3.1. Талдаудың классикалық әдістері. Гравиметриялық талдау әдісітері
Тұндыру әдістерін қолданады. Айдау әдісінде құрамында анықталатын құрамдас болатын затты термиялық өңдеуге дейін және одан кейін салмағын өлшеп, айырмашылық арқылы есептейді және бұл әдісте мұнан өзге қосымша есеп – қисап болмайды. Тұндыру әдісі әуелі теориялық тұрғыдан негіздеп алу, тазалау, есептеу сияқты бірнеше кезеңнен тұрады.
Бір ион бірнеше түрлі тұнба құрамында түзілуі мүмкін. Талдау кезінде барынша нашар еритін тұнба алу қажет, ал оның мұндай сипатын ерігіштік көбейтіндісінің шамасы бойынша анықтайды және оны ЕК – деп қысықартып, белгілейді. ЕК мәні кіші болған сайын, тұнба нашар ериді де ол ерітіндіде ион түрінде болмайды яғни талдау кезінде тұнбаға барынша толық тұнады.
Мысалы:Екі тұнба берілген, ЕК (CaSO4) = 2,410-5, ЕК (CaCO3) = 4,810-9. Осындағы кальцийдің екі тұзының қайсысын тұнба түрінде анықтау оңтайлы ?
Жауабы: Есептің шарты бойынша ЕК (CaCO3) = 4,810-9 ЕК (CaSO4) = 2,410-5болғандықтан, CaCO3 тұнбасы түріндегі кальций ионы толығырақ тұнады.