Јлдихан Ќалдыбаев


Сапар. Менікі – ақыл емес, ағалық сөз. Әкім



бет300/371
Дата06.02.2022
өлшемі5,93 Mb.
#37241
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   371
    Бұл бет үшін навигация:
  • Әкім.
Сапар. Менікі – ақыл емес, ағалық сөз.
Әкім. Басқа шаруа жоқ па енді?
Сапар. Жоқ. Мен сенен ештеңе сұраймаймын, ешуақыт ешкімнен ештеңе сұрап көрген емеспін. Жасымда жасамаған тірлікке енді қартайғанда жолап қайтейін. Ал, бірдеңеге ақыл қос деп хабарлассаң, дайынмын.
Әкім. Қазақта «Жетектеп қосқан тазы түлкі алмас» – деген мәтел бар емес пе еді?
Сапар. Бар.
Әкім. Ендеше, мені неге жетектейсіз?
Сапар. Өй, сен өзі көп өсіпсің. Тәуба! Біздің азғантай Андастан да бір тәуір жігіт туған екен, жолын болдыра көр, құдайым!
Әкім. Аға, бәрімізге, әсіресе, әкімге атаның ұлы емес, адамның ұлы болған жөн шығар.
Сапар (қарқылдап күліп). Қатырдың-қатырдың, қарағым! Адымымды аштырар емессің. Біз көп нәрседен шеттеп қалған екенбіз. Кетейін.
Әкім. Сау болыңыз, аға!
Сапар кетеді.
Әкім ойланып отыр.


Әкімнің ойы (радиомен). Қайран аға, қартаяйын депсіз-ау! Маған дүниеде сіздей ақылды, өткір, әділ, шешен адам жоқ сияқты болып көрінуші еді. «Ер арыса – аруақтың» кебі келіп, қалыпты-ау, аға. Мұндай әңгіменің не қажеті бар екен сізге? Астыңда тағы жоқ адамның сөзін кім елемек?! Бос сөз – құрғақ қасық. Бос сөз құлақ тартады, құрғақ қасық ауыз жыртады.
Үкіметтік телефон шар ете қалады.


Әкім (телефон тұтқасын апыл-ғұпыл құлағына тосып). Тыңдап тұрмын мен сізді Дамир Тұңғышбаевич! Жаңа басқаша айтып едіңіз... Ерік Көбенович пе?... Мақұл... Қазір босаттырамын... Оған сөз бар ма, ешқайсысына тиіспеймін, істей берсін жұмыстарын... Түсіндім-түсіндім... Жайлап, біртіндеп құртамын көздерін... Сөйтемін... Сау болыңыз, Дамир Тұңғышбаевич! (Ұялы телефон нөмірін теріп). Әбиірбек Рахымович, ана әкімдерді дереу босатыңдар!.. Тездетіңдер!... Не боп қалғанын қайтесің?.. Иә, команда... Бітті.


Әкім телефон трубкасын қойып, ойланып қалады.


Әкімнің ойы (радиомен). Қап! Мұным керемет ағаттық іс болған екен. Жатқан жыланның құйрығын басып нем бар еді?! Жылан деймін-ау, жеті басты айдаһар екен бұл – пара. Бір басын қағып түсірермін, екі-үш, тіптен төрт басын домалатармын, одан арғыға шамам жетпес. Жетінші бастың өзі тұрмақ жалына жан адамның қолы шендесе алмайды. Ол – басты бас. Осы басты бас қан беріп, ұшқан бастың орнына басқа бас жалмаңдап шығады. Олар өздері орнына шыққан бұрынғы бастардан әлдеқайда жалмауыз болады. Сондықтан ештеңеге тимеу керек екен. Парақорлықтың да мына өмірдің өзіндей бір сыдырғы аға бергені жөн шығар. Қойдым, құрысын! Әттеген-ай, бәрінен де Ерік Көбеновичтен ұят болды-ау! Қой, ол кісіге ертең жетейін (Ішкі телефонның түймесін басып). Қасеке, біліңізші, Ерік Көбенович ертең қызмет орнында болар ма екен?.. Иә, келіңізші...


Аппарат жетекшісі Қордабаев кіреді.



Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   371




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет