Норадреналин көптеген тіндерде, мида және симпатикалық нерв жүйесiнде де түзiлуi мүмкiн. Адреналин және норадреналин байланысатын рецепторлар адренорецепторлар (α және β) деп аталады.
Адреналин – «эмоциялық» гормон, ол кездейсоқ жағдайларда организмнің қызметін сыртқы ортаның өзгерген жағдайларына бейімдейді. Стресс кезiнде адреналин көп мөлшерде бөлiнiп, тек β-рецепторлармен ғана емес α- рецепторлармен де байланысуы мүмкін. Нәтижесінде шеткі қан тамырлары, сондай-ақ жүрек, ми тамырлары тарылып, инфаркт туғызуы мүмкін.
Адреналин– каллоригендi,жүрек жұмысын жақсартатын, гипергликемияны тудыратын, катаболикалық, кардиотоникалық әсер көрсететін гормон.
Бүйрек үсті безінің милы қабатының гормондарының секрециясының реттелуі:
1. симпатикалық нерв жүйелері арқылы (ацетилхолин арттырады).
2. ГКС (норадреналиндi адреналинге айналдырады )
Катехоламиндердің бөлінуі әр түрлі жағдайлар әсерінен, яғни стресс, дене еңбегі, жан күйзелісі, қандағы инсулин деңгейінің жоғарылауы, гипогликемия, гипоксия және т.б. жағдайларда да болады. КА-дің бөлінуі Са2+ иондарының қатысуымен өтеді.
Соматотропты гормон (СТГ, өсу гормоны).
Химиялық табиғаты: 191 АҚ тұратын жай нәруыз.
Қанда СТГ β- және γ-глобулиндермен, сондай-ақ альбуминдермен байланысқан күйде болады.
Әсер ету механизмі: 1-лік цАМФ арқылы және 3-лік механизм (тирозинкиназды-фосфатазды жүйе).
СТГ рецепторлары организмнiң барлық жасушалары мен тіндерiнде бар.
Физиологиялық әсерi:
Нәуыздар алмасуына әсері:
•сүйекте, шеміршекте, бұлшық етте, бауырда және басқа да ішкі органдарда нәруыз синтезі ;
•ДНҚ, РНҚ синтезі жоғарылайды ,
•жасушалардың бөлінуі мен өсуі артады,
•АҚ-ң жасуша мембранасы арқылы жасуша ішіне тасымалдануы артады ,
•Нәруыздың катаболизмі төмендейді, қанда қалдық азот және мочевина деңгейі төмендейді, оң азотты баланс байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |