Методические рекомендации по изучению предмета «Начальная военная и технологическая подготовка»



Pdf көрінісі
бет21/139
Дата07.02.2022
өлшемі4,97 Mb.
#86094
түріМетодические рекомендации
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   139
Байланысты:
өспе, 1510058388496, jdndLevrJVZFDFgCmGuumdOE1gWTsOjAhhRc4RAJ, Ортопедическая стоматология тесты , 01,03, фитпат 24-29, аза стан тарихы п ні бойынша емтихан с ра тары мен та ырыптары
 
 
 
8-
сурет. Саптық адыммен қозғалу 
Жорықтық адыммен қозғалған кезде аяқтың қимылдары еркін, аяқ ұшы 
тартылмайды және жерге кәдімгі жүру кезіндегідей қойылады; қолдың 
қимылдары дене бойымен еркін орындалады. 
Жорықтық адыммен қозғалып келе жатып командирге (басшыға) қарап 
сөйлеу керек болған жағдайда және «ТІКТЕЛ» бұйрығы бойынша саптық 
адымға көшу керек. Саптық адыммен қозғалып келе жатқанда «ЕРКІН» деген 
бұйрық берілсе, жорықтық адыммен қозғалуды бастайды. 
Жүгіруді «Жүгіре - БАС», деген бұйрықпен бастайды. 


43 
Бір орыннан қозғалуды бастаған кезде алдын-ала берілетін бұйрықпен 
кеуде сәл алғы шығарылады, қол жартылай бүгілген, шынтқа сәл артқа 
шығарылған; атқару бұйрығы бойынша жүгіруді сол аяқтан бастайды, қолдың 
қимылдары жүгіру ырғағына сәйкес, алға-артқа орындалады. 
Адымдап келе жатып жүгіруге көшу үшін, алдын ала берілетін 
бұйрықпен қол жартылай бүгіліп, шынтақ сәл артқа шығарылады. Атқару 
бұйрығы сол аяқтың жерге қойылуына сәйкес беріледі. Сол бұйрық бойынша 
оң аяқпен бір адым жасалып, жүгіруді сол аяқтан бастайды. 
Жүгіруден жүруге көшу үшін «Адым - БАС», деген бұйрық беріледі. 
Атқару бұйрығы оң аяқтың жерге қойылған сәтінде беріледі. Сол бұйрық 
бойынша тағы екі адым жүгіре орындалып, сол аяқпен адымдауды бастайды. 
Бір орында адымдау үшін «Бір орында, адым - ДА» (қозғалыста «БІР 
ОРЫНДА»), деген бұйрық беріледі. 
Осы бұйрық бойынша бір адым жасалады және қол төмен түсіріледі; аяқ 
жерден 10-15 см көтеріліп, аяқ ұшынан бастап толық табанмен қойылады
қолдың қимылы адым ырғағына сәйкес келеді. Сол аяқты жерге қойған сәтте 
берілетін «ТУРА» бұйрығы бойынша бір орында оң аяқпен тағы бір адым 
жасап, сол аяқпен толық адым дасау арқылы қозғалыс басталады. Бұл кезде үш 
адым саптық адым болып орындалады. 
Қозғалысты тоқтату үшін «Тоқта» деген бұйрық беріледі. Мысалы: 
«Сарбаз, Әлімов - ТОҚТА». 
Оң немесе сол аяқтың қойылған сәтінде берілетін атқару бұйрығы 
бойынша тағы бір адым жасап, екінші аяғын оған қосып, саптық тұрыс 
қабылданады. 
Саптық адыммен қозғалуды үйрету келесі реттілікпен үйретілгені дұрыс: 

қолдың қимылдарын жаттықтыру; 

бір орында адымдауды жаттықтыру; 

саптық адыммен қозғалуды төрт санға орындап жаттығу; 

саптық адыммен қозғалуды екі санға орындау; 

саптық адыммен қозғалуды баяу орындау (қозғалу жылдамдығы – 
минутына 50-60 адым); 

саптық адыммен қозғалуды саптық алаңдағы сызбалар бойынша 
орындап жаттығу; 

саптық алаңда саптық адыммен қозғалуды топтасып орындау; 

оқушылардың қимыл-қозғалыс әрекеттерін бағалау. 
Оқытушы қозғалыстарды орындауды үйретуді саптық адымнан бастайды. 
Кез-келген тәсілді үйретудегідей, саптық адыммен қозғалуға үйретуді үлгілі 
көрсету мен түсіндіруден бастаған дұрыс. 
Саптық адымды үйрету үшін, оны бөлшектеп және дайындық 
жаттығуларымен орындаған дұрыс. 
Оқытушы саптық адыммен қозғалуды толығымен көрсеткен соң, қолдың 
қимылдарын бөлшектеп орындайтын бірінші дайындық жаттығуын көрсетеді. 
Содан кейін «Қолдың қимылдары, жаса – БІР, жаса – ЕКІ», деген бұйрық 
береді. «Жаса - БІР» саны бойынша оқушылар оң қолдарын бүгіп, қолдың басы 


44 
белбеуден сәл жоғары болатындай деңгейдегі қимылды орындайды; сонымен 
бірге сол қол толығымен артқа шығарылады. Саусақтар жартылай бүгілген, оң 
қолдың шынтағы сәл көтеріңкі қалыпта болады. «Жаса - ЕКІ» санағы бойынша 
оқушылар сол қолды алға шығарады, ал оң қол иықтан басталатын қимылмен 
артқа шығарылады. (8-сур.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет