бап. Ата-аналардың баланың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтары мен міндеттері 1. Ата-аналар өз баласының заңды өкiлдерi болып табылады және арнайы
өкiлеттiктерсiз кез келген жеке және заңды тұлғаларға қатысты, оның iшiнде соттарда
оның құқықтары мен мүдделерiн қорғайды.
2. Егер қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын
орган ата-аналар мен баланың мүдделерi арасында қайшылықтар барын анықтаса, ата-
аналар өз баласының мүдделерiн бiлдiруге құқылы емес. Ата-аналар мен баланың
арасында келiспеушiлiктер болған жағдайда, қорғаншылық немесе қамқоршылық
жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган баланың құқықтары мен мүдделерiн
қорғау үшiн өкiл тағайындауға мiндеттi.
Егер ата-аналар балаға қатысты ата-ана құқықтарынан айрылған не олар шектелген
жағдайда, баланың мүдделерін білдіруге құқылы емес.