Јлдихан Ќалдыбаев


Әкім. Өздерің шығар пара деп берген. Қарғабаев



бет303/371
Дата06.02.2022
өлшемі5,93 Mb.
#37241
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   371
    Бұл бет үшін навигация:
  • Әкім.
Әкім. Өздерің шығар пара деп берген.
Қарғабаев. Ия, сөйттік. «Осы отыз мың долларды берсеңдер, шығарамын» – деді. Бердік. Шықтық. Сөйтсек, бізді шығартқан мүлде басқа адам екен.
Әкім. Түу, тағы да бүлдіріпсіңдер ғой. Сендерге дауа жоқ екен. Парасыз өмір – тұл, адам – оған құл. Бұл неткен тірлік!
Қарғабаев. Өмірді енді түсініп келе жатырсың, бала. Әлі-ақ бәрін түсінесің, кабинетіңе кірген кісінің қолына, қойны-қонышына телміріп отыратын жемірдің өзі боласың. Аман бол!
Қарғабаев кетеді.
Әкім ойланып отыр.


Әкімнің ойы (радиомен). Апырау, қайттім? Өмірге ендеп те, бойлап та енген екен бұл пара. Әкім болғалы бекініп жүрген ісім еді бұл – парақорлықпен күрес. Онымның быт-шыты шықты. Бүйте берсе, қай шаруам алға жылжыр? Дүниенің бәрін сыбайластық шырмап алған. Осы пәлеге өзім бой алдырмай тұрғанда биліктен атымды аулақ арқандағаным жөн болар. Алда былық-шылыққа бату күтіп тұрған әкімдігі бар болсын! Елбасына өтініш жазайын: «Босатыңыз», – деп. (Радио өшіп, өзі сөйлейді. Залға қарап). Сыбайлас жемқорлық, парақорлық сияқты жегі құрттармен әкім күреспегенде кім күреспек, деп кінә қойма, ағайын! Әне, көрдіңіздер ғой, әжептеуір әрекетімнен не шыққанын. Ойға алғанын орындай алмаған адамнан не үміт, не қайыр?!
Шапалақпен (оң қолымен оң жағын басып) мына жағынан бір тартса, (сол қолымен сол жағын басып) мына жағын, бұл жағынан бір тартса (оң алақанымен оң жағынан басып) мына жағын тосатын езің мен емес. Тепеңдегенге текіректейтін тесік өкпе де бола алмаймын. (Телефон тұтқасын көтеріп, хатшы қызға). Әсия, жаңағы Сапар қария ұзап кеткен жоқ па?

Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   371




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет