Жоспар Кіріспе: I


Қожа Ахмет Иассауидің діни ілімі



бет5/6
Дата11.05.2022
өлшемі46,31 Kb.
#142866
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
суфизм (Яссауи) Ботабекова А.Е.
ататурк, эссе, 113chem10, Бүтін көрсеткішті дәреже , 7-сынып, Қазақстан тарихы1-1
Қожа Ахмет Иассауидің діни ілімі
Қожа Ахмет Ясауи (1105 анық емес – 1166 ж.) қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын, атақты сопы, философ, ғұлама. Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Иассауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Иассы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезінен өскен жері. Ақынның туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Әкесі - Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Шешесінің аты - Қарашаш. Ата - анасынан ерте айырылған ол атақты түркі шейхы Арыстан баб және Жүсіп Хамадани деген шейхтардан тәлім-тәрбие, білім, бата алады. Білімін Бұхарадан жалғастырады. Өзінің ұстазы кайтыс болған соң көп ұзамай, Түркістанға келіп, сол кезде Орталық Азияда кең тараған сопылық, діни-тақуалық идеялардың ірі насихатшысына айналады.
Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы – «Диуани Хикмет» (Хикмет жинақ). «Диуани Хикметте» негізінен төрт нәрсеге аса көңіл бөлінеді. Олар: шариғат, тарихат, хақихат, мағрифат. "Шариғат" ислам дінінің заңдары мен әдет ғұрыптарының жинағы, "тарихат" сопылықтың идеясы, сопылық мүддесіне жеткізген жол, "хақиқат" құдаймен бірігу оған жақындау, "мағрифат"— дін жолын танып, оқып білу. Ахмет Иассауидің пікірінше "Шариғатсыз", "Тарихатсыз", "Мағрифатсыз" - "Хақиқат" болуы мүмкін емес. Ақын мүны өз өлеңінде былай деп өрнектейді:
... Ути ғүмырым шариғатқа неталмадым,
Шариғатсыз тарихатқа уталмадым,
Хақиқатсыз мағрифатка баталмадым,
Катиг иуллар пырсыз ничук утар достлар.
... Өтті өмірім шариғатқа жете алмадым, 
Шариғатсыз тариқатка өте алмадым,
Хақихатсыз мағрифатка бата алмадым,
Қиын жолдар пірсіз қайтіп өтем достар...
Мұнда Иассауи сопылық ілімдерінің өте күрделі екенін, діни мистикалық сарындағы бұл төрт қағиданың арғы жағында үлкен философиялық арналардан бұлақ көздері бітеліп жатқанын мезгейді. Иассауи өз хикметтерінде сопылық дін ілімі туралы ете көп әрі шын беріле айтады, ол бұл шын мәніндегі білім деп айтады, ал сопылықтың барлық ұсақ - түйегін білмейтін адамды ол "надан", "түк білмейтін", "жалған сүюші", "жалған сопы деп есептеді. "Менің асыл хикметімді жаны ауырмасқа айтпағым, Баға жетпес інжуімді құнын білмеске сатпағын", — деп, бар жан-дүниесімен сопылыққа берілген Иассауи, "егер мен басымнан айырылсам да, бұл жолдан маған жалт беру жоқ", — дейді. Ахмет Иассауи аркылы сопылық түркі тілдес халықтардың рухани танымында шешуші орын алды. Сопылық философиялық жүйе ретінде адамдардың дүние - танымының қалыптасуына үлкен ықпал жасады. Бұған дәлел Иассауиден кейінгі көптеген қазақ ақын, жырауларының шығармаларынан да сопылықтың тікелей әсерін байкаймыз.
Иассауи ілімі бойынша, жаратылыс бір және жалғыз Хақ (бір уа барым) – абсолют рух – болмыс жаратылысын белгілейді. Ал, болмыс Хақ мәнінің материалдық дүниедегі шексіз әр түрлі образдарда көрінуі болып табылады. Адам болса, осы болмысты тарату себебі, мақсаты және де нәтижесі ретінде қарастырылады. Адам өз табиғатында Хаққа тән, рухани және материалдық дүниеге тән нәпсілік қасиеттерді қамтиды. Яғни, Хақ мәнін қамтыған рух адамынң батинын (ішкі дүниесін) белгілесе, материя адамның закирін (сыртқы көрінісін) белгілейді. Қазақстан мен Орта Азия халықтары арасында сопылықтың кеңінен және табыспен таралуына мына жағдай да әсер етті. Ол өз ілімін жеңіл және түсінікті тілмен, әсем бояулы өлең, жырларымен баяндайды, сопылық идеяларды жергілікті салт жырларымен үйлестіре дәріптейді. Ахмет Иассауидің Орта Азия мен Қазақстанның түркі тілдес халықтары арасында зор беделге ие болуы. Иассауидің ислам заңдарын Шығыс сопылық ілімдік лангейзммен және бақсылық жыры элементтерімен икемді үйлестіре алуынан еді. Иассауи былай дейді: "Кімде - кім құдайды есіне алса, ол онымен табысқанын көре алады". Сондықтан да Иассауи үшін құдайды тану өзін - өзі танумен бірдей. Сопылықтағы доктрина құдайды мистикалық сүю болып табылады. Иассауи ілімінде бұл доктрина оның "таным" теориясының бөлінбес бөлігі бола тұрып, ерекше орын алады.
Йассауиден бұрын түркі нәсілдері Тәңірге табынатын болса, енді олар Аллаға сы-йынатын болды. Йассауи сопылығы арқылы бүгін шығыс философиясымен,әлемдік діни философиямен хабардар боламыз.Сопылықтың ықпалын, Иассауиден кейін өмір сүрген көптеген ақын, ойшыл ғұламалардың еңбектерінен кездестіреміз. Ахмет Йассауи өмірінің ақырғы он жылын жер астында жасалған мінәжатханада өткізеді. Сопы "алпыс үшке келдім, енді былайғы өмірім күпірлік, пайғамбардан аспақ күнә" деп өзіне бір тоқтам жасайды. Халуетте тіршілік еткен ақын өмірдегі жиған - терген, естіген, көрген, оқыған білгендерін сарапқа салып, қияли күй кешеді. Осы фактінің өзі, нақ сол сопылық Мұхаммедті (с.ғ.у.) жаратылыстан тыс адам ретінде көрсетіп, оны құдай қатарына қосты және ол Мұхаммед (с.ғ.у.) заманына оралуды уағыздады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет