Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов



бет74/205
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#109867
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   205
Байланысты:
Әлем әдебиеті by Көптілеуова Д.Т. (z-lib.org)

Нидерландық әдебиет ХІІ ғ. фольклорлық эпикалық дәстүр мен фламан­дық-бра­бант­тық әдеби дәстүр негізінде қалыптасқан. ХІІ ғ. екінші жартысында Оңтүстік Нидерландта зиялы әдебиеттің халық тілінде жазылған алғашқы үлгілері фламандық ақын Хендрик ван Фельдекенің шығармашылығында пайда бола бастайды. Ол неміс миннезангысының негізін салушы ретінде Генрих фон Фельдеке деген атпен әдебиет тарихынан орын алады.

Дидакти­калық жанр моралистер арқылы ғасырлар бойы қалыптасқан. Соның ішінде Якоб ван Марлант (1235-1300) пен «Түлкі Рейнарт туралы» эпостың авторы сияқты сати­риктердің кезінде дами бастайды. Аллегориялық форма риторлар үшін үлгі болып, оны XYІІ ғ. гуманистері де пайдаланады. Ұлттық тілде жазылған проза­ның алғашқы үлгілерін Хадвейх (Гадвиг, ш. 1200-1269) пен Ян ван Рейсбрук (1293-1381) ссекілді мис­тиктер жарыққа шыға­рады. Жасанды, эмоциональды мисти­цизм сол уақыт­та шіркеулік догмалардан рухани таза­ру­дың бір тәсілі болады.

Мистицизм Нидерландта дін ілімі формасында белсенді құбылысқа айналады. Бұл қозғалыс XIY-XYI ғ. «жаңа тақуалық» деген атқа ие болып, қалыптасып келе жатқан үшінші таптың мүддесін қорғап, осы дүниедегі тақуалық пен әркеттілікке жол ашады. Ол рухты еске ала отырып, тәнді зерттейді. Нидерландтағы алғашқы гуманизм ошағы ретінде «Ортақ өмір бауырлас­ты­ғының» маңызы зор болады. Ол XIY ғ. соңынан бастап Девентерадан (сол­түстік Нидерландтан) бастау алып, ел ішіне кең тарай отырып, тіпті Герма­нияға, Франция, Швей­ца­рияға дейін жет­кен. Кейінірек монастырьларда латын­дық мектептер ашылып, ХY ғ. соңына қарай Девентерадағы кітап баспалары Гесиод, Плутарх, Эзоп, Сенека, Вергилий, Плавт, Пет­рарка барлы­ғы 600 инкунабула (incunabula латын тілінен аударғанда бастау деген мағына береді) басып шығарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет