Ономастикалық хабаршы №1 (31) 2016



Pdf көрінісі
бет42/98
Дата30.04.2020
өлшемі1,17 Mb.
#65252
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   98
Байланысты:
ОНОМАСТИКАЛЫҚ ХАБАРШЫ
Doc1, Doc1, Липидтер, Положение о Дипломной Работе, Пoстмoдеpнизм, Авеста, Мо Янь, комптех, Программалау тілдерінің мүмкіндіктерін пайдалану, 119843.pptx, Kirik7, energy esep, декада физики, аннотация
Ә (а), І (и), Ң (н), Ғ (г), Ү (у), Ұ (у), Қ (к), Ө (о немесе у), Һ 

(х) төл дыбыстарын бір қарағаннан тану қиындық тудырмайды. Таңбалануының 

өзі  осыған  бейімделген.  Тілі  келмесе,  осыған  ұқсас  (қасында  тұрған)  орысша 

дыбыстарды айта беруіне ешкімнің қарсылығы жоқ. Қазақша дұрыс жазылуы 

аса маңызды. Біріншіден өзімізге керек –қазақша білмейтін немесе орысша тілі 

шыққан қазақ баласы үшін.Қазақша толтырылса, ерте ме, кеш пе құжатындағы 

нормаға  бағынады.  Егер  орысшалаймыз  деп,  қате  жазып  қорласақ,  қазақша 

білетін, қазақша тілі шыққан баланың басын осы қатеге күштеп идіреміз. Алда 

әлі талай мағынасы ешкімге түсініксіз «жаңа» есімдердің пайда болуы мүмкін.

Орыс  тілінің  халықаралық  дәрежесін  мойындайтынымыз  рас,  сондықтан 

оған біздің елде көп басымдықтар беріліп келеді. Алайда, ұлттық есімдеріміздің 

сұрын қашырып, тегі бөтен тілдің ыңғайына бейімдеген үстіне бейімдей беру 

аты-жөнімізді ұлттық болмысынан алшақтатып барады.Оның үстіне алақандай 

құжаттың бетіне азаматтың атын, тегін, әкесінің атын ешқандай негізсіз қазақша, 

орысша, ағылшынша үш рет толтырсақ, өте бір көріксіз күйге түсірмес пе екен?! 

Үш тұғырлы тіл идеясының мақсаты қазіргі жағдайда тілді білу қажеттілігінен 

шығып  отыр  емес  пе?  Оны  орынды,  орынсыз  әр  жерге  тықпалай  беру 

қаншалықты дұрыс?Қазіргі өзіміз пайдаланып жүрген жеке куәлігімізді алып, 

бір сәт көз жіберіп қарайықшы. Артық-кемі жоқ өте қолайлы ойластырылған. 

Халықаралық стандартқа сәйкес қазақша, ағылшынша нұсқада жазылады. Енді 

бізге керегі –қазақ аты-жөнінің тек қазақша ғана толтырылғаны.Арамызда жана-

шырлар аз емес, бірақ әсіресе ресми дәрежеде айтылатын әр сөзге мұқият болсақ 

дейміз...



44

ХАБАРШЫ


Ономастикалық



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет