Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



бет26/108
Дата29.01.2018
өлшемі6,41 Mb.
#35881
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   108

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін агрегаттардың құрылысы мен баптау тәсілдері; жабдықтардың қағидаттық схемалары мен қызмет көрсетілетін автомат және жартылай автомат желілердің механизмдерінің өзара іс-қимылы; әмбебап және арнайы құрылғылардың, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы мен қолданылу ережесі; бір типті өнеркәсіптік манипуляторлардың құрылысы; манипуляторлардың жұмысқа жарамдылығын және позиция дәлдігін тексеру ережесі; бөлшектер мен бұйымдарды қаптау және сырлаудың технологиялық процессі; шектеулер мен қондырмалар жүйесі; квалитеттер мен кедір-бұдырлық өлшемдері.

§ 52. МЕТАЛМЕН ҚАПТАУ ЖӘНЕ СЫРЛАУ ЖАБДЫҒЫН БАПТАУШЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектер мен бұйымдарды қаптау және сырлауға арналған жартылай автомат желілер мен гальваникалық, дәрілеу және фосфаттау; лактау, сырлап кептіру құрылғыларын баптау. Бөлшектерді сынама өңдеу және оларды ОТК тапсыру. Қызмет көрсетілетін желілердің жұмысын бақылау. Желінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Бағдарламамен басқарылатын өнеркәсіптік манипулятолардың (роботтардың) жекелеген тораптарын баптау.

Білуге тиіс: жабдықтардың құрылысы, техникалық сипаттамасы және жартылай автомат желілерді баптау тәсілдері; іске қосу, баптау, желінің жұмысын бақылау тәсілдері мен тәртібі; электролит ерітінділерінің, өңдеу және жуу астауларының концентрациясы мен температурасын бақылау әдістері; орындалатын жұмыс көлемінде пневмогидроэлектр автоматика, механика мен электроника негіздері; әмбебап және арнайы құрылғылардың, жабдықтардың құрылымдық ерекшеліктері; бақылау-өлшеу аспаптарын реттеу ережесі; қызмет көрсетілетін желілердің қағидатты электросхемалары; автоматты бақылау құралдары мен желіге қосу схемаларының жұмыс қағидаты; әртүрлі өнеркәсіптік манипуляторлардың құрылысы.

§ 53. МЕТАЛМЕН ҚАПТАУ ЖӘНЕ СЫРЛАУ ЖАБДЫҒЫН БАПТАУШЫ

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектер мен бұйымдарды қаптау және сырлауға арналған гальваникалық, өңдеу және фосфаттау, лактау, сырлап кептіру және металдау автомат желілерін баптау. Автомат желілердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Күрделі тораптарды әзірлеу, реттеу және құрастыру желіні басқару жүйесінің құрылысы. Плазмалық, детонациялық және жоғары сапалы тозаңдандыру құрылғыларын баптау. Бағдарламамен басқарылатын манипулятоларды (роботтарды) баптау және реттеу.

Білуге тиіс: автомат желілердің құрылысы, кинематикалық схемасы; іске қосу жолдары мен тәртібі, желі жабдықтары мен құрылғыларды баптау, жөндеу және монтаждау тәсілдері; әмбебап және арнайы құрылғылардың, жабдықтардың құрылымы; автомат желілер механизмдерінің жұмыс барысында өзара іс-қимылы.

§ 54. ПЛАСТМАССАНЫ БАЛҚЫТУШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары балқытушының басшылығымен пластмасса мен полимерлік композициялық материалдарды қарапайым пішінді бөлшектерге тозаңдандыру әдісі арқылы балқыту. Бөлшектерді майсыздандыру және қарапайым құрылғыларға ілу. Бөлшектерді тозаңдандыру үшін ілуге арналған күрделі емес ілмектер жасау. тозаңдандыруға арналған құрылғысы бар электр пештеріне қызмет көрсету. Бөлшектерді салқындату үшін арнайы сөрелерге ілу. Бөлшектерді ілуге арналған құрылғыдан балқытылған пластмассаны алып тастау.

Білуге тиіс: тозаңдандыруға арналған құрылғының және электр пештердің жұмыс қағидасы; қабат жағуға және материалдарды дайындауға арналған жабдықтарға қызмет көрсету ережесі; қолданылатын материалдардың мақсаты және қасиеттері; арнайы құрылғылар мен бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты мен қолданылу шарттары.

§ 55. ПЛАСТМАССАНЫ БАЛҚЫТУШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Пластмасса мен полимерлік композициялық материалдарды қарапайым пішінді бөлшектерге тозаңдандыру әдісі арқылы балқыту. Бөлшектерге белгілі бір қанық түс беру үшін компонент жасау, пигмент таңдау және жоғары дисперсті ұнтақ қоспасын дайындау. Бөлшектердің жекелеген тозаңдандырылмайтын бөліктерін оқшаулау. Бөлшектерді электр пештерге толтыру және қыздыру. Бөлшектердің аралық және соңғы операцияларда балқып қапталуын сырттай тексеру арқылы және арнайы бақылау құралдарының көмегімен тексеру. Қабат ақаулықтарын түзету. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін, тозаңдандырылған қабаттың жай-күйін құрылғыда және бөлшектерді пеште қыздыра отырып бақылау.

Білуге тиіс: тозаңдандыруға арналған құрылғы мен электр пештерінің құрылысы; пигмент пен ұнтақ қоспаның термоберіктігі мен жарыққа төзімділігі; ұнтақ қоспалар мен тозаңдандырылатын бөлшектердің бетіне қойылатын талаптар; бөлшектерді қыздыру, балқытып қаптау және салқындату режимі; арнайы құрылғылар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы.

Жұмыс үлгілері

Балқытып қаптау:

1. Әртүрлі материалдардан жасалған әріптер мен сандар.

2. Арматуралау төлкелері, шайбалары, сақиналары.

3. Ілу ілмектері.

4. Есік пен терезе личиналары.

5. Тегершіктер, үстелдердің аяқтарына арналған стакандар, жиһаз бекіткіштері.

6. Жиһаз аяқтары, киімге арналған штангалар.

7. Тұтқалар мен тұтқа саптар.

§ 56. ПЛАСТМАССАНЫ БАЛҚЫТУШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Пластмасса мен полимерлік композициялық материалдарды күрделілігі орташа және күрделі пішінді, ұзын және қалыңдығы әртүрлі бөлшектерге тозаңдандыру әдісі арқылы балқытып қаптау. Көп қабатты және қорғаныш-декоративті қаптау. Электр пештері жұмысының және құрылғыда тозаңдандырылатын қабаттың температуралық режимін реттеу. Электр пештері мен бөлшектерді тозаңдандыруға арналған құрылғының тиімді жұмыс режимін қапталатын материалдар мен ұнтақ қоспаның қасиеттеріне байланысты белгілеу. күрделі бөлшектерді қаптауға арналған арнайы ілмектерді монтаждау.

Білуге тиіс: орындалатын жұмыс көлемінде пештің электр схемасы; калорифер және ауа өткізгіштердің құрылысы; орындалатын жұмыс көлемінде пигменттердің, ұнтақ пластмасса және басқа да қоспалардың химиялық құрамы; бөлшектерді қыздыру температурасын аспаптармен және көзбен шолып айқындау тәсілдері; арнайы құрылғылардың құрылысы.


Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет