2.2.6. Комплемент жүйесінің зақымдануымен болатын аурулардың зертханалық және аспаптық тексеру әдістерін жазыңыз.
2.2.7. Фагоцитоз жүйесінің зақымдануымен болатын аурулардың зертханалық және аспаптық тексеру әдістерін жазыңыз. 2.2.8. ЖИТС-ң клиникалық көріністерін және диагностикалау әдістерін жазыңыз. клиникалық көріністері 3 категорияга бөлинеді.
Категория А-симптомсызз.
Категория В-кандидоз.карцинома.дене кызуынын жоғарылауы. герпес. абцесс. тромбоциопения.
Категория с-кандидоз. катерлі ісіктер. туберкулез.
Пневмония. ірінди кабынулар
2.2.9. Екіншілік иммунтапшылық жағдайының (даму қарқындылығына, зақымдану деңгейіне, таралуы және дәрежесіне қарай) жіктелуін жазыңыз. I. Даму қарқындылығына қарай: -Жедел иммунтапшылық (жедел жұқпалы аурулар, травма, интоксикация)
-Созылмалы иммунтапшылық (созылмалы іріңді қабыну аурулары, аутоиммундық бұзылыстар, ісіктер, вирустық инфекциялар)
II. Зақымдану деңгейіне қарай: -Жасушалық (Т) иммунитеттің бұзылуы
-Гуморалдық (В) иммунитеттің бұзылуы
-Фагоциттер жүйесінің бұзылуы
-Комплемент жүйесінің бұзылуы
-Біріккен ақаулар
III. Таралуына қарай: -“Жергілікті”иммунтапшылық
-Жүйелі иммунтапшылық
IV. Дәрежесіне қарай: -Компенсацияланған (жеңіл)
-Субкомпенсацияланған (орташа)
-Декомпенсацияланған (ауыр)
2.2.10. Екіншілік физиологиялық иммунтапшылық жағдайлар түрлері, даму себептері. Физиологиялық (жасқа байланысты) иммунды тапшылықтар
дегеніміз - иммунды жүйенің күрделі физиологиялық өзгерістерінің
кезендерінде (жас балалық шақ, жасөспірімдік кезең, қарттық кезең,
жүктілік сияқты) пайда болатын иммундыжетіспеушіліктер.
Баланың туылғанынан үш жасқа дейінгі кезең – иммуноадаптивті
кезең деп аталады. Бұл кезең иммунды жұйенің орталық және шеткері
мүшелерінің функционалды жетілмеуімен сипатталады. Иммунды жүйенің
пісіп жетілуі, оның қызмет етуін реттеу механизмдерінің қалыптасуы
көптеген, сонын ішінде жұқпалы, антигендермен әсерлесу жағдайында өтеді (құрсақішілік даму стерилді ортада өтеді). Артық антигендік жүктеме толық пісіп жетілмеген имунды жүйенің реттеу механизмдерін бұзып, клиникалық тұрғыда әр түрлі аллергиялық серпілістер (экссудативтік диатездер) және жұқпалы аурулармен аурушандықтын жиіленуіне алып келуі мүмкін.
Жасөспірімдік кезең – бұл жыныстық жетілу кезеңі. Бұл кезеңде
организде иммунды жүйенің қызмет етуіне зор әсер көрсететін гормоналдық
қайта құру өтеді. Бұл жағдай организмнің үш негізгі реттегіш жүйелерінің -жүйке, эндокринді және иммунды - өзара әсерлесу үрдістерінің қайта
құрылуының нәтижесі болып келеді.
Қарт жастағы адамдарда ИТЖ, көбінесе, тимус инволюция
нәтижесінде қалыптасады. Шеткері қанда жетілмеген Т-лимфоциттер пайда болып, олардың жетілген түрлері азаяды. Сонымен қатар қанда айырша бездің гормондарының - тимозин, тимопоэтин және т. б. - деңгейі төмендейді. Қартайған сайын клеткалық белгілер механизмдері өзгереді, сонын ішінде аденилатциклазаның кальций-тәуелді белсендлігі мен цитокиндердің (сонын ішінде ИЛ-12) өндірілуі төмендейді.
Қарт адамдарда жасушалық иммунитеттің тапшылығы басым
болатындығынан онкологиялық аурулар жиіленеді, жұқпалы, біріншіден
вирустық және саңырауқұлақтық табиғаты бар аурулардың ағымы
ауырлайды. Аутоиммунды аурулардыңпайда болуы жиіленеді.
65 жастан асқан адамдарда айырша бездің гормоналдық
жетіспеушілігінен лимфоциттердің реттегіш субпопуляцияларының өзара
тепе-тендігі өзгереді. Бұл жағдай жасушалық иммунитетімен қатар
гуморалдық иммунитеттің сандық және сапалық бұзылыстарына алып
келеді. IgG мен IgA көлемі жоғарлап, IgM- төмендейді. Аутоиммундық
аурулардың дамуының мүмкіншілігін күрт жоғарылататын
аутоантиденелердің – антиядролық, антитиреоидтық және т.б. синтезі
жоғарылайды, ревмотоидтық факторлардың концентрациясы жоғарылайды.
Бұл жастағы адамдарда иммунологиялық дезадаптацияға тек қана
иммунды факторлардың дисбалансы ғана емес, жүйке жүйесінің жасқа
байланысты өзгерістер, гормоналдық бұзылыстар, ферментопатиялар,
метаболизмнің өзгеруі және т.б. факторлар себепші бола алады.
Қалыпты жүктілік кезінде міндетті түрде ана организмінде
эмбрионның дамуын қамтамасыз ететін ұақытша иммунды жетіспеушілік
қалыптасады. Сонда ана организмінде IgG плацента арқылы
тасымалданғаннан және жүктілік кезінде ұақытша IgG түзілуінің
өзгергенінен қан сары суында IgG деңгейі төмендейді. Ал IgА мен IgМ
деңгейлері керсінше аздап көтерілуі мүмкін. Қан нейтрофилдерінің қызметі төмендеп (әсіресе хемотаксис пен грамтеріс және кокктық флораға қарсы бактерицидтік әсерлері), макрофагтардың оттегінің белсенді формаларын түзуі азаяды. Т-супрессорларының саны көбейеді, бірақ Т- және В-лимфоциттердің тепетендігі өзгермейді. Жүктілік кезінде қалыптасқан иммунды статус (IgG жетіспеушілігі, нейтрофилдер мен макрофагтардың фагоцитозының әлсізденуі, Т-супрессорлардың белсенуі) вирустық (грипп, гепатит, полиомиелит, қызамық, жел шешегі) және бактериалдық (әсіресе стрептококктық) жұқпаларға бейімділікті тудырады. Бірақ, олай болса да, жүкті әйелдің иммунды жүйесінін қызметін түзегіш кіріспелер жүктіліктің ағымын бұзуы немесе түсікті шақыруы әбден мүмкін, сондықтан қауіпті.