«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»



Pdf көрінісі
бет151/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia

Грек жаңғағы. 
Бҧрынғы ССРО-да жабайы жаңғақтың 3 тҥрі кездеседі. 
Олар негізінен Орта Азия республикаларында, Солтҥстік Кавказда, Қырымда, 
Украинада және Европалық аймақтарда ӛседі. Грек жаңғағы ӛте биік (25-30 м) 
ӛсетін ағаш, діңінің аумағы 1,5—2,0 м келеді, бӛрікбастары аумақты болады. 
Тамырлары ӛте тереңге (4 м) кетеді, аумағы 10—15 м. 
Грек жаңғағының екпе сорттары отырғызылғаннан кейін 4-6 жылдан 
бастап, ал жабайылары 8 - 10 жылдан кейін ӛнім береді. 20—30 жыл ӛте 
жақсы, мол ӛнім алынады. Орта есеппен әрағаштан 100—150 кг, ал кейбірі 
300—500 кг дейін жеміс салады.Ӛнімді жыл сайын береді. Жанғақ ағаштары 
кӛп жыл ӛмір сҥреді(кейбір ағаштары 300 жылға дейін). Кең тарағандары — 
Бостандыкский, идеал, десертный, юбилейный, тонкоскорлупый т. б. сорттары. 
Бадам.
Бҧл ӛсімдіктің 40-қа жуық тҥрі бар. Ӛндірісте кеңінен 
қолданылатыны кәдімгі бадам. Бадамның бҧл тҥрінің шыкқан жері Кіші және 
Орта Азия. Екпе тҥрде бадам — Иранда, Иракта, Ауғанстанда, Пакистанда, 
АҚШ-та, Аргентинада, Чилиде Австралияда т. б. мемлекеттерде кездеседі. 
Бадам Қырымда, Краснодар ӛлкесінде және Кавказда кең тараған. Қазақстанда 
Шымкент облысында кездеседі. Бадам бҧта тәріздес немесе ағаш сияқты 
ӛсімдік, биіктігі 10 м дейін жетеді. Тамырлары аумақты, терең кетеді. 
Қуақшылыққа, сор топыраққа ӛте тӛзімді. Бадам ағаштары 100 жылға дейін 
ӛмір сҥреді, ал ӛнімі аяқталатын дәуірі — 30—50 жыл. Жемісті 
отырғызылғаннан кейін 3—4 жылда береді. Орта есеппен әр гектардан 10—14 
ц-ден 25 ц дейін ӛнім алынады. 
Бадам ӛсімдігі жарықты ӛте қажет етеді. Бізде аудандастырылған 
бадамның 15 сорты белгілі, соның ішінде кеңінен таралған сорттар — 
десертный, 
ялтинский, 
никитинский 
(кеш 
гҥлдейтін) 
угамский, колхозный. 
Орман жаңғағы.
Ерте заманда екпе тҥрде Греция мен Италияда кеңінен 
тараған. Орман жаңғағы Тҥркияда, Испанияда, АҚШ-та кӛп ӛседі. Ӛндірістік 
мақсатқа Грузияда, Әзірбайжанда, Солтҥстік Кавказда, Украинада, Молдовада 
ӛседі. 
Жер жҥзінде орман жаңғағының 20-ға жуық тҥрі бар. Сонын, ішінде 
біздің елде 9 тҥрі кездеседі. Кең тараған тҥрі кәдімгі орман жаңғағы. 
Орман жаңғағының тҥрі негізінен бҧта тәріздес болып келеді (0,5—2,5—
8 м дейін), ал кейбір тҥрлері мысалы аю жаңғағы, Қытай жаңғағы ағаш тәріздес 
биіктеп (25—35 м дейін) ӛседі. 


Егер орман жаңғағының бҧта тәріздес тҥрлері мен екпе сорттары дәннен 
ӛсірілсе, отырғызылғаннан кейін 5—8 жылда ӛнім бере бастайды, ал ҧластыру 
арқылы ӛсірілген екпе сорттары ӛнімді 3—4 жылда салады. Орман 
жаңғағының ағаш тәріздес тҥрлері жемісті 14—17 жылда береді. Ағаштары 
орта есеппен 40 жылға дейін тіншілік етеді, ал егер жыл сайын қырқып, 
жасартып тҧрса, онда 40—60 жылға дейін тіршілік етеді. Орман жаңғағы 
ылғалды жерде жақсы ӛседі. Ӛнімді гектарына орта есеппен 30—40 ц береді. 
Орман жаңғағының 17 сорты аудандастырылған, соның ішінде кең 
таралғандары ганджа, луиза, адыгейский, черкесский, кудрявчик т. б. сорттары. 
Пісте.
Екпе тҥрлері Орта Азияда, Әзірбайжанда, Грузияда кең тараған. 
Бізде екі тҥрі ӛседі. Пісте ӛсімдіктері ағаш тәріздес болып келеді, биіктігі 10 м 
дейін жетеді, ал ылғалы аз жерде бҧта тәріздес келеді. Дәннен ӛсірілген пісте 
ағаштары ӛнімді 8—15 жылда, ал ҧластыру арқылы ӛсірілген екпе сорттары 
отырғызылғаннан кейін 3—4 жылда береді. Пісте ӛсімдіктері ӛте ҧзақ, орта 
есеппен 300-500 жыл тіршілік етеді. Кейбір ағаштары 300-400 жылда да ӛнім 
береді. Әрбір ағаштан орта есеппен 30-35 кг ӛнім алынады. Пісте ӛте жарық 
сҥйгіш және куаңшылыққа ӛте тӛзімді келеді. 
Субтропиктік өсімдіктер тобы:
Бҧл топқа әр тҥрлі ботаникалық 
тҧқымдас ӛсімдіктер жатады. Олар суыққа тӛзімсіз келеді, жылу сҥйгіш және 
даму кезеңі ҧзақ болады (6—7 ай). Осы топқа жататын ӛсімдіктер ішінде кең 
тарағандары — лимон, апельсин, мандарин, грейпфрут т. б. Олар цитрус тегіне, 
руталықтар тҧқымдасына жатады. Бҧлар мәңгі жасыл болып тҧратын ағаш 
немесе бҧта. Жыл бойы ӛседі, сол себептен бір ӛсімдіктің ӛзінде жас 
бҧтақшалар, гҥлдер, жеміс тоқтаусыз ӛсіп атуы мҥмкін. 
Цитрус жемістерінде лимон қышқылы, пектин, А, В, С және басқа 
витаминдер, органикалық, минералдық заттар кӛп болады. Цитрус жемістерін 
кӛбінесе жаз кезінде пайдаланады. Олардан компот, цукат, сироп даярлайды 
және эфир майы, лимон қышқылы алынады. 
Цитрус ӛсімдіктерінің отаны оңтҥстік шығыс Азия болып табылады. 
Олар атап айтқанда, Қытайда, Италияда, Испанияда, Грузияда, Сирияда, 
Индияда, Пакистанда, Мексикада, Бразилияда, Африкада және басқа да 
мемлекеттерде кӛп ӛсіріледі. 
Қара теңіз жағалауында, Тәжікстанда, Ӛзбекстанның оңтҥстігінде кең. 
тараған. Цитрус ӛсімдіктерінің ішінде қолдан ӛсірілетіні лимон. Суыққа
тӛзімділігі нашар болғандықтан оларды қысқа қарай жауып қояды. 
Бҧрынғы ССРО-да цитрус ӛсімдіктері 20,7 мың гектар жерді алып жатыр, 
оның 20,3 мың гектары Грузияда. 
Қазақстанда бҧл ӛсімдіктерді Шымкент облысынын оңтҥстігінде 
оранжереяда ӛсіруге болады. Басқа субтропиктік ӛсімдіктерінің ішінде кең 
таралғандары анар, інжір, зэйтҥн, қҧрма, унабы, шилен. Бҧлар цитрус 
ӛсімдіктерімен салыстырғанда суыққа да, қуаңшылыққа да тӛзімді болып 
келеді, сол себептен Қырымда, Орта Азия, Армения, Әзірбайжанда, Грузия 
республикаларында, Краснодар ӛлкесінде кеңінен тараған. 


Анар.
Қӛп жылдық, ағаш немесе бҧта тәрізді, биіктігі 5 м дейін жетеді. 
Жабайы тҥрде Иранда, Иракта, Орта Азия республикаларында кездеседі. 
Олардың жемісін жеуге болмайды. 
Анар Орта Азияда, Закавказье республикаларында, әсіресе Әзербайжан, 
Грузия республикаларында, Краснодар ӛлкесінде, Қырымда ӛсіріледі. 
Қазақстанда Шымкент облысының оңтҥстігінде кездеседі. Жемісінде 8—12% 
қант, 0,5—5% тҥрлі қышқылдар, 6—10 мг % С витамині болады. Жемісі жас 
кезінде және тамақ, дәрі ӛнеркәсібіне пайдаланылады. 
Анар ӛсімдігі тҧқымынан және қалемшеден ӛніп-ӛсу арқылы кӛбейеді. 
Отырғызылғаннан кейін 3—4 жылда жеміс сала бастайды, 6—7 жылдан кейін 
мол береді. Орта есеппен әр ағаштан 25-30 кг ӛнім алынады. Ағаштары ӛнімді 
30—50 жылға дейін салады. Кейбір анар ӛсімдігі 300 жылға дейін тіршілік 
етеді. Қазақстанда аудандастырылғандары қазаки, ачик-дана сорттары. 
Зәйтүн.
Майшетен тегіне жатады, 60-қа жуық тҥрі белгілі. Олардың 
ішінде ӛндірістік маңызы бары — Европалық зәйтҥн. Зәйтҥн мәңгі жасыл ағаш, 
жабайы тҥрде кездеседі. Ерте заманнан кең тараған ӛсімдік. Екпе тҥрдегі 
зәйтҥн Испания, Италия Тунис, Марокка мемлекеттерінде негізгі ауыл 
шаруашылығы дақылы болып табылады. 
Зәйтҥн Қырым, Грузия, Әзірбайжан, Армения, Тҥркменстан 
республикаларында ӛседі. Зәйтҥн ағашы биік болып (5—6 м) ӛседі, кейбірі
10—12 м дейін жетеді, жемісінде 25-42% жоғары бағалы зәйтҥн майы 
болады. 
Зәйтҥнді жас бҧтақшалар, қалемшелер, ҧластыру немесе тҧқымы арқылы 
кӛбейтеді. Тҧқымнан ӛсірілген ӛсімдіктер бірінші ӛнімді 10—12 жылда, ал 
жыныс мҥшесіз ӛсіп-ӛнсе 4—5 жылда салады. Ӛнімді 200 жылға дейін салады, 
бірақ 15 жылдан 50 жылға дейін ӛте жақсы, мол береді (10-15 ц гектарынан). 
Суыққа тӛзімсіз ауа райы 10 — 15
0
С тӛмендесе бҧтақшалары ҥси бастайды. 
Інжір
тҧт тҧқымдас ӛсімдік. Жабайы тҥрде субтропиктік аймақта кӛп 
кездеседі. 
Қырымда, 
Әзірбайжанда, 
Грузияда 
және 
Орга 
Азия 
республикаларында ӛседі. 
Інжір ағашы биік (10—15 м). Жемісінде 28% қант және А, В1, В2, С 
витаминдері болады. Жемісі кӛп уақыт сақтауға жарамайды, тез бҧзылады. Жас 
кезінде немесе кептіріліп пайдаланылады. Алынатын ӛнімі орта есеппен әр 
гектардан 100—200 ц болады. 
Інжір ӛсімдіктері сҧлатпа сабақтары, ҧластыру, қалемше арқылы 
кӛбейеді. Ӛнімді отырғызғаннан кейін 2—3 жылда салады. 7—8 жылдан бастап 
ӛнімі молаяды. 
Орта есеппен ағаштары 60—100 жыл тіршілік етеді. Суыққа тӛзімсіз, ауа 
райы 15
0
С тӛмендесе бҧтақшалары ҥсіп кетеді. Шымкент облысының 
оңтҥстігінде бҧтақтарын кӛму арқылы Ӛзбекстан сорты ӛсіріледі. 
Құрма.
Әбен тҧқымдастарына жатады. Шыққан жері — Қытай. Кең 
тараған жерлері — Оңтҥстік және Шығыс Азия, Солтҥстік Африка, Оңтҥстік, 
Орталық Америка. Бҧрынғы ССРО-да Грузия, Әзірбайжан және Орта Азия 
республикаларында ӛсіріледі. 


Қҧрманың ағаштары биік ӛседі (6—12 м). Бӛрік бастары сирек келеді. 
Басқа субтропиктік ӛсімдіктерге қарағанда суыққа тӛзімділеу келеді. Жемісі 
жас кезінде немесе кептірілген кезде пайдаланылады. Ҧластыру арқылы 
ӛсірілген кӛшеттері жемісті отырғызғаннан кейін 3—4 жылда береді. Ӛнімді 
мол салады, гектарынан орта есеппен 100—200 ц, кейбір бақтарда 500 ц дейін 
ӛнім алынады. Қҧрма ӛсімдіктері 50—90 жыл, кейбіреулері 100 жылға дейін 
тіршілік етеді. 
Шилен
кара жемістер тҧқымдасына жатады. 50-ге жуық тҥрі белгілі. 
Шилен ӛсімдіктері кӛбінесе ағаш, бҧта тәріздес келеді, биіктігі 5—7 м, 
крондары ӛте сирек. Орта Азияда, Кавказда, Қырымда кездеседі. Жемістерінде 
25—32% қант, 1300 мг % С витамині, пектин, танин болады. Кептірілген 
жемістерінде 60% қант болады. Жемісі жас, кептірілген кҥйде пайдаланылады. 
Жемісі, жапырағы, ағаштың қабықтары гипертония ауруына қарсы ӛте 
пайдалы. 
Шилен ӛсімдіктері отырғызылғаннан кейін 2—3 жылда ӛнім береді, ҧзақ 
тіршілік етеді (70—80 жыл), кейбіреулері 200 - 300 жылға дейін барады. 
Ағаштары қуаңшылыққа, сондай-ақ суыққа да ӛте тӛзімді. Оңтҥстік 
Қазақстанда бҧл дақылдың болашағы мол. Қазіргі кезде аудандастырылған 
шиленнің Та-ян-Цзае сорты ӛсіріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет