Х. С. Муханбеткалиев 20 ж



бет8/10
Дата25.11.2019
өлшемі1,04 Mb.
#52408
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Исмагулова ЖС менеджмент 4 курс
басқару, басқару, Исмагулова ЖС менеджмент 4 курс , ҚМЖ 7 сынып 6 сабақ

Әдебиеттер:

  1. Баймолдаев Т.М.Педагогический менеджмент и современное управление школой. -Алматы, 2001

  2. Проект Концепция 12 -летнего образования в РК, Астана, 2006

  3. Критический анализ теории и практики менеджента. Пер.с нем. под ред.Почкина П.Ф и Г.А.Шпилько. - Москва., 1986

  4. ҚР білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі Тұжырымдамасы, 2006

  5. ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылға дейін дамытудың
    Мемлекеттік бағдарламасы

  6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жалпы орта білім. Негізгі ережелер. «Жоба» - Астана, 2006. - 64 6.

  7. Симонов В.П. Педагогический менеджент. Учебное пособие. - Москва, 1999.

  8. Третьяков П.И. Управление школой по результатам: Практика педагогаческого менеджмента. - Москва, 1991

  9. Поташник М.М. Управление современной школой.- Москва., 1992.

  10. Ю.Г.Лукпанов. Внедрение науки как основа развития современной школой-Алматы., 2000

  11. П..Хмель И.Д. Особенности управления педагогическим процессом в общеобразовательной школе.-Алма-Ата., 1986

6.Семинар (практикалық) сабақтардың жоспары.






Тақырып

Мазмұны

Апта

Әдебиет

1

Стратегиялық жоспарлау.


1. Стратегиялық менеджмент

2. Стратегиялық жоспарлау

3. Стратегиялық жоспарлаудың құрылымы


1

1,7,8

2

Педагогикалық менеджменттің қалыптасуы

1. Педагогикалық менеджмент теориясының пайда болуы

2. Менеджменттегі психологиялық бағыттар

3. Стратегиялық жоспарлаудың құрылымы


2

1,11

3

Қазіргі менеджменттің дамуы

1. Қазіргі менеджмент құбылысын түсіндіру тұрғылары

2. Педагогикалық менеджмент ұғымының мәні



3

10,2,3,4,5

4

Мектеп менеджері іс-әрекетінің теориялық негіздері


1. Мектеп менеджері іс-әрекетінің жүйелік-функционалдық моделі

2. Тәжірибелік іс-әрекеттегі мектеб менеджерінің құзыреттілігі



3. Мектеп менеджерінің атқаратын қызметтері

4

1,7,8,9,11

5

Көшбасшылық


  1. Көшбасшы теориялары.

  2. Көшбасшылық қасиеттер.

  3. Мақсатқа жетуге бағытталған басқару.

5

7,1

6

Білім берудегі менеджердің психологиялық қарым-қатынас ерекшеліктері


  1. Френенің менеджерге тән қасиеттеріне сипаттама беруі.

  2. Менеджмент негізінде басқарудың негізі – тұлғалық-бағдарлы білім беру

  3. Басқару субъектілеріне сипаттама

6

7,8,9

7

Мектепшілік басқару жағдайын диагностикалау

  1. Мектеп басқарудағы диагностика бағыттары

  2. Диагностикалау мазмұны және оның оның міндеттері

  3. Диагностика нәтижелерін талдау

7

8,10

8

Рольдік жобалау әрекеттері


«Сіз мектеп менеджерісіз. Осы жағдайда кездесуі мүмкін педагогикалық проблемасы және оны шешу жолдары». Жобалау жұмысын дайындау және презентациялау.

8

1-11

9

Педагогикалық кеңестің өту барысын семинар-тренинг ретінде жобалау


Семинар-тренингтің басты мақсаты – менеджердің өз педагогикалық ұжымын рефлексиялық әрекеттерге тарту болып табылады. Педагогикалық кеңестен күтілетін нәтижелер: 1) мұғалімдердің өз ізденісі үшін және оқушыны ізденістік жобаларға тарту үшін өзекті проблемалармен айналысып, оны зерттеудің жолдарын анықтай білуі; 2) мектептегі әдістемелік жұмысқа өзгерістер ендіре алуы және тың идеялар ұсынуы

9

9,11

10

Мектептің тәжірибелік іс-әрекетіне менеджментті ендірудің нәтижесі


  1. Менеджердің проблемаларды шешу құзыреттілігі, немесе өзіндік менеджменті

  2. Менеджердің ақпараттық құзыреттілігі

  3. Менеджердің коммуникативтік құзыреттілігі

10

2,3,4

11

Менеджмент негізінде басқару тәжірибесі.


  1. Авторлық тұжырымдамалық бағдарлама негізінде басқаруды дамыту.

  2. Басқару тиімділігінің сапалық көрсеткіштері.

11

3,8

12

Мектепте ізденушілік-зерттеушілік қызметті ұйымдастыру


  1. Мектепте ізденушілік –зерттеушілік қызметті ұйымдастыру.

  2. Әрекетті зерттеу-кәсіби өсудің басты жолы.

12

10,11

13

Менеджмент пәнаралық теория ретінде


  1. Қазіргі менеджменттің құбылыс ретіндегі сипаттамасы

  2. Мектепті басқарудың ұстанымдары мен критерийлерін белгілеу

13

11,1,3

14

Басқарудың мотивациялық негіздері


1. Абрахам Маслоудың қажеттіліктер жүйесі

2. Жұмыстан қуаныш сезімін алу

14

7

15

Мектеп менеджері қызметінің моделі


  1. Менеджер қызметіне қойылатын талаптар

  2. Менеджердің құзыреттілігі




15

7,3


7.Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар.

Теориялық материалды меңгеру бойынша әдістемелік нұсқау

Практикалық сабақтарға әдістемелік нұсқау.

Семинар сабағы студентке не береді? Бұл:


  1. Ғылым тілін меңгеру;

  2. Ұғымдарды қолдану дағдысын қалыптастырады;

  3. Интеллектуалдық проблемаларды және тапсырмаларды қою және шешудегі, өз көзқарасын қорғаудағы біліктіліктер мен дағдыларды меңгеру.

Семинар сабақтары төмендегідей түрлерде өткізіледі:

1. Алдын-ала берілген тақырып бойынша топ болып әңгімелесу.;

2. Семинарға қатысушылардың талқылауы бойынша студенттердің сөйлеуі;

3. Топтарға бөліну, прзентация, мозака, жұппен жұмыс, т.б.



Семинарға дайындық және оның өткізілуі:

  1. Семинар сұрақтары алдын-ала беріледі. Сұрақты түсінбеген жағдайда тікелей оқытушымен кеңесуіне болады.

  2. Әрбір семинарға бөлек әдебиеттер тізімі және қосымша дайындалуға әдебиеттер тізімі беріледі. Студент сол әдебиеттерді Университеттің оқу залдарынан(№4 корпус №1,2 оқу залдары), кітапхананың абонемент бөлімдерінен (№4 корпус, №1 қабат) немесе кафедрадан алып дайындалуына құқылы.

  3. Семинардың барлық сұрақтарына міндетті түрде дайындалу керек.

  4. Семинарға дайындалу кезінде міндетті түрде болашақта емтихандар мен аралық бақылауларға керек болғандықтан арнайы дәптерге барлық сұрақтар бойынша ақпараттарды жазып алу керек.

  5. Семинар кезіндегі берілетін жауаптар міндетті түрде сұраққа сәйкес, қысқа да нұсқа түрде болуы және сұрақ толық ашылуы тиіс.

  6. Студенттер жауап беруші студентке кеселін тигізбей мұқият тыңдап отырғандары дұрыс.

  7. Семинарға дайындалмай келген студенттің баллдары кемітіледі және сол тақырып бойынша дайындалып келіп жауа бару керек.

  8. Сұрақтарға жауап беруде және пікірталас туғызатын мәселелерге өз ойын айтқысы келген студенттер қолдарын көтеріп, оқытушының рұқсатымен өз пікірлерін анық айтулары тиіс.

  9. Семинарға қойылатын талаптар дәріс сабақтарында да сақталады.

  10. Белсенді қатысқан студенттер қосымша тиісті балл ала алады.

  11. Семинарға дайындалған кезде студент дәрісті де толық меңгеруі керек.

ӨЖСӨЖ өткізу бойынша әдістемелік нұсқау.

Әдістеме тренингтері

Студенттердің оқытушының қатысуымен жүргізетін сабақ түрлері

Тренингтер мазмұны

Менеджмент теорияларын мектеп басқару тәжірибесінде қолдану тренингтері
Бүгінгі мектептерде жүргізіліп жатқан 12 жылдыққа даярлық барысы, атап айтқанда, білім мазмұнының жаңғыртылуы, мектептердің жаңа стандарт пен оқулықтарға көшуге даярлануы, оқу әдістемесіне инновациялық білім беру технологиялардың енгізілуі сияқты тың үрдістер білім беруді басқаруда жаңа көзқарастар пайда болуын қажет ететіні сөзсіз. Сондықтан оқу құралының осы бөлімін әдістемелік тренингтер арқылы білім алушылардың кәсіби мүмкіндіктерін кеңейту үшін интерактивтік әдіс-тәсілдер: жаттығулар, іскерлік ойындар, тұжырымдамалар, жобалар, бағдарламаларды жасау мен қорғау, ойлау қабілетін дамыту амалдары кеңінен ұсынылады. Олар:

- педагогикалық мастер-класс;

- шығармашылық топтар жұмысы;

- зерттеу-ізденістік жұмыстары;

- тілдесу алаңдары, т.б.

Бұл әдістемелік бөлік жеті интерактивтік тренингтен құрылып, тренинг аралық мониторинг, ашық сабақ модельдерін талдау, шағын шығармашылық топтардың аралық тренингтері сияқты жұмыстарды да қамтиды. Сонымен қатар, менеджмент талаптарына сәйкес инновациялық басқару сапасын, білім беру мазмұны мен әдістемесін жетілдіру деңгейі туралы қатысушылар рефлексиясына үлкен көңіл бөлініп, терең әдістемелік талдаулар жасауға мүмкіндік алады.



Күтілетін нәтижелер:

  1. Әр түрлі педагогикалық, әдістемелік проблемалар бойынша қатысушылардың шағын топтарды басқару жұмыстарын ұйымдастырылып, нәтижесi бағаланады;

  2. Қатысушылардың өз бағытын, мектеп басқарудың өзіндік жүйесін жасауына, оның жүзеге асырылуын жоспарлауына жағдай жасалады;

  3. Бiрлескен ізденістік-зерттеушілік, шығармашылық әрекеттерге тартылады, нәтиже арқылы ынталандырылады;

  4. Педагогикалық, әдістемелік білім, біліктері негізінде мектеп дамуының жоспарын жасай алуға, мақсаты мен күтілетін нәтижесін болжауға, құралдары мен тәсілдерін талдауға үйренеді.

  5. "Мұғалiм-оқушы", "мұғалiм-мұғалiм", "мұғалiм-әкiмшiлiк", "мұғалiм-ата-ана" арасында демократиялық қарым-қатынасты қалыптастыра алады;

  6. Инновациялық әрекеттердiң қорытындыларын бақылау, бағалау арқылы нәтижелi және сапалы әдiстердi оқу-тәрбие үрдiсiне енгiзе алады;

  7. Жоспарлау арқылы басқару әрекетiнiң педагогикалық бiртұтастығына, оның әр бөлігінің бiр-бiрiмен тығыз байланыстылығына көз жеткiзіледі;

Тренинг №1

Тақырыбы:

Тұлғалық бағдарлы оқытудың теориялық негіздері

Мақсаты: Педагогика тарихындағы ізгіліктікті көздейтін тұлғалық бағдарлы оқыту туралы ғылыми көзқарастарға шолу арқылы негізгі идеяларын айқындау
Жоспары:

  1. Тұлғалық бағдарлы оқыту туралы ғылыми көзқарастар.Лекция-1с.

  2. Тұлғалық бағдарлы идеялар мен технологияларды сабақта пайдалану жолдары. Тренинг -2с.

  3. Рефлексия. 1с.

Тақырып мазмұны

Ізгіліктік философиялық көзқарастар қайта өрлеу дәуірінде қалыптасып, адамилық пен ізгілікке қарсы ағымдарға өз идеяларын уағыздады. Оның мақсаты-адам құндылығын жоғары санауға ғана емес, қоғамға, рухани құндылықтарға, жалпы әлемге гуманистік көзқарас. Ізгілікті тек адамның өз ерекшелігі деп қарастыруға болмайды, ол тұлғалық қасиетке жатады, яғни тұлғаның жоғары сапалы қасиеті адамға ізгіліктік көзқарасы болып табылады.

Ізгіліктік философия мен педагогиканың негізін салушылар Сократ, Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, А.Дистервег, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов өз қажеттігін тануды жеке тұлғаның кемеліне келуінің, кәсіби жетілуінің басты көрсеткіші ретінде есептеп, бұл ұғымның философиялық, психологиялық, педагогикалық аспектілерін әр кезеңде әр тұрғыдан қарастырған. Мысалы, антикалық ойшыл Сократ өз оқушыларының санасын әңгімелесу, сұрақ қою арқылы оятып, өзін-өзі тануға шақырса, Ян Амос Коменский оқушының өз бойындағы рухани күшін дамытуға мұғалім көмектесе алатынын, Жан Жак Руссо "балаға мұғалім өз көзқарасын байлап беруге емес, қайта оның өзіндік дүниетанымын дамытуға" ұмтылуын, Иммануил Кант әр адамға тән адамгершілік туралы категориялық императив ұғымын дәлелдеді.

И.Песталоцци және оның шәкірті Ф.Фребель бүгінгі педагогикадағы "тұлғалық бағдарлы оқытудың" негізін салып, өзін-өзі дамыту (саморазвитие) түсінігін енгізген. Гуманист педагог А.Дистервегтің "нашар мұғалім шындықты оқушыға өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оған өз бетімен ізденуге жол көрсетеді" және жеке тұлғаның өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйене оны реттей отырып білім алуына, еркін дамуына мүмкіндік жасау туралы идеялары (В.А.Петровский) бүгінгі тұлғаныњ өзіндік қажеттігін қалыптастыра отырып, ізгіліктікпен басқаруға негіз бола алады.

Психологияда өзіндік қажеттік (ағылшынша "self-actualizaton" ұғымын американдық ғалым Абрахам Маслоу енгізді. Бүгінгі педагогикада оның "өзіндік қажеттігін тану"-өз мүмкіндігін, әлеуетін жүзеге асыруға ұмтылу. Ал, өз қабілетін, талантын, яғни бойындағы барын іске асыру арқылы адам толық тұлғалық қалыптаса алады" деген пікірі аса құнды.

Сонымен қатар, өз мүмкіндігін қажетіне айналдыра алатын адамды А.Маслоу кәдімгі өзіміз күнде кездестіріп жүрген адамдарымызбен қатар қоймайтынын тағы да былай дәлелдеп келтіреді. "Орташа адам-ол өз дарынын, қабілетін, мүмкіндігін жылы жауып қойған, не басып тастаған адам". Оның теориясы бойынша адамның дамуы екі жағы бар қажеттілік пирамидасына ұқсайды:бір жағынан әлеуметтік тәуелділігі, екінші жағынан оның өз қажеттігін тани алуына қатысты танымдық табиғаты. А.Маслоу жалпы қажеттіктерді туа пайда болған деп, алғашқы үш деңгейді физиологиялық, әлеуметтік, психологиялық қажеттік ретінде қарастырады. Төртінші деңгейді өзін өзі құрметтеу, қадірлеу үшін атқарылатын әрекеттер ретінде, ал бесінші деңгей-шығармашылық қажеттік, өз мүмкіндігін жүзеге асыру өзіндік қажеттігі деп есептейді. А.Маслоу пікірінше, тұлғаның ізгіліктігі мен дамуының бастауы, қайнар көзі қоғамның күшінде емес, тұлғаның өз бойында жатыр. Қоғам оның дамуына не көмектесе, не кедергі келтіре алады. Оның идеясын Карл Роджерс әрі қарай дамыта отырып былай дейді: "Білім берудің басты міндеті-тұлғаның өзіндік танымына, өз проблемаларын айқындай алуына және оларды шешуге өзіндік мүмкіндіктерін пайдалана білуге, сөйтіп өзін-өзі дамытуына көмектесу".

Бүгінгі білім жүйесінде, Д.Дьюи атап өткендей, лкен өзгерістер басталуда. Ол маңызы жағынан, Н.Коперниктің жаңалығына (күн-астрономиялық орталық, басқа планеталар оның айналасына шоғырланады, оны айнала қозғалады) тең болып отыр, яғни, оқушы тұлғасы орталыққа айналып, барлық педагогикалық әрекеттер оның айналасына шоғырландыра жүргізіледі". Ағылшын тіліндегі "pupil-centered" ұғымы орыс тіліне "ученикоцентрированный" деп тікелей аударылғанымен, бұл ұғым ресейлік педагогикалық әдебиеттер мен оқулықтарда "личностноориентированный" деп қолданылуда. Сондықтан біздің зерттеуімізде "тұлғалық бағдарлы" ұғымы жоғарыда айтылған "басқару үрдісін тұлға айналасына шоғырландыру" түсінігінің мәніне сәйкес пайдаланылады.

Қазақ тіліндегі педагогикалық-психологиялық сөздіктерде "тұлға-(личность) ұғымы-отандық психологиядағы негізгі ұғымдардың бірі, сонымен қатар, оқу-тәрбие үрдісінің ізгіліндірілуіне орай педагогикада да жиі қолданылады" деп көрсетілген, ал "тұлғалық бағдарлы" ұғымы "тұлғаға субъектілік көзқарас негізіндегі қарым-қатынас" ретінде түсіндіріледі.

Тренинг материалдары

"Тұлғалық бағдарлы көзқарастың" өзін ұғым ретінде қарастырсақ ол- педагогикадағы тұлғаны дамыту", "жас ерекшелігіне қатысты көзқарас", "дербестік көзқарас" деген ұғымдардың жиынтығы. Тұлғалық бағдарлы көзқарас-педагогикадағы оқушының өзіндік танымын, өзіндік бағытталуы мен өзіндік мүмкіндіктерін жүзеге асыруын қолдайтын және олардың дамып отыруына ықпал ететін өзара жүйелі байланыстағы түсініктер, идеялар және тәсілдердің әдіснамалық негізі. Тұлғалық бағдарлы көзқарас-педагогикалық қызметтің бағыты; түсініктер, ұстанымдар және педагогикалық әрекеттердің жүйесі; оқушының тұлғалық қалыптастыру, қолдау және дамыту үшін жасайтын педагогтың іс-әрекеттері.

Ал, "тұлғаны дамыту"-дәстүрлі педагогикада жан-жақты дамыған, белгілі бір әлеуметтік ортақ типті қалыптастыру үшін сырттан ықпал ету болса, тұлғалық субъектілік ұғымда оны дамыту адамның өзіндік танымын, қажеттіктерін бағыттап отыру, қолдау көрсету, яғни өзіндік рефлексия арқылы таңдау, шешім қабылдау және нәтижесін өзі бағалау секілді ішкі, адамның өз бойындағы мүмкіндіктер арқылы өзіндік дамытуға бағыттау деп түсіндіріледі.

Басқарудағы ізгіліктік көзқарас оқушы және мұғалім тұлғасын басты орынға қояды. Бұл жағдайда "оқушы-дайын білімді игеруші" түсінігі орнына "адам-шындықты танушы тұлға" түсінігі қалыптасады. Сонымен қатар, бұл үрдіске қатынасушы мұғалім, тәрбиешілер "әкімшілік шешімін орындаушылар" емес "басқаруды жүзеге асырушылар" болып есептеледі. Сөйтіп, оқушы да, мұғалім де, мектеп басшылары да өзара диалогтық, ынтымақтастық, бірлескен шығармашылық негізінде өзара байланысты әрекеттер жасайды.

Түрткі жасаудың (мотивацияның) басталуы-өзіндік сананың оянуында, ал өзіндік сана өзіндік танымға, өзіндік бағытталуға, өзіндік қалпымен танылуға, өзіндік түзетілуге, өз мүмкіндігін жүзеге асыруға әкелетін мықты негіз болып табылады. Бұл психикалық қызметтер тұлғаның өзіндік дамуына мүмкіндік береді.

Мектеп басқарудың басқа да технологиялары тәрізді тұлғалық бағдарлы технология негізінде басқару жүйесіне оқушы, мұғалім (тәрбиеші), әкімшілік мүшелерінен тұратын адам ресурстары, оқу-тәрбие үрдісі, түрлі әдістемелік бірлестіктер, өзін-өзі басқару ұйымдары, шығармашылық және ізденістік топтар жатқызылады. Дәстүрлі басқаруда аталған құрылым "басқару субъектілері" және "басқару объектілері" сипатында болып, басқару "субъектіден-объектіге" қарай бағытталады. Бұл жағдайда дәстүрлі басқару әкімшілік-авторитарлық сипатта болғандықтан оқушы мен мұғалім "орындаушы" қызметін атқарады.

Тренинг №2
Тақырыбы: Рефлексиялық басқару
Мақсаты: Мектеп басшыларын өз әрекеттеріне талдау жасауға үйрету арқылы басқарудағы проблемаларын анықтауға, оны шешу жолдарын іздестіруге үйрету.

Жоспары:


  1. Рефлексиялық басқаруды ұйымдастыру. Педагогикалық әрекет және рефлексия. Лекция-2с.

  2. Тренинг. Оқушы мен мұғалімнің арақатынасы. -2с.

Тақырып мазмұны

Бұған дейін "рефлексия" ұғымы көбіне биология және психология ғылымдарында пайдаланып келгені белгілі. Соңғы кездері педагогикалыќ зерттеулерде басқарудағы тұлғаның мүмкіндігін дамыту идеялары "педагогикалық рефлексия" түсінігінде негізделуде. "Рефлексия-субъектінің психикалық актілер мен күйлерді өзінше тану және талдау процесі. Рефлексия индивидтің өз санасындағы өзгерістер туралы ойлану процесі деген түсінік философияда қалыптасты. Ол адамның өзі туралы білім және түсінік қана емес, өзгелердің өзіне деген көзқарастарының қандай екенін де анықтау".

Рефлексиялық басқару мазмұнының ерекшеліктері:



  1. басқару жүйесі белгілі бір құрылым бойынша жүргізілетін технологиялық қызметпен қатар білім беру үрдісіне қатысушылардың тұлғалық әрекеттерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;

  2. басқару мазмұны оқушылар мен мұғалімдердің тұлғалық мүмкіндіктерін дамытуды көздейтін болғандықтан өзіне тән ұстанымдары-педагогикалық шарттары және әдіс-тәсілдері болуын көздейді;

  3. басқару үрдісінде оқу-тәрбие жұмысының нәтижесі мен оған жету жолдары тығыз бірлікте қарастырылады, яғни нәтиже ғана бағаланбайды, оның орындау барысындағы тұлғаның іс-әрекеттері де талданып отырады;

  4. басқарудың барлық тетіктеріне оқушы, мұғалім, тәрбиеші, ата-налардың араласуы арқылы олардың субъектілік белсенділігі, жауапкершіліктері арттырылады;

  5. басқару субъектілерінің өз әрекеттеріне рефлексиялық талдаулар жасалуына, өз біліміндегі олқылықтарды бағалай алуына өз мүмкіндіктерін дамытуына қолайлы орта туғызу арқылы педагогикалық, рефлексиялық сапалары қалыптасады.

Тұлғалық бағдарлы білім беру үрдісін басқару адам бойындағы тұлғалық өзгерістер және оның кәсіби деңгейін дамыту әрекеттерімен тығыз байланысты. Өйткені, мұғалімге қойылатын талаптар оның жеке тұлғалық қасиеттерін, кәсібилігін қамтиды, оның тұлғалық сапасының бала үшін ғана емес, жалпы адамдар үшін үлгі болуын қажет етеді.

Тұлғалық бағдарлы технология негізінде басқару мұғалімнің бойында төмендегі қасиеттердің пайда болуына ықпал етеді:



  • кәсіби-педагогикалық сипаты :жаңашылдық, шығармашылық, еңбекқорлық;

  • интеллектуалдық сипаты:педагогикалық зейінділік пен бақылау қабілеті, ой биіктігі мен тіл байлығы, логикалық өріс-өрісі, терең танымдық, педагогикалық болжау қабілеті, сыни ойлау қабілеті;

  • эмоционалдық сипаты: оптимистік, ашықтық, сабырлылық, мейірбандық;

  • оқушыға көзқарасының сипаты: ізгіліктік, сүйіспеншілік, талап қоя алушылық, көмек көрсетуге даярлық;

  • мұғалімдік қызметке көзқарасын білдіретін сипаттары: өз біліміне, тәжірибесіне, білігіне, шеберлігіне сыни көзқарас, өз жұмысы сапасына жоғары талап қоя білу, жауапкершілік, өзін-өзі кәсіби дамытуға, өздігінен білім алуға қажеттіктерінің болуы;

  • өз пәні бойынша оқушылар біліміндегі олқылықтарды зерттеп, түзетудің жолын табуға ұмтылуы; оқушыларға рефлексия арқылы өз білімдерін өзіндік бағалауға, өзіндік коррекциялауға ынталандыруы;

Ұжымдық дамыту әрекеттері арқылы мұғалімдер өз мүмкіндіктерін әріптестерінің көмегімен бағалай, жетілдіре алады. Сонымен қатар, ата-аналар мен оқушылар рефлексиясын үнемі жүргізуі, кері байланыс нәтижесінде тұлғалық және кәсіби жетілуге жағдай туғызады.
Тренинг материалдары

Білім берудегі жаңалықтарды игеру жүйелі түрде жүргізіліп, бір бірімен табиғи байланыста, біртұтастықта қарастырылды. Мектеп директорының орынбасарлары жетекшілік ететін бірнеше шығармашылық топтар құрылып, олардың құрамына өз қалаулары бойынша мұғалімдер енгізіледі. Әр топтың жүйелі жұмысы ұйымдастырылады және олар өзара мониторинг арқылы әрбір кезеңдердің нәтижелерін талдап, әрі қарай жетілдіріп отырады. Бұл жерде рефлексияның коммуникативтік, ұжымдық, бақылау бағалау секілді бірнеше әдістерін қолдануға болады.

Осы жұмыстың әр әдістеме бірлестігі деңгейінде жүргізіліп талқылануы нәтижесінде жаңа оқу жылына арналған мақсат-міндеттер мен күтілетін нәтижелерді оқу жылы аяғында және басында өткізілетін педагогикалық кеңестер үшін ақпараттық база болып табылады. Осыдан жалпы педагогикалық ұжым мақсаты мен тұжырымдамасына, басты мәселелері мен шараларға нақты өзгерістер енгізіліп, оны қадағалап отыруға мүмкіндік пайда болады.

Рефлексияны ішкі қажеттікке айналдыру бірден болатын үрдіс емес, сондықтан тәжірибе барысында мұғалімді рефлексиялық талдауға үйретудің сан алуан жолдары іске асырылады. Мысалы, ең қарапайым, әрі қажеттісі-оның өзінің 45 минуттық сабағына рефлексия жаздыру, дәстүрлі түрде айтсақ, өз сабағына жазбаша талдау жасау. Мұғалім портфеліне жинақталған "рефлексиялық карталар" жыл бойындағы оның кәсіби өсуін көрсетуімен ќатар, өзіне қойған прогностикалық жоспары, белгілі бір уақыт ішінде өзінен күтетін нәтижені бағалауы болып табылады. Бұл жағдайда дәстүрлі ұғымдағы әкімшілік талабын орындау мақсатында ғана жинақталатын мұғалімнің "жеке портфелінің" мазмұны да, маңызды да тереңдейді. Рефлексиялық карталарды тәжірибеге енгізгеннен бастап мұғалімнің өзіне көзқарасы өзгереді, өзіндік талап пен жауапкершілігі арта бастайды. Сөйтіп, әр мұғалімнің алға қойған мақсаты негізінде мектеп бойынша жинақталған кесте жасалынады. Әр мұғалімге кәсіби өсу бағытында өзіне нақты не қажет екенін білуге және оны жою жолдарын анықтауға көмек көрсетілуі арқылы педагогикалық әрекеттерін тиімді жүргізуге жағдай жасауға болады. Олардың бірі мұғалім мен оқушының жеке рефлексиялық портфелін жинақтау арқылы өз деңгейіне өзінің көзін жеткізу, алдағы күтілетін нәтижелерін белгілеу үрдісі.



Тренинг №3

Тақырыбы: Менеджмент негізінде басқару тәжірибесі.
Мақсаты: Заман талабына сай мектептерді менеджмент негізінде басқарудың негізгі ерекшеліктеріне шолу.

Жоспары:

  1. Авторлық тұжырымдамалық бағдарлама негізінде басқаруды дамыту. Лекция-2с.

  2. Практикум " Басқару тиімділігінің сапалық көрсеткіштері."-2с.


Тақырып мазмұны

Жаңа мектептердің барлығына ортақ төмендегі сипаттарын көрсетуге болады:

  • инновациялығы: педагогикалық үрдісті қайта құруға қатысты ерекше идеялары болуы;

  • альтернативтігі: дәстүрлі мектептегі мектепке қарағанда өзгеше оқу-тәрбие компоненттері болуы;

  • тұжырымдылығы: белгілі бір философиялық, психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық ғылыми негіздемесі жасалуы;

  • таңдаған бағдарының нәтижелік және тиімділік көрсеткіштері айқындалуы;

Жаңа типті мектептерді басқаруда нұсқау беру, бақылау, бағалаудан гөрі әріптестік кеңесу, проектік жобалауға тарту көбірек нәтиже беретіні, өз бетімен ізденуге, ынталануға жол ашатыны тәжірибе барысында дәлелденуде.

Тұжырымдамалық бағдарлама негізінде білім беру үрдісіне қатысушы оқушы мен мұғалімнің өз әрекеттерін таңдауына, өзіндік бағытталуына, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруына бағытталған мақсаты белгіленеді. Оның орындалуы алдын ала белгіленген күтілетін нәтижелерінен анықталады:



  1. мұғалімдер:

  • оқушының өзiндiк тәжiрибесiн сабақ барысында жинақтаудың және оны пайдаланудың тиiмдi жолдарын бiледi;

  • оқушыларға оқу материалдарын өзi таңдау және оны орындаудың жолдарын өз бетiмен табу мүмкiндiктерiн туғыза алады;

  • оқу материалдарын меңгерудiң жолдарын оқушылармен бiрлесiп анықтайды, олардың нақты пәнге қызығушылықтарын ояту әрекеттерiн жүргiзедi;

  • жеке жұмыс арқылы әркiмдi өзiнiң оқу әрекетiн өзiне тиiмдi етiп ұйымдастыруға үйретудi iске асырады;

  • орындалған жұмыс нәтижелерiн өзiндiк тексеру арқылы оқушыларды өз деңгейiн бағалауға, қателерiн табуға және оны түзетуге мүмкiндiктер бере алады;

  • педагогикалық қызметін субъектаралық және оқушы тұлғасына бағытталған диалогтық оқыту әдiстемесi бойынша ұйымдастыра алады.

  • интерактивтi және рефлексиялық қарым-қатынас түрлерi арқылы бiлiм сапасын көтеруге оқыту үрдiсiнiң барлық мүшелерiн (оқушылар, тәрбиешiлер, мұғалiмдер және ата-аналар) ынталандыра алады.

  1. оқушылар:

  • өз бiлiмi сапасына жауапкершiлiктi өзiне мiндет етіп алады. Үнемi өзiн-өзi бақылау, бағалау іске асырылады, бұл тек сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында да жүргiзіледі.

  • өз жұмысының нәтижесiне рефлексиялық талдау жасап отыру арқылы алдағы жұмысына коррекциялық өзгерiстер енгiзе алады.

  • бiлiм сапасының тек нәтижесi ғана емес, оған жету процесiн, ондағы қиыншылықтар және алдағы жұмыс бағытын белгiлеуде өзіндік іс-әрекеттер жүргізе алады.

  • бiлiм сапасын көтеруде жетістіктерге жету үшiн бақылау өлшемдерiн белгілей алады, түзету жұмысын мұғаліммен бірге орындайды.

  • мұғалім, ата-ана қатысуымен топтық жєне жеке рефлексия жұмысын үнемi жүргізіп отырады.

Жаңа басқарудың тұжырымдамалық мазмұны ретінде педагогикалық ұжымның мүмкіндіктері мен қажеттіктері, заман талабына сай ата-аналар мен оқушылар сұраныстары, инновациялық оқу орнына қойылатын жоғары талап деңгейлері негізге алынады. Сонымен қатар мектеп дамуында болуы мүмкін өзгерістер мен ерешеліктерге және болжамдағы күтілетін нәтижесіне сай аталған тұжырымдамаға өзгерістер енгізіліп, жаңартылып отырылатыны ескеріледі.

Практикум материалдары

Педагогикалық әрекеттерді үнемі талдап, бағалап отыру басқару қызметінің сапасын арттырып, олардың көрсеткіштерін талдау негізінде жоғары деңгейдегі нәтижелерге жетуге мүмкіндік жасайды. Олар:

Білім беруді қамтамасыз ету бағытындағы:


  • барлық сыныптар және пәндер бойынша білімділік деңгейін, білім сапасын тексеру қорытындысы:

Сыныптан тыс және тәрбие сапасы бойынша әлеуметтік-психологиялық қызметті талдау:

  • оқушылар арасындағы зерттеулер (мектепалды, бастауыш,

жасөспірімдер деңгейлеріне сай жұмыстар);

  • педагогикалық ұжымдағы ахуал деңгейі;

  • ата-аналармен "Отбасылық таным" қызметі;

  • мектепке дайындық деңгейі;

  • оқушылардың, ата-аналардың өзіндік таным қызметі;

Әдістемелік бірлестіктер мен аттестациялық қызмет:

  • әдістемелік жұмыстың педагогтардың кәсіби және тұлғалық өсуіне ықпал ету факторлары;

  • педагогикалық шеберлікті арттыру, тәжірибе таратудың жаңа түрлері туралы ұсыныстар;

  • рефлексия арқылы әркімнің өзіндік даму аймағын белгілеуі негізінде ұжымның кәсіби өсу картасын жасау нәтижесі;

  • нормативті-құқықтық;

  • бағдарлық-әдістемелік;

Мектепішілік басқарудың басты бағыттарын талдау:

  • білімдік-мазмұндық;

  • материалдық-техникалық;

  • финанстық;

Тренинг №4

Тақырыбы: Бірлескен әрекетте басқарудың технологиясы.

Мақсаты: Педагогикалық үрдісіне қатысушы оқушылар мен мұғалімдердің білім беру үрдісіндегі бірлескен әрекеттерін ұйымдастырудың жаңа жолдары туралы түсінік беру

Жоспары:

  1. Педагогикалық әрекет және рефлексия. Тренинг-2с.

  2. Практикалық жұмыс. Педагогикалық-рефлексиялық орталықтың қызметін ұйымдастыру.-2с

Тренинг материалдары

Жаңа басқарудың технологиясын жасау педагогикалық үрдісті ғылыми-практикалық тұрғыдан жүргізуге мүмкіндік береді. Ол үшін ең әуелі мақсатқа бағытталған ішкі және сыртқы диагностика, өзіндік рефлексия қызметін ұйымдастыру, объективті және субъективті талдау мен бағалау іске асырылады. Сөйтіп, осы жұмыс барысында басқару үрдісіне қатысушылар өзіндік білімін жетілдіру, өзін-өзі тәрбиелеу мен өзіндік коррекциялық әрекеттерге кеңінен тарту мүмкіндігі пайдаланылады. Олар:



  • бір мектеп көлемінде бір мақсатқа бағытталған ұжым мүшелерінің кәсіби және тұлғалық қажеттіктерін зерттеу және дамыту мүмкіндігі;

  • басқару үрдісінде мұғалімдерді өз педагогикалық әрекеттерін талдай алуына көмектесіп, ізденістік жұмыстарына бағыт беру, кәсіби санатын көтеру мүмкіндігі;

  • әдістемелік, педагогикалық кеңестер арқылы ұжымдық бірлескен әрекеттерді талдау, жобалау, модельдеу, қорытындысын саралау мүмкіндігі;

  • оқыту мен тәрбие барысында оқушыларды бақылау арқылы өсу жолдарын айқындау;

  • жұмыс барысындағы олқылықтарды түзету (коррекциялау), жою жолдарын белгілеу, сөйтіп, әрі қарай даму кезеңдерін жүйелеу арқылы сатылап даму үстінде болады.

"Педагогикалық-рефлексиялық басқару орталығы" зерттеу барысында құрастырылған тұлғалық бағдарлы технология негізінде басқарудың тұжырымдамалық бағдарламасына сәйкес үш құрылымдық бөліктен тұрады. Біріншісі, "Өзіндік таным". Оның негізгі қызметі басқару үрдісіне қатысушы субъектілердің өз бойында бар мүмкіндіктері мен қабілеттерін анықтауды басқаруға бағытталған. Оның дәстүрлі диагностикадан айырмашылығы үлкен. Дәстүрлі диагностика көбіне сыртқы әрекеттер негізінде жүргізіліп, онда оқушыны, не мұғалімді зерттеу, қабілеттерін байқау арқылы белгілі бір әрекеттерге тарту іске асырылады. Ал, рефлексиялық таным барысында тұлға өз деңгейіне, сол кездегі нәтижелеріне ішкі талдау жасайды, пайдалануға болатын дербес мүмкіндіктерін саралап, өзінің қажеттіктерін өзі басқаруға қабілетті болады. Аталған құрылымдық бөліктегі қызмет негізінен басқарудың тұлғалық-рефлексиялық қатынастар шартына сәйкес жүргізіледі. Педагогикалық-рефлексиялық басқару орталығының келесі құрылымдық бөлігі "Өзіндік білім мен тәрбие" деп аталып, ол тұжырымдамалық бағдарламаның өзін-өзі бағыттау қызметін атқарады.. Оларға білім алу үрдісін басқару, сабақтағы және сабақтан тыс ізденіс жұмыстарды ұйымдастыру түрлері, атап айтқанда оқушылар мен мұғалімдердің түрлі шығармашылық топтары, "Ізденіс" және "Кіші ізденіс" қоғамдары "мастер-кластар" мен "жас мұғалімдер" мектептері, олимпиада резервтері т.б. жатады.

Мектептің педагогикалық-рефлексиялық орталығындағы басқарудың тиімділігі "Өзіндік мүмкіндіктерін жүзеге асыру нәтижелері" деп аталатын үшінші бөлігіндегі іс-әрекет барысында көрінеді. Бұл бөлік өзін-өзі басқаратын "оқушылар палатасы", "отбасылық үйлестіру кеңесі" қызметтерін, педагогикалық оқулар мен конференцияларды, пәндік және өнер сайыстарын, педагогикалық басылымдардағы мектеп мұғалімдерінің іс-тәжірибелерін, таратылған озық тәжірибелерін, оқушылардың олимпиадалардағы көрсеткіштерін, сыныптан тыс клубтардың жұмыстарын қамтиды. Ондағы педагогикалық әрекеттер ұжымдық-диалогтық қатынастар шарты негізінде жүргізіледі.
Практикум материалдары

"Педагогикалық-рефлексиялық басқару орталығының" ерекшелігі-дәстүрлі басқаруға құрылымдық қарама-қайшылығында болып отыр. Онда басқарудың ең жоғары сатысына мектеп әкімшілігі орналасады да, одан әрі қызметтер иерархиялық жүйе бойынша сатыланып, ең төмендегі сатыдағы мұғалім мен оқушы әкімшіліктің айтқанын орындаушылар болып табылады. Ұсынылған құрылым бойынша білім беруді басқару үрдісінің ең төменгі сатысынан орын алатын мектеп әкімшілігі оқушылар мен мұғалімдердің басқару үрдісін жетілдіру идеяларын қолдау, орындауға жағдай туғызу міндеттерін атқарады. Сөйтіп, басқарудың оқушылар мен мұғалімдерге қызмет ету мақсаты іс жүзінде орындалады.

Орталықтың қызметі басқару үрдісіндегі педагогикалық, психологиялық, әлеуметтiк үрдістерді қамтитын объективтiк, субъективтiк жағдайлардың бiртұтас жүйесiн құрайды. Оның мазмұны мектеп әкімшілігіне бағытталған тұлғалық бағдарлы технология негізінде басқаруды қолдау, ұйымдастыру міндеттерін айқындайды. Олар:


  1. ұжымда өзіндік танымға, рефлексиялық әрекеттерге түрткі жасалуы үшін қолайлы орта туғызу.

  2. түрлі педагогикалық және қоғамдық қызметтерге тарту арқылы әр педагогтың өзіндік танымына мүмкіндік беру және оны жүзеге асыруға көмектесу.

  3. тұлғаның өзіндік бағытталуына қажетті құндылықтарын дамытуға жағдай жасау.

  4. өзінің білім алу әрекетін өз өмірі үшін мәнділікке айналдыру көздерін анықтауға бағыттау.

Сөйтіп, педагогикалық-рефлексиялық зерттеулер негізінде проблемалар мен мүмкіндіктер анықталып, оны орындаудың жолдары белгіленеді:

  • кері байланыс қызметі арқылы әр түрлі деңгейдегі педагогикалық әрекеттерді талдау деңгейін білу;

  • педагогикалық-коррекциялық қызмет негізінде олқылықтарды жоюдың жүйесін жасақтау;

  • ынталандыру мен стимул қызметі барысында сыйақы, қосымша демалыс беру, кәсіби-педагогикалық санатын көтеру, тегін саяхат, т.б. шаралар;

  • бақылау қызметі арқылы нәтижелік деңгейін үнемі қадағалап отыру;

Сөйтіп, рефлексиялық басқару оқушылар үшін төмендегі жағдайлардың жасалуын қамтамасыз етеді: тұлғаның өзіндік танымы мен өзіндік бағалауы, эмпатиялық, рефлексиялық қабілеттерін дамытуы, өзгелермен демократиялық, ізгіліктік қатынас түрлерін меңгеруі; оқытуда диалогтық қарым-қатынасты дамыта отырып, оқушыларды бір-бірін пікірін тыңдай білуге, бір-бірін пікірін қабылдай білуге, өзгелерді де, өзін де түсіне білуге үйрете алуы.

Тренинг №5

Тақырыбы: Әдістемелік жұмысты басқару.
Мақсаты: Мектептегі әдістемелік жұмыстың ғылыми жүйесін құру арқылы педагог кадрлардың кәсіби шеберлігін дамыту жолдарын игерту. Жоспары:

  1. Әдістемелік жұмысты басқару. Педагогикалық әрекет және рефлексия. Тренинг- 2с.

  2. Практикалық жұмыс. Ұжымдық рефлексиялық әрекеттер-2с.


Тренинг материалдары

Әдістемелік жұмысты басқарудың басты мақсаты тұлғалық бағдарлы оқытуға жағдай жасау болса, әр педагогтың қажеттігі мен мүмкіндігі тек қана оның сабақтарына қатысу, оқушыларының пән бойынша білім сапасын тексеру нәтижесінде ғана емес, оның өз әрекетін өзі талдау негізінде де анықталады. Әр оқу жылы аяғында және белгілі бір жұмысты аяқтаған кезде өз әрекетіне рефлексия жасау үшін төмендегідей сұрақтар тапсырылып, нәтижесі талданады:



  • менің сәтті шыққан істерім және сәттіліктің себептері.

  • менің сәтсіз болған әрекеттерім және олай болу себептері.

  • алдағы уақытта міндетті түрде енгізетін өзгерістер және олардан күтілетін нәтижелер.

Әдістемелік жұмысты әр бірлестіктің деңгейінде басқару мұғалімдер арасындағы бір-бірінің сабақтарына қатысу мен талдау, аттестацияға ұсыныстар мен материалдар дайындау, мұғалімдер арасындағы оқу жүктемесін бөлісу, оқушыларды ғылыми-ізденістік жұмысқа тарту, педагогикалық оқу орындарымен шығармашылық байланыста өзіндік жауапкершілік пен шынайы қарым-қатынас қалыптастыруға игі әсерін тигізеді. Осы бағытта инновациялық мектептерде құрылатын ғылыми-әдістемелік кеңес төмендегі қызметтерді атқарады:

  • әр пән бойынша оқу материалын жоспарлау, оған қажетті аймақтық өзгерістерді енгізуді жүйелеу;

  • мұғалімдер мен оқушылардың ізденістік жұмысына кеңес, бағыт беру;

  • сабақ жоспарын, өтілу барысын бақылау, бағалау, көмек көрсету;

  • әдістеме бірлестіктері қызметін үйлестіру, проблемаларды қарастыру, әдіснамалық, ғылыми-практикалық көмек көрсетіп отыру;

  • оқушылар білімін бақылау көрсеткіштерін талдау,коррекциялық жұмыс туралы ұсыныстар беру;

  • деңгейі әр түрлі балалармен жұмыс нәтижелерін талдау, ұсыныстар енгізу;

  • озық тәжірибе мектебі, мастер-класс, авторлық, адаптивтік бағдарламалар деңгейін зерттеу, талдау, көмек көрсету, әрі қарай таратуға, жариялауға ұсыныстар беру.

Бұл жұмыстың тиімділігі бірінші және төртінші оқу тоқсанында тексеріліп, оған оқушылар, мұғалімдер, тәрбиешілер, ата-аналар тартылады. Жұмыстың нәтижесі бойынша әр мұғалімнің жеке картасы, ұжымдық және топтық кестелер толтырылды. Қорытындысына белгіленген өлшемдер бойынша алған бағалары және эксперименттік, бақылау топтарындағы нәтижелер бөлек шығарылады. Жыл басындағы жоспарлау кезінде мектептегі әдістеме бірлестіктері мен пән мұғалімдері оқу мазмұнын нақтылап, әр оқушының дербес ерекшелігі мен жақын даму аймағын негізге алынады.

Сонымен қатар, мектеп бойынша әр пәннің мазмұнына қойылатын талаптар белгіленеді, оның орындалуы нақты өлшемдер арқылы тоқсан ғана емес, ай сайынғы аралық кезеңдерде тексеріледі, қорытындылары рейтингтік жүйе бойынша бағаланады. Мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіру бағытында түрлі тренингтер, психологиялық тестілеулер, диагностикалық зерттеулер жүргізіліп, жобалау әдісі бойынша тақырыпты зерттеу, ізденіс конференцияларына тарту жүзеге асырылады. Әр пән бірлестігі алдын нақты міндеттер қойылады. Олар:



  • қай пәнді де, қай класты да, оқыту кезінде дайын ұғымды жаттатып, есіне сақтатып, қайтадан мазмұнын айтқызудан гөрі, интеллектуалдық, шығармашылық тәсілдерді қолдану арқылы оқушының материалды игерудегі өзіндік белсенділігін арттыру;

  • жаратылыстану-математикалық пәндердің мазмұнын практикалық бағытқа көбірек аудару, яғни құбылыстар, қоршаған орта туралы нақты тәжірибеге сүйене оқыту арқылы теорияны меңгерту;

  • оқушылардың оқулықтан тыс алатын ақпарат көздерін ескере отырып, білетін нәрсесінің қолдану аясын кеңейтуге жағдайлар жасау, баланың біліміне сүйену арқылы өзіне сендіру т.б.

  • оқушының білім алуға деген дайындығын, ынта-ықыласын, интеллектуалдық қабілетін дамыту, білім беруді баланың ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы іске асыру.


Практикум материалдары

Қатысушыларды өз әрекеттеріне рефлексиялық талдау жасауға тартудың тағы бір жолы ретінде әдістемелік және педагогикалық кеңесті тренингтер түрінде өткізу пайдаланылады. Мысалы, ол үшін алдын ала "Менің педагогикалық қызметімдегі проблемаларым және шешудегі талпыныстарым" тақырыбында дайындалып келулерін тапсыруға болады.



Әдістемелік кеңес мұғалімдерді өз пәндері бойынша топтастырып отырғызылған соң, негізгі тақырып бойынша әр топ зерттеу жұмысын жүргізеді. Жеке проблемасын презентациялауға төмендегі талаптар қойылады: проблеманың өзектілігі; нақты сынып, не оқушыға қатыстылығы; мұғалімнің өз атынан бірінші жақты айтылуы; бақылау, сұхбаттасу т.б., негізінде нақты фактілер, мысалдардың болуы; шешу жолдарының ұсынылуы, оның сәтті не сәтсіз нәтижелерінің талдануы; әрі қарай жасалынатын әрекеттерді жобалау, болжау; ізденіс бағытындағы пайдаланған әдебиеттер мен қосымша ақпараттар болуы.

Педагогикалық кеңес-соның ішінде инновациялық бағыттағы кеңес-мектептің нақты мүддесіне, мақсатына қызмет етеді. Педагогикалық кеңестің тақырыптары мектептің жылдық проблемасына сай жоспарланады, сөйтіп соңғы жыл аяғындағы кеңесте оқу жылы барысындағы жетістіктер, кемшіліктер мен олардың шешу жолдары талданып, нақты бағыттар айқындалады. Мысалы, педагогикалық ұжымның проблемалық мәселесі "Жаңа оқыту технологияларын тәжірибеге енгізу арқылы білім сапасын көтеру" делік. Сондықтан алғашқы кеңес "Оқушылардың өз бетімен білім меңгеруін тиімді ұйымдастыру жолдары" деп аталып, төмендегі үш сұрақ негізінде терең талдау жүргізіледі: Өз бетімен тиімді жұмысты ұйымдастырудағы сәтті қадамдарымыз қандай? Ол туралы біздің түсінігіміз,білігіміз қай деңгейде? Оы жұмыста біз нені ескермей жүрміз? Қандай мүмкіндіктеріміз бар? Аталған жұмысты тиімді ұйымдастыруға не кесел келтіреді? Оларды қалай жоюға болады?

Кеңеске дейінгі дайындық кезеңіндегі талдау әдістері мен түрлері: сауалнамалар (оқушылар, ұстаздар, ата-аналар үшін), шағын топтардың ізденісі (анкеталарды талдау, педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге шолу, ұсыныстар дайындау).

Педагогикалық кеңестің өту барысы: семинар-тренинг. Міне, осы бағыт бойынша келесі педагогикалық кеңестерді төмендегі тақырыптар бойынша өткізуге болады: "Оқушылардың сабақ кезіндегі өзіндік жұмысын ұйымдастыру түрлері мен әдістері"; "Оқушылардың тұлғалық дербестігін дамыту арқылы мектептен тыс өзіндік жұмысқа тарту"; "Қабілеті әр түрлі оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері" деп аталып, осы тақырыпты әрі қарай жетілдірудің ғылыми-педагогикалық әдістемелерін меңгеруге арналды.

Сөйтіп, жыл аяғындағы кеңесте аталған проблеманың қаншалықты жүзеге асырылғаны сол кездегі нәтижесі белгіленген өлшемдер мен көрсеткіштер арқылы жан-жақты талқыланып, әрі қарай жалғасын шығармашылық, әдістемелік топтарда табуына жағдай жасалады. Педагогикалық кеңестер аралығында мұғалімдермен жұмыс шығармашылық топтарда жалғастырылады.



Тренинг №6
Тақырыбы: Мектепте ізденушілік-зерттеушілік қызметті ұйымдастыру
Мақсаты: Қатысушыларды өз әрекеттерін зерттеуге үйрету арқылы мектеп басқарудағы проблемаларын анықтауға, оны шешу жолдарын іздестіруге үйрету.

Жоспары:

  1. Мектепте ізденушілік –зерттеушілік қызметті ұйымдастыру.

Тренинг-2с.

  1. Әрекетті зерттеу-кәсіби өсудің басты жолы. Практикум- 2с.


Тренинг материалдары

Педагогтардың зерттеушілік қызметі арқылы кәсіби өсуін көрсететін факторлар:



  • өз пәні және оған байланысты әдістемесі бойынша туындап жүрген кәсіби проблемаларын анықтай алуы және оны шешу жолдарын, нәтижелерін белгілей білуі;

  • өзінің педагогикалық тәжірибесін терең талдай алуы, өз бойындағы педагогикалық әлеуетін бағалай алуы;

  • теориялық деңгейінің тереңдігі және білім берудегі өзінің философиясы мен айқын мақсаты болуы;

  • өз ізденісі үшін жєне оқушыны ізденістік жобаларға тарту үшін өзекті пролемалармен айналысып, оны зерттеудің жолдарын анықтай білуі;

  • мектептегі әдістемелік жұмысқа өзгерістер ендіре алуы және тың идеялар ұсынуы.

Осындай семинарлар, өз әрекетін талдауға мүмкіндік пен жағдай жасау өз нәтижесін береді.

Мектеп бойынша өткізілетін әдістемелік және ғылыми-ізденіс жұмыстары:



  • педагогикалық ізденіс конференциялары;

  • педагогикалық оқулар;

  • жаңа жобалар бойынша семинарлар;

  • проблемалық тақырыптар бойынша семинар-тренингтер;

  • әдістеме бірлестіктерінің тақырыптық отырыстары;

  • шығармашылық сайыстар мен конкурстар;

  • "Жыл мұғалімі", "Жыл тәрбиешісі", "Жыл сынып жетекшісі" сайыстары;

  • оқушылардың ізденіс конференциялары;

  • мұғалімдердің шығармашылық есептері т.б.

Сонымен қатар, бұл жұмыстың тиімділігі ұжымдық бірегей ұстанымды қалыптастырудан, мұғалімдердің рефлексиялық әрекеттерін талдаудан да көрінеді. Мұғалімнің рефлексиялық жұмыстары нәтижесі олардың қызметтерінің әлсіз жақтарын да айқын көрсетіп, тиісті өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.
Практикум

Жеке мұғалімдердің және ұжымның рефлексиялық жұмысын ұйымдастырудың сапалық көрсеткіштері:

1) ұжымның педагогикалық деңгейінің көтерілуіне себеп болады.


  • оқушылар мен мұғалімдер арасынан түрлі кәсіби, шығармашылық сайыстар мен байқауларға қатысып, жүлделі орындар алушылар көбейеді;

  • мектептегі мұғалімдердің және мұғалім мен оқушы бірлескен әрекеттерін, интеграциялықты қажет ететін шаралар деңгейі көтеріледі;

  • оқушылардың қала бойынша жетістіктері молаяды;

  • мұғалімдер мен оқушылардың зерттеу-ізденіс жұмыстарына қызығушылықтары мен белсенділіктері артады;

  • шығармашылық еркіндік пен ынталылық деңгейі жоғарылайды;

2) педагогикалық үрдістегі субъектілер арақатынасы жүйелі ұйымдастырылады. Олар:

  • оқушылардың өзін өзі басқару палатасы жұмысы;

  • ата-аналардың үйлестіру кеңесі;

  • мұғалімдерден құрылған шығармашылық топтардың іс-әрекеттері;

  • әдістеме бірлестіктерінің шығармашылық дамуы;

3) мектептегі психологиялық ахуалдың жайлылығы,оның мұғалім-басшылар, мұғалім-мұғалім, оқушы-оқушы, оқушы-ата-ана қарым-қатынастарынан көрінеді.

4) тұлғалық бағдарлы технология негізінде жүргізілетін әдістемелердің ата-аналар кеңесі, оқушылар парламенті, әр деңгейлі және бір деңгейлі жастағы оқушылардың бірлескен шараларына ықпалы:



  • диалогтық өзара қарым-қатынасы;

  • интерактивтік жұмыс түрлері;

  • рефлексиялық толғанысты тиімді пайдалануы;

  • өз әрекетіне, тәртібіне, біліміне өз жауапкершілігінің қалыптасуы.


Тренинг №7

Тақырыбы: Жоспарлау және күтілетін нәтижелерді айқындау

Мақсаты: Басқару ісінің табыстылығы оның мақсатын анықтай және күтілетін нәтижені болжай алатынына, орындау тетіктерін таңдай алатынына байланысты екеніне қатысушылардың көздерін жеткізу.

Жоспары:

  1. Мектеп жұмысын жоспарлау: тұжырымдамасы, мақсат-міндеттері және күтілетін нәтижелер. Лекция-1с.

  2. Мектеп жұмысының жылдық жоспарының үлгі-моделін жасау. Мақсат, нәтиже, құралдарын анықтау. Практикум-2с.

  3. Рефлексия. "Менің жоспарлаудағы қиындықтарым" -1с

Тақырып мазмұны

Басқару ісінің табыстылығы оның мақсатын анықтай және күтілетін нәтижені болжай алатынына, орындау тетіктерін таңдай алатынына байланысты екені бұлжымайтын аксиома. Мектеп жұмысын жоспарламас бұрын мемлекетіміздің білім саясатына, Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құжаттарына, сол жердің әлеуметтік кеңістігі талаптарына, сонымен қатар, ата-аналар, оқушылар сұраныстарына сәйкес оның тұжырымдамасы жасалады. Тұжырымдамада мектептің атқаратын миссиясы, немесе мүддесі нақтыланып, жалпы мақсат-міндеттері, күтілетін нәтижелері белгіленеді. Аталған құжат перспективалық сипатта болғандықтан негізгі міндеттерінің орындалуы бірнеше кезеңдерге бөлініп, нақты мерзімдері белгіленеді. Осы перспективалық жоспар негізінде мектеп жұмысының жылдық жоспарының әр жыл сайынғы мақсат-міндеттері, күтілетін нәтижелері мен орындалу тетіктері, құралдары айқындалып отырады.

Мысалы, рефлексиялық басқару жүйесі бойынша жоспарлаудың оқушыларға қатысты күтілетін нәтижелері ретінде атауға болатындары: білім мен мәдени құндылықтарды игеру ісін топтасып және ұжымдасып мұғалім көмегінсіз дербес атқаруға, өз қабілетіне сай тапсырмаларды өздері таңдап, белсене орындауға үйренуі. Сабақ барысында құр мәлімет алумен шектелмей өз пікірін ашық айтып, өзара шынайы пікірлесуге және ой- өрісін, рухани дүниесін өзіндік дамытуға үйрету әрекеттері жүргізуі. Жеке жұмыстың көлемі азайып, ұжымдық іс-әрекет білім игеруде ортақ қарым-қатынас құралына айналуы, балалардың деңгейіне қарап саралауды мұғалім өз қалауымен емес, балалардың өз еркімен жүзеге асыра бастауы.



  • Осындай жоспарлаудың мұғалімдерге қатысты күтілетін нәтижелері ретінде атауға болатындары: ұжымдық-диалогтық әрекеттер негізінде олардың педагогикалық мүмкіндіктерінің кеңейтілуіне және жалпы мәдениетінің жетілуіне, ғылыми-ізденістік, тәжірибелік-эксперименттік әрекеттерін дамытуға мүмкіндіктер туғызылуы. Мұғалімдер өздерінің кәсіби өсуінің нәтижесін оқушылармен бірлескен жұмыста пайдалануға, өзінің жеке оқушыларының жетістіктерін іс-әрекет нәтижесінде көрсетуге ынталылық пайда болады. Мысалы, олар педагогикалық және әдістемелік кеңестер, семинарлар, практикалық жұмыстар, апталықтар мен ізденіс конференцияларына, сайыстарға қатысуға, оларды өткізуге өздері ықпал

Тренинг материалдары

Мектеп тұжырымдамасын құрастырғанда бірнеше факторлар ескеріледі.

Тұжырымдама:


  • жалпы құндылықтар мен көзқарастарды білдіреді;

  • мектеп мәдениетімен байланысты болады, жалпы ұжымның қолдауына негізделеді;

  • оқытудың мазмұны мен ұйымдастырудың жаңа жолдарын қалыптастырады;

  • мектептегі шешім қабылдауға байланысты іс-әрекетті бағыттайды.

Мектеп тұжырымдамасы мынадай 3 кезеңнен тұрады деп айтуға болады:

  • дайындау кезеңі;

  • тұжырымдау, қалыптастыру кезеңі;

  • дамыту, бақылау кезеңі.

Тұжырымдамада мектепті дамытудың стратегиялық бағдары мен ондағы педагогикалық үрдістерді жетілдірудің нақты бағыттары айқындалады. Ол нормативтік құжат міндетін атқармаса да қазіргі заманғы білім берудің тиімді деген инновациялық идеяларын мектеп мүмкіндігіне сай игерудің, іске асырудың жобалық (прогностикалық) көрінісін береді. Міне, осы жұмыстар негізінде мектепті басқаруды бағдарлау, перспективалық, ағымдық жоспарлаудың алғы шарттары жасалып олар мектеп дамуының стратегиялық бағдарымен сәйкестендіріледі, мақсаты мен міндеттері айқындалады, сөйтіп оқу-тәрбие құрылымының барлық буындардың біртұтастығы қамтамасыз етіледі.

Жоспарлаудың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында төмендегі механизмдердің орындалуы міндетті болады:



  • мектепішілік ақпараттық қызмет. Қандай да болмасын басқару ұжым басқарылып отырған үрдіс туралы ақпаратпен үнемі қамтамасыз етілуі тиіс. Сондықтан тұлғалық бағдарлы технология негізіндегі басқару қызметінде әдістеме бірлестіктері, аттестациялық комиссия, педагогикалық кеңестер, директор және орынбасарлары жанындағы кеңестер мәліметтері тек басшылар үшін ғана емес, ұжым мүшелеріне де жеткілікті түрде таныстырылады;

  • басқарудың барлық буындарының жалпы ортақ мақсатқа бағытталғандық және үйлестірілгендік сипаты білім беру үрдісіне қатысушы тұлғалардың бірлескен іс-әрекетінен көрініс табады.

  • түрткі жасаушылық сипаты-(мотивация). Түрткі (мотив)-адамды іс-әрекетке бастайтын қозғаушы күш, сондықтан әр адамның әрекеттеріне жетекшілік жасайтын белгілі бір ішкі мотивация болуы қажеттігі міндетті түрде ескерілді.

мектепішілік демократиялық-құқықтық жағдайдың болуы. Басқару үрдісіне қатысушы тұлғалардың арасындағы өзара қарым-қатынас, қабылданатын шешімдердің үйлесімділігі, әр деңгейдегі демократиялық заңдылықтардың орындалуы, әр құрылымның өз құзырындағы мәселелерді шешуге құқықтылығы және міндеттілігі қатаң сақталды.

Қосымшалар 1-5

1. Менеджмент негізінде басқаруды жобалау үлгілері


Мектеп миссиясы:








Күтілетін нәтижелер





Орындалу

мерзімі


2.Оқу-тәрбие жұмысын жыл сайынғы

аралық бағалау-жобалау моделі

Диагностикалық саралау:

- оқушылардың білім деңгейін пәндік тексеру, бағалау;

- мұғалімдердің сапалық және білімдік деңгейі, потенциалы;

- мектептегі оқу-тәрбие жұмысының жалпы жағдайы;

- материалдық база.

Әдістемелік-ақпарат:

-педагогкиалық жаңалықтарды меңгеру жайы;

- Мектеп жобасы бойынша мониторинг, семинарлар;

- деңгейлеп және дамыта оқытудың шығармашылық топтарының жұмысы;

- мемлекеттік стандарт оқу жоспарының бағдарламасының орындалуы;

- озат тәжірибені тарату – конференцияларға қатысу




Бағалау-бағдарлау:

- оқушылар, ата-аналар, яғни әлеумет пікірін зерттеу, білу;

- оқушылар сұраны-сының орындалуы;

- қалалық, облыстық оқу бағдарламалары, ОБЖИ бағалау;

- педагогикалық оқу орындарымен байла-ныс, келісім-шарттар;

- мұғалім пікірін зерттеу;

- мұғалімдердің ұсы-ныстырын зерттеу



жоспарлау

- мектеп тұжырымдамасына, перспективалық жоспарға толықтырулар енгізу;

- жылдық жоспар жобасын жасау;

- жинақталған ұсыныстар мен пікірлердің модульдік жобасын құру;

- мектеп дамуының перспективалық мақсат-міндеттеріне сай барлық бағыттағы жоспарын дайындау;

- педкеңесте талқылау, толықтыру, бекіту;

- жоспарды орындау, бақылау;

- бағалау, коррекциялау.





Даму жоспары.

Іс-әрекет құралдары

Мақсаттық топтар

Күтілетін нәтижелер

Уақыты

Шығыны





























































3. Мектеп жетістіктерін анықтау индикаторлары:

Неден көрінеді:
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________

Не әсер етеді?

______________________________________________________________________________________________________________________________________________



Әрі қарай даму мүмкіндіктері:

_____________________________________________________________________



Басқа да жағдайлар:

_________________________________________________________________________________________________________________________



4. Негізгі қадамдар:

Бірінші қадам
___________________________________________________________

Мүмкіндіктер:_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Проблемалар:___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Екінші қадам:
___________________________________________________________

Мүмкіндіктер:_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Проблемалар:___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Үшінші қадам:
___________________________________________________________
Мүмкіндіктер:_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Проблемалар:_________________________________________________________________________________________________________________________________

5.Жобалауды ұйымдастыру



Жобаның аталуы


Сипаттамасы:

______________________________________________________________________________________________________________________________________________


Мыктылығы:

Әлсіздігі:




















Бұрын:

______________________________________________________________________________________________________________________________________________

Болашақта:

______________________________________________________________________________________________________________________________________________
ОЖСӨЖ ӨТКІЗУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ.

1ОЖСӨЖ мазмұны: Ұлттық мектептер және ізгіліктік басқару теориялары.

1. Қазақ ұлттық мектебінің негізі (халық педагогикасы, ақын-жыраулар шығармалары)

2. А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердиевтің ұлттық мектепті басқару туралы ойлары

3. М.Жұмабаев, А.Байтұрсыновтың қазақ мектептерін басқару туралы көзқарастары

Өткізілу формасы: « Презентация стратегиясы».

2ОЖСӨЖ мазмұны: Мектеп басқару теорияларының дамуы (Конаржевский, Баймолдаев, Зигерт пен Ланг).

Өткізілу формасы: «Кубизм» стратегиясы.

3ОЖСӨЖ мазмұны: Қазіргі қазақ мектептері үшін менеджменттік тұрғыдан басқарудың қажеттігі (эссе)

Өткізілу формасы: Эссе жазу.

4 ОЖСӨЖ мазмұны: Бүгінгі басқару үрдісіндегі менеджмент негіздері (мақала)

Өткізілу формасы: Мақала жазу

5 ОЖСӨЖ мазмұны: Ұлттық мектептер және ізгіліктік басқару теориялары.

1. Қазақ ұлттық мектебінің негізі (халық педагогикасы, ақын-жыраулар шығармалары)

2. А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердиевтің ізгіліктік философиясы

3. М.Жұмабаев, А.Байтұрсыновтың ізгіліктік философиясы



Өткізілу формасы: «Дөңгелек үстел».

6 ОЖСӨЖ мазмұны: Қазіргі мектепті менеджмент тұрғысынан басқару қажеттігі қандай деп есептейсіз?

Өткізілу формасы: «РАФТ» стратегиясы.

7 ОЖСӨЖ мазмұны: Мектеп басқарудағы менеджерлік іс-әрекеттің теориялық негіздерін меңгеру және оларды тәжірибеде пайдалану жолдарын көрсетіңіз

Өткізілу формасы: « Презентация стратегиясы».

8 ОЖСӨЖ мазмұны: Мектеп басқарудың әдіснамалық негіздері

Өткізілу формасы: «Коллоквиум».

9 ОЖСӨЖ мазмұны: Менеджер үшін «тұлғалық қарым-қатынастың» маңыздылығы қандай? Ой-толғау.

Өткізілу формасы: «Еркін жазу».

10 ОЖСӨЖ мазмұны: Мектептегі педагогикалық үрдіс ретінде басқаруды қарастырған Ю.А.Конаржевскийдің пікірі бойынша менеджер қызметінің мазмұны нені қамтиды?

Өткізілу формасы: «Коллоквиум».

11 ОЖСӨЖ мазмұны: Менеджменттің табиғатқа сәйкестік, мәдениетке сәйкестік принциптеріндегі идеялардың негізі туралы не айтар едіңіз? Ой-толғау.

Өткізілу формасы: «Пікір талас жүргізу» әдісі.

12 ОЖСӨЖ мазмұны: Педагогикадағы субъектаралық басқару қарым-қатынасын қалай түсінесіз? Оған оқу үрдісін басқарудағы мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастар және басқару үрдісіндегі әкімшілік пен басқарылушылар арасындағы қарым-қатынастар тұрғысынан талдау жасаңыз.

Өткізілу формасы: «РАФТ» стратегиясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет