Насих және мансұх Насых түсінігі мен оны білудің


жол қойғанға дейін үйлерде қамаңдар…(15). Сендерден арсыздық істеген



Pdf көрінісі
бет19/23
Дата06.04.2023
өлшемі1,03 Mb.
#173940
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Насих және мансұх
Балама қаражат институттары, Снимок экрана 2020—07—25 в 09.14.22, Ешенқұл Алуа БӨЖ хаттама №5 2, Жарасбекова Аружан жолдау, @kaznmu.kz, @doc
жол қойғанға дейін үйлерде қамаңдар…(15). Сендерден арсыздық істеген 
екеуіне де жапа беріңдер. Егер екеуі де тәубе етіп, түзелсе, олардан бет 
бұрыңдар 
(тиіспеңдер).
 Негізінен Алла тәубені қабыл етуші, ерекше мейірімді 
(«Ниса» сүресі, 15-16) аяттарының, «Нұр» сүресінің:
«Зинақор әйел мен ердің 
әрбіріне жүз дүре соғыңдар. Егер Аллаға, ақирет күніне сенсеңдер; оларға 
жұмсақтықтарың ұстамасын. Әрі екеуінің жазасын мүміндерден бір тобы 
көріп тұрсын» 
(«Нұр» сүресі, 2),– деген аятымен күші жойылған. Алайда, бұл 
аятта көрсетілген жаза, бойдақ зинақор ер мен әйелге қатысты айтылған.
11. «Әке-шеше және жақындарыңның қалдырған нәрселерінің 
әрқайсысына мұрагер қылдық. Сондай-ақ, сендермен серт байлағандарға да 
сыбағасын беріңдер. Алла әр нәрсені бақылаушы» 
(«Ниса» сүресі, 33) аяты, 
«Әнфәл» сүресінің: 
«...және туысқандар Алланың Кітабында бір-біріне тағы 
жақын» 
(«Әнфәл» сүресі, 75),– деген соңғы аятымен күші жойылған. Ирак фиқһ 
ғалымдары, аталған аяттың үкімі жойылмағандығын айтады.
 
«Мәида» сүресіндегі аяттар: 
12. «Ей, иман келтіргендер! Алланың белгілеріне 
(қажылық амалдарына)
 
құрметті айға құрметсіздік етпеңдер» 
(«Мәида» сүресі, 2) деген аяттың:
 
«Сондай-ақ, мүшріктер сендермен түгел соғысқандай сендер де олармен 
түгелдей соғысыңдар» 
(«Тәубе» сүресі, 36),– деген секілді мағынадағы аяттармен 
үкімі жойылған. Имам әз-Зурқани: «Дұрысырағы аталған аяттың үкімі 
жойылмаған»,– деген
40

13. «Егер олар саған келсе, араларына үкім бер немесе олардан теріс 
айнал» 
(«Мәида» сүресі, 42) аятының үкімі, осы сүренің: 
«Олардың араларына 
Алланың түсіргенімен үкім ет» 
(«Мәида» сүресі, 49) аятымен мансұхталған. 
Имам әд-Дәһләуи, әз-Зурқани секілді ғалымдар, екінші аятты бірінші келген аяттың 
жалғасы ретінде қабылдап аталған аяттың үкімі жойылмағандығын құптаған. Олар: 
«Бірінші аятта, үкім шығару не олардан теріс айналу – пайғамбардың қалауына 
қалдырылған болса, екінші аят – пайғамбар үкім шығаруды қалаған кезде, Алланың 
түсіргенімен үкім етуі талап етілген»,– деп айтқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет