Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18


Инфекциялық үдерістің өсімдікте дамуы



бет11/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

Инфекциялық үдерістің өсімдікте дамуы


Жұқпалы аурулардың дамуы – күрделі үдеріс, өсімдік пен пара- зит арасындағы белгілі бір ортада жүретін қарым-қатынас. Ауру тө- мендегі үш факторларға байланысты туады:



  • ауру қоздыратын патогенге;

  • патогеннің ие-өсімдігіне;

  • ие-өсімдік жəне патогеннің дамуына қолайлы сыртқы ортаға

(метеожағдай).
Аталған факторлар ішінде ең маңыздысы – сыртқы орта жағ- дайлары. Ол өсімдіктің дамуын əлсіретуі немесе күшейтуі, саңырау- құлақтардың агрессивтілік қасиетін тежеуі немесе арттыруы жəне саңырауқұлақтың қыстап шығуына əсерін тигізеді. Жұқпалы ауру- лар даму мерзіміне байланысты қысқа жəне ұзақ мерзімді патоло- гиялық үдеріс. Ол белгілі заңдылықпен өтетін кезеңдерден тұрады:

  1. Залалдану (инфекция) – алғашқы кезең, қоздырғыш пен өсім- дік арасында қалыптасады.

  2. Инкубациялық кезең. Залалдану мен аурудың алғашқы бел- гілері білінгенге дейінгі мерзім.

  3. Қалыптасқан ауру. Бұл кезең аурудың алғашқы белгілері пай- да болғаннан бастап аурудың дамуы өсімдіктің сауығып кетуі не- месе жойылуына дейін созылады.

Залалдану деп ауру қоздырғышы өсімдіктің ұлпасына еніп, клет- каларымен қарым-қатынасының қалыптасуын айтады.
Өсімдік ауруы деп үш компоненттің бір-бірімен байланысын айтады. Ол ие-өсімдік, патоген жəне патологиялық үдеріс өтетін сыртқы орта.
Залалдану үдерісі үш кезеңге бөлінеді:

  • енуге дейін;

  • ену;

  • енгеннен кейінгі мерзім.

Əрбір кезеңнің өтуі патогеннің паразиттілік типіне жəне ие- өсімдіктің инфекцияға қарсы реакциясы ерекшеліктеріне байла- нысты. Патологиялық үдерісте ие-өсімдіктің қорғану механизмінің маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет