Қоғамдық-гуманитарлық пəндер кафедрасы



Pdf көрінісі
бет26/34
Дата30.09.2022
өлшемі0,81 Mb.
#151308
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   34
Байланысты:
Дәріс матіні Cыздықова СМ
english exam 111, english exam 111, 5 сынып қмж, ?бт есептерін шы?ару жолдары, Жұмағазы Нұрдулат бух.учет, Логистика СРС, Дәрістер жалпы тех, Можге жауапты издеу
шексіз еркіндік 
беруге де болмайды. Дегенмен, егер басқа партиялар болмайтын болса, онда басқарушы 


партияның ішінде кең түрде саяси еркіндік қамтамасыз етілуге тиіс. Бұл сияқты 
платформа идеясының жүзеге асып жатқанын жапондық либералдық-демократиялық 
партияның, үнді ұлттық конгресінің іс-əрекетінен көруге болады. Бір ғана саяси партия 
жағдайында ол проблемаларды талқылауға құқықты бірден-бір ұйым болмауға тиіс. 
Партияның деңгейінде дамымаған болса да, саяси майданда бəсекеге түсе алатын басқа 
саяси ұйымдар да болуға тиіс. Бұдан басқа да АҚШ-тағы сияқты екі партиялылықтың 
тиімді екенін жақтайтын пікірлер де бар. Азаматтардың саяси еркіндігі көп ретте осы 
жағдайлармен байланысты. 
Қазақстанда саяси партияларды жоғарыдан құру тəжірибесі кеңінен тараған. Бұл 
жағдайдың барлық деңгейде қалыптасып отырғандығын Отан партиясының кезектен
тыс IV съезінде сөйлеген сөзінде Президент Н.Ə.Назарбаев «... Басшы партия органдары 
қаншалықты жасыруға тырысса да, аймақтық бөлімшелердің қалыптасуының өзі 
«жоғарыдан» дейтін классикалық схема бойынша жүреді. Сосын жергілікті жетекшілер, 
жұмсартып айтқанда, нұсқау бойынша сайланады», – деп ашық айтуы бекер емес. 
Елімізде азаматтардың саясатқа қатысу еркіндіктерін кеңейту жəне жетілдіру 
мақсатында мына ұсыныстарды атап кеткен орынды: Партиялардың сайлауға қатысу
жəне сайлану 
мүмкіншілігін арттыру
. Яғни, олардың тіркелу, ұсыну тұрғысындағы 
талаптарын жеңілдету; Б
ұқаралық ақпарат құралдарының қызметінің еркіндік сипатын 
күшейту
, азаматтарға психологиялық əсер етуде үгіт насихатты барлық партиялардан
тең дəрежеде жүргізуін қамтамасыз ету; Парламентте көппартиялылықты қамтамасыз 
ету мақсатында партиялар үшін 
сайлау кедергісін қысқарту 
( 7% -дан 5%-ға дейін). 
Қазақстан азаматтарының саяси қатысуының еркіндігі келесі факторларға 
байланысты: 
біріншіден
, демократиялық саяси қатысу мен əлеуметтік топтардың саяси 
шешімдерді қалыптастыру мен қабылдау үрдісіне ықпал етудегі 
тəжірибесінің аздығы

Екіншіден
, еліміздегі 
модернизациялау үрдісі 
мен оның қоғамға ықпалына байланысты. 
Ол саяси мінез-құлық еркіндігін таңдауға əсер етуде. 
Партиялар жиылып, партиялық жүйені құрады. Сондықтан оларды жіктеудің де 
мəні зор. 
Партиялық жүйе 
деп мемлекеттік мекемелерді қалыптастыруға шынымен 
мүмкіндігі бар, елдің ішкі жəне сыртқы саясатына ықпал ете алатын 
саяси партиялар 
жиынтығын 
айтады. Ел ішінде қанша партиялар болуы жəне олардың қайсысы 
партиялық жүйеге енуі сол елдің тарихи дəстүріне, əлеуметтік-экономикалық 
шиеленістер сипатына, негізгі əлеуметтік күштердің арасалмағына байланысты. Оған 
халыктың бір ұлтты əлде көп ұлтты, бір дінге əлде көп дінге бағынуы да əсер етеді. 
Билік үшін күреске қатысып жүрген саяси партиялардың саны жағынан олар 
көппартиялық, екіпартиялық жəне бірпартиялық болып топтастырылады. 
Демек, партиялық жүйе əр түрлі болады. Сондықтан солардың ішінде ең тəуірі, 
тиімдісі қайсысы деген сұрақ тууы мүмкін. Бұған бірыцғай кесіп жауап беру, бір үлгіні 
ұсыну дұрыстыққа жатпайды. Əйтсе де партиялық бірлестіктердің тиімділігіне жалпы 
өлшеуіш боларлық жағдайлар мыналар. Олар халықтың əлеуметтік мүдделері мен 
мұқтаждықтарын бірінші сезініп, қамтамасыз етуге тырысуы лəзім. Партия арқылы 
шешімдер қабылдағанда азаматтардың барынша мол қажеттіктерін қамту. Үкімет 
бағытын сын көзбен түзету жəне басқарушы топтың жұмысына демократиялық бақылау 
жасау жəне т.с.с. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет