Методические рекомендации по изучению предмета «Начальная военная и технологическая подготовка»



Pdf көрінісі
бет17/139
Дата07.02.2022
өлшемі4,97 Mb.
#86094
түріМетодические рекомендации
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   139
Байланысты:
өспе, 1510058388496, jdndLevrJVZFDFgCmGuumdOE1gWTsOjAhhRc4RAJ, Ортопедическая стоматология тесты , 01,03, фитпат 24-29, аза стан тарихы п ні бойынша емтихан с ра тары мен та ырыптары
Мәселе туындату дәрісі.
Дәстүрлі дәрістермен салыстырғанда, мәселе 
туындататын дәрістерде білім беру процесі белсенді емес формада өткізілмейді. 
Яғни ондай дәрісте дайын, шешуін тапқан анықтамалар бермейді, ол сұрақтар 
қойып, мәселерді меңзейді. Ережені оқушылардың өзі табады. Бұл әдіс әрине 
күрделі және оқушылардың бойында белгілі бір деңгейдегі логикалық пайымды 
талап етеді. 


30 
Мысал: 
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабағында 
«Калашников Автоматы және пулеметі» тақырыбын қарастыру бойынша 
мәселелік дәріс үлгісін ұсынамыз. 
Ұсыныс. 

Балалар! Сіздер экраннан (видеофильм) не көріп тұрсыздар? 
Оқушыларға сабақтың тақырыбын анықтап, мақсаттарын құру ұсынылады. 
Сабаққа дайындалған кезде көрнекілік және уақытты үнемдеу үшін автомат, 
пулемет бейнеленген және сипаттамалары берілген видеослайдтарды 
(видеороликтер) немесе плакаттарды даярлап қою қажет. 
Оқу сұрақтарын
былайша құруға болады: бірінші – «Қару және 
патрондармен жұмыс жасаған кезде сақтау керек қауіпсіздік шаралары»; екінші 
– 
«АК-74, РПК-74 атқаратын қызметі, ұрыстық қасиеті және құрылысы»; 
үшінші – «АК-74 және РПК-74 жұмыс істеу принциптері». 
Оқытушы атыс дайындығын оқытуға кірісе отырып, оқушыларға атыс 
дайындығының әскери қызметшілерді дайындауда үлкен маңызы бар екендігін 
және жеке құрамды ұрыс кезінде түрлі нысандарды жою үшін штатты қаруды 
қолдануға үйретуге бағытталғандығын айтып береді. 
Аталған тақырыпты қару және патрондарды қолданған кезде сақталу 
керек қауіпсіздік ережелерінен бастау керек. Оқытушы қару мен оқ-дәрілерді 
қолданған кезде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек екендігін айтады. 
Әрбір қаруды қолдану кезіндегі қауіпсіздік ережелері ату істері бойынша 
нұсқаулықтарда және атуды ұйымдастыру мен өткізу ережелерінде берілген. 
Негізгі қауіпсіздік шараларына мыналар жатады: 

оқушы қарудың құрылысы мен оқ-дәрілерінің жұмыс істеу принципін 
білуі керек; 

қаруды қолына алып оғы жоқ екеніне көз жеткізген соң, оны 
сақтандырғышқа қою керек; 

қаруды қолданған кезде оны адамға, жануарларға, көлікке және төмен 
ұшатын нысандарға кезеуге қатаң тиым салынады; 

атуға дейін саусақты шүріппеге салудың қажеті жоқ; 

шүріппені ретсіз басудың қажеті жоқ, соның салдарынан қарудың 
механизмдері уақытынан бұрын істен шығуы мүмкін; 

себепсізден-себепсіз патронды оқтыққа салуға тиым салынады; 

қаруды оқтаған және оғын алған кезде ұңғысын жоғары қарату керек; 

қаруды қолданып болған соң, оқтықта патронның қалмағанын тексеріп, 
сақтандырғышқа қою керек; 

жарамсыз қару мен оқ-дәрілерді қолдануға тиым салынады; 

жарылмаған оқ-дәрілер мен гранатаға қозғауға, қолға алуға тиым 
салынады. 
Қауіпсіздік шараларын түсіндірген кезде оқытушы оқушылардың 
қауіпсіздік ережелерін барлық жерлерде және әрдайым сақтауларын талап 
етеді. Сонымен қатар оқу-үйрену қаруларын қолданған кезде де (ұрыстық 
қарумен әрекет еткендей) қауіпсіздік шараларын сақтау керек екендігін 
түсіндіреді. Себебі Қарулы Күштер сапында орын алатын қайғылы 


31 
оқиғалардың көпшілігі, қауіпсіздік ережелері сақтамаудың салдарынан болып 
жатады. Осы жерде оқушыларға әскер өмірінен бірер мысал келтіруге болады. 
Оқу сұрағын қарастырған кезде,
дайындап қойған материалдарды 
қолдана отырып, автомат және қол пулеметін көрсетеді, олардың толық және 
қысқартылған атауларын (мысалы: 5,45 миллиметрлік жиналмалы құндағы бар 
Калашников қол пулеметі – РПКС-74) және олардың барлығы жаудың тірі күші 
мен атыс жүргізетін орындарын жоюға арналғандығын айтады. Сонымен қатар 
оқушыларға жаудың тірі күші және атыс жүргізетін орынның не екендігін 
түсіндіре кеткен дұрыс. Қарудың ұрыстық қасиеттерін оқытқан кезде автомат 
пен пулеметтің сипаттамалары (қажет болса шетел армияларының 
қолданысындағы қарудың үлгісін де көрсетуге болады) берілген слайдтар 
(плакат) қолданылады. Автоматтың ұрыстық қасиеттерімен таныстырған кезде, 
оларды түсіндіру керек. Яғни ұңғының калибрі, ату екпіні дегеніміз не және 
оның жылдам атудан қандай айырмашылығы бар және т.с.с. 
Оқытушы АК-74 және РПК-74 -нің жалпы құрылысын оқытқан кезде 
автоматты бұзып, автомат пен қол пулеметінің құрылысы шамамен бірдей 
екендігін, сондықтанда олардың құрылысын автомат арқылы үйрететінін, ал 
пулеметтің өзгешеліктерін қосымша атап өтетіндігін айтады. Содан кейін 
автоматтың негізгі бөлшектері мен механизмдерін ретімен көрсетеді, атауларын 
айтады. Егер оқушылар жазып отырған болса (жазып отырған дұрыс), оқытушы 
әрбір оқушының алдымен көріп, содан кейін жазып алуларын тексереді. 
Автомат пен қол пулеметінің жұмыс істеу принципін оқытқан кезде, 
оқытушы алдын-ала дайындалған слайдтарды қолданады және қарастырылатын 
сұрақтың мазмұнын түсіндіреді. 
Ол үшін оқушылардың мазмұндалған материалды игеру деңгейін анықтап 
алып, содан кейін әрбір оқу сұрағын қысқаша тексеріп өткен дұрыс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет