Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов



бет65/205
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#109867
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   205
Байланысты:
Әлем әдебиеті by Көптілеуова Д.Т. (z-lib.org)

Ильяс ибн Йусуф Низами Ганджеви (1141/43-1203/05 ж.) Ганджада дүниеге келген, сол жерде білім де алған. Сол уақытта Ганджа қаласының қолөнер­шілері топтарға бірігіп, феодал қанау­шы­ларға қарсы көтеріліс жүргізеді. Сол көтерілістердің жаңғырығы Низами шығармаларында да көрініс табады. Сол кезеңде Ганджа қаласы мәдениет пен білімнің орталығы болған. Онда көптеген білімді ғалымдар мен ғұламалар өмір сүрген. Низамидің өлеңде­рінен оның түрлі ғылымдардан хабардар екенін көре аламыз. Оның дәлелі ретінде Низамидің шығармаларындағы астрономия, астро­ло­гия, математика сияқты нақты ғы­лым­дарға жасалған сілтеме­лерді келтіруге болады (мысалы, математи­калық «иррационалды тү­бір» термині «Жеті сұлу қыз» атты поэмасында орынды қолда­нылған). Сондай-ақ ақынның тарих пен философия жайлы да терең білімі болған. Ол мұсылман теологиясын, заң ғылы­мын, логика­ны біліп қана қоймай, антикалық философияға да қызығушылық таныт­қан. Оның соңғы поэмасы «Бестікте» Ескендірдің жорық­тарын, ақынның география жайлы түсінігін сипаттайды, ал «Ләйлә мен Мәжнүн» поэмасындағы жұлдызды аспан­ды керемет сипат­тауы оның астрономиядағы білі­мі­нің жоғары екенін дәлел­дейді. Низами араб және парсы тілдерін жетік меңгерген болатын, сондай-ақ осы тілдердегі әдебиеттермен жақсы таныс болған. Ақын­ның жеке өмірі жайлы мәлі­меттер бізге белгісіз. Низамидің әдеби мұрасы ретінде «Бес­тікте» («Хамса») біріктірілген эпика­лық шығармалары, ғазалдары, қасыдалары, өлең шумақ­тары және лирикалық жанрда жазылған басқа да шығармаларын көрсетуге болады. Кейбір деректерге сүйенсек (Доулат-шах Самар­қан­ди), Низамидің 20 мың бәйттен тұратын лири­калық өлеңдер жинағы болған, бірақ өкінішке орай бізге үлкен лирикалық мұрадан тек 6 қасыда, 116 ғазал, 30 рубаи ғана жеткен.

Низами өмірінің соңғы 30 жылын «Хамса» - «Бестік» атты өткен және сол заманғы та­ри­хи оқиғаларды қамтитын кең көлемді эпикалық шығармалар жинағын жазуға арнаған. «Хам­са» – бес маснауи - поэмадан тұратын жанрлық форма. Оның біріншісі – «Сыр санды­ғы» (1173-1180), екін­­шісі - «Хосроу мен Шырын» (1181), үшіншісі – «Ләйла мен Мәжнүн» (1188), төртіншісі – «Же­ті сұлу қыз» (1197) және соңғысы – «Ескендір-наме» (1203). «Хамса­ға» енген алғаш­­қы шы­ғар­масы «Махзан әл-асрар» («Сыр сандығы») 1173-1179 ж. аралы­­ғын­да жазылған. Ол - Шығыс Иран­дағы (Хорасан мен Орталық Азия) атақты дидактикалық-фило­со­фиялық жанрмен жазылған поэма. Кітап кіріспеден және мақала деп аталатын 20 бөлімнен тұрады. Бірінші мақала Адам атаның жаратылуы туралы - адамның әлемдегі негізгі қызметі жайлы ойлардан, екінші әңгіме билеу­шілерге арналған әділеттілікке алып келетін ру­хани игілікті сақтау жайлы кеңестерден, үшінші әңгіме өмірдің құбылма­лылығы мен ақын­ның қайғы-қасіретке толы жырларынан тұрады. Кейін ақын кәрілік, «құдайдың жаратқан мақұлығы», адам мен жануарлар арасындағы қарым-қатынас, адамның әлемге деген қарым-қатына­сы сияқты маңызды мәселелерді де сөз етеді.

Бұл бес поэма тек әзірбайжан халқының ғана емес, сонымен қатар бүкіл Таяу Шығыс халықтарының әдеби қазынасына айналған. Осындай керемет үлгідегі туындыны жарыққа әкел­ген ортаға­сырлық ақын-классик Низами Ганджавидің шығармашы­лығы әлем­дік мәде­ниетті толықтырып, оның алтын қорына енеді. Низами шығармалары Таяу және Орта Шы­ғыс ақындарының шығарма­шылығына үлкен ықпалын тигізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет