Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов


Тақырып бойынша дайындалуға арналған сұрақтар



бет79/205
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#109867
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   205
Байланысты:
Әлем әдебиеті by Көптілеуова Д.Т. (z-lib.org)

Тақырып бойынша дайындалуға арналған сұрақтар


  1. Неміс гуманизмі мен оның басты сипаттары.

  2. ХY ғасыр мен ХYІ ғасырдың басындағы гуманистер.

  3. Нидерландық әдебиеттің қалыптасуы.

  4. Франсуа Вийон шығармашылығының басты сипаттары.

  5. ХY ғ. екінші жартысындағы француз прозасы мен драматургиясы.



Ағылшын және испан әдебиеті
ХІY ғасырдың соңына қарай Англияның қоғамдық және мәдени өмірінде озық бетбұрыстар пайда болғанымен, олар ұзақ уақыт қалыптасады. ХІY ғ. соңындағы көне және жаңа салт-дәстүр­лер арасындағы күрес қоғамдық күрестің шиеленісуімен тығыз байланысты болады. Бұл жағдайларға, Уот Тайлердің көтерілісіне Джон Гауэрдың (1330-1408) латын тілінде жазылған «Айқын дауыс» атты поэмасы тікелей үндеу болған. Джон Гауэр ауқатты жер иеленушілердің отбасынан шыққан білімді, дана ақындардың бірі. Оның көлемді әрі атақты бұл поэмасы ақынның классикалық поэзиядағы салт-дәстүрлер туралы білімі мен сол замандағы көпте­ген маңызды мәселелердің куәсі ретінде жазылған шығарма.

Гауэр өз шығармаларында дәстүрлі формалар мен аллегорияны кеңінен қолданады, ондағы жануарлар мен құстар әлемі арқылы айналада болып жатқан түрлі қоғамдық құбылыстарды сипаттайды. Мысалы, оның шығармасындағы «кенттік қабан» көтеріліске шық­қан шаруаларды білдерсе, ондағы мылжың сауысқан Уот Тайлердің өзі. Шығармадағы аллегориялық мысалдар «Түлкі туралы роман­ды» еске түсіргенімен, онда сол кездегі ағылшын қоғамдық өмірін­дегі дағдарыс жағдайы суреттеледі.

Уильям Ленглендтің (ш. 1330-1400) ортағасырлық дәстүрлер негізінде жазылған «Уильямның Петр Пахар туралы түсі» атты поэмасы көтеріліске дейін жарық көріп, елдегі жаппай толқулар кезінде халық арасында кең тараған. Гауэр сияқты Ленгленд те өз шығармаларында аллегориялар мен кейінгі орта ғасырға тән басқа да поэзиялық тәсілдерді қолданады. Поэманың авторы Мальверн төбесінде ұйқыға батып, түс көреді. Осылайша, бір мезгілде ол қоғамда орын алған жағдайлардың бәрін анық көріп, шаруалардың қиын жағдайын дәл суреттейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет