Ортаңғы топқа арналған Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің Технологиялық картасы Білім беру саласы



бет11/26
Дата17.06.2018
өлшемі309,78 Kb.
#42970
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26

Күтілетін нәтиже:

біледі: мақал-мәтелді білу;

игереді: әңгімелеуді игерді;

меңгереді: сурет арқылы тақпақты жылдам жаттап алуды біледі.

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Менің сүйікті жануарым

Мақсаты: а) Жұмбақты шешу арқылы, балаларды өз тәжірибесінен әңгіме құруға, сөйлеу барысында сын есімдер мен етістіктерді (жануарға сипаттама беру арқылы, қайда өмір сүретіні, немен қоректенетіні) қолдана білуге үйретуді жалғастыру Сұрақ-жауап арқылы жануарлардың түрлерін білуге, төлдерінің қалай аталуын, еркелету арқылы қалай атайтынын үйрету.

ә) Балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғыну білігін дамыту

б) Жануарларға қамқор бола білуге тәрбиелеу, жанашырлық сезімдерін ояту.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Үй жануарларының ойыншықтары, тіл дамыту дәптері, бірнеше қалташалар, ішінде үй жануарларының суреттері болу керек.

Сөздік жұмыс: үй жануары.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық – қозғаушылық

Жұмбақ жасырады:

Иір-иір денесі,

Сахараның кемесі.

Ащы шөптер тамағы,

Шөлге шыдап бағады.

- Бұл не?

- Қандай үй жануарларын білесіңдер?

- Түйе үй жануары ма, әлде дала жануары ма?

- Түйенін қандай пайдасы бар?

- Түйе төлін қалай атаймыз?

- Балалар, жануарларды тебуге немесе таяқпен ұруға болады ма?

Жұмбақтың жауабын шешеді. Жауабы: түйе.

- Жылқы, түйе, ит, мысық, қой, ешкі.т.б.

- Түйе үй жануарына жатады.

- Түйе сүті - шұбат және еті - тағам. Жүнінен көрпе жасайды, киім тоқиды.

- Төлін бота деп атайды.

- Жоқ, ұруға да, тебуге де болмайды.


Ұйымдастырушылық – ізденістік


Тіл ұстарту жаттығуы.

«Ие-ие-ие



Шөгіп жатыр түйе.

Құлындайды бие,

Табылар саған ие.»

«И» дыбысының дауысты дыбыс екендігін айту.

Сергіту жаттығуы.

«Мен өркешті түйемін,

Басымды жерге иемін.

Маң - маң басып далада,

Жантақ жеуді сүйемін».

Дәптермен жұмыс: Үй жануарларына жатпайтын жануарларды анықтап, оларды қорша» тапсырмасын орындау.

Дидактикалық ойын: «Үй жануарлары»

Ойын мақсаты: үй жануарларының дене мүшелерін атауға, ажыратуға үйрету.

Шарты: хатқалтадан үй жануарлары бейнеленген суреттерді алып, сол суреттегі жануарды атап, олардың дауысын келтіріп, (мө-мө-мө, мяу-мяу-мяу) оларды адамдар қалай еркелетіп атайтынын айту. Мысалы: боташым, құлыншағым т.б.

Дыбысты анық айтуға тырысады.




«И» дыбысынан басталатын сөздерді қайталайды.
Сергіту жаттығуын қайталап, түйенің түйенің жүрісін салып жүреді.

Суреттің қайсысы екенін белгілеп қояды.


Ойын шартын түсініп, ойынды ойнайды.

Рефлексиялық - түзетушілік

Балаларды соңынан оқу іс-әрекетке белсенділік танытқаны үшін мақтап, мадақтау


Балалар қуанышты сезімде болады.

Күтілетін нәтиже:

біледі: үй жануарлары қандай екенін, олардың қандай пайдасы бары жайлы білу;

игереді: жан-жануарлардың қалай дыбыстайтынын;

меңгереді: үй жануарларының төлдерін біледі.


Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Ертегіні тауып айт

Мақсаты: а) Сұраққа жауап беруде, ертегі жолдарын қолдану арқылы, толық сөйлеммен айта білуге үйретуді жалғастыру.

ә) Ертегіні қайталап айта білу біліктілігін дамыту. б) Бір-бірін алдамауға және достыққа тәрбиелеу.



Сөздік жұмыс: әтеш, тотықұс.

Қолданылатын көрнекі құралдар: әтештің дауысы жазылған үнтаспа, тіл дамыту дәптері.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Үнтаспа арқылы әтештің таңды шақырған дауысын тыңдату. Балалар естіген дауысын салу керек.

- Ку-ка-ре-ку, ку-ка-ре-ку.

- Балалар бұл ненің дауысы?

- Әтеш үй құсы ма?

Әлде дала құсы ма?


Қызығушылық танытады.
- Ку-ка-ре-ку, ку-ка-ре-ку.

- Бұл - әтештің дауысы

- Әтеш - үй құсы.


Ұйымдастырушылық – ізденістік


«Ә» дыбысына жаттығу орындау.

Ә-ә-ә-ә-әтеш.

Ә-ә-ә-ә-әтір.

Ә-ә-ә-ә-әк.

Әт-әт-әт-әткеншек.

«Ә» дыбысының дауысты дыбыс екендігін, ауыздан еркін шығатындығын түсіндіріп өту).



Ертегі оқу: «Әтеш пен Тотықұс» Ерте, ерте, ерте де ешкі құйрығы келтеде, аң мен құстардың ішіндегі ең әдемісі, сымбаттысы Әтеш болыпты. Сондықтан ол өте тәкаппар екен. Жүріп-тұрса да маңғазданып, сылаңдай басады екен. Қокыраяды да жүреді. Бірде-бір аңмен не құспен сөйлеспейді. Жалғыз серігі Тотықұс болыпты.

Тоты байғұстың үстінде жөні түзу киімі де жоқ екен. Бір күні тоты әлгі кербез Әтешке келіп:

- Досым, мен бүгін қонаққа бармақ едім. Жөнді киімім де жоқ. Мына түріммен қалай барамын. Мені сенін досын деп білетін ел мазақтайды ғой. Маған үстіндегі әдемі киіміңді бере тұршы, - деп қиыла жалыныпты.

Әтеш досының сөзіне сеніп, үстіндегі әдемі киімдерінің бәрін шешіп беріпті. Сөйтіп, Тотықұс жасанып тұрып киініп алады да, қай мезгілде келетінін айтады.

- Егер мен кешіксем, дауыстап шақыр. Келмей жатсам, тағы да шақыр, дауысыңды естиін, - дейді. Сөйтіп, Тотықұс әсем киініп, тойға кетеді. Бірақ ол қайтып оралмайды. Әтеш ол естісін деп үсті-үстіне шақырады. Ешқандай хабар болмайды.

Содан күні бүгінге дейін Әтеш Тотықұс пен әдемі киімін іздеп, тан атысымен, күн батқанға дейін айғайлап шақыра береді екен. Сұрақ-жауап әдісі арқылы ертегінің мазмұнын сұрайды.



Сергіту жаттығуы.

Қанатымды жазамын,

Жоғары-төмен қағамын.

Биік көкте айналып,

Жұлдыздай жылдам ағамын.

- Балалар, құстар өзі немен коректенеді?

- Ал қандай құстарды білесіңдер? (Қарлығаш, торғай, бұлбұл т.б.).

Дәптермен жұмыс: Тіл дамыту дәптеріндегі «Қай сурет артық?» тапсырмасын орындату.

Ойын: «Ұшты - ұшты не ұшты?»

Мақсаты: баланы тез ойлануға және ұшатын немесе ұшпайтын затты ажырата білуге үйрету.

Шарты: ұшатын заттарды тез анықтап, екі қолын жоғары көтеру керек. Мысалы:

Ұшты, ұшты карға ұшты!

Ұшты, ұшты қалам ұшты!

Ұшты, ұшты кітап ұшты!

Ұшты, ұшты сауысқан ұшты!

Ұшты, ұшты торғай ұшты!




Тәрбиешінің соңынан қайталайды.

Ертегіні мұқият тыңдайды.

Түсінбегендерін тәрбиешіден сұрайды.

Ертегінің

мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
Сергіту жаттығуын орындайды.

- Құрт - құмырсқа, өсімдік жемістері және дәндерімен коректенеді. Сондықтан құстарды адамның досы деп атайды.

1 - тапсырмада артық қойдың суреті,

2-тапсырмада әтештің суреті артық.

Ойын шартын мұқият тыңдап алады, ұшатын заттарға қолдарын көтереді, ұшпайтын заттарды айтқанда қолдарын көтермейді.



Рефлексиялық - түзетушілік

Ертегіні әңгімелеген уақытта, толық сөйлем құруға ұсыныс беру.


Ұсынысты қабылдайды.


Күтілетін нәтиже:

біледі: құстар қалай пайда болатындығын білу;

игереді: құс ұясын жасауды;

меңгереді: құстар біздің досымыз екендігін біледі.

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Үй жануарлары (суреттің осы көрсетілім бойынша әңгімелеу)

Мақсаты: а) Балалардың үй жануарлары мен олардың төлдерін білдіретін сөздерді қолдана отырып, жануарлар туралы айту білігін бекіту.

ә) Сөйлеу барысында жануарлар мен олардың төлдерінің атауын білдіретін зат есімдердің жекеше және көпше түрлерін (үйрек – үйректер - үйректің балапаны; түйе – түйелер – бота - боталар) қолдана білу іскерлігін дамыту және оларды топтарға қарай жіктелуін ұғындыруды жалғастыру.

б) Жануарларға қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: үй жануарлары.

Қолданылатын көрнекі құралдар: тіл дамыту дәптері, ойынға көз байлағанға орамал, үй жануарларының суреттері.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Шаттық шеңбері: «Жылы сөздер»

Шарты: балалар шеңбер бойымен тұрып, өз аналарының еркелететін сөздерін айтып шығады.



Балалар шеңберге тұрады.

- Мені анам ботақан дейді,

- Мені анам қошақан дейді,

- Мені анам құлыным дейді,

- Мені анам балапаным дейді.


Ұйымдастырушылық – ізденістік

Мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіру.
Қарға баласын «аппағым» дейді,

Кірпі баласын «жұмсағым» дейді.

- Жануар да баласын жақсы көреді, еміренеді. Ал адамдар балаларын еркелетіп «күнім», «алтыным» деген сияқты көптеген сөздерді айтады.

Үй жануарлары жайлы түсіндіру.

- Үй жануарлары - колға үйретілген жануарлардың түрлері. Сондықтан кейде бұларды колға үйретілген жануарлар деп атайды. Олар: сиыр, түйе, жылқы, қой-ешкі, есек, мысық, үй қояны, құстардан тауық, үйрек, қаз, күркетауық.



Дидактикалық ойын: «Үй

жануарларының төлдерін тап!»

Ойын шарты: жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау.

Жекеше және көпше түрде айтуды үйрету.

Тақтаға 1 түйе, 1 сиыр, бір қой, 1 жылқының суреттері ілінеді.

Осы суреттердің жанына әрқайсысы 2-3 түйе, сиыр, қой және жылқының суреттері ілінеді.

Сергіту жаттығуы.

Ал, балалар, келіңдер,

Бой жазайық бәріміз –

Мойнымызды бұрамыз,

Қолымызды созамыз,

Аяқтармен топ-топ басып,

Орнымызға барамыз.
Жаңылтпашты жаңылмай айтайық!


  1. Ақ тай ақ па?

Қара тай ақ па?

  1. Қай тай лақтай,

Қай лақ бармақтай.
Ойын: «Даусынан таны» Ойын шарты: балаларды шеңбер бойымен тұрғызып, бір баланың көзін байлайды. Көзі байланған баланың қасына бір бала жануар дыбысын салады. Бала қандай жануардың дауысы және оны салған кім екенін табады.

Мақал-мәтелді педагог соңынан қайталау.

- Қарғаның түсі қара болады. Бірақ қарға өз баласын «аппағым» деп еркелетеді екен.

- Ал кірпінің үсті тікенек болады. Бірақ кірпі баласын «жұмсағым» дейді екен.

- Мұның бәрі - теңдеу сөз.

- Үй жануарларын адамдар күтіп-баптайды.

- Олардың қорегі: шөп, жем.

Ойын шартын мұқият тыңдап алып, жануарлардың жанына өз төлдерін сәйкестендіріс сызады.

- Бір түйе, бір сиыр т.б.

- Түйелер, сиырлар, қойлар, түйелер.

Сергіту сәтін өлең шумағының ырғағымен қимыл-қозғалыс арқылы орындау.

Жаңылтпаштарды жылдам айтуға тырысады.
Балалар ойын шартын мұқият тыңдап алып, әртүрлі жануарлар дыбысын салады.


Рефлексиялық - түзетушілік

Жаңылтпашты мұқият тыңдап, жаңылмай айтуға ұсыныс беру.


Балалар жаңылтпашты анық және тез жанылмай айтуға тырысады.


Күтілетін нәтиже:

біледі: көбірек жаңылтпаш білу,

игереді: жануарлардың дауысын салуды;

меңгереді: жануарлардың төлдерін ажырата біледі.

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Ойыншықтар дүкені

Мақсаты: а) Сызба нұсқасы бойынша бейнелі әңгіме құрастыра білуге, жасалуы бірдей заттарды топтастыруға, сөйлеу барысында ағаштан, шыныдан, пластмассадан деген сөздерді қолдана алуға үйретуді жалғастыру. Зат есімнің көпше түріне ілік септігінің жалғауларын жалғай (ойыншықтардың, шұлықтардың, қолғаптардың, боталардың, қонжықтардың) білуге үйрету.

ә) Балалардың сөздік қорларын байыту.

б) Балаларды бірлікке тарту және ойыншықты ұқыпты қолдануға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: ойыншықтар дүкені.

Қолданылатын көрнекі құралдар: ағаштан жасалған машина, пластмассадан жасалған қуыршақ, шыныдан жасалған ыдыс-аяқ, тіл дамыту дәптері.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Балаларға үш түрлі материалдан жасалған ойыншықтарды көрсетеді. Олар: ағаштан жасалған машина, пластмассадан жасалған қуыршақ, шыныдан жасалған ыдыс-аяқ.

Балалар

ойыншықтардың аттарын атайды, олардың неден жасалғанын айтады.

Шыныдан жасалған ойыншықтармен абайлап ойнау керектігін айтады.


Ұйымдастырушылық – ізденістік

Мақал - мәтелдің мағынасын түсіндіріп, жаттату.
Ойын баланың ойын ұштайды.
- Кез келген бала ойыншықпен ойнау барысында ойланады, яғни ойы ұшталады, дамиды. Мысалы: бала ойыншығының түріне, түсіне, оның неден жасалғанына назарын аударады, оны ұстайды, көреді.
Мақал-мәтелді «Үш дауыс» әдісімен жаттату.

Әдістің қолданылуы: бірінші жоғары дауыспен, екінші ортаңғы дауыспен, үшінші төмен дауыспен қайталанылады.
Мазмұнды - рөлді ойын:
«Ойыншықтар дүкені» Мақсаты: балаларды мамандыққа баулу, яғни дүкенші болуға ынталандыру және сыпайы сөйлеуге үйрету.

Ойын шарты: балалар ішінен бірі сатушы, ал қалғандары сатып алушылар болады.



Әңгіме құрау: «Менің ойыншығым» Жұмыс дәптеріндегі бейнеленген ойыншықтарды ататқызады, олардың неден жасалғанын сұрайды. Сонан соң балаларға өздерінің сүйікті ойыншықтары туралы әңгімелеп айтуға тапсырма береді.
Сергіту жаттығуы.

Орнымыздан тұрамыз, Мойнымызды бұрамыз. Қолымызды көтеріп, Саусақты ашып-жұмамыз. Онан соң төмен түсіріп, Алақанды соғамыз.


Иә, ойыншықты қолыма алып, онымен қалай ойнауға болады деп ойланамын.


Үш түрлі дауыспен мақал-мәтелді қайталау арқылы жаттайды.

«Дүкенге» кіріп, сатушы мен сатып алушы бір-бірімен міндетті түрде амандасады. Содан кейін сатып алушы өз ұсынысын айтады, ал сатушы ойыншықтың бағасын айтады. «Дүкенші» ойыншықтың сапасын, оның неден жасалғанын сатып алушыға түсіндіріп өтеді.


- Бірде менің әкем менің туылған күніме қуыршақ әкеліп берді. Мен сол күні қатты қуандым. Себебі: қуыршақ сондай сүйкімді, әдемі екен. Әкем сонда маған: «Ұқыпты ойна, әйтпесе қуыршақ саған ренжіп жылап қалады», - деді. Мен әкеме: «Қуыршақты еш уақытта ренжітпеймін», - деп уәде бердім.

Бірде мен қуыршағымды аулаға алып шықтым. Достарыма әкемнің сыйлығын көрсеттім.


Балалар сергіту жаттығуын қимыл-қозғалыстар арқылы орындайды.

Рефлексиялық - түзетушілік

- Жақсы, ойыншықтарды қалай ұстау керек?

- Иә, дұрыс айтасыңдар, ал топта жүргенде таласпай бірге ойнауымыз керек.

Себебі: топтың ойыншығы бәрімізге ортақ екен.


- Ойыншықтарды сындыруға, жыртуға болмайды. Ұқыпты ұстау керек.

Күтілетін нәтиже:

біледі: ойыншықтардың жасалу жолдарын білу;

игереді: ойыншықтармен ұқыпты ойнауды;

меңгереді: ойыншықтар туралы көбірек тақпақтарды біледі.

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Анама сыйлық

Мақсаты: а) Әңгіме құрастыруға үйретуді жалғастыру.

ә) Әңгіме құрастыра білу, сөздерге тиісті қосымшаларды жалғай білу білігін дамыту, балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға, әңгімеге араласып, сұрауға және сұраққа жауап беру білігін дамыту. б) Аналарды ренжітпеуге, оларды әрдайым сыйлауға тәрбиелеу.



Сөздік жұмыс: қонжық.

Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақ театрындағы қонжық, тіл дамыту дәптері.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекет

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық


Қуыршақ театры: Қонаққа қонжық келуін сахналау.

Қонжықпен амандасады.





Ұйымдастырушылық- ізденістік


Қонжықпен әңгімелесу:

Қонжық: Мен орманнан келдім. Көктем мерекесіне анама сыйлық іздеп ем?

- Анам менің балды қатты жақсы көреді.



Тәрбиеші: Балалар бал тәтті ме еді әлде ащы ма?

- Ендеше ащы сөзін қайталайық. «Щ» дыбысына жаттығу орындату.



Ащ-ащ-ащ-ащы бұрыш.

Щ-щ-щ-щ - щётка.

Қонжық: Мен енді анама бал сыйлағым келеді. Ал сендер аналарыңа не сыйлайсыңдар?

- Тағы кім қандай гүлді сыйлайды?

- Балалар, кей уақытта да, де - сөздерін дұрыс қолдана білуіміз керек.

Мысалы: «Мен да» деген дұрыс па әлде «Мен де» деген дұрыс па? Әрине, «мен де» сөзі қолданылады. Сонда «Мен де анама раушан гүлін сыйлар едім» деген сөйлем дұрыс.

- Иә, балалар гүлдің де түрлері көп. Кім атап бере алады? Гүлдердің суреттерін көрсетеді. Қонжық: Балалар сендер көптеген гүлдердің атауын біледі екенсіндер. Осы гүлдерді де анамызға тарту етсек қуанады ма екен?

Гүлдер қандай болады?



Сергіту жаттығуы.

Біз гүлдерше өсеміз

Жапырағы жайқалған.

Сабақтары салалы

Желге ырғалып шайқалған.

Сұрақ-жауап әдісі.

- Гүлдер қайда өседі?

- Қараңдаршы, таулар-де, аула-де, көшелер-да деп айтыла ма?
Әңгіме құрау: «Анама сыйлық»

Балаларға сыйлықтың әртүрлі болатынын түсіндіреді. Мысалы, гүлдің суретін салып немесе түрлі түсті қағаздан гүл жасап, сыйлауға болатын айтып түсіндіреді.



Дидактикалық ойын: «Гүл»

Мақсаты: балаларға гүл күлтелерінің түстерін атату. Сөз, сөйлем құрастырту арқылы баланың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.


Шарты: жұмыс дәптеріндегі «Гүлдің күлтелерін түрлі түсті етіп боя және әр күлтесіне сөз немесе сөйлем құра» тапсырмасын орындату.

- Қонжық сен қайдан жүрсің?

- Е, анаң сенің нені жақсы көреді?

- Әрине, бал тәтті болады.

- Ащы, ащы, ащы. Сөздерді қайталайды.

Өз ойларын айтады.

- Менің анам раушан гүлін ұнатады. Сол себепті мен анама раушан гүлін сыйлаймын.

- Мен де анама раушан гүлін сыйлаймын. Анам ақ түсті раушан гүлін жақсы көреді.

- Мен де деген дұрыс.

- Гүлдердің түрлері: раушан, түймедағы, қызғалдақ, бәйшешек.
- Анамыз қуанады.

- Гүлдердің иісі хош иісті, жұпар иісті, ал түстері әртүрлі болады.


Сергіту жаттығуын орындайды.

- Тауларда да, аулаларда да, көшелерде де өседі.

- Жоқ, оларды дұрыс айту керек. Мысалы, гүлдер тауларда, аулаларда немесе көшелерде өседі.

Мысалы: Мен анама аналар мерекесін де, әкемнің көмегімен сыйлық алып бердім.

Дәптермен жұмыс жасай отырып, күлтелерді түрлі түсті етіп бояп, сөздер немесе сөйлем құрастыруға тырысады.

Мысалы: әдемі гүл, қызыл гүл, керемет гүл, нәзік гүл немесе гүл әдемі болып өсті.



Рефлексиялық - түзетушілік

Оқу іс-әрекетінде алған білімдерін пысықтау.



«Щ» дыбысын қайталап айтады.

Сыйлық түрлері туралы әңгімелейді.



Каталог: uploads -> doc -> 1024
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1024 -> Сабақ түрі: кіріктірілген сабақ,жаңа сабақ. Сабақ әдістері: сұрақ-жауап,сын тұрғысынан ойлау стратегиялары,то
1024 -> Сабақтың тақырыбы: Материалдық мәдениет Қатысқандар саны: 22 Қатыспағандар саны


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет