Ономастикалық хабаршы №1 (31) 2016



Pdf көрінісі
бет91/98
Дата30.04.2020
өлшемі1,17 Mb.
#65252
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   98
Байланысты:
ОНОМАСТИКАЛЫҚ ХАБАРШЫ
Doc1, Doc1, Липидтер, Положение о Дипломной Работе, Пoстмoдеpнизм, Авеста, Мо Янь, комптех, Программалау тілдерінің мүмкіндіктерін пайдалану, 119843.pptx, Kirik7, energy esep, декада физики, аннотация
Орайлы ұсыныс


93

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

гейдегі тұлғалардың тізімін  бекіту қажеттігі жөнінде де ұсыныстар айтылды. 

Әлбетте, мұндай тізімнің болғаны жөн десек те, егер ол бекітілетін болса, онда 

бүкіл  Қазақстан  бойынша  белгілі  бір  тұлғаларды  ғана  ұлықтаумен  әуестеніп 

кетеміз, одан соң әлі де ескерілмей жатқан есімдер тағы да шеттеп қалмақ. Со-

нымен  бірге,  бекітілген  тапсырманы  ғана  орындаумен  шұғылданатын  кейбір 

ағайындар оны тікелей қабылдайтыны да түсінікті. Сондықтан егер ондай тізім 

бекітіле  қалған  күннің  өзінде  оған  қазір  әңгіме  болып  жүргендей  жүз  тұлға 

емес, кемінде екі жүз тұлға енгізілуі қажет. Бұл ономастикалық атаулар берудің 

алуандығын қалыптастырады.

Ономастикаға  қатысты  заңнамаға  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу 

жө  нін  де гі  жаңа  заңның  маңызды  бір    қажеттілігі  атаулар    беруде  осындай 

субьективтілік пен әділетсіздікті  болдырмаудан туындағаны және түсінікті. Де-

генмен, ономастика сияқты рухани құбылыста абсолютті әділеттілік орнатудың 

өзіндік    қиындықтары  болмақ.  Оларды  жеңу,  еңсеру  үшін  жалпыұлттық 

маңызды  мұраттардың  басым дығы  қашанда  биік  болғаны  жөн.  Бұл  ара-

да  ауылдардағы,  аудандардағы,  облыс  орталықтарындағы,  ірі  қалалардағы, 

Астанадағы  нысандарға, көшелерге атау берудің олардың әрқайсысына тән жөні  

мен жосығын пысықтау қажет. Бұған қоса, көшеге, оқу орындарына, басқа да 

нысандарға атау берудің әрқайсысына тән қисынын білген жөн. Мәселен, кісі 

есімдерін  мектеп,  колледж,  университет  сияқты  оқу  орындарына,  мәдениет 

ошақтарына  беруде  айрықша  жауаптылық  қажет.  Мұндай  нысандарға  жас 

ұрпақ тәрбиесіне тікелей қатысы бар, өмірі аса өнегелі, мұралары дәуір талап-

тарына сай тұлғалардың есімдерін берген жөн. Мысалы, рухани саладан алыс 

шаруашылық, өндіріс салаларында ерекше еңбек еткен адамдардың есімдерін 

сол өңірлердегі көшелерге берсе, ал оқу орындарына, мәдениет мекемелеріне 

руханият  саласындағы,  мемлекеттілік  қалыптастыру  сияқты  ірі  жұмыстарға 

атсалысқан  қайраткерлердің,  ерлігі  ұрпаққа  өнеге  қаһармандардың  есімдері 

лайықталғаны дұрыс. Әсіресе, өскелең ұрпаққа білім мен тәрбиенің ғана емес, 

туған елінің қасиетін танытудың, тұлғаларын өнеге етудің ұстаханасы болатын 

мектептерге атау ұсынуда және оны бекітуде осыған ыждаһатпен қарамағымыз 

міндетті. Дәл  қазіргі ономастикадағы айтылуға тиісті және бір мәселе бар. Ол 

еліміздің әр өңірінен келіп жатқан ұсыныстарда сол өңірден шыққан адамдардың 

ғана  ескерілетіндігі.  Сондықтан  да  тұтас  бір  облыста  сол  географиялық 

аймақ  адамдарының  есімдері  әлденеше  рет  қайталанып,  Қазақстанның  басқа 

өңірлерінен шығып, барша ұлтқа, елге қызмет еткендердің ескерусіз қалуы. Жай 

мысалдап қана айтсақ, Керей, Жәнібек, Қасым, Хақназар, Есім, Тәуке хандар 

Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы бастаған Алаш қайраткерлері тұрғанда 

облыс  деңгейінде  ғана  немесе  кешегі  партияның  хатшылары  болғандармен, 

Тәттімбет,  Құрманғазы,  Дина  Нұрпейісова,  Дәулеткерей,  Ықылас,  Мұхиттар 

тұрғанда  жергілікті  өнерпаздар  есімдерімен,  жоңғар,  Ресей,  Қоқан  экспан-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет