Франческо Петрарка (1304-1374) – көрнекті ақын, ойшыл, ғалым. Оның шығармашылығында Италиядағы қайта өркендеу дәуірінің ерекшеліктері айқын сезіледі.
Петрарка 1304 ж. 20 шілдеде Ареццо қаласында дүниеге келген. Оның отбасы 1312 ж. Авиньонға қоныс аударады. Петрарка жас кезінен рим әдебиетін көп оқиды. Әкесінің айтуы бойынша, ол әуелі Монпельеде, соңынан Болонья университетінің заң факультетінде оқыған. 1326 жылы Петрарка әке-шешесінен айырылғаннан соң заңгер қызметінен бас тартып, Авиньонда дін қызметкері болып тағайындалады да, Папаның сарайына жақындайды. Оның материалдық жағдайының жақсаруы ақынға ренессанстық гуманизмнің болмысы жағынан антиклерикалдық мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік берді. Көп ұзамай ол өз заманындағы әйгілі ақындардың біріне айналып, оның алдына барлық Авиньондағы аристократиялық үйлердің есігі ашылады. Мұндағы асқан байлық пен екіжүзділікті Петрарка бірнеше шығармаларында әшкерелеген.
1327 ж. Петрарка әулие Клара шіркеуінде сұлу әйелмен кездеседі. Оған арналған өлеңдері Лаура деген атпен тарихта қалады. Бұл әйел туралы нақты мәлеметтер сақталмаған, бірақ ақынның оған деген махаббаты өмірінің соңына дейін сақталады.
Негізінен Петрарканың шығармашылығын 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады. 1318-1333 – оның білім алу жылдары. Петрарканың ең ерте жеткен өлеңдері латын тілінде жазылған, бірақ 20-шы жылдары Петрарканы Цицерон және Вергилийге қарағанда, өзінің халық тілінде жазған ақындар қызықтырған. Оның поэтикалық негізі кейінгі «жаңа стильмен» байланысты болған. 1333-1363 ж. Петрарка шығармашылығының кемелденген кезі болған. Бұл аралықта «Канцоньереге» енген италия тілінде жазылған көптеген өлеңдері мен латын тілінде жазылып, аяқталмай қалған «Африка» (1339-1341) атты батырлар дастаны, «Атақтылар туралы» (1338-1358) тарихи–биографиялық шығармасы, «Өлеңмен жолдау» (1350-1352), «Жалғыздық өмір туралы» (1346) трактаты сияқты шығармалары жарық көрген.
Петраркалық «классицизм» латындық гексаметриялармен жазылған батырлық поэма «Африкада» толық көрініс тапқан. ХІY ғ. гумманизм үшін «Африка» бағдарламалық шығарма болып табылады. Петрарканың мақсаты ұлттық эпопеяны жасау болғандықтан, ол Италия халқының өміріндегі басты оқиға, Римнің Карфагенді жеңгендігін және Сципион триумфын бейнелейді. Петраркада африкалық Сципион халықтың бетке ұстары ретінде ғана бейнеленбей, сонымен қатар ол Италияны «жабайылардан», жатжұрттықтардан азат еткен халық батыры болған. Осыдан біз поэманың қазіргі заманмен және Петрарканың саяси гумманистік бағдарламасымен байланысын көре аламыз. Поэмада республикалық Рим тарихы ұлы бір бейне ретінде көрсетілген.
Петраркалық «классицизмінің» келесі бір көрінісі оның «Танымал адамдар» атты тарихи шығармасында бейнеленген. Мұнда Петрарка антикалық тарихшылардың шығармаларын баяндай отырып, «ұлы республикандықтардың» бейнесін жасап, осы арқылы өзінің замандастарының ұлттық санасына әсер етуге тырысады. Осылай гуманистік тарихнама мен көркем-философиялық биографияларды тарихи құжаттар негізінде көрсету бастау алады.
Петрарканың Миланға қоныстануына оған ғылыммен емін-еркін айналысуға жасалған кең мүмкіндіктерден басқа да себептер болады. 1361 ж. Петрарка Венецияға қоныс аударады. Өмірінің соңын Франческа да Каррардың қонағы ретінде Падугада және Евганей тауларындағы Арквада өткізеді. Петрарка 1374 ж. 19 маусым түні Арквада мәңгілікке көз жұмады.
Петрарка шығармасының соңғы кезеңі де ұлы периадалармен байланысты болған. Өмірінің соңғы кезіндегі негізгі шығармалары - «Жеке өмір ісіндегі хаттар» және «Қарттық хаттар».
Достарыңызбен бөлісу: |