136
Қ.Жұбанов сөздердің де өздеріне жарасты
орын тәртібі болатынын
мысалдармен жақсы түсіндіріп, ол сөздер орындарын ауыстырса, сөйлеуші
адамның нені, қалай айтып тұрғандығын, яғни оның дәл ойын,
эмоциясын
бере алатындығын дәлелдеді (59, 100).
Ғалым сөйлемдегі немесе жеке топтағы сөз тіркестері бірнеше сөз бір
ғана сөзге бірдей тәуелді болғанда
параллель
және бір сөз екінші сөзге,
соңғысы үшінші сөзге тәуелді болғанда
тізбекті
деп аталады дейді.
Сөйлем мүшелері
негізгі заңға бағына отырып, белгілі бір ретпен
орналасады, басыңқы сөз бағыныңқының, анықтауыш анықтайтын сөздің
алдында келеді, яғни сөйлемнің соңында баяндауыш орналасады, оның
алдында біріншілік мүшелер, олардың әрқайсысының алдында оларға тәуелді
екіншілік мүшелер келеді дейді ғалым.
Дегенмен ғалым сөйлем мүшелерінің
байланысуындағы мұндай
«тәртіп» кейде «бұзылуы» да мүмкін: «
бір ғана сөзге бірдей қатысты және
қандай да бір формадағы мүшелер параллель тіркескенде логикалық екпінге
ғана бағынатын белгілі бір тәртіпке бағынбай-ақ орналасуы мүмкін
».
Ғалымның айтуынша, сөздердің орын тәртібін ауыстыруға болады,
алайда оған қандай да бір шарт болуы керек, мысалы, «
параллель орналасқан
сөздерді біз олардың барлығына жалғау-жұрнақ жалғанғанда және әрбір
мүшенің қандай сөзге қатысты екендігін білгенде ғана өз қалауымызша
орналастыра аламыз
».
Профессор Қ.Жұбанов «
Достарыңызбен бөлісу: