Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Қазына - түрлі бағалы заттар, дүние-мүлік; материалдық байлық. Расправа -



бет39/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы
Home alone 2, Saba-ty-ba-ylau-para-y-osymsha, Шамалар. Масса. 1 сынып, Хфөпма 15, stud.kz-36854, Кушербай Мадина , философия 9 Камбаралиева Н, философия 9 Камбаралиева Н, 1zX1R5JBYxVpSZQ62VZMp41z-7vDwifwM
Қазына - түрлі бағалы заттар, дүние-мүлік; материалдық байлық.
Расправа - Кіші жүздегі ру ақсақалдары кіруге тиісті болған әкімшілік орган.
Старшын - ру басшысы.


Айшуак хан (1720-1810) - Кіші жүзді 1797-1805 жылдары билеген хан, Әбілқайыр ханның ұлы.
Қаратай сұлтан - патша әкімшілігіне қарсы шыққан Кіші жүз сұлтаны.



«Сырым батыр - XVIII ғасырдың екінші жартысында Кіші жүзде болған оқиғаларға белсене қатысқан ерекше тұлға. Табиғатынан алып күш иесі, ақылға бай, ерік-жігері зор, ержүрек, тапқыр, айлакерлігі жеткілікті, өз қадірін жете бағалай білетін оған жалпы жұрт табынған десе де болады. Кіші жүз қазақтары оны өздерінің даңқын асыратын ерекше адам деп таныды. Қарапайым қазақтардың арасынан шығуы да Сырымды халыққа жақындастыратын. Өзінің орасан зор ықпалын пайдаланған батыр өзін құрметтейтін топты небір батыл да қауіпті істерге бастай білді».
Бульжер (Боулджер) Демитриус Чарлз. Англия мен Ресей Орталық Азияда (ағылшын тілінде). Лондон, 1879,1 том//Қазақтар. Көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық. Қазақстан мен қазақтар туралы. А., 1998, 7-том, 167-168-беттер.



& 10-11. Қазақстанның XVIII ғасырдағы ғылымы мен білімі және мәдениеті


XVIII ғасырда патша үкіметі Қазақстанның тарихын, этнографиясын, географиясын белсенді түрде зерттей бастады. Ол зерттеулер Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының үлкен бір бөлігінің Ресейдің қол астына өтуді қабылдаған 30-40-жылдардан кейін бұрынғыдан да күшейе түсті. XVIII ғасырда қазақтар өздерінің ежелгі бірегей мәдениетінің төлтумалығын сол күйі сақтап қалған болатын. Олардың мәдениетінде ақындардың, жыраулардың және билердің шығармашылығы көрнекті орын алды. XVIII ғасырдың аяқ кезінде Ресеймен шекаралас аймақтарда алғашқы мектептер ашылды.
1. Ресей ғалымдарының Қазақстанды ғылыми зерттеуі. Қазақтар Ресейдің қол астына өткен бойда-ақ өлкені ғылыми тұрғыдан зерттеу үрдісі басталды. Зерттеу жұмыстарымен ғылыми мекемелер де, жеке адамдар да айналысты. Ресейлік көптеген зерттеушілер қазақ фольклоры, генеалогиялық (шежірелік) және этнографиялық материалдар негізінде іргелі еңбектерін жазды.
Қазақстанды XVIII ғасырда кешенді зерттеудің алғашқы әрекеттері М. В. Ломоносовтың есімімен байланысты. Ол өлке аумағын зерттейтін ғылыми экспедициялар ұйымдастырудың және оның географиялық картасын жасаудың бастамашысы болды. 1768-1774 жылдары Қазақстанға жіберілген алғашқы экспедициялардың бірін академик, табиғат зерттеушісі П. С. Паллас басқарды. Экспедиция бағыты Солтүстік-Батыс, Солтүстік және Солтүстік-Шығыс Қазақстанның жерлерін басып өтетін болып белгіленді. Бұл экспедиция жұмысының нәтижесі ретінде П. С. Палластың «Ресей империясының әртүрлі провинциялары бойьтша жасалған саяхат» атты үш бөлімнен тұратын еңбегі жарық көрді (СПб., 1773). Онда қазақ халқының тарихы мен этнографиясы жөнінде құнды материалдар бар.
Зерттеуші ғалым И. Г. Георги Қазақстан аумағына дербес экспедиция ұйымдастырды. 1796 жылы ол «Ресей мемлекетін мекендейтін барлық халықтардың, сондай-ақ олардың тұрмыстық әдет-ғұрыптарының, тұрғын үйлерінің, киім-кешектерінің және басқа да назар аударарлық ерекшеліктерінің сипаттамасы» атты жан-жақты да байсалды жазылған жұмысын әзірлеп, жария етті. Ол кітапта қазақтардың тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті, әдет-ғұрыптары мен салт-жоралары, сондай-ақ шаруашылық өмірінің ерекшеліктері туралы аса құнды деректер келтірілген. И. Георги былай деп жазды: «Қазақтардың ақылы кең, табиғатынан талантты, мейірімді де сезімтал келеді.
Қазақтарда тазалықтың басым екенін байқауға болады. Олар негізінен ауқатты тұрады. Малдары да көп, сондықтан тұрмыстары жақсы. Киімді де тәуір киеді. Қазақтар көп жасайтын халық, тіпті, еңкейген кәрі дегеннің өзі сергек келеді».
Ресейдің зерттеушілері Қазақстандағы жұмыстарын өлкені отарлаудың мүдделерін басшылыққа ала отырып жүргізді. Қырғыз-қайсақ экспедициясын құрған И. К. Кириллов «Қырғыз-қайсақ және қарақалпақ ордалары туралы түсіндірулер» атты еңбек жазып қалдырды. Онда автор қазақ пен қарақалпақ жерлерін егжей-тегжейлі сипаттады: табиғат жағдайларын, пайдалы қазба байлықтарын және сауда жолдарын көрсетіп берді. Ол Ресейдің Орта Азия халықтары және қазақтармен сауда-экономикалық байланыстар орнатуының мүмкіндіктерін және мұның пайдалы екенін дәлелдеп шықты.
Кіші жүз аумағының табиғи байлықтарын зерттеуде Ресей Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі П. И. Рычков қызықты еңбектер жазып қалдырды. Өзінің іргелі еңбектерінің арқасында «Орынбор өлкесінің Колумбы» деген даңққа бөленді. Ол кезде Орынбор өлкесіне Кіші жүздің жерлері де қарайтын. П. И. Рычков «Орынбордың тарихы» және «Орынбор губерниясының топографияеы немесе сипаттамасы» деген құнды еңбектерін жазды. Ол еңбектерде қазақтардың Еділ-Жайық өңіріне Хақназар ханның билігі кезінде келгені жөнінде, Кіші жүз қазақтарының Ресейдің құрамына өтуінің барысы туралы егжей-тегжейлі баяндайтын деректер бар. Автор Орынбор қаласының, Жайық пен Орынбор шекаралық шептерінің салынуын, Ресейдің Орта Азия және қазақ даласымен сауда-саттық байланыстарының қалай орнатылғанын бастан-аяқ баяндайды. Ол Орынбордан Бұхараға бара жатқан көпестерге жергілікті халықтардың тарихы жөнінде, тіпті араб тілінде жазылған болса да, әдебиеттер ала келуге тапсырыс беретін. П. И. Рычков Е. Пугачев көтерілісіне байланысты оқиғаларды да жан-жақты суреттеді. Ол қазақ халқының тілі мен мәдениетін терең білді, қазақ фольклорының көптеген үлгілерін жинастырды.
XVIII ғасырдың аяқ кезінде орыс офицері И. Г. Андреевтің «Орта жүз қырғыз-қайсақтарының сипаттамасы» еңбегі жарық көрді. Автор Сібір шекаралық шебінде ұзақ уақыт қызмет етіп, қазақ халқының өмірі мен тұрмысын жақсы зерттеген еді. Ол өзінің кітабында Орта жүздің тарихы мен шекарасы туралы егжей-тегжейлі мәлімет қалдырды. Онда далалықтардың әдет-ғұрыптары мен салт-жоралары жан-жақты суреттеледі. Сондай-ақ қазақтардың Ертістің оң жағалауына қашан өткені туралы айтылады.
Өскемен бекінісінде қызмет еткен орыс офицері генерал-майор А. Д. Скалон алғашқылардың бірі болып бірегей орыс-қазақ сөздігін жасады. Мұның өзі жергілікті халықты орыс мәдениетіне тартудың алғашқы қадамдары және орыстардың қазақ тілін үйренуге деген талпынысының бірі болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет