Жоспар Кіріспе: I


Ақиқат (Насут мақам - жолы)



бет3/6
Дата11.05.2022
өлшемі46,31 Kb.
#142866
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
суфизм (Яссауи) Ботабекова А.Е.
ататурк, эссе, 113chem10, Бүтін көрсеткішті дәреже , 7-сынып, Қазақстан тарихы1-1
Ақиқат (Насут мақам - жолы) – адамдар өмір сүретін ғалам. Бұл жол – сопылық ілімнің шыңы. Шариғат, тарихат, мағрифат жолдарының амалдарын жүзеге асыра отырып, Алланың барлығын және бірлігін тану – оның басты мақсаты. Ақиқат - яғни Ақиқат, жердегінің бәрі сөніп, адам Аллаһпен бірігіп кеткендей, «Аллаһқа сіңіп кеткен» («фана фи - алла»).
Ұсынатын тәртіп – заңы:
1.Аллаһ жолын ажырату.
2.Пақырлыққа көңіл тоқтатып, мойынсұну.
3.Шариғат пен Тарихат тәртіп – заңын білу.
4.Мағрифат, Ақиқат тәртіп – заңын білу.
5.Алланың берген несібесіне қанағат ету.
6.Адамдардың, әркімнің көңіл сырын жаймау, сыр сақтай білу.
7.Кісіге азар бермеу, айыпты бетке баспау.
8.Жақсы, жаманның ара – жігін ажырату, тану.
9.Асқа елден бұрын қол созбау.
10.Білген, білдірілгендерді іске асыру.
Ғалымдар сопылық сатысы туралы Сопылықтың төрт сатысының қайсы сол жолдағы адамдар үшін міндетті?
Бұл жөнінде Ә.Нысанбаев былай дейді:
«Сопылық – адам туралы ілім. Иә, қоғамды жетілдіру үшін алдымен адамның өзі жетілу қажет деп есептейді сопылар. «Кемел нисан», яғни кемел адам қалпына жетіп, жаратқан Хақпен дидарласып, әлемдік ақыл-оймен бірігуің үшін төрт сатыдан өтуің қажет. Біріншісі – жұрттың бәріне ортақ шариғат жолы. Яғни Жаратушының өз сөзі – Құранда айтылатын парызыңды орында, өтірік айтпа, ұрлық қылма, зәбір жасама, т.б.
Шариғат – әрбір мұсылманға ортақ діни қағидалар. Шариғат талаптарын орындау әрбір мұсылман адамға, өзін мұсылманмын деп санаған жанға міндет. Шариғат – болашақ сопыға аса қажетті іс. Себебі, шариғат тәртіптері адамның өз еркін меңгеруде, тән тазалығын қамтамасыз етуде басты шарт. Бұл адамның нәпсіге қарсы алғашқы күресі. Осы сатыда нәпсі мүлдем тыйылмайды, бірақ оған бұғау түсіреді.
Тариқат – Құранда «жол» деген мағынада. Шындықты құпия құбылыстар арқылы тани білу. Бұл жол адамның Аллаға жетуде өз бойындағы күнә – кінәраттар мен кемшіліктерден арылу жолы. Сондықтан бұл жолға түскен жанды сопы (жолаушы) деп те атайды. Бұл жол өте ұзақ болғандықтан, оның тоқтайтын, тыныс алатын аялдамалары бар, оны «мақам» деп атайды. Ал енді осы мақамның әр түрлі күйі бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет