Иммун тапшылығы бөлінеді


III тип аллергиялық серпілістердің даму механизмін жазыңыз



бет18/18
Дата01.12.2023
өлшемі115,3 Kb.
#194498
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Шырын иммун

3.3.10. III тип аллергиялық серпілістердің даму механизмін жазыңыз.
Жоғары сезiмталдық механизмдерiнiң III түрi -иммундық кешен
аурулары (ИКА).
Ол айналымдағы иммундық кешендердiң көп түзiлуiмен
түсiндiрiледi, оның құрамына IgG (1,3) және/немесе IgМ кiредi, әрі қарай
олар капиллярлар эндотелийiне, паренхиматозды мүшелердiң
мембраналарына, синовиалдық қабықтарда жиналып – иммундық
кешен преципитаттарын құрайды.
Әрi қарай, комплемент жүйесiнiң классикалық жолымен белсенуi
болады. Осыдан деструкциялық - қабыну үрдісі дамиды. Қабыну –
экссудациялық түрде өтедi.
Комплементтiң белсенуінен түзiлген С5а компонентi базофилдер,
эозинофилдер және нейтрофилдер хемотаксистiк әсер етiп, қабыну
ошағына шығуын қамтамасыз етедi.
Иммундық кешендер Fc-рецепторлар арқылы макрофагтарды
белсендiрiледi, олар болса қабынуды дамытуда басты қызмет атқаратын
цитокиндердi, негiзiнен IFN-және ИЛ-1бөледi.
Иммундық кешендер базофилдермен Fc-рецепторлар арқылы
байланысып, одан экссудациялық қабынуды күшейтетiн вазобелсендi
аминдердiң(гистамин, серотонин) бөлуiн тудырады.
Полиморфты-ядролық лейкоциттер экзоцитоз жолы арқылы
иммундық кешендер жиналған жерде өзiнiң лизосомалық ферменттерiн
шығарады, осыдан тiндердiң зақымдалуы жүредi.
Иммундық кешен ауруларының дамуына келесi жағдайлар ықпал
етедi:
1. Фагоцитарлық жүйенiң үнемi немесе бiр уақытта қарқынды
жүктемеден соң көп көлемде иммундық кешендердiң түзiлуi
(жедел және созылмалы жұқпалар және аутоиммундық
аурулар кезiнде).
2. Майда дисперсиялық иммундық кешендердің көп мөлшерде
түзiлуi, олар комплемент жүйесiн белсендіре алмағандықтан,
фагоцитозға нашар ұшырасады. Майда дисперсиялық
иммундық кешендер антиденелердiң немесе антигендердiң
мөлшерде көп болған жағдайда түзiледi.
3. Қан ағысының баяулауы және микроайналымның бұзылуы.
4. Фагоцитарлық жүйенiң жеткiлiксiздiктерi.
ИКА клиникалық мысалдары: аутоиммундық аурулар кезiндегi
васкулиттер, гломерулонефриттер, артриттер, мысалы жүйелi қызыл жегi
кезiндегi васкулиттер мен люпус-нефриттер. Жұқпалы аурулар
кездерiндегi васкулиттер. Дәрiлiк заттарды қабылдағандағы аллергиялық
артриттер мен васкулиттер. Жедел және созылмалы сарысу аурулары.
Жедел сарысу ауруы бiр донордан қайта емдiк сарысу құйғанда жиi пайда
болады. Ал созылмалы сарысу ауруы бiр рет көп мөлшерде емдiк сарысу
құйғаннан кейiн 4-5 күнi дамиды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет