-монғол параллельдерін салыс- 
тыра келіп, тарихи түрғыдан ескісі және негіз тілге жақыны дауысты 
дыбыспен аяқталатын ашық буынға біткен монғолдық варианттар деп 
қарайды. Осы пікірді белгілі дөрежеде Н. К. Дмитриев те қайталады.2 
Бүл осыдан бүрын айтылған пайымдауға қарама-қарсы екені мәлім.
Жоғарыда баяндалған көзқарастардың қайсысы да қазіргі түркі 
тілдеріндегі, оның ішінде қазіргі қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздерді 
ескеріп отырған жоқ. Еліктеуіш сөздер шығу, қалыптасу түрғысынан 
мүндай тарихи болжамдарға тиек бола алмайды. Еліктеуіш сөздердің 
ж асалуы нда ар т и к у л я ц и я л ы қ ды бы стау о рган д ар ы н ы ң күш ті 
қарқынмен жүмыс істеуіне байланысты көмескі айтылған дауыстылар 
түсіп қалады да, соз екі дауыссыз дыбысқа аяқтала береді. Бірақ бүл 
қүбылыстан тарихи озгеріс байқалмайды.
Сонымен, фонетикалық сипаты қандай болса да, 
аяқ, ауыз
тәрізді 
создер коне тілде де осы қүрамында (екі буынды) кездеседі. Кейбір 
дыбыстық озгерістерді ескермесек, буын санының я азайып, я кобейіп 
кетпегендігін кореміз. Сойтіп екі буынды создердің копшілігі туралы 
кесіп айту қиын. Алайда, үш буынды создерден бастап түркі создерді 
тарихи түрғы дан туынды түбірлер болып келеді. 
Сарқыншақ,
тундырма, кимеіиек,
т.б. создер қазақтың оз топырагында пайда болған 
байырғы создер (жаңа жасалғандарды былай қойғанда). Енді осы 
создерді үйірлес түбірлі создермен салыстырып корейік: 
сарқыншақ,
сарқы, сарқыт, тун (тын), тундыр, тунық, киім, ким (е) шек.
Сойтіп үялас түбірлерді салыстырғанда, осы создердің барлығы да
о баста бір, я екі буынды создер болып шығады. 
-шақ, -шек
бір кезде 
есім-дер қүрамында кіш ірейткіш мәнді туғызудың онімді тәсілі 
болған. Ал 
ким (е)ш ек
со зін ің қүрам ы ндағы екі дауы ссы зды ң 
арасындағы (түбір мен қосымша жігіндегі) жалғастырушы дауысты 
ма; өлде монгол тіліндегі үзартпалы дыбыс па ('мыс: 
көк,
монг., 
кәке) —
ол жағын ашып айту қиын.
Қ а зір гі қ а з а қ әд еб и тіл ін д е коп буы нды со зд ер д ің мол 
қолдануын екі түрлі жағдаймен түсіндіруге болады: 1. Түркі тілдері 
агглютинативтік жүйеге жатады. Агглютинация — склеивание, ягни, 
жалгамалы деген соз. Осы жүйеге сай о бастагы бір буынды, екі 
буынды создер ж үрнақтар арқы лы , кейде жалғаулар арқылы кур- 
дел! қүрамды болып қалы птаса береді. 2. Ш еттен енген создердің

Владимирцов Б. Я.
Сравнительная грамматика монгольского письменного 
языка и хакасского наречия. М., 1929, стр.20.

Дмитриев Н. К.
Грамматика кумыкского языка. М. - Л., 1940, стр. 157.
112


басым көпш ілігі үш -төрт және одан да көп буынды болып келеді: 
телефон, динамика, пролетариат, т.б. Қ азақ тілінің орфоэпиялық 
зандылығына байланысты дауыссыздар тіркесінен басталатын не 
аяқталатын создердің қүрам ы о баста бір, екі буынды болуына 
қарамай, айтылуда коп буынды болып шығады: 
стол>ыс — тол,
почтамт>поч-та-мыт,
т.б.
Сөздің грамматикалық түлғасының өзгеру, дамуын дыбыстарды 
тарихи түрғысынан қарастырғанда ғана айқы н түсінуге болады. 
Сондықтан сөз түлғасын сөз етіп, оның буындық қүрамы жайлы 
әңгімелегенде дыбыстардың тарихи ауысу, озгеру жолын да еске алу 
керек. Сонда ғана создің байырғы түбірі мен кірігіп кеткен қосымша 
не түбірді айыруға болады. 
Әрі, бері, кері
сөздері қүрамындағы 
байырғы түбірлер 
ә, бе, ке
және 
рі — (рі
ескі барыс түлғасы) дегенде, 
ашудас
сөзі о баста 
ащы тас
тіркесі (фразалық екпін өсері) дегенде 
де біз сол фонетика зандылықтарының тарихи озгеру жолдарын 
ескереміз.

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   212




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет