Мобильді құрылғы негізінен қалта компьютері



бет3/11
Дата11.01.2022
өлшемі168,85 Kb.
#111012
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Тақырып 5.4. Мобильді қосымшалар
Лабораторная работа №5 виды адресации в электронной таблице MS EXCEL, Бақылау сұрағы, Бақылау сұрағы, Бақылау сұрағы, Бақылау сұрағы, Бақылау сұрағы, Графикамен жұмыс, Графикамен жұмыс, 100 злата королева, 1. ЕМН 10 сынып, Телекоммуникациялық құралдар түрлері, aisha, Биомеханиканың робототехникада қолданылуы (1), Пояснительная (3)

Сымсыз байланыс.


Мобильді құрылғылар басқа да ұқсас құрылғылар, стационарлық компьютерлер және жүйелер, желілер және портативті телефондармен байланыса алады.

Негізгі мобильді құрылғылар Интернетке Bluetooth немесе Wi-Fi желілері арқылы кіре алады, көптеген модельдер мобильді телефондарға және сымсыз желілері арқылы мәліметтерді беру қолжетімділігімен жабдықталған. Электрондық пошта және мәтіндік хабар алмасу мобильді құрылғылармен байланысудың стандартты жолдары болып саналады. Олардың көбісі телефонияға қабілетті, ал RFID және штрих-кодтарды оқу құрылғылары сияқты кейбір мобильді құрылғылар орталық құрылғылармен тікелей мәліметтермен алмасады.


СМАРТФОНДАР

Смартфондар дәстүрлі мобильді телефондардың алдыңғы қатарлы нұсқалары болып табылады, себебі олардың мобильді телефондар сияқты телефон қоңырауларды жасау және қабылдау, мәтіндік және дауыстық хат алмасу, сонымен қатар оларды Интернет желісінде электрондық поштаны жіберу және алу, әлеуметтік желілерге қатысу және онлайн сатып алу үшін пайдалану функциялары бар.



Смартфон – бұл кәдімгі телефонға қарағанда көбірек есептеуіш және байланыс мүмкіндігі бар операциялық жүйе орнатылған мобильді құрылғы. Смартфондар алғаш рет қолжетімді болған кезде олар ҚДК (қалталы дербес көмекші) функцияларын мобильді телефонмен біріктірді.

Телефондардың дамуы барысында камералар, GPS навигациясы және мультимедиа ойнатқыштары сияқты басқа да мүмкіндіктері бұл құрылғыларды одан да қуатты етті.

Қазіргі заманғы смартфондар Wi-Fi немесе мобильді кең жолақты байланыс қызметін пайдаланып, веб-сайттар мен мақсатты парақшаларын көрсетуге мүмкіндік беретін жоғары ажыратымдылықтағы сенсорлық экрандар мен веб-браузерлермен жабдықталған (кестені қараңыз).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет