Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов



бет69/205
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#109867
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   205
Байланысты:
Әлем әдебиеті by Көптілеуова Д.Т. (z-lib.org)

Гвидо Кавальканти (шамамен 1260-1300) Флоренциядағы «Жағымды жаңа стиль» мектебін басқарған. Ол Флоренцияда атақты әулетке жататын отбасында дүниеге келген. Флоренция «ақтар» мен «қаралар» деп екіге бөлінген, Гвидо «ақтар» жетекшісі болған. Оның Корсо Донати бастаған «қаралар» тобы арасындағы ұрысы қаланың тыныштығын бұзған­дық­тан кейін, үкімет екі топтың да жетекшілерін қуғынға ұшыратады. Кавальканти кешірім алғанымен, айдауда жүріп қатты науқастанады да, Флоренцияға қайта оралған соң, 1300 жылдың тамыз айында қайтыс болады.

Кавальканти Аристотель мен арабтардан қалған жараты­лыстану ғылымдарындағы теорияларды, медицина мен логиканы терең меңгерген. Ол рухтың мәңгілік екенін жоққа шыға­рып, жұмақ пен тозаққа, о дүниедегі өмірге сенбеген. Қарапайым халық пен білімді бюргер­лер­дің көз алдында Кавальканти нағыз құдайсыз адам болған. Оның Мадонна мүсінінің құдіретті күшін келеке ететін «Менің Мадоннамның сұлу жүзі» атты сонетасы ақынның абыройын арттыра түседі. Оның туындыларында «қайғы», «азап», «сағыныш», «зарығу», «қорқыныш», «махаббат» пен «өлім» деген сияқты сөздер жиі кездеседі. Кавалькантидің лирикасында бұл сөздер тек ұйқастық (Amore – Morte) үшін емес, сонымен қатар жалпы адам тұжырым­дамасы мен оның жер бетіндегі трагедиясын суреттеу үшін қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет