Жай сµйлемніњ ‰йірлі м‰шелері


Жай сөйлемнің үйірлі мүшелері



бет41/85
Дата26.03.2022
өлшемі0,74 Mb.
#136885
түріЛекция
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   85
Байланысты:
Лекция тезисі 2
Абдил Аида, Презентация (4), Намуратова Сетара, Намуратова С

Жай сөйлемнің үйірлі мүшелері


Сөйлем мүшесі өзі жасалған сөздің құрамына қарай дара, күрделі және үйірлі болып бөлінеді. Дара мүше бір сөзден жасалса, күрделі мүше екі немесе одан да көп сөзден жасалғандықтан солай аталады. Ал үйірлі мүшенің жасалуы құрамы жағынан күрделіге ұқсас болып келеді. Яғни, үйірлі мүше күрделі мүше тәрізді екі, немесе одан да көп сөздерден жасалады. Бірақ құрылымдық, семантикалық жағынан мүшеден ерекшеленіп ажыратылады.


Үйірлі мүшені құрайтын сөздер өз алдына предикатты бірлік болатын бастауыш-баяндауышқа бөлінетін жай сөйлем құрамдас болып келеді. Бұндай «жай сөйлемнің» баяндауышы есім сөз таптары, есімдік және есімше болады. Бұл өз алдына предикаттық бірлік болып саналатын құралым (конструкция) екінші негізгі сөйлемнің кез-келген мүшесі болып синтаксистік қызмет атқарып тұра алады. Бұл тектес құралымдар ең бірінші бастауыш қызметін атқарады. Білегі жуан бірді жығар, білімі толық мыңды жығар (Мақал). Ерлі-зайыпты бар, есі кеткен бар (А.Сүлейменов). Мен көрген бұл кісі емес. Баласы мерген қайсысың? Баласы мерген – мен. Жасы құрдас – құрдас емес, заманы бір – құрдас (Мақал).
Осы тәріздес құрылымдарды баяндауыш орнына қойып қолдануға да болады. Алайда ондай құралым ықшамдалған күйде ғана баяндауыш бола алады. Ал шындығында ол тектес үйірлі мүше ықшамдалған есім баяндауыштың анықтауышы болып табылады: Ол білегі жуан кісі т. б.
Үйірлі мүше аталатын бұл тектес предикатты бірліктер толықтауыш, пысықтауыш мүшелері қызметін еркін атқара алады. Мысалға жоғарыда келтірген үйірлі мүшелерді толықтауыш, пысықтауыш қызметіне қойып көрсетуге болады: Ол білегі жуанды байқады, пысықтауыш қызметінде: Сен білегі жуанша сөйлейсің ғой т. б.
Толықтауыш қызметіндегі бұндай құралымдардың бастауышы тәуелденген зат есім, баяндауышы есімше болып келген үйірлі мүшеге мысал келтірейік: Әкесі өлгенді де естіртеді (Ғ.Мүсірепов). Кірме жұрттан мұндай келбеті келіскенді көрген емес (А.Сүлейменов).
Пысықтауыштардың бастауышы зат есім, баяндауышы көсемше болып келеді: Табиғат тау ғып өзін жаратқан соң, Жатады екен бір шеті жиналмастан (Асанов). Сіз бар деп жасық ойым батылданып, Көрсеңіз ақ жалын боп атылғанын (Сонда). Бұл кеште, ел жатқанша, Абай ағасының қасынан кеткен жоқ (М.Әуезов).
Сирек те болса үйірлі мүшелі баяндауыш та кездеседі. Мысалы, -ғандай, -гендей жұрнақтары жалғанған етістіктің бастауышы жіктеу есімдігі болып келіп мүшелі баяндауыш жасалатынын байқауға болады: Есіркеп тұратын үйірдің іші біз көргендей емес (С.Мұқанов).
Осындай құралымдардың бастауыштан кейін өнімді қолданылатын мүшесі – анықтауыш. Өйткені үйірлі мүшенің екінші сыңары көбінесе сын есім болып келеді. Ал үйірлі мүшенің бірінші сыңары зат есім, жіктік, өздік есімдіктері болады да, олар түбір күйінде не тәуелдік жалғауының көбінесе ІІІ жағында айтылады. Сондай-ақ үйірлі мүшенің екінші сыңары есімше және бар, жоқ, көп, аз деген сөздер болады: Шоқайұлы өзі аянышты тіршілікте жүріп елін, жұртын аяған жүрегі жылы азамат деп ойлаймын (Д.Досжанов). Аласы аз қара көз нұр жайнайды (Абай). Қыз он беске келгенде, Шашынан көп жаласы (Байдалы би).
Расында сен көрген күтімді кім көрді? (А.Сүлейменов). Есіркеп тұратын үйдің іші сіз көргендей емес (С.Мұқанов).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет