Кіріспе зepттey жұмыcының өзeктiлiгi


Жергілікті қауымдастыққа негізделген экотуризмді ұйымдастыру



бет9/21
Дата09.03.2022
өлшемі1,24 Mb.
#134808
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
Байланысты:
Дипломная
Алдаберген Аяжан ЕП-20-3к3 Класс.Мех Реферат, Исаева Толғанай сик 211практика11, Саба ты та ырыбы Ньютонны бірінші за ы, инерциялы сана ж йел, жаңасы 1-2тарау мол-физ, в этом году я..., Niyet x Abylai Kenzhaly
2.2 Жергілікті қауымдастыққа негізделген экотуризмді ұйымдастыру
Қазақстанда ауылдық қоғамдастықтарға негізделген экотуризм тарихы 2000-шы жылдары, негізінен қазақстандық үкіметтік емес ұйымдармен (ҮЕҰ) серіктестікте іске асырған халықаралық донорлық ұйымдардың бастамаларының арқасында бастау алады.
2003 жылдың наурыз айында Қазақстандағы Еуразия – Орталық Азия қоры (ЕОАҚ), Қазақстандағы VSO (Volunteer Service Overseas, – халықаралық волонтерлік қызмет), Алматы қаласындағы ЕҚЫҰ орталығы, Қазақстандағы Shell компаниялар тобы және Фридрих Эберт қоры арасындағы әріптестік арқылы «шалғайдағы ауылдық қоғамдастықтарда табыс алу тәсілі, қоршаған ортаны сақтау және экологиялық білім беруге жәрдемдесу» атты экотуризмді дамыту мақсаты болып табылатын Қазақстандағы алғашқы туристік бастама қаржыландырылды. Бастама алыс қоғамдастықтардың табыс алуы тұрғысынан экотуризм мүмкіндіктерін есепке алды [16].
2003 жылдан бастап ЕОАҚ, Жаһандық Экологиялық Қордың шағын гранттары бағдарламасы (ЖЭҚ ШГБ), Алматы қаласындағы ЕҚЫҰ Орталығы (қазіргі уақытта Астана қаласындағы ЕҚЫҰ орталығы болып өзгертілді), Қазақстандағы Shell, Қазақстандағы VSO, Exxon Mobil, ABN AMRO Банк Қазақстан (қазіргі уақытта RBS (Қазақстан) болып өзгертілді), USAID, Еуропалық Одақ алыс өңірлерге капиталдың түсуін ұйымдастыру, кедейшілік проблемаларын шешу және қоршаған ортаны сақтау міндеті мақсатында экотуризмді дамыту жөніндегі пилоттық жобаларды қаржыландыраып келеді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында 10-нан астам экосайт жұмыс істейді. Экосайт-бұл фео ұсынған термин және ауылдық қауымдастықтарға негізделген экотуризм дамитын және жобалар жүзеге асырылатын орынды білдіреді. Бұл экосайттардың көпшілігі ЕҚТА-да және оларға іргелес аумақтарда орналасқан. ЕҚТА-дан келесілерді атап өтуге болады: Ақсу-Жабағылы МТҚ, Алматы МТҚ, Қорғалжын МТҚ, Батыс -Алтай МТҚ, «Көлсай көлдері» МҰТС, Катонқарағай МҰТС, Көкшетау МҰТС, Сайрам-Өгем МҰТС және т.б. [17, 128 б] (2-сурет).


Сурет 2 Экосайттардың орналасқан жерінің ахуалдық сызба-жоспары



Қазақстанда экотуризмді дамыту бойынша түрлі донорлардың бағдарламалық бастамалары шеңберінде іске асырылған жобалар жоғарыда көрсетілгендей, пилоттық болып табылды. Бұл ретте, іске асырудың қысқа мерзімдеріне (орта есеппен 2-3 жыл) қарамастан, елеулі нәтижелер мен жетістіктер туралы айтуға және тіпті болашаққа болжам жасауға да болады.


2005 жылдың көктеміне осы жобалар 1500-ден астам туристерді тартты, бұл алдыңғы нәтижеден айтарлықтай асып түсті. Жобалар 30000 АҚШ долларынан астам табыс әкелді, оның 80-85%-ын жергілікті экотуристік қызмет көрсетушілер тапқан. 2009 жылы тек «Саты» экосайтасында жергілікті халық 1000-нан астам экотурист қабылдап, 30000 АҚШ долларына жуық табыс алды [18].
2004 жылы Алматы қаласында экотуризмнің ақпараттық-ресурстық орталығы (ЭАРО, экосайттардағы қонақ үйлердің жұмысына жәрдем көрсететін қазақстандық туристік ұйымның (ҚТҰ) жобасы) ашылып, қазіргі уақытта да қызмет атқарып жатыр. Бұл үйлер қызметкерлерді оқыту, интерьер мен санитарлық-техникалық жағдайды жақсарту үшін гранттар түрінде түрлі көмек алды, және т.б. үй иелері қонақтарға экотуризмді халықаралық түсінуге жақын бағдарлама ұсына алады. ЭАРО / ҚТҰ қонақ үйлер үшін стандарттар әзірленді.
Қазіргі уақытта экотуризмді жүзеге асыруға және кез келген жағдайларға, жерде және елде қолданылатын қоғамдастықтарға негізделген экологиялық туризмді қалыптастыруға жергілікті халықты тартуға қандай да бір тәсілді бөліп көрсетуге болмайды. Сондықтан ол туристік қызмет жүзеге асырылатын немесе жоспарланып отырған нақты жағдайларға қатысты айқындалуы тиіс. Дегенмен, Қазақстанда ЭТҚ құру үшін келесі негізгі кезеңдерді атап өтуге болады.
Қазіргі уақытта экотуристік қызметті ұйымдастыру кезінде зерттеулер, бағалау және мониторинг жүргізу үшін әдістер мен құралдар бойынша көптеген басылымдар жарияланған. Осы кіші бөлімде жұмыс істеу қажет бірнеше негізгі бағыттар бөлінген және назарға алынуы қажет кейбір құралдар ұсынылған.
Бұл зерттеу жоба бойынша барлық жұмыстардың алдында жүргізіледі және қызметті ұйымдастыру басталғанға дейін жүзеге асырылады. Келешекте рекреациялық ресурстар каталогы құрылуы мүмкін.
Осы зерттеу шеңберінде жергілікті тұрғындардың қандай қызмет түрлерін ұсына алатындарын және олардың арасында қызығушылыққа ие екендігін анықтау қажет. Қажетті ақпарат алу үшін жергілікті қоғамдастықтағы әлеуметтік және экономикалық жағдайларды алдын ала зерттеу керек болуы мүмкін.
Негізгі әдістер ретінде жеке тұрғындармен және үй шаруашылықтарымен, сондай-ақ жергілікті билікпен, бизнес-компаниялармен әлеуметтік сауалнамалар мен жартылай құрылымдалған сұхбаттар жүргізілуі мүмкін.
Жергілікті тұрғындардың сауалнамаға қатысарының алдында, оларға экотуризм негіздері бойынша кіріспе семинар өткізу қажет, дәл осылай жергілікті тұрғындар жобаға қатысудың қазіргі тәжірибесі мен мүмкіндіктері туралы білулері шарт. Семинарға барынша көп қатысушыларды тарту маңызды болып табылады. Ол үшін жергілікті әкімдік пен жергілікті ҮЕҰ арқылы жарнамаларды пайдалануға болады.
Жергілікті халық қалыптастыруына қатысуы мүмкін туристік өнімдер жалпы түрінде келесі тізбемен айқындалады:
- жергілікті тұрғындар үйлері мен қонақ үйлер базасында туристер үшін үй-жайлар ұсыну;
- келу орындарында туристерді тамақтандыру мен қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
- көлік қызметтері;
- кәдесыйларды, халық кәсіпшілігі тауарларын және басқа да тауарларды сату;
- гидтер, туризм нұсқаушылары, экскурсовод ретінде қызмет көрсету;
-туристер үшін мәдени-ойын-сауық қызметтерін ұйымдастыру және т.б.
Сонымен қатар, экотуризм тұжырымдамасы жергілікті халықтың осы жерге туристердің келуі нәтижесінде табыс не жаңа жұмыс орындарына ие болатындығын ғана емес, сонымен қатар оның экономикалық қызметі экологиялық тұрақтылық талаптарына жауап беруі тиістігін, яғни қазіргі және болашақ ұрпақтың қажеттіліктерін ескере отырып, қоршаған ортаға зиян келтірмеуі керектігін жорамалдайды. Сонымен, жергілікті тұрғындар келетін туристерді кәдесыйлармен және өзге де халық кәсіпшілігінің бұйымдарымен қамтамасыз ету үшін флора мен фаунаның сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін жойып жіберетін нұсқа экотуризм үшін қолайлы деп саналмайды. Керісінше, экотуристік қызмет жергілікті халық тарапынан қоршаған ортаға теріс әсерді төмендетуі тиіс, мысалы, сату мақсатымен сексеуіл ормандарын жаппай кесу, күн көрудің негізгі көзі ретінде аңшылықпен және өзге де табиғат үшін қатер төндіретін қызмет түрлерімен айналысудан бас тартуға мүмкіндік беретін жергілікті қоғамдастықтардың өмір сүруі үшін жаңа табыс көздерін жасау.
Осы зерттеудің нәтижелері бойынша келесі сұрақтарға жауап беру маңызды:
- Қатысушылардың қайсысы өзіне міндеттер алғысы келеді / алуы мүмкін және дәл қандай?
- Экотуристік бизнестің түрлі салаларында кім қалайды/жұмыс істей алады және нақ қандай?
- Олар қандай өз мүдделерін жүзеге асыра алады?
Мүдделі тараптар анықталғаннан кейін жергілікті тұрғындар арасында экотуризм бойынша жобаға, мысалы, қонақ үй қызметтерін ұсынуға қатысуға ниет білдірушілер тобы анықталады. Бұдан әрі, «қонақ үйлердің жұмысы» семинарында толық ақпарат берілгеннен кейін, қонақ үй стандарттары талқыланатын жерде қонақ үй жұмысына көшудің егжей-тегжейлі жоспары жасалуға тиіс: ол үшін үй иесіне не қажет; ол қандай ресурстарға ие және қонақ үй стандарттарына сәйкес болу үшін оған қандай қор қажет; ол стандарттарға сәйкес болу үшін қандай жұмыс жүргізуі тиіс; донорларды тарту мүмкіндігін анықтау. Мұндай жұмыс экотуризм бойынша жобаға тартылғысы келетін барлық қатысушыларға қатысты болып табылады.
Турөнімді жасау кезінде туындайтын басты сұрақтар: ол кімге арналған жəне оның басты тұтынушысы кім.
Маркетингтің негізгі ұстанымы тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Тұтынушының толық көлемде қанағаттанбау тəуекелі туроператордың оның үміттеріне сəйкес іс-шараларды (əсерді) қамтамасыз ете алмағанына байланысты. Сондықтан уəде беру жəне оны орындау мүмкіндігіне ие болу үшін, туроператорлардың туристер туралы білімі болу керек: олардың қандай сауалдары бар жəне саяхаттан қандай үміт күтеді.
Туроператорлардың нарыққа шығаратын негізгі туристік өнімі кешендік қызмет көрсету болып табылады, яғни туристерге бір «турпакетте» сатылатын əр түрлі қызмет көрсетудің стандартты жиынтығы.
Турпакет – бұл туроператорлар өндіретін туристік өнім, оның құрамына тасымалдау, орналастыру, тамақтандыру, экскурсиялық, бос уақытта ойын-сауық жəне тұрмыстық қызмет көрсету, спорттық жəне курорттық бағдарламалар, туристік жорықтар жəне т.б. енеді [19, 14 б]. Қызмет көрсету пакеті саяхаттың мақсатына жəне туристердің таңдап алған туристік демалыстың түріне орай қажеттіліктеріне байланысты қалыптасады.
Сондықтан туроператорлар турпакеттерді қалыптастыру үшін жергілікті қоғамдастық оларға тауарлар мен қызметтердің кешенін ұсыну қажет. Қонақ үйлерді, киіз үйлер лагерьлерін жəне жетекшілердің қызмет көрсетуін ұйымдастыруымен қатар экотуристік бағдарлар да белгілі стандарттарға сəйкес жайғасуы қажет.
Бірегей экотурөнімді жасау немесе қолда барын жетілдіру бойынша əрекет жасау маңызды. Бірегей экотурөнімді жасау мен жетілдіру деп туристердің қажеттіліктерін қамтитын жерді жобалау аталады.
Бұл үрдіс бір-бірімен тығыз байланысты үш компонентпен жұмыс істеуден тұрады:
− Аймақтың жəне онда тұратын қоғамдастықтардың өзіндік ерекшеліктерін көрсету;
− Инфрақұрылымды жақсарту;
− Табиғи жəне мəдени-тарихи көрнекті жерлерге баруға мүмкіндіктер жасау.
Турөнімді өндірудегі жұмысты жергілікті қоғамдастықтардың өкілдері жүзеге асырса, ол аса тиімді болады. Себебі олар бұл аймақта туристік өнімнің негізгі өндірушілері ғана емес, оның бір бөлігі болып табылады. Сонымен қатар жергілікті тұрғындардың туған жерлері, салт-дəстүрлері туралы білімдері мол. Бұған қол жеткізу үшін бірегей турөнімдер бойынша тренингтік бағдарламаны əзірлеп, жүзеге асыру қажет. Оның тақырыптары төмендегідей: − Экотурөнімнің сапа стандарттары; − Бірлесіп жоспарланған бірегей турөнімді жасау бойынша жұмыс; − Оны тұрақты қаржыландыру мүмкіндіктері жəне т.б. (бұл тізімді зерттеу нəтижелері бойынша толықтыруға болады).
Сіз тіпті ең жоғары стандарттарға сəйкес келетін туристік өнімді əзірлесеңіз де, өніміңіз туралы əлеуетті тұтынушылар білмесе, экотуризмнің дамуы сəтті болмайды. Дүние жүзінің көпшілік аймақтарында экотуризмнің өсуіне кедергі болатын негізгі себепкер шарттар – бұл имидж мəселесі жəне жарнамалық қызметтің төмен деңгейі екенін атап өткен жөн. Сондықтан нарықта турөнімді ұсынудың əдіс-тəсілдерін дұрыс таңдау маңыздылығын асыра бағалау қиын.
Бұл үрдіс келушілердің мақсатты санаттарына бағытталуы қажет. Көпшілік аймақтарда экотуризмді дамытуда келесі екі стратегияны біріктірген орынды: 1) шетелдік экотуристерді мақсатты қатыстыру; 2) отандық туристер мен іскер адамдардың бар ағымымен жұмыс істеу, оларға ЕҚТА-да қысқа мерзімді саяхаттар ұсыну, мысалы, демалыс күн турлары. Экосайттардың кең таралған қатерліктерінің бірі – бұл олардың бастапқыдан тек шетелдік туристерге бағытталуы, ішкі туристерге көңіл бөлмеуі.
Ең алдымен жарнама тақырыбын, əлеуетті тұтынушылар алдында жасағыңыз келетін имиджіңізді мұқият ойластыру қажет жəне басты өтінішіңізді (message) тұжырымдау керек. Бұл сіздің ісəрекетіңізді дұрыс бағдарлап, жарнамалық іс-əрекеттің едəуір барабар түрін таңдауға, мəтіндерді дұрыс жазуға жəне басылымдық өнімнің дизайнын безендіруге мүмкіндік береді əрі экотуристтің сіздің өніміңіз туралы нақты түсінігін қалыптастырып, соңында оны таңдап алуға көмектеседі.
Сонымен қатар экотуризм мəселелері бойынша мамандарды оқытуда өңірлердегі ЕҚТА-дағы экотуризмнің дамуының кепілі болып табылады, ол бейресми білім беру жүйесі арқылы да іске асырылуы мүмкін, яғни біліктілігін арттыру курстары, семинарлар мен тренингтер, жұмыс барысындағы кездесулер, өкілетті мемлекеттік мекемелер жəне табиғат қорғау ұйымдарының тарапынан шыққан ақпараттық-əдістемелік материалдары, Қазақстан Республикасының Туристік Қауымдастығы, əртүрлі оқу орталықтары арқылы. Бұл бағыттағы жұмыс туристік мекемелері мамандарының біліктілігін арттыруымен қатар, ЕҚТА-да экотуризмнің ұйымдастыру жəне дамыту саласында қызмет ететін мамандарға бағытталуы керек. Қазіргі кезде Қазақстанда туризмнің түрлі даму аспектілері бойынша біліктілікті арттыру мəселелерімен, оның ішінде экотуризмге қатысты мəселелермен «Табиғат əлемі» экологиялық ағарту орталығы айналысады. Мысалы, ол мемлекеттік тапсырыс бойынша Қазақстандағы ЕҚТА қызметкерлерін оқытады. Сонымен қатар біліктілікті арттыру курстарын жергілікті əкімшіліктер де өткізеді . Атап айтқанда, 2007 жылы Алматы қаласының əкімшілігімен туристік компанияларының қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру курстары өткізілді, олардың бағдарламасына экотуризмнің ұстанымдары бойынша жəне бір жеке экосайттың қызметі бойынша презентациялар енгізілген. Экосайттардың жергілікті тұрғындары үшін баламалы қызмет түрлері бойынша семинарлар мен тренингтер Ғаламдық экологиялық қоры қаржы бөлетін БҰҰДБ - Казақстанның кейбір жобаларының көлемінде жəне қазақстандық экосайттардың дамуына демеушілік көрсететін халықаралық жəне қазақстандық ҮЕҰ-дарымен өткізіледі.
Жоғарыда атап көрсетілгендей, ҚНЭТ негізгі мақсаты жалпы əлеуметтік, экологиялық, экономикалық міндеттерді экотуристік іс-əрекетті бірлесіп жүзеге асыру арқылы шешу болып табылады. Бұған даму қорында жинақталған – ҚНЭТ қатысушыларының аудармаларын қолдану арқылы ҚНЭТ жыл сайынғы жобаларын жүзеге асыру жолымен қол жеткізіледі (мысалы, «Саты» экосайтында əр қонақ үй табысының 10 % даму қорына аударады).
Бір жағынан, мұндай аудармалар ЕҚТА-тың бюджетімен салыстырғанда, қандай да бір маңызды мəселені шешу үшін тым аз болып көрінуі мүмкін. Сонда да экосайттардың тəжірибесін ескере отырып, жергілікті қоғамдастықтардың, мысалы, жұмыс күші ретіндегі үлесі қордың жинақталған бюджетінен айтарлықтай артық жəне жергілікті үкімет пен ЕҚТА-ға едəуір қолдау көрсетеді. Мысалы, ЕҚТА-дың бірінде жергілікті қоғамдастықтардың күшімен бағдар жабдықталды, үш күрке, үш дəретхана, ақпараттық тақталар салынды, БАҚ-да ЕҚТА туралы мақалалар жарияланды, Парктер шеруіне қатысушыларға жүлделер жəне Жеңіс күніне арнап ардагерлерге сыйлықтар алынды.
Нəтижесінде жергілікті қоғамдастықтардың əлеуметтік жобаларды іске асыру арқасында, экотуристер келген аймақтардың əлеуметтік, экологиялық, мəдени жəне экономикалық дамуына үлесін қосады.
Тиімді экотуризмнің талабы бойынша, ЕҚТА-дың қызметшілері жергілікті тұрғындар мен қоғамдастықтардың жетекшілерімен, сондай-ақ туристік индустрияның түрлі өкілдерімен, оның ішінде туроператорлар əрі турагенттіктермен жəне т.б. білімді жəне тығыз байланыста жұмыс істеуге қабілетті болуы керек. Қорғалатын аймақтардың қызметшілері дау-жанжалды жағдайларды да басқара алуы керек. Кейбір жағдайларда ҮЕҰ-ды да қатыстырған пайдалы.
Экотуризмнің тұрақты дамуы үшін жергілікті қоғамдастықтардың, туроператорлар, мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, ЕҚТА-дың қызметкерлері мен туристердің тиімді өзара əрекеттесуі қажет. Экотуризмнің табыс көзі – табиғатты қорғау бойынша түрлі мақсаттар мен əділ даму үйлесе алатындай, мықты ынтымақтастықты дамыту. Серіктестіктер қатысатын ойыншылардың саны мен олардың мұқтаждықтарына байланысты күрделі болуы мүмкін, бірақ мұндай қатынастарды орнату қажет болып табылады.
ҮЕҰ экотурлардың қалыптасуы үшін қорлардың жеткізушісі бола отырып, жергілікті тұрғындар, туроператорлар, донорлар мен ЕҚТА арасында байланыстырушы топ болады. ҮЕҰ өзге табыс көздерінен қаржы пайдаланып, жергілікті тұрғындарға материалдық-техникалық, ақпараттық көмек көрсете алады.Экотурларға арналған қорлар жергілікті тұрғындармен қызмет көрсету туралы келісімдер негізінде комиссиялық алымдар есебімен қалыптасады. ҮЕҰ ҚНЭТ-топтардың мүшесі бола алады əрі болмауы да мүмкін. ҮЕҰ экотуризмді ұйымдастыруға тікелей ат салыса алады (бағдарлама менеджерлері немесе сайттардың əкімі ретінде, ерекше жағдайларда – экотуризм бойынша қызмет көрсетуді ұсынушы ретінде) жəне жанама түрде (бапкер, кеңесші, экотуристік компаниялар жəне қоғамдастықтармен іскер əріптес ретінде) қатыса алады.
Жергілікті тұрғындар ҮЕҰ-дың көмегімен экотурларды өткізу үшін материалдық-техникалық база (орналастыру, тамақтандыру, көлік, рекреация) жəне бағдарларда қызмет көрсетуді (жетекшіжолсерік, экскурсия жетекшісі, нұсқаушылардың жəне т.б.қызметі) ұсынады. Олар туристердің экологиялық білім деңгейін арттыруға қатысады.
Жергілікті тұрғындардың туризмді дамытуға байланысты қызығушылықтары мен алаңдаушылығы ерекше назар аударуды талап етеді. Туризм кəсіби деңгейде қатыстырылған барлық топтарды экономикалық мағынада қозғайды. Ол қоғамдастықтар мүшелерінің жеке өмірлеріне, тұрмысына, дəстүрлері мен мəдениетіне де əсер етеді. Сондай-ақ басқа ойыншылардың басым көпшілігі туризм қатарына өз еріктерімен кіреді, ал қоғамдастықтар өз таңдауысыз туризмнің ықпалымен жұмыс істеуге мəжбүр.
Жергілікті тұрғындар экотуризмде басты екі себебінен маңызды рөл атқарады. Біріншіден, олардың жер көлемі жəне жұмыс орындары табиғи саяхатшыларды қызықтырады. Шынайылық жəне қолайлық олардың экотуризмді жоспарлау мен басқару бойынша шешімдер қабылдауда белсенді болуларын талап етеді. Екіншіден, жергілікті тұрғындар – қорғалатын аймақтарда жəне одан тыс жерде табиғи қорларды сақтау үрдісінде басты ойыншылар. Олардың табиғи қорларды қолдануға қатынасы қорғалатын аймақтарды сақтау бойынша стратегияның сəттілігін анықтайды. Сонымен қатар жергілікті немесе дəстүрлі білім көбінесе келушілерге арналған білім беру бағдарламасының маңызды компоненті болып табылады.
Жетекшілері атап көрсеткен жергілікті қоғамдастықтардың мұқтаждықтары мен қызығушылықтарын назарға алу экотуристік іс-əрекеттің пайдасын дұрыс бөлуді қамтамасыз ету керек. Жергілікті қоғамдастықтардың өз тұру аймағында экотуризмді дамыту үрдісіне қатысуы экономикалық дамудың қоршаған ортаның жағдайы мен əлеуметтік дамуына зиянды болуына жол бермеу керек. Сонымен қатар экотуристік қызмет арқылы табыс табатын тұрғындар өздері тұратын аймақтың экологиялық жағдайын сақтауға қызығушылық танытады.
Экотуризмнің дамуында экотуристер ерекше орын алады, өйткені олар экотуризмнің аса маңызды қатысушылары болып табылады, алайда олардың кейбіреулері ғана экотуризм бойынша шартты кездесулерге қатысады. Сонда да олардың бару орнын анықтау, туроператорлар мен турагенттіктерді, тур түрлерін таңдауда жасалған талғамы экотуристік жобалардың сəттілігі мен сəтсіздігіне едəуір ықпал етеді.
Іс-əрекеттің мақсаты мен сипатына қарай экотуристердің төрт негізгі түрін анықтайды:
− мамандар – ғалымдар немесе мамандандырылған турлардың қатысушылары;
− əуестенушілер – табиғат пен мəдениетті мақсатты түрде танушылар;
− көпшілік – мақсаттары «ғажайып саяхат» болатын туристер;
− кездейсоқ – жеке экологиялық бағдарламалар мен экскурсияларды қамтитын қарапайым турдың ақысын төлеген туристер.
Олар экотуристік өнімнің тікелей тұтынушылары болып табылады. Ақшалай үлес қосады, ол экотуризм ұстанымдарын енгізу бойынша іс-əрекетті жүзеге асыруға жұмсалады. Экотуризмнің тұрақты дамуы экотуристерсіз мүмкін болмағандықтан, қызметтерді көрсетушілер үнемі қызмет көрсету сапасының жақсарту жолдарын қарастырып, туристердің пікіріне құлақ салу керек. Сонымен бірге туроператорлар туристерге қоршаған ортаға олардың кері əсерін төмендету туралы жəне экотуризмнің жергілікті қоғамдастықтардың əл-ауқаты үшін маңызды екенін айтып өту мүмкіндігін қолданғаны да жөн.
Туроператорлар турлардың бағдарламаларын əзірлейді, нарықтың сегментациялауын жасайды, сала ішінде басқа турагенттермен өзара əрекеттестікте, сонымен қатар нарықтың басқа сегменттерінде туристермен өзара əрекеттестікте экотуристік өнімді ұсынады, туристер тобын жинақтайды жəне т.б.
Туристік индустрия мүшелері экотуризм үшін көптеген себептер бойынша пайдалы. Біріншіден, олар саяхаттардың беталысын түсінеді, олар тұтынушылардың өздерін қалай ұстап, не қажет ететіндерін біледі. Екіншіден, туристік индустрия жақсы тəртіпті қолдай отырып жəне қорғалатын аймақтарда кері əсерді төмендете отырып, туристерге əсер ете алады. Үшіншіден, туристік индустрия экотуристік бару орындары мен саяхатшылардың арасында байланысты қамтамасыз ете отырып, экотуризмді дамытуда басты рөл атқарады.
Туроператорлардың делдалдарды (турагенттерді) қолдануы клиенттерді барынша қызықтырудың ең кең таралған жəне тиімді тəсілі болып табылады. Туроператор мен турагенттің өзара ынтымақтастығы екі жаққа да айтарлықтай пайда əкеледі. Туроператорда турагенттік желінің болуы оған турлардың сатылуын ұлғайтуды, жаңа нарыққа шығуды, орынды жалға алуға, оны жабдықтауға, жеке қызметшілерге жəне т.б. жұмсалатын шығынды азайтуды қамтамасыз етеді.
Жемісті қызметтестік үшін ЕҚТА мен оның төңірегінде туристік бизнесті тікелей жəне жанама реттейтін нақты жəне барлық құқықтық ережелер туралы ресми расталған құжаттар қажет. Туроператор ЕҚТА-да турды «ара қашықтықта» дайындап, оның бағасын белгілеп жəне өнімін сатқаннан кейін де, кездейсоқ қосымша шығындарға ұшырайды, тіпті алғашқы туристер белгіленген жерге келіп қойғанда, ол жерде турды өткізуге тыйыммен де кездесу жайттары да орын алады. Мұндай «сыйлардың» жиі кездесетін себептері: жергілікті үкіметтің бастамалары, ал кейбір кездерде озбырлығы да немесе турды өткізу туралы ақпаратты əзірлеген парк жұмыскерлерінің тиянақсыздығы. Бұл жағдайлар туроператорды, əсіресе, егер ол шетелдік туроператор болса, мұндай паркпен қызметтестіктен ұзақ уақытқа дейін бас тартқызады.
Экотурлар маркетингісі айтарлықтай ұзақ үрдіс екенін əрқашан естен шығармаған жөн. Беделді еуропалық жəне американдық турагенттіктердің көпшілігі ұсынылатын бағдарламаларды 2-3 жыл бұрын жоспарлайды. Олардың маусым бойынша бағдарлама тізбелері басталуына орташа есеппен бір жыл қалғанда жарияланады. Сондықтан сіздің қызметтестігіңіз басталған жылы клиенттердің айтарлықтай ағымына үміт артпау керек. Дегенмен де осы жылы туристердің шағын тобына турагенттіктердің өкілдерімен бірге тест-тур (танысу туры) ұйымдастыруға болады.
ЕҚТА экологиялық турларды өткізу үшін бар қорларын ұсынады. Өз аймағында туристік ісəрекеттің регламентін белгілейді. Туристердің экологиялық таным деңгейін арттыруға ат салысады, сонымен бірге ұсынылған тауарлар мен қызметтері үшін, өз аймағында болғаны үшін жəне ҚНЭТ қатысушыларының аудармалары есебінен қалыптаса алатын ЕҚТА-ды қолдау қорлары есебінен табыс табады.
Ұлттық қорықтар мен парктер қызметкерлері табиғат жəне оны қорғау шаралары туралы, ерекшеліктері мен көрнекті жерлері жайында сапалы ақпарат ұсынады. Олар экосайттар үшін жарнамалық материалдардың негізі болып табылады.
Аң аулаудың барлық түрі экотуризм түрі ретінде ЕҚТА жерінде рұқсат етілмеуі тиіс.
Дəл белгіленген бағаны, қорғалатын аймақтарға барудың, сонымен қатар концессия үшін бағаны белгілеу мəселесі - өте маңызды мəселе.
Қорғалатын аймақтарда туроперторлардың қандай түрлеріне жұмыс істеуге рұқсат етілетінін жəне қызметтің қандай түрлерін көрсетуге рұқсат етілетінін анық біліп алған жөн.
Қорлар экотуризмнің дамуын қаржыландыратын топтар болып табылады: инвестициялық корпорациялар, біржақты жəне көпжақты донорлық агенттіктер; жеке инвесторлар; ҮЕҰ жəне меншік банктер енген қаржылық мекемелер. Бұл салымдар көбінесе экотуризм дамитын қорғалатын аймақтар үшін қажет. ЕҚТА –дың шектеулі бюджетін есептегенде экотуризм бойынша жобаларды сырттан қаржыландыру қажетті болып табылады.
Жергілікті тұрғындар мен туристер – мақсатты тыңдаушылардың бірі, олар ж­ртшылықпен байланыс бойынша ЕҚТА-дың іс-əрекетімен немесе PR (Public Relations) қамтылу керек. ЕҚТАдың жұртшылықпен байланысы жеке PR- бағдарламасы аясында, сонымен бірге ЕҚТА Басқару жоспары аясында жүзеге асырылады. Кез келген жағдайда PR-іс-əрекетін алдын ала жоспарлау (өз-өзінен іске асыру емес) аса маңызды. Сонымен қатар PR- жоспарларды (ең болмаса, аз аспаптар жиынтығымен) жеке – мысалы, жаңа жəне бірегей – турөнімдер үшін əзірлеуге кепілдеме беріледі [20, 17 б].
ЕҚТА-дың басты PR-адамы ретінде, əрине, оның басшысы болып табылады. ЕҚТА-дың штатында басшыға PR-жоспарларды жүзеге асыруға көмек беретін 1 бірліктің болғаны жөн.
Осы бөлімде ЕҚТА-дың тек екі мақсатты тыңдаушылары – жергілікті т­ұрғындар мен туристер қарастырылғанмен, жұртшылықпен жұмыс жүргізу барысында басқа да топтар айтарлықтай маңызды. Себебі олар ақпаратты таратуда делдал бола алады (мысалы, жергілікті əкімшіліктер), ал олардың өкілдері экотуризмнің даму саласында сарапшылар бола алады (мысалы, ҮЕҰ). Жоғарыда аталғандай, ЕҚТА-ның өрісінде келесілерді атап өтуге болады:
- жергілікті және орталық билік органдары;
- өңір халқы;
- үкіметтік емес ұйымдар;
- білім беру ұйымдары;
- БАҚ (олар тек қана қызмет етуге қажетті негізгі тыңдаушылар болып табылмайды, сонымен бірге жоғарыда атап көрсетілген барлық топтарға ақпаратты жеткізудің маңызды коммуникациялық арнасы болып табылады) және т.б.
Дегенмен бұл тараудың мақсаты PR –жоспарлау əдістемесін түсіндіру болмаса да, төменде ЕҚТА іс-əрекетінің осы бағытының негізгі сəттері көрсетілген. Қосымша ақпарат алу үшін тиісті мамандандырылған əдебиетті оқып білуге кепілдеме беріледі.
PR-жоспарлаудың негізгі қадамдары:
− Мақсатты/мақсаттар мен міндеттерді анықтау;
− SWOT-талдау (ақпараттық жұмыс, айналасындағылар тарапынан мүмкіндіктер мен қауіп-қатер аясында ЕҚТА-дың əлді жəне əлсіз жақтарын талдау);
− Мақсатты тыңдаушыларды, оларға лайықты ақпаратты тарату арналары мен аспаптарды (іс-əрекет түрлерін) анықтау;
− Жұмыстың жоспарын/графигін жасау, онда мақсатты тыңдаушыларды, арналарды, аспаптарды, мерзімді, жауаптыларды, күтілетін нəтижені, сонымен бірге əр нəтиже бойынша сандық жəне сапалық индикаторларды көрсету.
Жергілікті қоғамдастықтар мен туристер ЕҚТА PR қызметінің тең дəрежедегі мақсатты топтары болғанымен, олармен ақпараттық өзара əрекеттесуде түрлі тəсілдер ұсынылады.
Жергілікті тұрғындармен жүргізілетін ақпарттық жұмыс барлық ЕҚТА-да бар əлде əзірленетін басқару жоспарлары аясында ЕҚТА-дың басқару үрдісіне қоғамдастықтарды қатыстырған жағдайда ғана тиімді бола алады. Əйтпесе, жергілікті қоғамдастықтар өкілдерінде экотуризмді дамыту бойынша ЕҚТА-дың іс-əрекетіне қатысуға еш ынтасы болмайды.
Бұл жағдайда үнемі ақпараттандыру:
− үнемі бас қосу мен осындай кездесулер (олардың бірінде, мысалы, экотуризмді дамыту мен экотуристермен өзара əрекеттестікке қатысты ережелер жиынтығын ұжыммен талқылап, қабылдау);
− қоғамдастықтардың ақсақалдары мен басқа өкілетті өкілдері;
− жергілікті тұрғындарға арналған (лайықты жағдайға байланысты əзірленген, қолайлы түрде дайындалып, жергілікті тұрғындардың сөйлейтін тілінде жазылған) ақпараттық материалдар (үлкен елді мекен жағдайында) жəне ЕҚТА əкімшілігігінің бір ғимаратының жанында ақпараттық стенд (шағын елді мекен жағдайында);
− экотуризмнің дамуына бағытталған тренингтер мен семинарлар;
− табиғатты қорғау акцияларына қатыстыру арқылы жүзеге асады.
Жергілікті қоғамдастықтар өкілдерінің экотуризмді дамыту бойынша ЕҚТА іс-шараларына қатысу үшін ынтасын арттыру мақсатында келесі шараларды өткізуге болады:
− болашақта PR-материалдарына енгізу мақсатында жергілікті тұрғындар арасында жергілікті аңыз-əңгімелерді үздік баяндау жарысын ұйымдастыру;
− «Ескерткішке бір бөлшек» дəстүрінің бірлескен əзірлемесі, оның барысында турист өзі болған елді мекенде ескерткішке бір зат қалдырады – мысалы, «экотуристер саяжолында» туристің өз қолымен отырғызған ағашы немесе қолтаңбасы/арнайы стендте қалдырылған бұйым (бұл туристерді эмоциялық қатыстыруға ынталандырады).
Жергілікті қоғамдастықтарда қоғамдық пікірдің мониторингісін жүргізу үшін келесі кепілдемелер ұсынылады:
− сауалнамалар жүргізу;
− қоғамдық қолайлы орындарда ұсыныстарды жинау бойынша арнайы жəшіктер ұйымдастыру.
«Туристер» мақсатты тыңдаушылар қатарына əлеуетті туристер де жататындықтан, туристермен ақпараттық жұмыс барысында алдын ала ақпараттандыру жəне орында ақпараттандыру кезеңдерін қарастырған орынды (арасында, бұл кезеңдер аясында іс-əрекет қатар жүзеге асырылады). Туристерге бағытталған материалдарда мəтін аз болып, графика немесе инфографиканың көп болғанын атап өту керек, мысалы, буклет негізінен негізгі бағдарлар, көрнекті жерлер, қонақ үйлер жəне белсенді демалу орындары белгіленген ЕҚТА-тың картасынан жасалуы мүмкін. Егер де ЕҚТА бюджетінің өз қаржы есебінен мұндай картаны əзірлеп, шығаруға мүмкіндігі болмаса, ол бірге қызмет ететін серіктестеріне – туристік жəне көліктік компанияларға, демалыс орындарына, отельдер, мейрамханалар мен дəмханаларға жəне т.б. осы басылымда өзінің модульдік жарнамасын орналастыруға ұсыныс жасауына болады жəне түскен қаржыға буклеткартасын шығара алады. Басқа нұсқа есебінде ҮЕҰ қорын қатыстыруға болады.
Инфографика – ақпартты визуалды ұсыну. Интернеттің ізденіс қызметі арқылы инфографиканы жасау жəне қолданудың сəтті үлгілерін табуға болады.
Бұл кезеңде таратылатын ақпарат əлеуетті туристті қызықтырып, оны сіздің туристіңіз қылуыі керек. Əлеуетті туристке бағытталған ақпаратта табиғи ландшафттың бірегейлігі жəне демалыстың ерекшелігі/тартымдылығы туралы ақпарат, негізгі қызметтер тізімі мен олардың бағасы жайында мəлімет болу керек.
Шетелдік туристке бағытталған ақпаратта келесі мəліметтер болу керек:
− ел жəне онда болу қауіпсіздігі туралы, жергілікті мəдениет жəне табиғат, баруға қолайлы жыл мезгілі жайында, қызметтер тізімі жəне олардың АҚШ доллары/ЕВРО баламасымен бағасы жəне т.б.;
− ЕҚТА, жергілікті халық пен сіздің серіктестеріңіздің жауапты туризмді ұстануы;
− іс-əрекеттің кейбір түрлерін жүзеге асыруды немесе белгілі жерлерге баруды, ондай жерлер болса, шектеу;
− етсіз қоректенуші туристерді қабылдауға даярлығы, жəне т.б.
БАҚ немесе MR (Media Relation) өзара əрекеттестігі ерекше жəне көп қырлы жұмыс болғандықтан, төменде оның негізгі сəттері берілген. Журналистерді қызықтыратын ақпараттық себептер:
− бірегей экотурөнім;
− экотуризмді дамыту арқасында жергілікті қоғамдастықтардың бір немесе бірнеше əлеуметтік мəселелерін шешу (жұмыс орындары, инфрақұрылым мəселелері);
− экотурға қазақстандық жəне шетелдік атақтылардың қатысуы;
− экотуризм дамып келе жатқан өлке туралы бұрын белгісіз болған деректі халыққа мəлім ету.
БАҚ-мен жұмыс барысында қолданылатын амалдар:
− медиа-парақ
– БАҚ жəне жеке журналистер туралы мəліметтер базасын жасау;
− медиа-анонс пен пресс-релиздерді тарату;
− ашық есік күндері мен баспасөз конференцияларын өткізу;
− сұхбаттасу;
− медиа-турларды ұйымдастыру (журналистер тобы үшін де, сонымен бірге сіз ұсынған тақырып бойынша, мысалы, сіздің ЕҚТА–та экотуризмнің дамуы туралы маманданатын бір журналист үшін де);
− журналистер арсында ЕҚТА-да экотуризмді дамыту мəселелерін үздік баяндау бойынша жарыс өткізу жəне т.б.
Медиа-парақты əзірлегенде (БАҚ-дың атаулары жəне қатынастарымен, қатынасатын тұлғаның – журналист немесе редактордың аты бар тізімі), ескеретін жайттар:
− жергілікті, облыстық, ұлттық жəне шетелдік БАҚ:
− газеттер, журналдар, радио, теледидар жəне интернет-басылымдар;
− бұл тақырып бойынша маманданатын журналистер.
Қазақстанда демалыс пен саяхатта мамандандырылатын БАҚ көп емес, алайда басылымдар арасында таңдау қажет болса, сіздің ЕҚТА-да дамыған демалыс пен саяхатқа, сонымен қатар спортқа, белсенді өмір салтына, тағамға жəне т.б. арналған бағанасы бар басылымды таңдаған орынды. Əуежайларда жəне ұшақтар бортында таратылатын газет-журналдар туралы ұмытпаған жөн, себебі бұл əлеуетті шетелдік туристерді сіздің экотурөнімдеріңіз жайында ақпараттандыруға көмектеседі. Мұндай басылымның редакторына басылым фоматында əзірленген дайын мақаланы ұсынуға болады əлде өз ЕҚТА-қа журналисті, оның шығындарын өзіңіз көтере отырып, шақыруға болады.
Турөнімдер көрмесіне қатысу жəне арнайы экотуристерге арналған жолсілтемелерде ақпаратты басып шығаруды ЕҚТА əкімшілігі мүмкін болатын коммуникация арнасы ретінде қарастыра алады. Дегенмен сонымен бірге олар айтарлықтай шығынды қажет етеді. Сонда да шетелдік жолсілтемелерде (Lonely Planet’s Code Green, Travel Green Guide жəне т.б.) ақпаратты орналастыру шетелдік туристерді қызықтыруда аса тиімді.
Егер алдын ала ақпараттандыру кезеңінде сіздің ақпаратыңыз əлеуетті туристер назарына жетіп, сіздің экотурөніміңіздің бірегейлігі, қолайлығы жəне сапалылығына көз жеткіздірсе, онда жақын арада сіздерге экотуристер тартыла бастайды. Экотуристерге ЕҚТА-қа келгенде, қандай ақпаратты жəне оны қалай ұсыну керек?
Келуші экотуристке арналған ақпараттық пакет:
− жергілікті табиғат пен мəдениетті, белсенді демалысқа арналған негізгі мүмкіндіктерді суреттейтін, сонымен қатар жүріс-тұрыс ережелері баяндалған материалдар (мысал ретінде 6 Қосымшада 2002 жылы Экотуризм бойынша халықаралық конференцияның қатысушыларымен əзірленген Қазақстанда экотуризмді дамыту бойынша Практикалық кодексінен экотуристердің жүріс-тұрыс ережелерінің Жетекшілік ұстанымдары келтірілген, олардың негізінде ЕҚТА жергілікті тұрғындармен бірлесіп, жеке өз кодексін əзірлей алады);
− ЕҚТА-да белгіленген шектеуліктерге сəйкес орын алған жағдайда іс-əрекеттің белгілі түрлеріне немесе белгілі жерлерге баруға тыйым салу;
− қосымша қызмет көрсету туралы ақпарат
– ЕҚТА төңірегінде қосымша қай жерге баруға болады, кəдесыйларды қайдан сатып алуға болады жəне т.б. − ескерткішке арналған материалдар (ақысыз жəне коммерциялық)
– мысалы, ашық хаттар, «магниттер» жəне т.б. Бұл кезеңде ақпараттандыру келесі тəсілдер арқылы жүргізіледі:
− туристермен нұсқау жүргізу;
− ЕҚТА-қа тікелей кірер кезде ақпарат ұсыну (мысалы, арнайы ақпараттық стендтер арқылы);
− жергілікті экотуризмді ұйымдастырудың белгілі ұстанымдарын интерпретациялау бойынша жұмыс жүргізу;
− қонақ үйлерде сал-дəстүрлерге қатысу арқылы;
− келу орталықтары мен табиғат мұражайларына бару;
− табиғатты қорғау акцияларына қатысу немесе оларды өткізу үшін ақшалай жəрдем беру (мұндай практика еуропалық елдерде жəне АҚШ-да, сонымен бірге бұл елдерден келетін туристер баратын мемлекеттерде кең тараған).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет