Жалпы ережелер



бет25/204
Дата22.12.2021
өлшемі4,62 Mb.
#9690
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   204
Бағалау жүйесі

Қазақстандық жалпы білім беретін мектептер үшін жаңа критериалды бағалау жүйесі білім алушыны дамыту, оның оқуға қызығушылығы мен мотивациясын арттыруға бағытталады. Әрбір оқушы мен оның ата-анасына бағалаудың түсінікті, айқын және өлшемді критерилерін орнатқан жағдайда оған қол жеткізуге болады.

Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны бағалау стандарттарымен, процестерімен, құралдарымен және нәтижелерімен анықталады сондай-ақ бірқатар нормативтік және әдістемелік-нұсқаулық құжаттармен реттеледі. Критериалды бағалау ережелерінде ҚР МЖМБС-2015 сәйкес бастауыш білім беру бағдарламалары апробациядан өтетін және енгізілетін, Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының бастауыш сыныптарындағы білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі анықталады. Құжатта формативті және жиынтық бағалау тәртібін ұйымдастыру мен өткізу; тоқсан ішіндегі жиынтық бағалауды модерациялау тәртібі; тоқсандық және жылдық бағаларды қою тәртібі; білім алушылар портфолиосын жүргізу бойынша ұсыныстар реттеледі.

Жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып мұғалімдері үшін критериалды бағалау бойынша нұсқаулық жаңартылған білім мазмұнын енгізу шеңберінде білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау бойынша мұғалімдердің қызметіне өзгеріс енгізудің теориялық және практикалық негіздерін анықтайды. Көрсетілген ұсыныстар бағалау тәртібінің сапасын, олардың белгіленген стандарттарға және әрбір оқушыны оқыту сұранысына сәйкестігін бағалауды қамтамасыз етеді.

Критериалды бағалауды енгізу бойынша аймақтық және мектептің үйлестірушілері үшін нұсқаулық педагогикалық өлшемдер саласында білім беру саясатын дамытудың көрінісі, мектеп, облыс және аймақ деңгейінде оны іске асыру бойынша негізгі қағидалары мен тәсілдерін көрсететін құжат болып табылады. Нұсқаулықта бағалау процесін ұйымдастыру бойынша қызметтің өзекті бағыттары және үйлестірушілер үшін көмекке практикалық ұсыныстар берілген.

Әр қалалық/аудандық білім басқармалары/бөлімінде және мектепте критериалды бағалау жүйесін енгізу процесін үйлестіретін жауапты адамдар тағайындалатын болады. Аймақтық үйлестірушілер аудандық/қалалық білім бөлімдері әдіскерлерінің, мектептің үйлестірушілерң жалпы білім беретін мектептердің директорлары орынбасарларының қатарынан анықталады. Үйлестірушілердің басты ролі бағалау жүйесінің сапасын жалпы басқару, мектептерге формативті және жиынтық бағалауға байланысты процестер мен тәртіптерді іске асыру және бағалау тәртібіне әдістемелік қолдауды қамтамасыз етуден тұрады.

Формативті бағалауға арналған тапсырмалар жинағы оқу бағдарламасының барлық мақсаттары бойынша формативті бағалау жүргізуге арналған дескрипторларымен тапсырмалар үлгілерінен тұрады.

Тапсырмалар ұсыныс түрінде болып, білім алушылардың сұраныстары мен мүмкіндіктерін ескере отырып бейімделуі мүмкін.

Жиынтық бағалау бойынша әдістемелік ұсыныстар бөлімдер/ортақ тақырыптар және тоқсандар үшін жиынтық бағалауды ұйымдастыру мен өткізудің тәсілдерін көрсетеді. Құжат бөлімдер/ортақ тақырыпты жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар әзірлемелері бойынша ұсыныстардан; /ортақ тақырыпты дескрипторлармен және баллдармен жинақтап бағалауға арналған тапсырмалар үлгілерінен; тапсырмалар әзірлеуге және рәсімді өткізуге арналған тоқсандық жиынтық бағалаудың ерекшеліктерінен; сызбалармен балл қоюдың тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар үлгілерінен тұрады.




Каталог: uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Ғарыш әлеміне саяхат
uploads -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
uploads -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет