Сағымкүл (күлімдеп). Біздікі ше?
Жамал. Сендердікі – азап. Алдарыңда – тоқсан тосқауыл, бірінен аттап, бірінен айналып өтуге тиістісіңдер, біріне айбат, біріне айла керек. Біз де сендердей болатынбыз, көкке өрледік, жерге түстік. Игі іс те, күйкі тірлік те болды. Енді, міне, мына орындықта соның бәрін електен өткізіп отырмыз. Бірен-саран телі-тентекке ақыл айтатын кезіміз де бар.
Сағымкүл. Бәсе, өзім де сіздер орындықта босқадан-босқа отырмайтын шығар деп ойлаушы едім.
Рауза. Бұл орындық – біздің бүгінгі – жұмыс орнымыз. Ал, мына аула – өмір. Өзің білесің, бұл аула қаға беріс, қалтарыс, сонда да жұрт аяғы үзілмейді, өмірдің барша болмысы қылаң береді. Соларды көріп отырудың өзі бір ғанибет.
Сағымкүл. Дұрыс екен, отырыңыздар.
Сағымкүл кетеді.
Жамал. Рауза, мына келін түсінігі бар адам сияқты ғой өзі.
Достарыңызбен бөлісу: |