Л. Н. Нұрланова Қазақ Әдебиеті



бет59/67
Дата04.05.2023
өлшемі1,59 Mb.
#176067
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   67
Байланысты:
қә 11 1-1
Лабораторная работа №5 виды адресации в электронной таблице MS EXCEL, Бақылау сұрағы, Бақылау сұрағы, Бақылау сұрағы, Бақылау сұрағы, Бақылау сұрағы, Графикамен жұмыс, Графикамен жұмыс, Тақырып 5.4. Мобильді қосымшалар, 100 злата королева, 1. ЕМН 10 сынып, Телекоммуникациялық құралдар түрлері, aisha, Биомеханиканың робототехникада қолданылуы (1), Пояснительная (3)
Төртінші көрініс
Купелі вагонның дәлізі. Пойыздың бастығы мен Жолсерік келіншек әңгімелесіп келеді. Пойыздың бастығы өз әңгімесінің біразын Жолсерік келіншекке, біразын купенің ішіндегі жолаушыларға арнап айтады.
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. (купенің ішіндегілер естісін деп). Қалай, бәрі дұрыс па?!.
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК (жібектей үнмен майысып және купедегілер естісін деп). Дұрыс... Бәрі дұрыс!..
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ (жолаушылар естісін деп). Жолаушылардан ешқандай арыз-шағым жоқ па?
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК (жолаушылар естісін деп). Жо-жоқ!.. О не дегеніңіз?!. Біз бар күшімізді салып... аянбай қызмет істеп... жолаушылар дән риза бізге!..
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ (жолсерік келіншекке). Қойшы-ей, рас па?.. (Жолаушылар естісін деп.) Шай мәселесі қалай? Бересіңдер ме жұртқа?
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК (жолаушылар естісін деп). Ойбай-ау, бермегенде... Кез келген уақытта... түн ортасында...
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ (жолаушылар естісін деп). Прәбәдниктер пойызда... сатады деген арыз бар – сенде ондай пәле жоқ па?
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК (жолаушылар естісін деп). О, не дегеніңіз, беті аулақ ондайдың!.. (Пойыздың бастығына.) Шетелдікі бар... Сондай күшті... Көресіз бе?
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ (жолсерік келіншекке). Сосын... кейін... (жолаушылар естісін деп.) Қазір мафия ма, рэкет пе бір пәле қаптады ғой... түнге қарай өте сақ болу керек. Пассажирлер купенің есік-терезесін тас қылып жауып алсын!..
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК (жолаушылар естісін деп). Сұмдық-ай!.. Ой, сұмдық-ай!..
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ (жолсерік келіншекке) . Жолаушыларды осылай қорқытып қою керек. (жолаушылар естісін деп.) Ал сосын әне бір мәселе қалай?
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК (жұрт естісін деп). Ол мәселе де тамаша... (Жолаушылар естісін деп Пойыздың бастығына.) Взнос па? Қазір берейін!..
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ (жұрт естісін деп). Жақсы!.. Өте жақсы!.. (Жолсерік келіншекке.) Қазір... бізге барған соң бересің...
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Айтпақшы, осында сізді жаңа бір кісі сұрап жатыр еді. Танысыңыз ғой деймін!
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. Кім?
Осы сәтте қатардағы купеден Саудагер әйел шыға келеді. Билетсіз жолаушыны қолынан жетектеп алған.
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Мен ғой... Біз іздеген... (Билетсіз жолаушыны қолынан тартып қойып.) Жүрсейші былай!.. (Пойыздың бастығына.) Үйбай, інім-ау, бала-шаға аман ба? Келіннің жағдайы қалай?
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ (танымағанын жасыруға тырысып). Иә-иә, аман!.. Бәрі жақсы!
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Апамның ше? Көкемнің... Бәрінің дендері сау ма?! Қуатты отыр ма?!
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. Иә-иә, қуатты... аздап ауырады... Үлкен кісілер ғой...
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Ай, ол кісілердің сүйегі асыл ғой... Жақында әдейі барып, сәлем беріп қайтам... Анда-санда барып тұрамасаң ұрсады олар!.. Ренжиді... (Билетсіз жолаушыны көрсетіп.) Айтпақшы, мына кісіні танымайтын шығарсың... Бұл кісі – құдамыздың құдасы... Оқудағы баласына барып...
БИЛЕТСІЗ ДОЛАУШЫ. Иә, балама барып... Мұғалімдері соғым сұратқан екен... Содан билет ал алмай...
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Сөйтіп тұрғанда мына сіңілім кездесіп... (Жолсерік келіншекті көрсетіп.) Өзі сондай бір кішіпейіл... ілтипатты, тәрбиелі бала екен...
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Екеулеріне бір купені беріп қойдым... Жүктері де көп екен...
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Қарағым-ау, өзің де білесің ғой – мен ептеп сауда-саттық жасаймын... Бала-шағаның қамы... Кәне, ішке кіріңдер, ауылдан алып шыққан бір дәм бар еді...
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. Жо-жоқ, рақмет!.. (Жұртқа естірту үшін.) Бізде тәртіп өте күшті!.. Кызметте жүргенде ондай болмайды. (Жолсерік келіншекке сыбырлап.) Бұл кісілерден абай бол! (Саудагер әйелге.) Жақсы, апа! Мына кісілерге тапсырып кетем... Сіздерге барлық жағдай жасайды.
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Рақмет, қарағым! Қайтарда тағы мінем ғой пойызыңа!
ПОЙЫЗЛЫҢ БАСТЫҒЫ. Әрине... әрине! (Жолсерік келіншекке жұрт еститідіндей етіп.) Жолаушлылардан ешқандай жалоба түспейтіндей болсын. Өте абай болу керек!.. Әсіресе күдікті адамдарға... Сосын ішіп алған мастарға ешқандай аяушылық жасамау керек!
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Дұрыс!.. Мас көрінсе аямаймын!.. Ит қосып қуамын!
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. Ал сау болыңыздар!..
Пойыздың бастығы мен Жолсерік келіншек кетеді.
БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. Апырым-ай, пойыздың бастығы ініңіз болғаны қандай жақсы болды, әйтпесе далада қалады екенбіз...
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Қайдағы іні? Мен оны, тіпті танымаймын да... Өмірімде бірінші рет көріп тұрмын!
БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. А, сонда қалай болғаны?
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Түуһ! Өзің шал болғанмен түк білмейтін шал екенсің. Заман қандай болса, адам сондай болу керек! Жүр, шай ішеміз!...
Екеуі купеге кіріп кетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет