Н. Д. ОҢдасынов ? Арабша-қазақша түсіндірме сөздік


хикаялау — әңгімелеу. Келін мінезіндей әдепті майда желмен тербелген егін сабақтарының нәзік үнді сыбдыры дала шежіресін сұлу хикаялап



бет22/42
Дата11.01.2017
өлшемі9,76 Mb.
#7320
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42

хикаялауәңгімелеу. Келін мінезіндей әдепті майда желмен тербелген егін сабақтарының нәзік үнді сыбдыры дала шежіресін сұлу хикаялап жатқан тәрізді (Д. Әбілев);

хикаялытарихи, уақиғалы. Кремль, ел жиыны төтен мүлде? Мың-мың жан қақпасынан өтер күнде. Мұнда жұрт хикаялы храмдардан, Лениннің ынтық ізгі мекеніне! (Қ. Бекхожин).

حكم (хукмун) үкім1) үстемдік; 2) өкімет, басқару; 3) режим, низам, құрылыс; 4) қаулы, қарар, шешім, тоқтам, өмір, жарлық; парыз; 5) пікір алысу, ұғым, анықтау. ...Қазақша барып тұрған жуан тұқым, Үкімі жүріп тұрды оң мен солға (С. Торайғыров). Қандай қылп еткізбес көрегенім, Мүлт кетпес болат семсер сермегенің. Советтің әділ соты үкіміне, Қуанып құлпырды еркін барлық елім (И. Байзақов).



өкім. Бері отыршы, Көкімім, Қандай екен өкімің? Енді билеп алуға, Қай арадан бекідің? (Жамбыл). Пернесін қыз сөзінің түйген күйші, Ер болсаң қызға тілмен сөйлей білші. Күйшінің күйін-жайын таразылап, Салмақтап өкім қылды қыздың іші (І. Жансүгіров);

хұкім. Өздері хұкім шариғатты таза білмейді, көбі надан болады (Абай). Не қылса, құдіреттің хұкімі күшті, Көрсеткен пәндесіне түрлі істі (М. Сералин);

хүкім. Қалай да бұл мұғалімді қажы аулынан қудыруға арба үстінде хүкім қылған (І. Жансүгіров). Бүгін мен Мысырдағы патша болсам, Бұл жұртқа тақ үстінде хүкім қылсам, Жұрттың бәрі мазақтап күлер мені, Мұны мен өз алдыма уәзір қылсам («Ғашық-наме»);

өкімдеу. Сасып қалдым, күн тығыз — Жүрек кетті лүпілдеп, Тың тұяқ күнім сүйтсе де, Қарбаңдадым өкімдеп (Абай). Ән шырқап, жолдастарды қасыма ертіп, Байларға қарсы тұрып өкімдедім (К. Әзірбаев);

үкімдіүстемді, бұйрықты, әмірлі. Құдаларды көрейік, күтімді етіп, Шампанды құй, шапшытып, шүпілдетіп. Өктем сөйлеп, өндірте алдырыңдар, Рюмкаңның сыңғырын үкімді етіп (Қ. Салықов);

өкімдікүстемдік. Жазықсыз жақын жердің бәрін шапты. Дарияның суындай боп қандар ақты. Шапқан елдің бәрін де бодан қылып, Өкімдікпен қолына тартып апты (Абай);

үкімшіүстемдік етуші, әмірші, билік айтушы, әкімші. Дүниенің сұмдық қатал үкімшісі ретінде жазған «Қарғысы» азаматтық пафосқа толы публицистикалық үнмен жүрекке самғау сезімін дарытып, алаулаған жалын кештіреді (А. Нысаналин);

хұкімші. Босқа әуре боп келдің бе, тағы мұнда? Хұкімші шалдар мәз боп отыр ма онда? Антұрғандық қылығын алла ісі деп, Нандырар қандай сопы, қандай молда? (Абай);

өкімшілікүстемшілік, әміршілік, әкімшілік. Кемшілік жібергендерді өкімшілік жолымен жазалау да, талқылау да қажет шығар,— дейді Пазылбеков (М. Жақыпов);

حكومة (хукуматун) өкімет — 1) билік, үстемдік; 2) саяси. Мемлекет; мемлекеттік құрылыс, низам. Өкімет — шартты түрде арабтың хокумәт деген сөзінен алынған. Кеңестің өкіметін ашты халық. Большевик партиясы қылып жарлық. Жерді алып помещиктен, байдан дәулет, Тамырын талқан қылды падишалық (Әріп). Коммунизм дегеніміз — Совет өкіметі және бүкіл елді электрлендіру (В. И. Ленин);



үкімет1) басқару; 2) үкімет (елдегі мемлекеттік билікті атқарушы және басқарушы негізгі орган, кабинет); 3) мемлекет. Шмидттер анау жақта сеңге мінген, Мінекей, ұқтыңыз ба нені іздеген? Партия үкіметі тапсырған соң, Мұз жарып, ұлы, жаңа жолды іздеген (І. Жансүгіров). А.Н.Косыгин Үндістанның премьер-министрі Индира Гандиді Совет Одағына ресми сапармен келіп қайтуға Совет үкіметінің атынан шақырды («С. Қ.»). Қазақстан үкіметі де Жездіде марганец өндірісін ашуды сұраған хат жолдады, жуырда,— деді И. Ф. Тевосян (М. Сәрсекеев);

хұкіметөкімет. Ескі хүкімет адыра,—Жаңа хүкімет жадыра!— деген сөз болды (Қ. Бекхожин). Хұкіметке қазылар халал хызмет қылуға Хақ ниетпен жұмылсын! — деді Генс (І. Жансүгіров);

үкіметаралықтүрлі мемлекеттер үкіметтерінің өзара байланысы, қарымқатынастары және соларға тән қасиеттер. Бүкіл дүниежүзілік Бейбітшілік советінің алуан түрлі бағыттағы бұқаралық ұйымдармен, саяси партиялармен, үкіметаралық ұйымдармен ынтымақтастығының ауқымы жан-жақты (Р. Чандра);

өкіметтікүстемдік, өктемдік. Біз үшін жанын қиған қаһармандар, Жұмыскер, қара шекпен еңбекқорлар. Езілген ұсақ ұлтпен қол ұстасқан, Жасасын үкіметтік (дұрысы: өкіметтік — Н. О.) бейнетқорлар (Әріп);

үкіметтікбасқарулық. Самолеттен түскен адамдарды шапқыншы барып білсе, Алматыдан келген үкіметтік комиссия екен (С. Мұқанов);

партия-үкіметпартиялық-үкіметтік. Совет партия-үкімет делегациясы Улан-Баторға жүріп кетті («С. Қ.»). ЧССР партия-үкімет делегациясы атынан қабылдау жасалды («С. Қ.»).

حكمة (хикматун) хикмет1) даналық; 2) даналық нақыл, мақал, 3) медицина, емдеуді білу. XI ғасырдың ақырында, қазіргі Оңтүстік Қазақстанның Түкістан қаласында (Ясы өзенінің бойында туған) Қожа-Ахмед Яссауи өзінің «Хикмет» атты еңбегін жарыққа шығарды (І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев). Барлық хикмет сол танылған, тексерілген, екшелген материалды қалай жұмсауда, қандай шеберлікпен игеруде («Қ. Ә. Т.»);



хикмат. Мұрын иіс білмесе... таңдай, тіл дәм білмесе, дүниеде не тәтті, не дәмдінің қайсысынан ләззат алар едік, мұнын бәрі — хикматпен біліп істегендігіне дәлел емес пе?— депті Сократ (Абай). Кездестім кезіп жүріп үш маралға, Көрген соң, тұра алмадым қылып тағат. Атым да, ит те, құс та бата алмады, хикмат (Кете Жүсіп);

хикмәт. Не хикмәт? Қамармен тап бетпе-бет келген уақытта беті күйгендей ұялып, қызара бастаушы еді (С. Торайғыров). Киім, ат ерге болмас, ақыл, білім, Жауабын қайтарамын барды тілім. Хикмәт, тағдыр... өз қолында, Еншалла, осы күнде толық ділім (Молда Мұса);

хикімет. Бар хикімет — Амантай, санаң болса осыны ұқ!— деді Шығанақ (Ғ. Мұстафин);

ікімәт.— Оның бір ікімәті бар?— деді. Нендей ікімәт?! (Т. Әлімқұлов);

хикметсізданалықсыз, кереметсіз. Ол ешбір нәрсені хикметсіз жаратпады, ешбір нәрсеге хикметсіз тәклиф қылмады (Абай);

حكيم (хакймун) хаким1) дана, данышпан, ақылды, есті; 2) философ; 3) доктор. Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша өзіңізді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хаким айтқан емес пе? (Абай). Әрбір ғылым — хаким емес, әрбір хаким — ғалым (Абай);



хакім. Аристотель патшаға хакім келді:— Мына сүйек қазынаның бәрін жеңді. Бұл сүйекті басарлық нәрсе бар ма? Ақылыңмен ойланып тапшы!— деді. Ескендір мұны көріп аз тұрады, Хакімді аулақ жерге шақырады.— Таңғаларлық іс болды мұның өзі, Мәнісін айтып берші,— деп сұрады. Хакім жерден топырақ алып барды, Бір уыстап сүйекке шаша салды. Ана басы сылқ етіп жерге түсіп, Сүйек басы жоғары шығып қалды (Абай). Айтысқан көп қимиягер, хакімдер, Зікір салған машайықтар — хатымгер (Қ. Бекхожин);

хакіми1) даналық; 2) тәуіпшілік, емгерлік, балгерлік. «Сақтанбасаң, сақтамас хакіми хақ», Өнерге табыспасаң іс бітпейді, Тең болмай дұшпан түгіл дос күтпейді (Мақыш).

حل (халлун) халла1) шешу (түйінін); 2) босату, құтқару; 3) діни. Күнәсін кешіру; 4) шешу (мәселені). «Халла абиат ва шарх ал-Джами» деп аталады үшінші трактат. Қазақ тілінде ол «Бәйіттерді шешу және оған ал-Джамидің түсіндірмесі» деген мағына алады (Ә. Дербісәлиев).

حل (хиллун) құл, қыл, хілл1) рұқсат етілген, ерік берілген; 2) заңды әрекет, қимыл, жүріс. Бұл сөз бақұл, бақыл сияқты сөздерде кездеседі. Бахілл арабтың хілл сөзі мен парсының бә демеулігінің қосылуынан пайда болған (Л. Будагов).

حلال (халалун) адал1) діни. рұқсат етілген, заңды; 2) толық, ажырамайтын; 3) ауыс. таза, ақ ниет, тура, әділ. Есектің күші — адал, сүті — арам (мақал). Қара көңіл адалға сене алмайды, Ақты қара қашанда жеңе алмайды (С. Торайғыров). Мөр басып, құдай, сірә, қағаз бермес, Айтқанымен өтірікті жөні келмес. Істе де адал еңбек, жаның сақта, Еңбексіз аузыңа ас бекер келмес (Ыдырыс). Большевиктер, аттарың анық аңыз, Қарлығаштар сендерге табынамыз. Адал жанның бәрін де арамызда Ақ жүрек большевик деп танығамыз (М. Мақатаев);



алал. Уақытша жан қонақ біздің тәнге, Алал, арам жегізер азық менде (I. Жансүгіров). Алал сопы мен емес, Пірдің сөзін тұтынған (Дулат);

қалаладал. Мұнымды ырия деме, Манат ақын, Қарамға қалал кісі жүрмес жақын. Тілеймін қалал жолмен алмағымды, Қоштаса көңілің бізді көріп мақұл (Молда Мұса);

халал. Ғұмырлық зер қайғыдан құтқар алла, Қара күн келешекте басқа салма. Болмаса өзің қосқан халал жолмен, Қауыштыр құдіретіңмен сүйген жарға (М. Сералин). Малға махаббатын аударғандар дүниеде, болмаса ихсанда қолым қысқа болмасын деп, ...Малға махаббатын аудармай, ізгілікке бола халал кәсіп бірлән тапқан дүние емес (Абай);

адалдауақтау, таза болу. Ол алған еңбекақысын қызметімен адалдап алады (Ғ. Мұстафин). Өтірік бірі ауру, бірі сырқау, Жүреді пайдасына жалаңдап-ақ. Көп үшін еңбек етер азамат боп, Өздерін енді қашан адалдамақ? (Файзолла);

адалдықтазалық, туралық, әділдік, шындық. Адалдықтың адымы — алты құлаш, Арамдықтың адымы – бір-ақ құлаш (мақал). Адалдық, ақыл жасынан, Қозғапты, тыныштық бермепті, Адалдық үшін алысып, Жегішке ақы төлепті (Абай). Әділдік пен адалдық, Тура жолда жүрмек ол (Ш. Иманбаева). Әрі-беріден кейін адалдықты ақымақтық деп табатын болды (X. Есенжанов). Еліміз қазақ халқының ақжарқын, турашыл, ақкөңіл жүрегін, оның бауырмал кішіпейілдігін, оның адалдығын сүйеді («Правда»);

халалдықадалдық. Жем-жамалың қандай ақ рузи маған, Ха-халалдық таппадым, жаным сәнан (Абай). Қор болған алтыншыда рас ақыл, Халық жүр рас сөзден болып қапыл... Халалдық... Жолдасы деген дейін, Бенделер жалған айтқан болар пақыр (Әбубәкір);

адалсу өзін-өзі адал етіп көрсету. Жылы жансып, адалсып, Мал үшін тұрма құйтыңдап (I. Жансүгіров).

حلقة (халқатун) алқашығыршық, жүзік, сырға, алқа (әйелдер мойнына, омырауына сәнге тағатын, алтын-күмістен істелген әшекейлі зат, маржан, меруерт); 2) топ (адамдар), звено, үзбе, түйін; 3) серия; 4) ауыс. коллегия (әр түрлі мекемелерді, әр түрлі ұйымдарды кеңесіп басқару үшін ресми бекітілген адамдар тобы); 5) үйірме; 6) дөңгелек, шеңбер. Алтын жүзік, күміс балдақ, Мойнына іліп алқасын (А. Тоқмағамбетов). Қала қыз кеудесіндегі әшекейлі алқа сияқты (С. Бақбергенов). Әнім бар алғыс атты, махаббатты, Алқа топ алдын көрген жерде айтылар (Қ. Аманжолов). 1919 жылдың басында М. Сералин Орынбор қаласына барады... «Ұшқын» газеті редакциясының алқа мүшесі болып істейді (Б. Кенжебаев, Ө. Есназаров). «Әйел теңдігі» журналының алқа мүшесі болғанымнан журналдың адресіне келіп түскен өлеңдерді көбіне мен қараймын,— деді Биаға (М. Хакімжанова). Әр жерде алқа көрсем тұра алмаймын, Осындай қызыл тілге шеберімнен (Шернияз). Арқаның алқа қорған даласында, Ауылдай таулар отыр жарасымда (І. Жансүгіров).



алқа-қотан айнала, дөңгелене отыру. Түске таман ауыл сыртындағы кең көгалда жұрт алқа-қотан отырып, молла құран оқыды (С. Көбеев). Алқа-қотан дөңгелене қонған ауылдың ортасындағы еңсесі көтеріңкі боз үйдің маңы қаптаған адам (Ғ. Мұстафин);

алқалаудөңгелену, айналу. Қонақтар столды алқалай отырды (Кербабаев). Сындырып аспан шатырын, Құлатқандай жеріне, Алқалап алуан батырым Германия жеріне (Т. Жароков);

алқалану1) топтану; 2) дөңгелену. Ерлері алқаланып қосылысып, Ән кетті адырлардан асып, ұшып (Қ. Бекхожин). Ойыса дөңгелене алқаланып, Ортаға мамандарын қоршап алып, Сөйлесіп қоныстану мәселесін, Талқыға канал жайын отыр салып (А. Тоқмағамбетов);

алқалы1) алқасы бар, алқа таққан; 2) жиынды, топты. Келеді өңшең сұлу жорғалы қыз, Алқалы, шашбаулы қыз, сырғалы қыз. Сырғаның сылдырлаған даусыменен, Жаңғыртып жапан дала ен құла дүз («Б. Ж.»). Алқалы тойға шашу ғып, Меруерт жырым себейін («X. А.»). Қиырдан қиырға көз тігіп, Қиянға толғана карадың. Сырлассаң алқалы жиынмен, Сөзіңе ел-жұртың сүйінген (Н. Шәкенов).

حلقوم (хулқумун) алқыманат. адамның тамағы (кеңірдек пен өңештің басталатын жері, мойынның алдыңғы жағы). Жарылқамас Жанту ұлысың, Ерегіспе менімен — Езіледі алқымың (Сарбас). Мойнына арыстанның қылыш шаптым, Кеудесі — ғайып бопты, басын таптым. «Қасиетті жануардың кәлләсі» деп, Қос гауһар төбесіне тас орнаттым. Айдында жүзіп жүрген қаздың басын Арыстанның алқымына қосақтаттым (Қ. Баймағамбетұлы);



құлқынанат. адамның тамағы (ауыздың арт жағы, көмей мен жұтқыншақ жағы). Арақ десе жымыңдар, Құлқыны құрып қылмыңдар, Ішпесе басы ауырар (Жамбыл). Нанның құлқыныңа керек болатынын білмедің бе? – деді Петр (Ә. Нұрпейісов);

құлқынқұмар1) тамаққұмар; 2) дүниеқор;

құлқынқұмарлық1) тамаққұмарлық; 2) дүниеқорлық. Материалдық молшылықты өзімшілдік мақсатқа ғана пайдаланып, дүние жию, баю, байлық пен бақастыққа түсу, томаға-тұйықтықпен күн кешу тәрізді құлқынқұмарлыққа белшесінен батып кеткен жандар осы жолда тіпті қылмысқа, ұрлыққа дейін барудан, қоғам мүлкін иемденуден тайынбайды (К. Ахметов);

құлқын сәрі тым ерте, таң атпай. Құлқын сәріде атқа қонған екеудің бірде құйғыта шапқылап, бірде аяңға түсіп, намаздыгерді қоңырлатқаны да осы (С. Сматаев);

алқымдау1) тамағынан алып қылғындыру; 2) ауыс. жақындау, жуықтау, тақау. Екі палуан күрескенде Кейде қолдар сартылдайды, Бірін-бірі алқымдайды (Ж. Саин). Кейбір колхоз егіс жинау жұмысын алқымдап («С. Қ.»)..Өтешев осы маңда туып-өскен, жас жағынан қырықты алқымдаған орта бойлы жігіт еді (М. Иманжанов);

алқымдатуалқымынан алу. Мұғалім жиналыста еркін сөйледі. Кейбіреулерді алқымдатып та тастады («А. Т.»);

алқымдаңқырауалқымдай түсу. Менің сөзімді тыңдамай, ол мені алқымдаңқырай түсті («А. Т.»);

алқымдасужақындасу. Іңірде баяулаған дауыл бәсең, Боздатқан бұлбұл күйін бабында әсем. Асықтар алқымдасып, мауқын басқан, Сырласқан: «Жарым да сен, жаным да сен!» (І. Жансүгіров). Бәйге аттары қат-қабат ұйлығып, құйын қуған қаңбақтай үйіріліп, кейі алқымдаса, кейі құйрық тістесе құйғытады (Р. Әбутәліпов ).

حلة (хуллатун) хүллекиім, лыпа; сыртқы киімнің айрықша бір түрі. Сонда Жүсіп қосына қайтып келді, Тәсбих тәһлил құдаға айтып келді. Үстінде хүлле тоннан нұры балқып, Жіберді жарқыратып көк пен жерді («Ғашық-наме»).

حلواء (халуаун) алуа – 1) тәттілік, шырындық; 2) тәтті тағам (жаңғақ дәні мен қант не бал қосылып, қуырған ұннан істелген түрлі тәтті тамақ). Келсең, кел, шындап қасыма, Шай, мамығым басыңа, Алуа шекер беремін, Ішетұғын асыңа Қыз Жібек»). Сөйлесең әр тарапты нандырасың. Сөзіңе алуа-шекер қандырасың (Ақан сері);

халуа. Ғират базарындағы дүкендердің көбіне иелік еткен әкесі бір кездерде шахзадалардың бірін қонаққа шақырып, дастарқанға неше алуан халуалардың мың табағын қойып таңдандырып, сонан атағы шыққан екен (Айбек);

һалуа. һалуа-шекер, шірне... («М. Б. Т.»);

халуашыхалуа кәсібімен шұғылданушы. Мен, — деді, халуашы, қуанышты жүзбен, әр сөзі баға жетпес гауһардай,— біздің азамат туралы тамаша хабар біліп қайттым (Айбек).

حليم (халймун) әлім1) жұмсақ; 2) әлімкөже (еск. қабығынан тазаланған бидайдан ет қосып, айрықша әдіспен жасалған жұмсақ ботқа). Революцияға дейін Түркістандағы Ахмед Яссауидың мешітінде жұма намаздан кейін жиылғандарға әлім көже беретін әдет болған. Сол асты пісіретін орынды «қазандық» деп атаған, ас қазандары мен асты халыққа үлестіріп беретін астаулар осы күнге дейін сақталған.

حمال (хаммалун) хамбалжүкші. Шарапханадағылар хамбалды шақырып, Бұ адамды оның үлкен шетеніне салып, арқалатып үйіне қайтарып жіберді («Бұ Адам»);

һамбал. Бағдаттың қаласында бір һамбал болушы еді («М. Б. Т.»). Тақ үстінде толықсыған, көрді һамбал хұр қызын, Көрмесе оны әр ер адам — Көрмегендей күн жүзін («М. Б. Т.»).

حمد (хамдун) хамд1) мақтан, мақтау, даңқ, дәріптеу, даңқын шығару; 2) рақмет, алғыс. Аллаға шаһ Ғасим қылды шүкір, Сабах, шам хамді сана айтар зікір ( «Ғашық-наме» );



әмдусанамақтау, алғыс айту. Құранда айтылатын әмдусана көп, Емес пе екі айтылған сол мысал-ақ? Оқимын неше қайта әмдусәна-ақ (Ерімбет). Жаратқан бәрімізді әмдисана ұрысы: әмдусана — Н. О.) Ғаламға он сегіз мың тәңірім пана (Қайрақбай молда).

حمل (хамалун) амал1) қозы, тоқты; 2) астр. Тоқты шоқжұлдызы; 3) күн жылнаманың бірінші айына сөйкес келетін март айының аты (22 март 2І апрель). Амал, сәуір, зауза өтсе, Жетеді жылжып саратан. Жапырағы жайқалып, Ағашқа бітер түрлі сән. Сырттан байқап қарасам, Дарақтың ата-енесі, Тәрбият қылып ауасы, Әр түрлі пісер мәуесі (Молда Мұса). Ежелгі түркілер негізінен күн календарын пайдаланған. Кейін ол қазақ, өзбек, түрікмен, татар, азербайжан, т. б. халықтардың календарына негіз болған. Жыл 30 күндік 12 айға бөлінген, айлардан тыс 5-6 күн (қар. Бес қонақ) қосылып, жылдың ұзақтығы 365,25 күн тәулігі деп алынған, жыл басы — 1 наурыз, яғни 1 амал — 22 март болған («Қ. С. Э.»);



хамал. Күннің жүретін жолындағы он екі айға арналған он екі топ жұлдыздар бар: Хамал — Қошқар (А. Машанов).

حمل (хамлун) хамәл1) көтеру (жүкті, ауырлықты); 2) жүкті (әйел). Патша барша жанға жалғыз хақты, Қыз қалып, патшадан қайғы тартты. Тоғыз ай, он күнінде хамәл толып, Құданың рақымымен бір ұл тапты («Ғашық-наме»),

حملة (хамлатун) хамләшабуыл, бас салу. Көреді Сейфүл-мәлік бір айдаһар, Әлемді ашуланса бір-ақ жалмар. Келді де балапанға тұра ұмтылды, Болдырып отыр еді құс жануар. Сонда құс айдаһарға хамлә қылды, Аузынан айдаһардың от шашылды («Ғашық-наме»).

حميد (хамйдун) хамидмақтаулы, мақтауға тұрарлық. Жүсіп садиқ қасына Заһид келді, Заһид келіп, Жүсіпке сәлем берді. Мұратыма құдайым жеткізді деп, Көрісіп хамид сәнә шүкір деді («Ғашық-наме»).

حناء (хинна’ун) қына1) бот. сарғыш-қызыл бояу беретін кейбір өсімдіктердің аты; 2) шаш, сақал, тырнақ бояйтын бояу. Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді (мақал). Екеуі де тастан қына терген ешкіше ауыздары шөпшеңдеп, шекілдеуік шағып келеді (Сейфуллин.) Көк шықты қарғып Көкорай шалғын, Боз, бетеге бәрі бар. Қызғалдақ, қына, Жоңышқа, жуа Түр-түрімен табылар (Ешнияз);

қыналы1) қына түсті, сарғыш-қызыл түсті; 2) қына өсетін жер. Аулымның қонғаны ебелекті, Көк шымшықтың керегі көбелекті. Тұмсығы ұзын, аяғы қызыл болса, Қыналы құс дегенің кекілікті (Күдері қожа). Асығымды қынаға бояйтын апам қайда екен, Қыналы қырға қына теруге апармай ма екен? (С. Оспанов);

қыналауқынамен бояу. Қыстың ортасына таянғанда, Қазалы қаласындағы үйін бұрын көрмеген туысыма барсам, елуден асса да, қасын қыналап, көк нілден бетіне қал жасап, әтір май құймай орнынан тұрмайтын сылқым жеңгем бар екен (Қ. Әбдіқадыров).

حنان (ханнанун) хәннәнқайырымды, мейірімді, қайғыға ортақтасушы, көңіл жұбатқыш, аяғыш, есіркегіш, жаны ашығыш (құдайдың теңеуі). «Бақырған» кітабынан: «Бақырғанден сафар қылсам, Тауаф қылғали Кәғбани... Көріп хәннәни ұрысы: ханнаны Н. О.) мәннәни...» (С. Мұқанов).

حنبل (ханбалун) ханбал – діни бұл сөз ханбалдық, ханбали сияқты сөздерде кездеседі;

ханбалдық. Ибн Ханбал (780-855) — ханбалдық мектебінің негізін салушы Қ. С. Э.»);

ханбали1) діннің парыз-өсиеттерін аса мықты ұстаушы; 2) діни. имам Ахмед бин Ханбал жолын қуушы, соның мазһабындағы кісі.

حنفية (ханафййатун) ханафия1) кран, су ағызатын шүмек; 2) діни. ақиқаттық, шындық; әл-ханафият (ханафизм, діни Әбу Ханифаның ілімі, діни ағымы). Әбу Ханифа, имам Ағзам (700—767 ж. ж.) — шариғат заңдарына түсінік беруге арналған сунниттік төрт бағыттың (мазһаб) бірін құрушы, ханифа (ханафия) мазһабының негізін салушы Қ.С. Э.»).

حنيف (ханйфун) ханифдіни. нағыз, ақиқат, дәл, шын.

حنيفة (ханйфатун) ханифашын. ақиқат, нағыз мұсылман. Ханифашылар шариғатпен бірге азаматтық право ережелерін... қолдады. Түркі халықтарының ислам дінімен бірге ханифа ілімін қабылдауы да осыған байланысты еді Қ. С. Э.»);



Каталог: uploads -> files
files -> Гүлсім Оразалықызы оржановтар әулеті қазақ МҰнайының ардақтылары «Қазақ мұнайының ардақтылары»
files -> Гүлсім Оразалықызы Нұртас Оңдасынов туралы естеліктер
files -> Шахмардан есенов
files -> Конкурса научных работ среди школьников «turan-junior-2016» Секция «Физика, техника, науки о земле и космосе»
files -> «Қазақ мұнайының а р дақтылары»
files -> Ізтілеуова салтанат далбайқызы
files -> Махамбет қай жылы туғАН? Тұрлыбай Бақыт Серікқызы
files -> ҚазақТЫҢ хас батыры -аттила (еділ батыр)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет