2.2.3. Жасушалық иммунитет жүйесінің зақымдануымен болатын аурулардың зертханалық және аспаптық тексеру әдістерін жазыңыз. 2.2.4. Т-лимфоциттерді анықтаудың 1-2 деңгейлік зерттеу әдістерін атаңыз және сипаттама жазыңыз. Иммунитеттің Т-жүйесін бағалаудың зертханалық әдістері:
Сынамалар:
1-нші деңгейдегі сынамалар.
2-нші деңгейдегі сынамалар.
Иммунитеттің Т-жүйесін бағалаудың 1-деңгейдегі сынамалары:
Лимфоциттердің жалпы санын анықтау
Жетілген Т-лимфоциттердің және екі негізгі субпопуляцияларының (хелпер/индуктор CD4 және киллер/супрессор CD8) пайызы мен абсолюттік санын анықтау.
Т-лимфоциттердің санын анықтау:
науқастың 10 мл қаны гепарині бар пробиркаға алынады
фиколл-верографин ( лимфоциттерді бөліп алу үшін) қоспасына жаймен құйылады
центрифугада айналдырылады
эритроциттер пробирканың түбіне шөгеді, ал лимфоциттер фиколл-верографин және плазманың шегарасында жіңішке қабат болып орналасады
лимфоциттер қабаты жаймен алынады
2-4х109/мл концентрациясына дейін жеткізіледі
1:1 қатынаста қой эритроциттері қосылады
10 минут 370C температурада инкубацияланады
қайта центрифугада айналдырылады
бірнеше сағатқа 40C мұздатқышқа салынады
Горяев камерасында люминесцентті микроскоп астында лимфоциттердің абсолюттік саны есептеледі
Т-лимфоциттердің қалыпты деңгейі – лимфоциттердің жалпы санының 50-70% құрайды.
Иммунитеттің Т-жүйесін бағалаудың 2-деңгейдегі сынамалары:
Цитокиндердің (ИЛ-2, ИЛ-4, ИЛ-5, ІНФ және т.б.) бөлінуін анықтау
Адгезия молекулаларын анықтау
Тері сынамалары арқылы аллергиялық реакцияларды анықтау
2.2.5. Аралас иммунитет жүйесінің зақымдануымен болатын аурулардың зертханалық және аспаптық тексеру әдістерін жазыңыз.