Омарқожаұлы Нұрберген Омарова Қарлығаш мал азықтандыру пәнінің практикумы



бет47/90
Дата23.02.2022
өлшемі1,32 Mb.
#132924
түріПрактикум
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   90
Байланысты:
Азықтандыру практикумы
Топырақ туралы алғашқы білім, 3-4 тәж.сабақтар СҚжДТ, биотехнология кітап, Темірқұл Алтынай 1912 зикр, СРСП 2, СӨЖ №1 биохимия,Тоқтарова Әсем, annotation88215, Алгоритм, Биотехнология 4-зертхана, СРС СӨЖ (4), Темірқұл Алтынай 19-12 зикр,1 практика тапсырмасы!), zadanie 1 (3) (1), 2020 referat 6842314 (1), СРСП 6апта Даярбек Диана, Темірқұл Алтынай 19-12 зикр.2-апта,2-СӨЖ тапсырмасы!
Пішендеме. Пішендемеге дегдітілген көкшөпті сүрлемдеу технологиясына ұқсас жолмен (шауып, дегдітіп, турап, мұқиятнығыздап, тиянақты жауып) салады. Құрғақ затындағы клетчаткасы бойынша (19%-дан астам) пішендемені топқа жатқызады, бірақ сүрлемдікінен көрі де шырыны жақсы сақталып, онша қышқылданбаған (рН = 5-5,5), тұщыбалаусалау азықты мал қорегіндегі физиологиялық әсеріне сәйкес шырынды азыққа жатқызуды дұрыс санаймыз. Мал азығында пішендемені пішен мен сүрлем орнына жұмсауға болады.
Пішендемеге салынған азықтың сақталуын "физиологиялық құрғақтық"жағдайы деп аталатын 50-55% ылғалдылықта өсімдік торшасының ылғалұстаушы күші (водоудерживающая сила) бактериялардың 50-52 см2/кгк-ға жететін copy күшінен басым түседіде, анаэробтық жағдайда қоректік заттарының сақталуын қамтамасыз етеді.
Анаэробты герметикалық жағдайда пішендемеге салынған массада 1-1,5 м3/т көлемінде жиналатын көмірқышқыл газы copy күші 220-295 см2/кгк көгерткіш саңырауқұлақгар дамуына жол бермейді. Пішендемеге салынған массада қоректік заттар сақталуын қамтамасыз ететін осы жағдайларды орнату үшін пішендеме дайындау технологиясын қатаң сақтау қажет. Салынған пішендеме сапасының нашар болуы, көбіне, өзіндік салу технологиясын және мерзімін сақтамай, сүрлем технологиясына ұқсатып, салыну мерзімінің созылғандығымен байланысты болады.
Әдетте, ені - 9-12 м, ұзындығы - шаруашылық қажеттігінше созылатын орға (траншеяға) пішендеменің тәулігіне салынатын 1 метрдей қабатын 450-500 м3/кг нығыздықпен мұқият таптап, 3,5-4 м биіктікке жеткізеді. Қысқамерзімде мұқият тапталып, нығыз қымталып жабылған массада оттегінің таусылуынан аштық алмасу (голодный обмен) барысындағы өсімдік торшаларының тыныстануы тез арада тежеліп, пішендеме температурасы 37-38°С аспай, ыдыраушылықтан орын алатын қоректік заттарының шығымы азаяды. Нығыз тапталмаған массада ауа (оттегі) қалып қоятындықтан, 50°С жылулықта жақсы дамитын аэробты термофилдік бактерияларының өсуінен пішендеме температурасы 85-90°С дейін көтеріліп, органикалық заты, бір жағынан көп ыдырап, екінші жағынан, қорытылуы төмендейді. Мұндай жағдайда дұрыс дайындалған пішендемемен салыстырғанді қызған (угар) пішендеме протеинінің қорытылуы - 65-70%-дан 45-50%, тіпті 10-15%-ға дейін, азотсыз экстрактивті заттарының қорытылуы - 80%-дан 50-55%-ға дейін төмендейді.
Дегдітілген шөптегі микроорганизмдер copy күшін зерттеген Вальтердің (Walter, 1923) еңбектерімен танысқан М.Михин ылғалдылығы 60%-дан төмен пішендемеде орын алатын жағдайдысүрлемдеуден ажыратып, аутоконсервілеу атады. Соның арқасында сүрлемнен көрі қышқылсыз, аты сақталған, түсі мен дәмі, физиологиялық қоректілігі балаусаға жақын, малға жұғымды құнарлы азық дайындалады. Өйткені, қоректік зат жиналуы бойынша, малғажегізгендегі кезеңінен көрі өсімдікті пішендемегеоңтайлы кезенде шауып, 1 га өнімділігін арттыруға болады. Мысалы, АҚШ-та көпжылдық шөпті сиырға жайып істегенде 1 гектарынан 2718,6 кг құрғақ зат жиналып 6,4 кг сүт, шауып жегізгенде 3012,7 кг құрғақ зат жиналып 10,5 кг сүт, пішендемеге салып жегізгенде 3515,1 кг құрғақ зат алынып - 3566,1 кг сүт өндірілген.
Шаруашылықта пішендеме сапасын стандарт талаптары қатар органолептикалық көрсеткіштері бойынша даыңғайлы. Ол үшін пішендеме түсін, иісін, өсімдік құрылымының (структурасының) сақталуын, көгеріп не шіріп жарамдығына, бөгде заттармен ласталмағанына жете аударады.

Пішендеме сапасына 23637-79 МЕСТ талаптары



Көрсеткіш

Классы

I

II

III

Құрғақ заты%










  • бұршақ тұқымдастардікінде

40-55

40-55

40-55

  • астық тұқымдастардікінде

40-60

40-60

40-60

Құрғақ затындағы:










а) шикіпротеин, %










Бұршақтұқымдастардікінде

15

13

11

Бұршақ-астық тұқымдастардікінде

13

11

9

б) шикі клетчатка, %

29

32

35

в) жеңіл еритінкөмірсулар, %

2

-

-

г) каротин,кг/мг

55

40

30

Май қышқылы, %

-

0,1

0,2

Ескерту. Пішендемесі жеміс uicmi, түсі - сарғылт-жасыл, ал беденікі,кластікі - сәл бал, жаңа піскен қара нан иісті, түсі -сары- жасыл, тек беденікі - қоңырқай келеді.

Азық пішендеменің түсі сарғылт-жасыл, сары-жасыл, иісі жағымды, хош жеміс иісті болады, Ылғалы 45% -дан төмен болып, дайындау барысында біршама қызған пішендеме түсі қоңырқай тартып, қызғылттанады. Қатты қызған пішендеме түсі қара-қоңырланып, бал, жаңа піскен қара бидай нанының иісі сезіледі. Жоғары температура әсерінен оның құрамындағы протеиннің қорытылуы күрт төмендейді. Бұзылған пішендеменің шірік, тұздалған балық иісі шығады.
Стандарпен қатар пішендеме сапасын келесі баллдық шкаламен бағалайды:
а) иісі бойынша:
- хош, жеміс иісті болса ....................................................................................3 балл
- сәл бал немесе жаңа піскен қара нан иісті болса...........................................1 балл
- бал немесе жаңа піскен қара нан иісті болса.................................................0 балл
б) түсі бойынша:
- боз-жасыл, сарғылт жасыл болса................................................................... 3 балл
- қоңыр-жасыл болса .......................................................................................... 2 балл
- қара-қоңыр болса .............................................................................................. 0 балл
в) құрғақ затындағы қоректік заттары бойынша:
- шикі протеині
... бұршақ тұқымдастар пішендемесінде 15%-дан асса – 5 балл, 14,9-13% болса – 4 балл, 12,9-11% болса – 3 балл, 10,9%-дан аз болса – 1 балл;
... бұршақ-астық тұқымдастардікінде 13%-дан асса, -5 балл, 12,9-11 % болса -4 балл, 10,9-9% болса -3 балл, 8,9%-дан аз болса – 1 балл;

  • «шикі» клетчаткасы 29%-дан аспаса – 4 балл, 30-32% болса- 3 балл, 33-35% болса -2 балл, 19 мг/кг аз болса – 1 балл;

  • каротині 55 мг/кг асса – 5 балл, 54-40 мг/кг болса – 4 балл, 39-30 мг/кг болса – 3 балл, 29-20 мг/кг болса – 2 балл, 19 мг/кг аз болса – 1 балл;

  • майлды қышқылы 0 г% болса – 5 балл, 0,01-0,1 г% болса – 3 балл, 0,11-0,2 г% болса – 2 балл, 0,21 г% асса – 0 балл беріледі.

Осы көрсеткіштері бойынша 25-22 балл жинаған пішендеме – өте жақсы (1 класс), 21-17 балл жинаған пішендеме – жақсы (2 класс), 21-17 жинаған пішендеме – орта (3 класс), ал 9 баллдан төмен жинаған пішендеме – нашар (классыз, кластан тыс) болып бағаланады.
Дайындалған пішендеме салмағын екі апта өткен соң жоғарыда берілген сүрлем аумағын есептеу формуласы бойынша көлемін тауып, оны 1 м3 салмағына көбейтіп есептейді. 50%ылғалды пішендеменің 1 м3 екі аптадан кейінгі салмағы, тапталу нығыздығына байланысты, бұршақ тұқымдастардан салынса – 450-550 кг, бұршақ-астық тұқымдастардан салынса – 420-450 кг тартады.
Бұршақ тұқымдастардан жоңышқадан салынған пішендеменің 1 кг-да – 0,35 а.ө., 70 г қорытылатын протеин, 9 г кальций, 1,3 г фосфор, 40 мг каротин, бұршақ-астық тұқымдастардан сиыржоңышқа – сұлыдан салынған пішендеменің 1 кг-да – 0,32 а.ө., 38 г қорытылатын протеин, 4 г кальций, 1,8 г фосфор, 30 мг каротин болады.
1-тапсырма. Оқу-тәжірибелік шаруашылықты дайындалған пішендеме түрі, түсі, иісі, қышқылдығы бойынша салу технологиясын бағалап, формуламен мөлшерін есептеп, орта үлгісінің құрамы бойынша сапасын анықтаңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет