Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы


-бап. Психиканың бұзылуынан зардап шегетін адамдарға



бет9/26
Дата31.12.2019
өлшемі404,27 Kb.
#54975
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26

97-бап. Психиканың бұзылуынан зардап шегетін адамдарға
қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары
      1. Психикасының бұзылуынан зардап шегетін, қоғамға қауіпті әрекеттер жасаған адамдарға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша сот шешімімен медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылады.
      2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары денсаулық сақтау органдарының психиатриялық ұйымдарында мәжбүрлі амбулаториялық бақылау мен психиатрда емделу және психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түрінде жүзеге асырылады.
      3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін психиатриялық стационарға орналастырылған адамдар осы баптың 5, 6-тармақтарында көзделген барлық құқықтарды пайдаланады. Олар психиатриялық стационарда болған бүкіл кезеңінде еңбекке жарамсыз деп танылады және олардың мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бойынша жәрдемақы немесе жалпы негіздер бойынша зейнетақы алуға құқылы. Мемлекеттік әлеуметтік және арнаулы жәрдемақылар, пациенттердің ақшалай қаражатын есепке алуды жүргізу жөніндегі операцияларды жүзеге асыру ушін мемлекеттік психиатриялық мекемелерде олар алғашқы талап бойынша немесе әлде бір мерзімде, толық немесе ішінара, алдын ала келісілген үстемемен не онсыз, тікелей жеке немесе заңды тұлғаларға не тиісті республикалық немесе жергілікті бюджеттерге не үшінші тұлғалардың пайдасына қайтарылуы тиістігіне қарамастан номиналды түрде олардың қайтарылуы шартымен мемлекеттік мекемеге жеке немесе заңды тұлға беретін ақша бойынша қолма-қол ақшаның бақылаушы шоттары ашылады.
      4. Психиатриялық стационарға орналастырылған пациентке оның құқықтары мен стационарда белгіленген ережелер оның өзі білетін тілде түсіндірілуге тиіс, бұл туралы медициналық құжаттамаға жазба жасалып, кейіннен заңды өкіліне хабарланады.
      5. Психиатриялық стационарда емделіп немесе тексеріліп жатқан пациенттердің барлығы:
      емделу, тексерілу, психиатриялық стационардан шығу және осы Кодекспен берілген құқықтарының сақталуы мәселелері бойынша тікелей бас дәрігерге немесе бөлімше меңгерушісіне өтініш жасауға, мемлекеттік органдар мен адвокатқа шағымдар және арыздар беруге, адвокатпен және діни қызметшімен оңаша кездесуге, діни салттарды орындауға, діни қағидаларды сақтауға;
      газеттер мен журналдарды жаздырып алуға;
      егер пациент 18 жасқа толмаған болса, жалпы білім беретін мектептің немесе ақыл-ойы кем балаларға арналған арнаулы мектептің бағдарламасы бойынша білім алуға;
      еңбегінің мөлшері мен сапасына сәйкес басқа азаматтармен бірдей сыйақы алуға;
      хат-хабар алысуға;
      сәлемдеме, бандероль, ақша аударымдарын алуға және жіберуге;
      телефонды пайдалануға;
      келушілерді қабылдауға;
      ең қажетті заттарды ұстауға және сатып алуға, өз киімін пайдалануға құқылы.
      6. Бұқаралық ақпарат құралдарын жеке жаздырып алу, байланыс қызметін пайдалану олар берілетін пациенттің есебінен немесе қайырымдылық түсімдер есесінен жүзеге асырылады.
98-бап. Мемлекет кепілдік беретін психиатриялық жәрдем және
әлеуметтік қорғау
      1. Мемлекет:
      1) шұғыл және жоспарлы психиатриялық жәрдем көрсету;
      2) психиатриялық сараптамаға, еңбекке уақытша жарамсыздықты анықтауға;
      3) психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамдарға әлеуметтік-тұрмыстық көмек көрсетуге және олардың ішінен мүгедектерді-оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес еңбекке орналастыруға жәрдемдесуге кепілдік береді.
      2. Психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамдарға психиатриялық жәрдем көрсетуді қамтамасыз ету үшін және оларды әлеуметтік қорғау мақсатында мемлекет:
      1) психиатриялық жәрдем көрсетуді ұйымдастырады;
      2) психикасының бұзылуынан зардап шегуші кәмелетке толмағандарға, олардың ішінен мүгедектерді - оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жалпы және кәсіптік білім беруді ұйымдастырады;
      3) өндірістік-емдеу ұйымдарын, сондай-ақ еңбек терапиясына, психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамдарды, оның ішінде мүгедектерді қоса алғанда, еңбекке орналастыру үшін жаңа мамандықтарға оқытуға арналған еңбек жағдайлары жеңілдетілген арнайы өндірістер, цехтар немесе учаскелер құрады.
99-бап. Психиатриялық куәландыру
      1. Психиатриялық куәландыру тексерілуші адамның психикасы бұзылғанын, оның психиатриялық жәрдемге мұқтаждығын және мұндай жәрдемнің түрлерін анықтау мақсатында, сондай-ақ қорғаншылық, еңбекке уақытша жарамсыздығы және мүгедектігі туралы мәселені шешу үшін жүргізіледі.
      2. Психиатриялық куәландыру, сондай-ақ профилактикалық қарау тексерілушінің өтініші немесе жазбаша келісімі, немесе оның заңды өкілдерінің куәландыру себептері көрсетілген жазбаша арызы бойынша; кәмелетке толмаған және заңда белгіленген тәртіппен іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған адамға - олардың заңды өкілдерінің өтініші немесе жазбаша келісімі бойынша жүргізіледі.
      Тексерілушінің психикалық денсаулығы жай-күйін психиатриялық куәландыру мен ол туралы қорытындының деректері медициналық құжаттамада тіркеледі, онда психиатр-дәрігерге көріну себептері мен медициналық ұсынымдар да көрсетіледі.
      3. Заңды өкілі қарсылық білдірген немесе ол болмаған жағдайда кәмелетке толмаған адамды куәландыру қорғаншы және қамқоршы органның шешімі бойынша жүргізіледі, оған сотқа шағым жасалуы мүмкін.
      4. Осы баптың 5-тармағының екінші абзацында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, психиатриялық куәландыру жүргізетін дәрігер тексерілуші мен оның заңды өкіліне өзін психиатр ретінде таныстыруға міндетті.
      5. Тексерілуші психикасының бұзылуы асқынған деп жорамалдауға негіз болатын іс-әрекеттер жасаған кезде, мұның өзі:
      оның өзіне және айналасындағыларға тікелей қауіп төндіруіне;
      оның дәрменсіздігіне, яғни тиісті күтім болмаған жағдайда негізгі тіршілік қажеттерін өз бетінше қанағаттандыруға қабілетсіздігіне;
      егер адамға психиатриялық жәрдем көрсетілмей қалдырылатын болса, психикалық жай-күйінің нашарлауы салдарынан оның денсаулығына елеулі зиян келуіне байланысты оған оның келісімінсіз немесе заңды өкілінің келісімінсіз психиатриялық куәландыру жүргізілуі мүмкін.
      6. Егер тексерілуші осы Кодекстің 100-бабының 2-тармағында көзделген тәртіппен динамикалық бақылауда тұрса, оған оның заңды өкілінің келісімінсіз психиатриялық куәландыру жүргізілуі мүмкін.
      7. Әртүрлі психиатриялық сараптамалар мен адамды психиатриялық куәландыру Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
      8. Осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларда психиатриялық куәландыру туралы шешімді психиатр дәрігер адамның заңды өкілін хабардар ете отырып, қабылдайды.
      9. Осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, оның келісімінсіз немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз психиатриялық куәландыру туралы шешімді психиатр дәрігер осы баптың 5-тармағында санамаланған осындай куәландыру үшін негіздердің бар-жоғы туралы мәліметтер қамтылған өтініш бойынша қабылдайды.
      10. Психиатриялық куәландыруға келісім беру туралы өтінішті психиатриялық куәландыруға жататын адамның заңды өкілі, кез келген медициналық мамандықтағы дәрігер және өзге де азаматтар беру, мүмкін. Көрінеу жалған арыз беру қылмыстық жауапқа тартылуға әкеп соғады.
      11. Алынған мәліметтер бойынша адам өзіне немесе айналасындағыларға тікелей қауіп төндіретін жағдайларда нақты адам ауызша немесе жазбаша арыз беруі мүмкін. Психиатр-дәрігер психиатриялық куәландыру туралы дереу шешім қабылдап, ол медициналық құжаттамаға жазумен ресімделеді де, кейіннен адамның заңды өкіліне хабарланады.
      12. Адам өзіне немесе айналасындағыларға тікелей қауіп төндірмейтін жағдайда психиатриялық куәландыру туралы арыз жазбаша түрде берілуге, онда мұндай куәландырудың қажет екенін негіздейтін толық мәліметтер және ол адамның не оның заңды өкілінің психиатр-дәрігерге көрінуден бас тартатыны туралы деректер болуға тиіс. Психиатр-дәрігер шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтер сұратып алуға құқылы Психиатр дәрігер арызды осы Заңның баптың 5-тармағындағы үшінші және төртінші, абзацтарда көзделген мен-жайлардың болуын дәлелдейтін деректер жоқ екенін анықтап, психиатриялық куәландырудан негіздей отырып, жазбаша түрде бас тартады.
100-бап. Психиканың бұзылуымен ауыратындарға динамикалық
бақылау
      1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамның немесе оның заңды өкілінің келісіміне қарамастан, динамикалық бақылау белгіленуі мүмкін және ол психиатр дәрігердің тұрақты тексеріп тұруы арқылы оның психикалық денсаулық жай-күйін бақылауды, оған қажетті медициналық және әлеуметтік жәрдем көрсетуді көздейді.
      2. Динамикалық бақылау психикасының бұзылуы тұрақты және созылмалы болып, ауыр, өзгермейтін сипат алған, көбіне асқынған ауру көріністеріне ұштасатын адамға белгіленуі мүмкін.
      3. Динамикалық бақылауды белгілеу қажет екені туралы және оны тоқтату туралы мәселені шешуді амбулаториялық психиатриялық жәрдем көрсететін психиатриялық ұйымның әкімшілігі тағайындайтын психиатр дәрігерлер комиссиясы немесе денсаулық сақтау органы тағайындайтын психиатр дәрігерлер комиссиясы қабылдайды, комиссияда кемінде үш дәрігер болуы тиіс.
      4. Психиатр-дәрігерлер комиссиясының негізделген шешімі медициналық құжаттамаға жазылып ресімделеді. Динамикалық бақылауды белгілеу немесе тоқтату туралы шешімге осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
      5. Психикасының бұзылуынан зардап шегуші адам сауыққан немесе оның психикалық жай-күйі айтарлықтай әрі тұрақты жақсарған жағдайда бұрын белгіленген динамикалық бақылау тоқтатылады. Динамикалық бақылау тоқтатылғаннан кейін сол адамның өтініші немесе келісімі бойынша, не оның заңды өкілінің өтініші немесе келісімі бойынша психиатриялық жәрдем консультация және емдеу түрінде көрсетіледі. Психикасының бұзылуынан зардап шегуші адам психикалық жай-күйі өзгерген кезде осы Кодекстің 99-бабында көзделген негіздер мен тәртіп бойынша өзінің келісімінсіз немесе заңды өкілінің келісімінсіз куәландырылуы мүмкін. Мұндай жағдайларда психиатр дәрігерлер комиссиясының шешімі бойынша динамикалық бақылау қайта жалғастырылуы мүмкін
101-бал. Психиатриялық стационарға орналастыру
      1. Адам психикасының бұзылуы мен психиатр-дәрігердің оған
тексеру жүргізу немесе стационар жағдайында емдеу туралы шешімі
немесе сот ұйғарымы оны психиатриялық стационарға орналастыру үшін
негіз болып табылады.
      2. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сот-психиатриялық сараптама жүргізу қажетті де психиатриялық стационарға орналастыру үшін негіз болуы мүмкін.
      3. Осы Кодекстің 70-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, адамды психиатриялық стационарға орналастыру оның өтініші бойынша немесе оның жазбаша келісімімен ерікті түрде жүзеге асырылады.
      4. Кәмелетке толмаған адам психиатриялық стационарға ата- анасының немесе өзге де заңды өкілінің жазбаша келісімі бойынша орналастырылады.
      5. Заңда белгіленген тәртіп бойынша іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған адам психиатриялық стационарға оның заңды өкілінің өтініші немесе жазбаша келісімі бойынша орналастырылады.
      6. Заңды өкілі қарсы болған немесе өзге заңды өкілі болмаған жағдайда кәмелетке толмаған адамды психиатриялық стационарға орналастыру қорғаншы және қамқоршы органның шешімі бойынша жүзеге асырылады, ол жөнінде сотқа шағым жасалуы мүмкін.
      7. Адамды ауруханаға жатқызуға алынған келісім медициналық құжаттамаға жазылып ресімделеді, оған сол адам немесе оның заңды өкілі және психиатр дәрігер қол қояды.
      8. Адамның психиатриялық стационарда еріксіз түрде ұсталуы оны ауруханаға салу жөніндегі негіздер сақталатын уақыт ішінде ғана жалғастырылады.
      9. Психиатриялық стационарға еріксіз түрде орналастырылған адамды алғашқы алты ай ішінде оның ауруханада болу мерзімін ұзарту туралы мәселені шешу үшін психиатриялық ұйымның психиатр дәрігерлер комиссиясы кемінде айына бір рет куәландырып отыруға тиіс. Ауруханада болу мерзімін алты айдан астам уақытқа ұзарту Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен психиатр дәрігерлер комиссиясының жүгінуі негізінде сот шешімі бойынша жүргізіледі.
      10. Ауруханаға еріксіз түрде орналастырылған адамды кезектен тыс куәландыру пациенттің өзінің немесе оның заңды өкілінің, адвокаттың тілегі бойынша жүргізілуі мүмкін.
      Осы кодекстің 70-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша психиатриялық стационарға орналастырылған адамды ол жатқызылған сәтінен бастап 48 сағат ішінде жатқызудың негізділігі туралы шешім қабылдаған психиатриялық ұйымның психиатр дәрігерлер комиссиясы міндетті түрде куәландыруға тиіс. Жатқызу негізді деп танылған және жатқызылған адам психиатриялық стационарда қалғысы келмеген жағдайда ол дереу шығарылуы тиіс.
      11. Еріксіз түрде психиатриялық стационарға орналастырылуына келісім бермеген, психикасының бұзылуынан зардап шегуші адам немесе оның заңды өкілі сотқа жүгінуі мүмкін.
102-бап. Заңды өкілдерінің өтініші немесе келісімі бойынша
психиатриялық стационарға орналастырылған кәмелетке
толмағандарды және іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған
адамдарды куәландыру
      1. Заңды өкілдерінің өтініші немесе жазбаша келісімі бойынша психиатриялық стационарға орналастырылған кәмелетке толмаған адамды және заңда белгіленген тәртіппен іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған адамды осы Кодекстің 99-бабымен көзделген тәртіппен психиатриялық ұйымның психиатр дәрігерлер комиссиясы міндетті түрде куәландыруға тиіс.
      2. Бұл адамдарды ауруханада болу мерзімін ұзарту туралы мәселені шешу үшін алғашқы алты ай ішінде кемінде айына бір рет психиатр дәрігерлер комиссиясы куәландырады, ауруханада болу мерзімін алты айдан астам уақытқа ұзарту туралы мәселені шешу Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен психиатр дәрігерлер комиссиясының өтініші негізінде сот шешімі бойынша жүргізіледі.
      3. Психиатр дәрігерлер комиссиясы немесе психиатриялық стационардың әкімшілігі кәмелетке толмаған адамның немесе заңмен белгіленген тәртіп бойынша іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған адамның заңды өкілдері оларды ауруханаға орналастыру кезінде қиянат жасауға жол берілгенін анықтаған жағдайда психиатриялық стационардың әкімшілігі бұл туралы қамқорлыққа алынған адамның тұрғылықты жері бойынша қорғаншы және қамқоршы органға хабарлайды.
103-бап. Психиатриялық жәрдем көрсету кезінде қауіпсіздікті
қамтамасыз ету шаралары
      1. Стационарлық психиатриялық жәрдемді, ауруханаға орналастырылған адам мен басқа адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мейлінше аз шектеулі жағдайларда, медициналық персонал оның құқықтары мен заңды мүдделерін сақтай отырып, жүзеге асырады.
      2. Ауруханаға еріксіз орналастырылып, психиатриялық стационарда болған кезінде ауруханаға орналастырылған адамға күш қолданып, қысым жасау мен оқшаулау шаралары оның өзіне немесе басқа адамдарға тікелей қауіп төндіретін іс-әрекетін, психиатр дәрігердің пікірінше, өзге әдістермен тыю мүмкін болмаған кезде қолданылады және медициналық персоналдың тұрақты бақылауымен жүзеге асырылады. Күш қолданып, қысым жасау немесе оқшаулау шараларының түрлері мен қолданылу уақыты туралы медициналық құжаттамада жазба жасалып, оның заңды өкіліне хабарланады.
      3. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері ауруханаға еріксіз орналастырылған адамды еріксіз куәландыруды жүзеге асырған кезде медицина қызметкерлеріне көмектесуге, ауруханаға орналастырылатын адамды тексеру мақсатымен оның қасына бару үшін, сондай-ак ауруханаға орналастырылған, ауруханаға орналастырылуға тиіс адам (орналастырылуға тиіс адамдар) тарапынан айналадағыларының өмірі мен денсаулығына катер төндірілетін жағдайларда қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етуге міндетті.
104-бап. Психиатриялық стационардан шығару
      1. Пациент психиатриялық стационардан сауыққан немесе оның психикалық жай-күйі стационарда одан әрі емдеуді қажет етпейтіндей жақсарған, сондай-ақ стационарға орналастыру үшін негіз болған тексеру немесе сараптама аяқталған жағдайда шығарылады.
      2. Психиатриялық стационарда өз еркімен жатқан пациент одан өзінің жеке арызы, оның заңды өкілінің арызы бойынша немесе оны емдеуші дәрігердің шешімі бойынша шығарылады.
      3. Психиатриялық стационарға еріксіз түрде орналастырылған пациентті одан шығару психиатр дәрігерлер комиссиясының қорытындысы бойынша жүргізіледі.
      4. Соттың ұйғарымы бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған пациенттің шығарылуы тек сот ұйғарымы бойынша ғана жүзеге асырылады.
      5. Психиатриялық стационарға ез еркімен орналастырылған пациенттің, егер психиатриялық ұйымның психиатр дәрігерлер комиссиясы оны осы Кодекстің 70-бабының 1-тармағында көзделгендей ауруханаға еріксіз түрде орналастыру негіздерін анықтайтын болса, одан шығарылуынан бас тартылуы мүмкін. Мұндай жағдайда оның психиатриялық стационарда болуы, ауруханада ұсталуын ұзарту және стационардан шығарылуы туралы мәселелер осы Кодекстің 101-бабының 8-10-тармақтарында және осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен шешіледі.
105-бап. Психоневрологиялық ұйымдарға адамдарды
орналастырудың негіздері мен тәртібі
      1. Психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамды
психоневрологиялық ұйымға орналастыру үшін туыстарының не оның
заңды өкілінің арызы және психиатр дәрігер қатысатын дәрігерлер
комиссиясының қорытындысы; кәмелетке толмаған адамға
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның
қорытындысы; заңда белгіленген тәртіппен іс-әрекетке қабілетсіз деп
танылған адамға - психиатр-дәрігердің қатысуымен дәрігерлер
комиссиясы берген қорытынды негізінде қабылданған қорғаншы және
қамқоршы органның шешімі негіз болады.
      Қорытындыда адам психикасының оны әлеуметтік қамсыздандырудың мамандандырылмаған ұйымында болу мүмкіндігінен айыратындай болып бұзылғаны туралы, ал іс-әрекетке қабілетті адамдарға қатысты - сот алдында оны іс-әрекетке қабілетсіз деп тану туралы мәселе қоюға негіз болмауы жөніндегі мәліметтер де болуға тиіс.
      2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорғаншы және қамқоршы органдар психоневрологиялық ұйымға орналастырылатын адамдардың мүліктік мүдделерін қорғау үшін шаралар қолдануға міндетті.
      3. Кәмелетке толмаған адамды арнайы оқыту мақсатымен психоневрологиялық ұйымға жіберу үшін адам психикасының бұзылуы негіз болады. Ол ата-анасының не оның заңды өкілінің арызы және республикалық, облыстық немесе қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар қорытындысының негізінде жіберіледі. Қорытындыда кәмелетке толмаған адамды ақыл-ойы кем балаларға арналған арнаулы мектептер жағдайында оқыту қажеттігі туралы мәліметтер қамтылуы тиіс.
      4. Психиатр дәрігердің, психологиялық-медициналық- педагогикалық консультацияның қатысуымен дәрігерлер комиссиясы мамандандырылған психоневрологиялық ұйымда тұруға не оқуға медициналық айғақтар болмауы туралы берілген қорытынды психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамды психоневрологиялық ұйымнан немесе арнайы оқытатын мектептен жалпы үлгідегі осындай ұйымға ауыстыру үшін негіз болады.
      5. Психоневрологиялық ұйымнан немесе арнайы оқытатын мектептен шығару:
      1) психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамның өз арызы бойынша, психиатр дәрігердің қатысуымен дәрігерлер комиссиясының денсаулығы жай-күйі бойынша бұл адамның жеке тұра алатыны туралы қорытындысы болған кезде;
      2) шығарылатын кәмелетке толмағанды не заңда белгіленген тәртіп бойынша іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған адамды күтіп-бағуды жүзеге асыруға міндеттенетін ата-анасының, өзге де туыстарының немесе заңды өкілінің арызы бойынша жүзеге асырылады.
18-тарау. Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық ауруларына
шалдыққан адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету
106-бап. Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық ауруларына
шалдыққан адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру
      Мемлекет алкоголизм, нашақорлық пен уытқұмарлық ауруларының алдын алу және емдеу жөніндегі шаралар жүйесін қамтамасыз етеді.
      Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық ауруларына шалдыққан және бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамдарды мәжбүрлеп емдеу сот шешімі бойынша ұйымдастырылады.
107-бап. Нашақорлықпен ауыратын және медициналық-әлеуметтік
оңалтуға мұқтаж адамдардың медициналық ұйымдарға өтініш жасауы
      1. Нашақорлықпен ауыратын адамдар наркологиялық ұйымдарға медициналық көмек сұрап өтініш жасаған жағдайда, оларды медициналық-әлеуметтік оңалту ерікті түрде және пациент тілек білдірген жағдайда - жасырын түрде жүргізіледі.
      2. Нашақорлықпен ауыратын кәмелетке толмаған адамды, сондай-ақ нашақорлықпен ауыратын, белгіленген тәртіппен іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған адамды медициналық-әлеуметтік оңалту олардың заңды өкілдерінің келісімімен жүргізіледі.
108-бап. Адамда алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық
дертіне шалдыққан деп тану тәртібі
      Алкоголизмге, нашақорлық немесе уытқұмарлық дертіне шалдыққан деп тануды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тиісті медициналық куәландырудан кейін мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырады.
      Мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы мәселені шешу кезінде медициналық куәландырудан жалтарған адамдарды мәжбүрлеп тексеру үшін наркологиялық мекемеге ішкі істер органдары ықтиярсыз алып келеді.
      Алкоголизмге, нашақорлық немесе уытқұмарлық дертіне шалдыққан деп танылған адам мұнымен келіспеген жағдайда бұл шешімге жоғары тұрған денсаулық сақтау саласын басқару органына немесе сотқа шағым жасауына болады.
109-бап. Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертіне
шалдыққан адамдардың құқықтары
      1. Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертіне шалдыққан адамдар:
      1) білікті медициналық көмек алуға;
      2) наркологиялық ұйымды таңдауға;
      3) өз құқықтары мен өздерінің наркологиялық сырқатқа шалдығуының сипаты және қолданылатын емдеу мен оңалту әдістері туралы ақпарат алуға;
      4) медициналық-әлеуметтік оңалтуды - тұрғылықты жері бойынша, сондай-ақ қажет болған жағдайда жүрген жері бойынша өткізуге құқылы.
      2. Нашақорлықпен ауыратын адам немесе оның заңды өкілі ұсынылып отырған медициналық-әлеуметтік оңалтудың кез келген кезеңінде одан бас тартуға құқылы.
      3. Медициналық-әлеуметтік оңалтудан бас тартқан адамға не оның заңды өкіліне оңалту іс-шараларын тоқтатудың ықтимал зардаптары түсіндірілуге тиіс. Медициналық-әлеуметтік оңалтудан бас тарту, оның ықтимал зардаптары туралы мәліметтер көрсетіле отырып, медициналық құжаттамаға жазбамен рәсімделеді, оған нашақорлықпен ауыратын адамның немесе оның заңды өкілінің және психиатр-нарколог дәрігердің қолы қойылады.
      4. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, нашақорлық диагнозының болуы, наркологиялық ұйымда динамикалық қадағалауда тұру фактісі негізінде ғана нашақорлықпен ауыратын адамдардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге жол берілмейді.
110-бап. Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертіне
шалдыққан адамдарды есепке алу және қолдап емдеу
      Алкоголизмнен, нашақорлық пен уытқұмарлықпен еріксіз емделген адамдар мамандандырылған емдеу-алдын алу мекемелерінен шығарылған соң тұрғын жайлары бойынша наркологиялық мекемелерге есепке тұруға және оларда денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен қолдап емдеуден етуге тиіс.
19-тарау. Азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық және
медициналық-әлеуметтік көмек көрсету
111-бап. Әскери қызметшілерге, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер
органдарының, әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің,
өртке қарсы күрес қызметінің, қаржы полициясының
қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелері мен осы
ведомстволардың зейнеткерлеріне медициналық көмек көрсету
      Әскери қызметшілерге, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарының, әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің, өртке қарсы күрес қызметінің, қаржы полициясының қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелері мен осы ведомстволардың зейнеткерлеріне медициналық көмек Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұйымдастырылады.
      Қызметін өткеріп жатқан жерде немесе тұрғылықты жерінде олар болмаса немесе ведомстволық медициналық ұйымдарда тиісті бөлімшелер, мамандар не арнайы жабдықтар болмаса, медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде медициналық ұйымдарда көрсетіледі.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет