Жексенбі Мөлдір Тақырыбы: Заманауи жоғары мектептің оқу үрдісінде дәрістің негізгі ролі



бет3/4
Дата14.12.2021
өлшемі21,44 Kb.
#127191
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
Жексенбі М 3-апта
Green Monochromatic Simple The Minimalist Presentation Template
Лекция-визуализация – дәріс материалын аудиовидеотехника құралдары арқылы ұсынудың визуалды түрі. Ондай дәрісті жүргізу көрсетіп жатқан визуалды материалды толық немесе қысқаша түсіндіріп отырумен шектеледі. Бинарлық лекция – бұл екі оқытушының диалогы түріндегі (екі ғылыми мектеп өкілі ретінде, немесе ғалым мен практик ретінде, немесе оқытушы мен студент ретінде және т.с.с.) дәріс түрі. Алдын-ала жоспарланған қателері бар лекция – студенттерді ұсынылып отырған ақпаратты әрдайым қадағалауға ынталандырады (қателер болуы мүмкін: мазмұндық, әдіснамалық, әдістемелік, орфографиялық). Дәріс соңында тыңдаушылардың диагностикасы және жіберілген қателердің талқылауы жасалады. Лекция-конференция – алдын-ала анықталған мәселе мен баяндамалар жүйесі негізінде ұйымдастырылатын ғылыми-тәжірибелік сабақ түріндегі дәріс. Лекция-кеңес (консультация) – түрлі сценарийлер бойынша жүруі мүмкін: «сұрақ-жауап» типі бойынша немесе «сұрақ-жауап-пікірталас». Бүгінгі таңда оқытушылар лекция сабақтарында түрлі белсенді оқыту әдістерін тиімді және нәтижелі пайдаланылады. Сөйтіп белсенді оқыту әдістері «лекция және семинар» арасындағы айырмашылықты біршама жояды. Бірақ, дәстүрлі лекция тарихи дамуында өзінің келесі қасиеттерін сақтап қалады: лекциямен студенттердің көп санын қамтуы, оқу материалын ұсынудағы жүйеліліктің сақталуы, оқу уақытының үнемделуі және т.с.с.

Жоғары мектептегі лекцияның құрылымы:

Кіріспе – дәрістің тақырыбы, жоспары, әдебиеті анықталады.

Негізгі бөлім – тақырыптың ғылыми мазмұны баяндалады, негізгі идеялары талқыланады, қажетті аргументтер келтіріледі.

Қорытынды – лектор тақырыпты еске түсіреді, материал бойынша негізгі идеяларды қайталайды, тақырып бойынша қорытынды жасайды және студенттердің сұрақтарына жауап береді.

Жоғары мектепте лекцияны құрастырудың алгоритмі: Мақсат – міндеттер - мазмұн - әдіс-тәсілдер – құралдар – форма – тапсырмалар

Дәрісті дайындау бірнеше кезеңдерден тұрады және олар төмендегідей:


  • Мамандықтың оқу жоспарымен танысу (барлық пәндер жүйесінде орнын анықтау).

  • Оқу пәнін құру логикасымен танысу (дәрістік, семинарлық және тәжірибелік сабақтардың мазмұнымен).

  • Оқулықтармен және оқу құралдарымен танысу (пән мазмұны қаншалықты көлемде ашылған), қосымша, жаңа әдебиеттерді іріктеу.

  • Студенттердің интеллектуалдық мүмкіндіктерін ескере отырып нақты тақырып талаптарына сәйкес дидактикалық материалды іріктеу.

  • Жаңа ғылыми түсініктермен, терминдермен, олардың этимологиясымен (студенттер үшін белгісіз) таныстыру.

  • Дәрістің мәтіндік нұсқасын дайындау (негізгі әдебиеттің мәтінін толық көшірмеу, мәтіні 20-24 беттен аспау қажет).

Дәріс құрылымы:

– тақырып пен сұрақтарды анықтау,

ұсынылған әдебиеттер тізімі,

– тақырып бойынша енгізілетін жаңа негізгі түсініктер,

– мазмұнының баяндалуы,

– жалпы қорытындылар.

Дәріс материалын іріктеу дәрістің мақсат-міндеттерін жүзеге асыруға бағытталу қажет. Ол үшін пәннің жұмыс бағдарламасымен танысып, онда қарастырылған негізгі идеяларға сәйкес дәріс жоспарын құрастыру қажет. Дәріс мазмұнын құрастыруда тақырып бойынша қажет болса нормативтіқұқықтық құжаттарды, сөздіктер мен энциклопедияларды, негізгі әдебиеттерді алып, бұл ақпарат көздеріндегі тақырыпқа сай мәліметтерді жүйелеу қажет. Іріктелген материалда тақырыптың мазмұнын ашатын бір мәселелі сұрақ және оны шешуге деген қалыптасқан түрлі ғылыми көзқарастар (дәстүрлі және қазіргі), қарама-қайшылықтар қамтылу маңызды, сонда дәріс мазмұны студенттерде қызығушылықты туғыза алады. Дәрістің көлемі мен мазмұнын анықтау сол тақырыпқа бөлінген сағат көлемімен шектеледі.

Дәрісті барынша ақпараттық тұрғыда толтыруға тырысудың қажеттілігі жоқ, оның көлемі студенттер меңгере алатындай ақпарат көлемімен сәйкес болу қажет. Ең бастысы дәріс мазмұнында тақырыптың негізгі идеялары ашылып, студенттерге ары қарай өз бетімен тереңдетіп оқуға бағыт-бағдар беру тиіс. Дәріс материалын мазмұндау бірізділігі мен логикасын таңдау барысында негізгі тұжырымдалатын ойларды анықтап, оларды студенттерге ұсынудың тиімді тәсілдерін таңдау қажет. Оларға индукция, дедукция және аналогия жатады (жекеден жалпыға қарай логикасымен, жалпыдан жекеге қарай логикасымен немесе басқа ұқсас құбылыстармен салыстыра отырып). Дәріс мәтінін дайындау бойынша жұмыстың соңғы кезеңі – конспектіні рәсімдеу. Оған қажетті сызба, кестелер, диаграммалар қосылады.

Иллюстративті материалды дайындау да өте маңызды жұмыс болып табылады. Дәріс барысында көрсетілетін кесте, сызба, сурет, видео материалдар дұрыс және тиянақты іріктеліп, олардың реттілігі дәріс мазмұнында бекітіліп тіркеліп жазылу қажет. Дәрісті оқудың жеке мәнерін қалыптастыру әрбір лектор үшін өте маңызды. Ең бастысы дәріс мәтінін оқып беруден бас тарту қажет. Дәрістің студенттер аудиториясымен еркін, ынтымақтастыққа және бірлескен шығармашылық ізденіске негізделген диалог және полилог түрінде өтуі маңызды. Дәрісті оқу барысында аудиториямен үнемі кері байланысты орнату арқылы оқу материалына студенттердің реакциясын анықтай отырып, қажет жағдайларда қажетті қосымша фактілер мен дәйектерді ұсыну арқылы тақырыпқа және материалға жағымды қатынасы мен оны ары қарай тереңдетіп оқуға деген мотивациясын тудыруға болады. Қажет жағдайда дәрістің негізгі тұжырымдық ойларын ерекше дауыс ырғағымен ажыратып, оларды конспектілеу қажеттілігін студенттерге ескертіп айтуға болады. Дәріс мазмұнын баяндауда өмірден мысал келтіру арқылы, материалдың маңыздылығы мен практикалық бағыттылығын студенттерге көрсетуге болады. Дәріс материалын мүмкіндігінше визуализациялауға тырысу қажет. Дәріс барысында студенттердің зейінін жинақтап, тақырыпқа қызығушылығын арттыру үшін риторикалық және нақтылау сұрақтарын тиімді қолдануға болады. Аудиторияны әрдайым көзбен шолып, студенттердің тыңдап отырғанын, түсініп отырғандығын анықтап алу қажет.

Е.А. Подольская дәріс тиімділігін арттырудың бірнеше педагогикалық ережелерін ұсынады:

1) оқылып жатқан материалдың өтіп кеткен материалмен байланыстылығы, қарастырылып отырған мәселелерді біртіндеп күрделендіру;

2) оқылып жатқан материал бөліктерінің өзара байланыстылығы;

3) меңгерілген материалды жалпылау;

4) материалды баяндаудың мазмұны мен ұсыну формасы тұрғысынан көркемділігі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет