Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов



бет78/205
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#109867
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   205
Байланысты:
Әлем әдебиеті by Көптілеуова Д.Т. (z-lib.org)

Франсуа Рабле. Рабленің жан-жақтылығы, білімдарлығы мен шығарма­лары­ның көр­кем­дігі оның француз Ренессансындағы басты тұлға болуына әсер етеді. Рабле қаламы арқы­лы ұлы әдеби төңкеріс болып, жаңа заман романының әдеби жанры, жаңа проза дүниеге ке­ле­ді. Ол ежелгі және жаңа тілдерді жетік біліп, гуманитарлық және жараты­лыс­тану ғылымдарын терең меңгерген. Рабле тек дарынды ақын ғана емес, сонымен қатар дәрігер де болған, елдің қоғамдық саяси өміріне белсене араласып, елшілікте де қызмет атқарған.

1533 ж. Сорбон теологтары оның шығармаларына тыйым салады. Бұған жауап ретінде жазушы өзінің «Гаргантюа» атты келесі туындысын жарыққа шығарады. Бұл туынды Ренессансқа тән жауынгерлік рух пен утопиялық арманға толы шығарма болып табылады.

Ал «Пантагрюэль» шығармасы, ең алдымен, орта ғасырлардағы жанрлар: рыцарьлық роман, патшалар, әскербасылар жылнамасы, әулиелер өмірбаяны және схоластикалық ойлауға пародия ретінде жазылған. «Пантагрюэль» өмірді баяндау мен жылнамалар стилінде басталып, сайқы-мазаққа айналады. Ол тек жылнамаларды ғана емес, сонымен қатар киелі Жазбаларды да келеке етеді. Пантагрюэль мен Анарх патшаның уәзірлері арасындағы өзара күрес сипатталатын кітаптың соңғы тарауларына да рыцарьлық романдардың соңғы өңделген үлгілеріне пародия формасы тән.

Рабле француз әдебиеті тарихында алғаш рет классиктер Вийон мен Маролардан қал­ған ирония тәсілін кең қолданып, Лафонтен, Вольтер, Франс секілді жазушылардың дәстүрлі негізін қалыптастырған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет