Методические рекомендации по изучению предмета «Начальная военная и технологическая подготовка»



Pdf көрінісі
бет19/139
Дата07.02.2022
өлшемі4,97 Mb.
#86094
түріМетодические рекомендации
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   139
Байланысты:
өспе, 1510058388496, jdndLevrJVZFDFgCmGuumdOE1gWTsOjAhhRc4RAJ, Ортопедическая стоматология тесты , 01,03, фитпат 24-29, аза стан тарихы п ні бойынша емтихан с ра тары мен та ырыптары
1-
сабақ.
Сап және оның 
элементтері. 
Алдын-ала 
берілетін 
және 
орындауға 
арналған бұйрықтар. Сарбаздың 
сапқа тұрғанға дейінгі және 
сапта 
тұрғанда 
атқаратын 
міндеттері. Сәлемдесуге бір 
орында тұрып жауап қайтару. 

Көрсету, 
түсіндіру, 
жаттығу. 
АӘД 
оқулығы, 
5-
тарау, § 1. 
ҚР ҚК СЖ 

Саптық тұрыс. 
2-
сабақ.
Саптық дайындық. 
«Саптал», «Түзел», «Тік тұр», 
«Еркін тұр», «Бас киімді - 
ШЕШ», «Бас киімді - КИ» 
пәомендерін орындау. 

Көрсету, 
түсіндіру, 
жаттығу. 
АӘД 
оқулығы, 
5-
тарау, § 2. 
ҚР ҚК СЖ 

Бір 
орында 
орындалатын 
бұрылулар. 
3-
сабақ.
Саптық тұрыс. Бір 
орында 
орындалатын 
бұрылулар. Бір қатардан екі 
қатарға және қайтадан бір 
қатарға сап құру. 

Көрсету, 
түсіндіру, 
жаттығу. 
АӘД 
оқулығы, 
5-
тарау, § 3. 
ҚР ҚК СЖ 

Саптық және жорықтық адым. 
4-
сабақ.
Саптық 
және 
жорықтық адыммен қозғалу 

Көрсету, 
түсіндіру, 
жаттығу. 
АӘД 
оқулығы, 
5-
тарау, § 4. 
ҚР ҚК СЖ 

Әскери сәлемдесуді бір орында 
және қозғалыста орындау. 
5-
сабақ.
Әскери сәлемдесуді бір 
орында 
және 
қозғалыста 
орындау. 
Қозғалыста 
сәлемдескен әскери қызметшіге 
жауап қайтару. 

Көрсету, 
түсіндіру, 
жаттығу. 
АӘД 
оқулығы, 
5-
тарау, § 5. 
ҚР ҚК СЖ 

Саптан шығу және қайта сапқа 
тұру. 
6-
сабақ.
Саптан шығу және 
қайта сапқа тұру. Бастыққа келу 
және кету. 

Көрсету, 
түсіндіру, 
жаттығу. 
АӘД 
оқулығы, 
5-
тарау, §6. 
ҚР ҚК СЖ 

Саптық тәсілдер және қарумен 
орындалатын қимыл-әрекеттер 

Көрсету, 
түсіндіру, 
АӘД 
оқулығы, 


34 
(оқу жиынында). 
7-
сабақ.
«Автомат кеудеге», 
«Белдікке», «Қаруды қой», 
«Қаруға», «Қаруды» тәсілдерін 
орындау. 
жаттығу. 5-тарау, §7. 
ҚР ҚК СЖ 

Бөлімшенің 
сабы 
(оқу 
жиынында). 
8-
сабақ.
Бөлімшені жазылған 
және жорықтық сапқа тұрғызу. 
Бөлімшені жазу және қосу. 
Бөлімшені жазылған саптан, 
жорықтық сапқа тұрғызу және 
қайта жазылған сапқа тұрғызу.

Көрсету, 
түсіндіру, 
жаттығу. 
АӘД 
оқулығы, 
5-
тарау, §8 
ҚР ҚК СЖ 

Сапты белгілермен басқару (оқу 
жиынында). 
9-
сабақ.
Сапты 
басқару 
белгілері: 
«Назар 
сал», 
«Командирлердің 
жиыны», 
«Бас», «Тоқта», «Қашықтықты 
ұлғайт», 
«Қашықтықты 
қысқарт», 
«Колоннаға», 
«Барлығың 
артқа 
бұрыл», 
«Барлығың оңға (солға)» және 
т.б. 

Көрсету, 
түсіндіру, 
жаттығу. 
АӘД 
оқулығы, 
5-
тарау, §9 
ҚР ҚК СЖ 
 
Сап және оның элементтері 
Әскери қызметшілерді ұрыстық дайындаудағы саптық дайындықтың 
маңызын қысқаша түсіндірумен сабақты бастауға болады. Саптық дайындық – 
әскери қызметшілерді оқыту мен тәрбиелеудің негізгі құралдарының бірі болып 
табылады. Ол Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Саптық Жарғылары 
негізінде ұйымдастырылады және жүргізіледі. Саптық дайындыққа мыналар 
жатады: қарумен және қарусыз орындалатын жекедара саптық тәсілдер; әскери 
бөлімнің жаяу тәртіппен және машинадағы әрекеттерін реттестіру; ұрыс 
алаңында әрекет ету тәсілдері. 
Саптық дайындық кезінде әскери қызметшілерде ұқыптылық, тәртіптілік 
және назар салғыштық қалыптасады, дербес орындалатын саптық тәсілдерді 
және бөлімше құрамында әрекет ету дағдылары шыңдалады. Әскери мәдениет 
пен тәртіптілік, сапта және ұрыс кезінде білікті әрекет етуге дайын болу – 
әскери қызметшілердің саптық дайындықтарын анықтаудағы басты көрсеткіш 
болып табылады.
Тақырыпты қарастыруды сап деген не және оны не үшін қолданатынын 
түсіндіруден бастаған дұрыс. Сап элементтерін үйрету үшін бөлімшені сапқа 
тұрғызып, ретімен сап элементтерінің барлығын көрсету керек. Қажет болған 


35 
жағдайда бөлімшені қайтадан сапқа тұрғызады. Оқу сұрақтарын қарастырған 
кезде, оқушылардың оқу материалын игеру деңгейін анықтау мақастында, 
оларға сап элементтері бойынша сұрақтар қоюға болады. 
Оқытушы сап элеменеттерін көрсетіп және түсіндірген соң, сапты 
басқарудың мәнін түсіндіреді. Сапты басқару үшін командир дауыстап, 
белгілер беріп және өзі сап әрекеттерінің үлгісін көрсетеді, сондай-ақ 
байланыстың техникалық құралдарын қолданады. 
Бұйрықтарды бөлімше командирлері арқылы және тағайындалған 
бақылаушылар арқылы колоннаға беруге болады. 
Саптағы аға командир, өзіне басқаруға қолайлы жерге орналасады. 
Қалған командирлер Жарғыда анықталған немесе командир көрсеткен 
орындарда қалады. 
Рота командирлеріне және лауазымы олардан жоғары әскери 
қызметшілерге бұйрықтар беріп, олардың орындалуын тексеру үшін саптан 
шығуларына рұқсат беріледі. 
Бұл сұрақты түсіндірген кезде, бұйрықтың алдын-ала орындау үшін және 
атқару үшін берілетінін, сондай-ақ бұйрықтардың тек орындалу үшін 
берілетініне оқушылардың назарын аудару керек. 
Алдын-ала берілетін бұйрық әскери қызметшілердің назарын өзіне аудару 
үшін және атқару бұйрығын орындауға дайындалу үшін беріледі. Бұйрық сапта 
тұрғандар командирдің нені талап етіп тұрғанын түсінулері үшін дауыспен 
және созыңқы беріледі. 
Атқарушы бұйрық аздаған үзілістен кейін, жоғары дауыспен, созыңқы 
және дәл беріледі. Атқару бұйрығы жылдам орындалуы керек. Бұл ережелерді 
түсіндірген кезде бұйрық беру үлгілерін және орындалу тәртібін көрсету керек. 
Мысалы: оңға бұрылу үшін «Оң - ҒА» бұйрығы беріледі. Бұл жердегі «Оң» 
алдын-ала берілетін бұйрық, ал «ҒА» - атқарушы бұйрық болып табылады. 
Әрекетті орындауды тоқтату үшін «ТОҚТА», деген бұйрық беріледі. Осы 
бұйрық бойынша, тәсіл орындалғанға дейінгі қалып қабылданады. Бұл 
бұйрықтың алдын-ала берілетін, атқарушы бөлімдері жоқ және сол жерде 
тұрған әскери қызметшілердің барлығы орындаулары керек. Егер жеке 
бөлімшенің немесе жекелеген әскери қызметшінің назарын өзіне аудару керек 
болса, бөлімшенің атауы немесе әскери қызметшінің атағы мен аты-жөні 
аталады. «3-ші взвод - ТОҚТА», «Қатардағы сарбаз, Ахметов – ТОҚТА». 
Сапқа тұрғызу үшін «САПҚА ТҰР» бұйрығы беріледі, ал оның алдында 
сапқа тұру тәртібі айтылады. «Бөлімше, бір қатарға САПҚА ТҰР». 
Сарбаздың сапқа тұрғанға дейінгі және сапта тұрғандағы міндеттерін 
үйрету үшін, оқушыларды сол міндеттермен, олардың орындалу тәртібімен 
таныстырып, қажет болса көрсету керек. 
Саптық тұрыс 
Оқытушы саптық тұрысты үйрету үшін взводты бір қатарға тұрғызып, 
саптың алдына шығады да, саптық тұрысты қалай қабылдау керек екендігін 
көрсетеді. 


36 
Ол сабақты бастай отырып, оқушыларға саптық тұрыстың элементтерін 
үлгілі түрде көрсетеді. Ал оқушылар оқытушының көрсеткен саптық тұрысын 
алдынан, артынан және бір бүйірінен көрулері керек. Содан кейін оқытушы 
саптық тұрыстың қандай жағдайларда қабылданатынын көрсетеді және 
түсіндіреді. 
Көрсетуді аяқтаған соң, оқытушы взводты ажыратып, қосымша 
жаттығуларды қолдана отырып, саптық тұрысты элементтері бойынша 
үйретуге кіріседі. 
Оқытушы бірінші дайындық жаттығуын көрсетеді – «Аяқ ұштарын табан 
кеңдігімен, маңдайшеп сызығы бойымен орналастыру» және жаттықтыруға 
кіріседі. 
Бұл жаттығу «Аяқ ұшын қос, жаса – БІР, аяқ ұшын ажырат, жаса – ЕКІ» 
санағымен іске асырылады. 
Оқытушы бұйрықтар бере отырып, оқушылардың аяқ ұштарының ашылу 
кеңдігіне назар аударып, жіберілген қателерді түзетеді және оның 
оқушылардың барлығының дұрыс орындауына қол жеткізуге ұмтылады. 
Содан кейін екінші дайындық жаттығуын көрсетеді – ол жаттығу денені 
сәл алға беру, құрсақ бөлімін тарту, иық белдеуін кеңінен ашу және қолды 
төмен түсіру арқылы орындалады. Бұл жаттығуды орындау үшін терең дем 
тартып, сол қалыпта көкірек қуысын ұстап тұрып дем шығарылады және 
көтеріңкі кеудемен тыныстауды жалғастырады. Кеудені, дене корпусын көтеріп 
және сәл алға беріп, құрсақ бөлігі тартылады және иық кеңінен ашылады. Ал 
қол алақанмен ішке қаратылған қалыпта, санның ортасымен түсірілген, ал 
саусақтар санға жанасып тұрады. Дененің алға дұрыс шығарылғанын тексеру 
үшін аяқ ұшына көтеріліп, содан кейін, дененің еңіс қалпын өзгертпестен толық 
табанға түсу керек.
Бұл жаттығуды орындау үшін «Кеудені көтер, ішті тарт, иықты кеңінен 
аш, денені алға шығар, жаса – БІР, алғашқы қалыпты қабылда, жаса – ЕКІ», 
деген бұйрық беріледі. Бұл жаттығу да, осыған дейін орындалған жаттығу 
секілді үйретіледі. 
Дайындық жаттығуларын орындап болған соң, оқытушы саптық 
тұрыстың барлық элементтерін тұтасымен орындауды үйретуге кіріседі. Ол 
үшін «САПҚА ТҰР», «ТҮЗЕЛ» немесе басқа бұйрықтар беріледі. Мысалы: 
«екі адым алға (артқа, адым - БАС)», «Әлімов, бір адым алға, адым БАС» және 
т.с.с. 
Оқушылар саптық тұрысты қабылдауды дұрыс орындай бастаған соң, 
оларға «ТҮЗЕЛ», «ЕРКІН ТҰР» және «ЖИНАҚТАЛ» секілді бұйрықтарды 
орындауды үйретеді. «ЖИНАҚТАЛ» бұйрығының алдында әрқашан «ЕРКІН 
ТҰР» бұйрығы берілуі керек. 
Бір орындағы сапты түзету үшін «ТҮЗЕЛ» немесе «Солға - ТҮЗЕЛ», 
деген бұйрықтар беріледі.
«ТҮЗЕЛ» бұйрығы бойынша оң қапталдағы әскериден басқаларының 
барлығы бастарын оңға бұрады (оң құлақ, сол құлақ деңгейінен жоғарырақ; иек 
көтеріңкі) және әрқайсысы өзін біріншімін деп санап, төртінші тұрған адамның 


37 
кеудесін көретіндей болып түзеледі. «Солға – ТҮЗЕЛ» бұйрығы бойынша сол 
жақ қапталдағы әскериден басқаларының барлығы бастарын солға бұрады (сол 
құлақ, оң құлақ деңгейінен жоғары; иек көтеріңікі). Түзелген кезде әскери 
қызметшілер сәл алға, артқа немесе бір бүйірге қозғалулары мүмкін. 
«Еркін тұр» бұйрығы бойынша оң немесе сол аяқты тізеден бүгіп еркін 
тұрады. Алайда орнынан қозғалуға, сөйлеуге және назарды басқа жаққа салуға 
болмайды. 
«ЖИНАҚТАЛ» бұйрығы бойынша өз орнынан қозғалмай тұрып, еркін 
қимылдармен қаруын, киімін және басқа да жарақтарын түзетуге, ақырын 
сөйлеуге болады. 
Оқытушы осының барлығын түсіндіріп және көрсетіп болған соң, 
оқушыларды жаттықтыруға кіріседі. Ол үшін түрлі бұйрықтар бере отырып, 
оқушыларды түрлі сапқа немесе қалыпқа тұрғызуға болады. Мысалы: «Бөлімше 

ТАРАҢДАР», «Бөлімше, бір қатарға – ТҰР», «ТҮЗЕЛ», «ТІК ТҰР», «ЕРКІН 
ТҰР», «ЖИНАҚТАЛ» және т.с.с. осындай бұйрықтарды бере отырып, 
оқушылардың әрекеттерін қадағалайды, керек жерінде түзетеді және барлық 
оқушылардың әрекеттерді дұрыс орындауларына қол жеткізуге ұмтылады. 
Бірінші оқу сұрағын үйретіп болған соң, оқытушы «Бас киімді – ШЕШ», 
«Бас киімді – КИ тәсілдерінің орындалуы» атты екінші сұрақты қарастыруға 
кіріседі. 
Бас киімді шешу үшін «Бас киімді – ШЕШ», ал кию үшін «Бас киімді – 
КИ» деген бұйрықтар беріледі. 
Шешілген бас киімнің кокардасын алға қаратып, шынтақтан бүгілген сол 
қолмен ұстайды. 
Қарусыз және қару «арқада» қалпында болған кезде бас киімді оң қолмен 
шешіп, оң қолмен киеді, ал қару «белдікке» және «кеудеге» қалпында болған 
кезде – ол әрекеттер сол қолмен орындалады. 
Сапта тұрған кезде бас киімді кию немесе шешу бұйрықпен орындалады.
Жекедара, бөлек тұрған әскери қызметші бас киімді киіп-шешуді бұйрықсыз 
орындай алады. 
Бас киімді шешу күрделі әрекет болып саналмағанымен, оны алдымен 
бөліп, содан кейін тұтасымен орындап үйреткен дұрыс. 
Тәсілді бөліп үйрету үшін оқытушы «Бас киімді, бөлшектеп, шеш: жаса – 
БІР, жаса – ЕКІ, жаса – ҮШ» деген бұйрық береді. 
«Жаса – БІР» санағы бойынша оң қолмен бас киімді ұстайды (фуражканы 
қалқасынан, пилотка мен құлақшынды – жоғарғы жағынан); «жаса – ЕКІ» 
санағы бойынша бас киімді шешіп алып, оны белбеу деңгейіне дейін, сәл солға 
түсіреді де, сол сәтте сол қолымен фуражканың қалқасынан (пилотка мен 
құлақшынды кокарда тұсынан) сол қолдың төрт саусағы ішінде, ал басбармақ 
сыртында болатындай етіп ұстайды; «жаса – ҮШ» санағы бойынша бас киім 
ұстап тұрған сол қолды шынтақтан бүгіп және жұлдызын (кокардасын) алға 
қаратады, сол мезетте оң қолын төмен түсіреді. 
Бас киім киюді де, алдымен бөлшектеп үйретіледі. Ол үшін «Бас киімді 
бөлшектеп ки: жаса – БІР, жаса – ЕКІ, жаса – ҮШ» деген бұйрық беріледі. 


38 
«Жаса - БІР» санағы бойынша сол қолмен бас киімді белдеу тұсына алға 
шығарып, сол сәтте оны оң қолға алады; «жаса – ЕКІ» санағы бойынша сол 
қолды төмен түсіріп, бас киімді оң қолымен киеді; «жаса – ҮШ» санағы 
бойынша шалт қимылмен оң қолын төмен түсіреді. 
Бас киімді кию және шешуді бөлшектеп орындауды аяқтаған соң, 
оқытушы-ұйымдастырушы тәсілді тұтасымен орындауды жаттықтыруға 
кіріседі. Ол үшін «Бас киімді - ШЕШ», «Бас киімді – КИ» деген бұйрықтар 
береді. Сонымен бірге оқушылардың әрекеттерді дұрыс орындауын қадағалап, 
олардың қателіктерін түзейді және тәсілді дұрыс орындауларына қол жеткізуге 
тырысады. 
Бір орында орындалатын бұрылулар. 
Оқытушы сабаққа кірісе отырып, оқушылардың дағдыларын жетілдіру 
мақсатында қорытынды дайындық өткізеді. Дайындық кезінде «САПҚА ТҰР», 
«ТҮЗЕЛ», «ТІК ТҰР», «ЕРКІН ТҰР», «ЖИНАҚТАЛ» бұйрықтарын орындау 
дағдылары жетілдіріледі және бағаланады. 
Жаттығудан кейін оқытушы бір орында бұрылуды үйретуге кіріседі. Ол 
әрекеттерді орындау үшін «Оң – ҒА», «Жартылай, оң – ҒА», «Сол – ҒА», 
«Жартылай, сол – ҒА», «Артқа - БҰРЫЛ» бұйрықтарының берілетінін айтады. 
Артқа бұрылу, солға, жартылай солға бұрылу әрекеттері сол өкше және 
оң аяқтың ұшымен, сол иық арқылы орындалады; оңға бұрылу, жартылай оңға 
бұрылу – оң өкше және сол аяқтың ұшымен, сол иық арқылы орындалады. 
Бұрылулар екі тәсілмен орындалады: 

бірінші тәсіл – дененің дұрыс қалпын сақтай отырып, аяқты тізеден 
бүкпей, дене салмағын тірек аяғына ауыстыра бұрылумен орындалады; 

екінші тәсіл – екінші аяқты қысқа жолмен қою арқылы орындалады. 
Бір орында тұрып бұрылуларды үйрету үшін, оқытушы оқушыларды бір 
адым аралықта, бір қатарға тұрғызады. Содан кейін саптың алдына шығып, 
бұрылу әрекеттерін тұтасымен көрсетеді. Одан кейін тәсілдерді бөлшектеп 
көрсетеді де, оның орындалу тәртібін түсіндіреді және оқушыларды бөлшектеп 
орындауға жаттықтыруға кіріседі. 
Оңға бұрылуды бөлшектеп орындауды «Бөлшектеп, оңға: жаса – БІР, 
жаса – ЕКІ» бұйрығы бойынша екі санға орындайды. Бірінші санақ бойынша 
оқушылар оң өкше және сол аяғының ұшы арқылы оң қолына қарай шалт 
бұрылады (дене қалпы саптық тұрыстағыдай, аяқ тізеден бүгілмейді, дене 
салмағы алдыңғы аяққа түседі). Артта тұрған аяқтың өкшесі және алдыңғы 
аяқтың ұшы бұрылу әрекеті аяқталған соң аяқ ұшы табан деңгейінде 
болатындай болып бұрылуы керек. Қолдың қалпы саптық тұрыс кезіндегідей. 
«Жаса – ЕКІ» бұйрығы бойынша сол аяқты тізеден бүкпей, қысқа жолмен оң 
аяқтың жанына әкеп қояды. 
Солға бұрылу «Бөлшектеп, солға: жаса – БІР, жаса – ЕКІ» бұйрығымен 
үйретіледі. Бірінші сан бойынша оқушылар сол өкше және оң аяғының ұшы 
арқылы сол қолына қарай шалт бұрылады (дене қалпы саптық тұрыстағыдай, 
аяқ тізеден бүгілмейді, дене салмағы алдыңғы аяққа түседі). Артта тұрған 
аяқтың өкшесі және алдыңғы аяқтың ұшы бұрылу әрекеті аяқталған соң аяқ 


39 
ұшы табан деңгейінде болатындай болып бұрылуы керек. Қолдың қалпы 
саптық тұрыс кезіндегідей. «Жаса – ЕКІ» бұйрығы бойынша оң аяқты тізеден 
бүкпей, қысқа жолмен сол аяқтың жанына әкеп қояды. 
Артқа бұрылу «Бөлшектеп, артқа бұрыл: жаса – БІР, жаса – ЕКІ» 
бұйрығымен үйретіледі. Бірінші сан бойынша оқушылар сол өкше және оң 
аяғының ұшы арқылы сол қолына қарай шалт бұрылады (дене қалпы саптық 
тұрыстағыдай, аяқ тізеден бүгілмейді, дене салмағы кеудені сәл алға беріп сол 
аяқтың өкшесіне түседі). Артқа бұрылған кезде қолды дене бойымен арлы-берлі 
қозғауға болмайды. «Жаса – ЕКІ» бұйрығы бойынша оң аяқты тізеден бүкпей, 
қысқа жолмен сол аяқтың жанына әкеп қояды. 
Бұрылуларды бір орында орындаған кезде жиі кездесетін қателіктер 
мынадай: 

алдын-ала берілетін бұйрық бойынша кеудені ерте бұру; 

аяқты тізеден бүгу; 

бұрылған кезде қолдың шамадан тыс қозғалуы; 

басты алға шамадан тыс бүгу; 

кеуденің төмен түсп кетуі немесе құрсақ бөлігінің алға шығыңқы 
орналасуы; 

дененің артқа шалқайып кетуі; 

өкшемен емес, толық табанмен бұрылу; 

артқа бұрылған кезде соңына дейін бұрылмау; 

аяқты қысқа жолмен қоймау және сол сәтте дененің тербелуі. 
Бөлімшенің бұрылулары, теңелу тәртібі сақтала отырып барлық әскери 
қызметшілермен бір мезгілде орындалады. Екі қатарлы саппен оңға (солға) 
бұрылудан кейін, бөлімше командирі оңға (солға) жарты адым, ал артқа 
бұрылған кезде – бір адым алға жасайды. Сапқа тұру тәртібі мен бұйрықтарды 
орындауды түсіндіріп және көрсеткен соң, оқытушы бөлімшені саптық алаңның 
үш жағына сапқа тұрғызады. Содан кейін тиісті бұйрықтар бере отырып 
бөлімшенің жылдам және дұрыс сапқа тұруларына қол жеткізеді. Бұл тәсілдерді 
игерген соң бөлімшені жорықтық сапқа тұру тәртібін түсіндіреді және 
көрсетеді. 
Бөлімшені жорықтық сабы бір немесе екі колоннаға құрылуы мүмкін. 
Бөлімшені бір орында бір (екі) колоннаға тұрғызу үшін «Бөлімше, колоннаға 
біреуден (екеуден) САПҚА ТҰР», деген бұйрық беріледі. Бөлімше командирі 
саптық тұрысты қабылдап және бұйрық берген соң қозғалыс бағытына қарай 
бетін беріп тұрады, ал бөлімше шаттық тәртіпке сәйкес сапқа тұрады. Адам 
саны төртеуден аспайтын бөлімше бір колоннаға тұрады. 
Осы тәсілдерді көрсетіп және түсіндірген соң, оқытушы жаттығуды 
ұйымдастырады.
Одан кейін «Бір қатардан екі қатарға және қайтадан бір қатарға сап құру» 
сұрағын қарастыруға кіріседі. Ол үшін оқытушы бір қатардан екі қатарға сапқа 
тұрғызу үшін «Бөлімше, бірінші-екіншіге – САНАЛ», деген бұйрық береді.
Осы бұйрық бойынша оң жақ қапталдан бастап әрбір әскери қызметші 
кезек бойынша бастарын бұрып, сол жағында тұрған әскери қызметшіге өз 


40 
нөмірін айтады да, басын тік қаратады. Сол жақ қапталдағы әскери қызметші 
басын бұрмайды. Оқытушы осы ережені айтып берген соң, оның қалай 
орындалатынын көрсетеді. 
Дәл осындай тәртіппен бөлімшедегі жалпы санақ жүргізіледі және ол 
үшін «Бөлімше, рет-ретімен – САНАЛ», деген бұйрық беріледі. 
Екі қатарлы сапта, екінші қатардың сол жақ қапталындағы әскери 
қызметші жалпы санақ аяқталған соң «Толық» немесе «Толық емес», деп 
мәлімдеме жасайды. Оқытушы бұл тәсілдің қалай орындалатынын айтып және 
түсіндіріп болған соң жаттығуға кіріседі. 
Оқушылардың аталған тәсілдерді дұрыс орындап жатқанына көз 
жеткізген соң, оқытушы бір қатардан екі қатарға сап құру және қайтадан бір 
қатарға сап құру тәртібін түсіндіреді. Бір орында тұрып бір қатардан екі қатарға 
сап құру үшін «Бөлімше, екі қатарға – САПҚА ТҰР», деген бұйрық беріледі. 
Атқару бұйрығы бойынша екінші нөмірлер сол аяқтарымен артқа бір 
адым жасайды, бірінші нөмірдің артынан тұру үшін оң аяқтарын қоймастан, 
оңға адым жасайды және сол аяқтарын қосады. 
Бір орында бөлімшені сығылған екі қатардан бір қатарлы сапқа тұрғызу 
үшін, бөлімше алдын-ала ажыратылады. Содан кейін «Бөлімше, бір қатарға – 
САПҚА ТҰР», деген бұйрық беріледі. Атқару бұйрығы бойынша екінші 
нөмірлер сол аяғымен солға адым жасап, біріншілердің сызығына шығады; оң 
аяқты қоймастан алға адым жасайды және сол аяғын қосады. Оқытушы аталған 
әрекеттердің орындалу тәртібін көрсетіп және түсіндірген соң, оқушыларды 
жаттықтыруды бастайды. 
Бөлімшенің жазылу және қосылу тәсілдерін орындау үшін, олардың 
орындалу тәртібін көрсету керек. 
Бөлімшені бір орында жазылу үшін «Бөлімше, оңға (солға, ортадан) 
осынша адымға – ЖАЗЫЛ (жүгіріп – ЖАЗЫЛ)», деген бұйрық беріледі. 
Атқару бұйрығы бойынша жазылу басталған оқушыдан басқаларының барлығы 
айтылған бағытқа бұрылады; бір аяқ екінші аяққа қосылған мезетте бастарын 
маңдайшеп жаққа бұрып, арттағы адамның иығынан қарап, жиілеген жарты 
адыммен (жүгіріп) қозғалады; артта келе жатқан адам тоқтаған соң, әрқайсысы 
бірнеше адым жасайды (бұйрықта көрсетілген адым санына) және 
маңдайшепке қарай бұрылады. 
Ортадан жазылған кезде, ортаңғының кім екені айтылады. Ортаңғы 
болып аталған оқу, өз тегін естіген кезде «Мен», деп жауап қайтарады да, сол 
қолын алға шығарып, төмен түсіреді. 
Бөлімшені түзеткенде, жазылу кезіндегі арақашықтық сақталады. 
Бөлімшені бір орында сығу үшін «Бөлімше, оңға (солға, ортадан) – 
СЫҒЫЛ (жүгіріп – СЫҒЫЛ)», деген бұйрық беріледі. Атқару бұйрығы 
бойынша сығылу басталған оқушыдан басқаларының барлығы айтылған 
бағытқа бұрылады; содан кейін жиілеген жарты адыммен (жүгіріп) айтылған 
жерге қозғалады және көрсетілген жерге жақындаған кезде саптық адымға 
көшеді және өз беттерімен тоқтап, солға (оңға) бұрылады. 


41 
Аталған тәсілдердің орындалу тәртібін көрсетіп және түсіндірген соң, 
оқытушы оқушыларды жаттықтыруға кіріседі. 
Үшінші оқу сұрағын қарастыруға кірісе отырып, оқытушы жазылған 
саптан колоннаға тұрғызу үшін бөлімше оңға бұрылу керек екендігін және оған 
«Бөлімше, оң – ҒА», деген бұйрық берілетінін түсіндіреді. Екі қатарлы сапты 
бұрған кезде бөлімше командирі оңға жарты адым жасайды. 
Бөлімшені колоннадан жазылған сапқа тұрғызу үшін бөлімше солға 
бұрылу керек және оған «Бөлімше, сол – ҒА», деген бұйрық беріледі. Екі 
колоннамен қозғалып келе жатып бұрылған кезде, бөлімше командирі алға 
жарты адым жасайды. Осы ережелерді түсіндірген соң, оқытушы өзі 
бөлімшемен оңға және солға бұрылып көрсетеді. 
Содан кейін оқытушы бөлімшенің колоннада қозғалып келе жатып қайта 
сап құру тәртібін түсіндіреді және көрсетеді. 
Бөлімшенің бір колоннадан екі колоннаға сап құруы үшін «Бөлімше, екі 
колонна болып – БАС (қозғалыс кезінде – БАС)», деген бұйрық беріледі. 
Атқару бұйрығы бойынша бөлімше командирі (бағыттаушы) жарты адыммен 
қозғалады, екінші нөмірлер оңға шығып, адым ырғағымен колоннадағы өз 
орындарына орналасады. Бөлімше «ТУРА» немесе «Бөлімше – ТОҚТА», деген 
бұйрық берілгенше жарты адыммен қозғалады.
Бөлімшенің екі колоннадан бір колоннаға сап құруы үшін «Бөлімше, бір 
колонна болып – БАС (қозғалыс кезінде – БАС)», деген бұйрық берілуі керек. 
Атқару бұйрығы бойынша бөлімше командирі толық адыммен, ал қалғандары 
жарты адыммен қозғалады; орынның босауына қарай екінші нөмірлер адым 
ырғағымен біріншілердің артына келеді және толық адыммен қозғалуын 
жалғастырады. 
Колоннаның қозғалыс бағытын өзгерту үшін «Бөлімше, оң (сол) иық алға 
– 
БАС», деген бұйрық береді. Осы бұйрық бойынша бағыттаушы «ТУРА», 
деген бұйрық берілгенше солға (оңға) бұрыла қозғалады, ал қалғандары оның 
соңынан ереді. «Бөлімше, менің соңымнан ере – БАС», деген бұйрық бойынша, 
бөлімше командирдің соңынан ереді. 
Аталған тәсілдерді көрсетіп және түсіндірген соң, оқытушы 
жаттықтыруды бастайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет