Жоспар Кіріспе: I



бет4/6
Дата11.05.2022
өлшемі46,31 Kb.
#142866
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
суфизм (Яссауи) Ботабекова А.Е.
ататурк, эссе, 113chem10, Бүтін көрсеткішті дәреже , 7-сынып, Қазақстан тарихы1-1
Үшінші саты – мағрифат. Хақпен дидарласу, адамзатты жаратқан әлемдік рухпен, яғни абсолют ақыл - оймен бірігу. Бұл дәрежеге жеткен адам қайтыс болған жақын - туысқандарының рухымен де еркін дидар-ласып, ғаламның барша сырына қаныға алады».
Төртінші саты – хақиқат (яғни ақиқат) жолы. Бұл енді азан арқылы, жатпай тұрмай ізденген жанкешті еңбегінің нәтижесінде адамның дүние сырын тани бастауы.
Сопылық мақамдары, оның кезеңдері: құлшылық етуші (ғабид), тақуа (захид) тәрізді бірнеше мақамдарға бөлінеді. Олардың өзара айырмашылығы, өзіне тән әдісі, ұстанар жолы, мақсаты бар. Сопылық жолға түскендер міндетті түрде төрт сатыдан тұратын ерекше күйден өтуге тиісті. Олар: шариғат, тарихат, мағрифат және хақиқат (ақиқат), Тарихатта (жол, бағытта) сопылардың тоқтайтын, тыныс алатын аялдамалары бар. Оны «мақам» деп те атайжы. Осы жолдың талас тудырмайтын белгілеріне тоқталсақ:
Тәубе. Адамның күнәһар екендігін сөзсіз мойындауы. Тәубе ету – күнәдан арылу, оны жасағанына қатты өкіну, екінші рет қайталамауға серт беру.
Мақамның екінші кезеңі. Бұл - сақтық. Мұнда халал мен харамды ажырата білу шарт.
Үшінші кезең – зухд (тартыну). Яғни бұл кезде нәпсіге тиым салу қажет.
Төртінші  кезең – пақыр (қайыршылық). Ол кедейлік емес. Алланың алдындағы кедейлік, Жаратушыға жалбарынғанда арада ешнәрсенің болмауы.
Бесінші кезең – сабыр. Бұл – Жаратушының ісіне араласпау, оған бас иіп, көну, сыр бермеу.
Алтыншы кезең – таваккул (тәуекел). Тәуекел – істің басы тәуекел, ортасы бойсұну, соңы ісін Аллаһқа тапсыру, бір Жасаған Иеге сену, не іс атқарса да оған иек арту.
Жетінші кезең – рида (толық бойұсыну, құлшылық). Бұл сатыға жеткен адамға дүниелік істердің ешқайсы әсер етпейді.
Осы жеті кезеңмен тариқат аяқталып, ақиқат басталады. Сопылықтағы хал мен жағдайлар. Хал – адамның өзгермелі көңіл – күйін білдіруші. Көпше түрінде оны ахвал деп атайды. Халдың мынандай басты түрлері бар:
1. Курб (жақындылық) – адам өзінің жаратушыға жақындығын сезінеді.
2. Махаббат – құдайға деген аса ерекше сезім. 
3.Хауф(«үрей») адамның  күнәһар екендігін сезініп, оның алдындағы дәрменсіз хал
4. Раджа («үміт») – құдай-дың рахымын күту, содан үміт ету.
5. Шаук («ғашықтық»). Суфизмде махаббат пен ғашықтық бір ұғым емес. Әл – Хасан әл – Басрий: «Махаббаттың белгісі жақсы көргеніңмен барлық істе келісуің, барлық амалдарда оның жолымен жүруің, барлық тәсілмен онымен бірге болуың, оның ұнатпаған барлық ісінен аулақ жүруің».
6. Унс. (Бұл достық, махаббатқа ұқсас хал).
7. Итманина («Рухани толастау») – Жаратушының рахымына бөлену.
8.Мушахада(сезіну)– Адам Алласына жақындап қана қоймайды, оны сезініп, көре де алмақ.
9.Иакин (сенімділік) – рухани дүниенің шындығы туралы жоғарғы сана. Мұндай күйдегі адамдарды өзге ешнәрсе алаңдата алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет